Кіріспе. Термодинамика. Негізгі түсініктер және заңдар


Изотермиялық процесте (Т= const) жүйеге берілген жылу толығымен жұмысқа айналады



бет4/5
Дата15.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#74688
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Химия сабақ

Изотермиялық процесте (Т= const) жүйеге берілген жылу толығымен жұмысқа айналады:

  • Изотермиялық процесте (Т= const) жүйеге берілген жылу толығымен жұмысқа айналады:
  • QT=A=p∆V
  • Изохоралық процесте (V= const) жүйеге берілген жылу толығымен ішкі энергияның артуына жұмсалады:
  • QV= ∆U
  • Изобаралық процесте (Р = const) жылудың мөлшері энтальпия өзгерісінің өлшемі болып табылады:
  • QP= ∆H
  • ∆H= ∆U+p∆v

Термохимия

  • Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін зерттейтін термодинамиканың бөлімін термохимия деп атайды. Термохимияның 1 -ші (Лавуазье-Лаплас) заңы:
  • Жай заттар өзара әсерлесіп күрделі зат түзгенде бөлінетін (не сіңірілетін) жылу мөлшері сол күрделі зат қайтадан жай заттарға ыдырағанда сіңірілетін (не бөлінетін) жылу мөлшеріне тең.
  • A+B = AB -Q1
  • AB = A+B +Q2
  • яғни, Q1 = Q2
  • Термохимияның екінші негізгі заңын Г.И. Гесс (1840) ашқан, ол жылу қосындыларының тұрақтылық заңы деп аталады: Реакцияның жылу эффектісі тек бастапқы заттар мен өнімдердің табиғаттарына және күйлеріне тәуелді, ол реакцияның өтетін жолына тәуелсіз.
  • Гесс заңының 1-ші салдары:
  • Реакцияның жылу эффектісі өнімдердің түзілу жылуларының қосындысынан бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысын алғанға тең.
  • ∆Н0х.р = Σ∆Н0т.ж.(өнім) - Σ∆Н0т.ж.(баст.зат)

Гесс заңының 2-ші салдары:

  • Гесс заңының 2-ші салдары:
  • Химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы реакцияға түсуші заттардың жану жылуларының қосындысынан реакция өнімдерінің жану жылуларының қосындысын алғанға тең:
  • ∆Н0т.ж.=∆ΣН0ж.ж.(баст.з.)- ∆ΣН0ж.ж.(өнім)

Термохимияда қолданатын кейбір түсініктер:

  • 1. Реакцияның жылу эффектісі - р(қысым) немесе V(көлем) тұрақты жағдайда реакция кезінде бөлінген не сіңірілген жылудың мөлшерін айтады.
  • 2. Түзілу жылуы деп 1моль күрделі заттың жай заттардан түзілген кездегі реакцияда бөлінетін не сіңірілетін жылудың мөлшерін айтады.
  • Егер 1моль күрделі зат жай заттардан 25°С және 760мм сынап бағанасында түзілетін болса, онда стандартты түзілу жылуы не стандартты энтальпия деп аталады. Оны ∆Н0298 деп белгілейді.
  • 3. Жай заттардың түзілу жылулары нөлге тең.
  • 4. Стандартты жану жылуы - 1 моль зат стандартты жағдайда (Т=298К, р=1атм) оттегімен толық әрекеттесіп, ең жоғарғы валентті оксидін түзіп жанғандағы химиялық реакцияның жылу эффектісін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет