3) өздігінен жүретін үдерістердің бағытын, мүмкіндігін, өту шекарасын қарастырады.
Химиялық термодинамикада қолданылатын негізгі түсініктер:
Оқшауланған жүйе - қоршаған ортамен зат және энергия алмаспайды. Мысал ретінде Дьюар ыдысының қабырғасымен шектелген су-бу жүйесін таңдасақ, белгілі бір дәрежеде ол оқшауланған жүйенің үлгісін береді, себебі оның қоршаған ортамен жылу алмасуы және ыдыс қабырғасы материалының суда ерігіштігі мүлдем аз.
Жабық жүйе - қоршаған ортамен тек энергия алмасады, бірақ зат алмаспайды. Мысалы, аузы толық жабылған құтыға құйылған қайнаған су.
Ашық жүйе - қоршаған ортамен зат та, энергия да алмасады. Мысалы, кез келген аузы ашық ыдысқа құйылған су.
Жүйе күйі - берілген уақыт мезетінде жүйе ие бола алатын физикалық-химиялық қасиеттердің жиынтығы. Егер жүйенің макроскопиялық күйі оның ішінде өздігінен өтетін (сырттан әсер етпей) үдерістердің нәтижесінде уақыт бойынша ешқандай өзгеріске ұшырамаса, онда бұл жағдайда жүйе тепе-теңдік күйде қалады.

Интенсивті дегеніміз жүйенің массаға тәуелді емес қасиеттерін атайды және олар жүйелер жанасқанда теңеседі (температура, қысым, тығыздық, концентрация және химиялық потенциал).
Экстенсивтідегеніміз массаға тәуелді жүйенің қасиеттері (көлем, масса, жылу сыйымдылық, энтальпия, энтропия, термодинамикалық потенциалдар).