Кіріспе. Термодинамика. Негізгі түсініктер және заңдар


Жүйе күйін сипаттайтын термодинамикалық шамалар



бет3/5
Дата15.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#74688
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Химия сабақ

Жүйе күйін сипаттайтын термодинамикалық шамалар:

  • 1. Негізгі шамалар - жүйенің әртүрлі қасиеттерін тікелей сипаттайды. Олар: температура (Т), көлем (V), қысым (Р), концентрация (с).
  • 2. Қосымша шамалар немесе күй функция-лары - олардың көмегімен жүйе күйін тікелей сипаттай алмаймыз, бірақ бұл шамалардың өзгерістері арқылы үдерістің жүру мүмкіндігі, оның бағыты, тепе-теңдік күйі туралы үдерістің жүру жағдайына байланысты толық мағлұмат алуға болады.
  • Жүйенің күй функциялары:
  • Күй функцияларына мыналар жатады: ішкі энергия (U), энтальпия (Н), энтропия (S), Гиббс энергиясы немесе изобаралық-изотермалық потенциал (G), Гельмгольц энергиясы немесе изохоралық-изотермалық потенциал (Ғ).
  • Күй функцияларының абсолют мәнін анықтай алмаймыз, тек жүйе бір күйден екіншісіне өткендегі өзгерісін ғана табуға болады. Мысалы, ішкі энергия өзгерісі үшін, ∆U = U2-U1.

Термодинамиканың бірінші заңы

  • Егер қандай-да үдеріс кезінде энергияның бір түрі жоғалса, онда оның орнына басқа түрдегі энергия эквивалентті түрде пайда болады.
  • Энергияның әртүрлі формалары өзара эквивалентті түрде алмасады.
  • Кез келген оқшауланған жүйеде энергия қоры тұрақты.
  • 1-ші текті мәңгі двигатель жасау мүмкін емес, яғни қандайда бір энергия жұмсамай, жұмыс жасайтын механизм жасау мүмкін емес.
  • Жүйеге берілген жылу сол жүйенің ішкі энергиясын арттыруға және қандай да бір жұмыс жасауға жұмсалады. Жұмыс (А) пен жылу (Q) энергияны бір жүйеден 2-ші жүйеге тасымалдау тәсілдері болғандықтан, олардың өзгерісі жүйе күйлеріне тәуелді емес, сондықтан кез келген үдерістегі энергия мөлшері тұрақты, энергия жоқтан бар болмайды және өшпейді (U).
  • Q= ∆U +А

Энтальпия

  • Жүйенің ішкі энергиясы және қысым мен көлемінің көбейтіндісінің қосындысы термодинамикада энтальпия Н деп аталады.
  • Энтальпия – термодинамикалық функция, ол температура, қысым, көлем және ішкі энергия сияқты жүйенің қандай да бір қасиетін сипаттайды. Энтальпия (Н) деп тұрақты қысымдағы жүйенің энергиясын айтамыз, ол сандық түрде ішкі энергия (U) мен потенциалдық (pV) энергиялар қосындысына тең:
  • H = U + pV


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет