Изотермиялық процесте (Т= const) жүйеге берілген жылу толығымен жұмысқа айналады:
Изотермиялық процесте (Т= const) жүйеге берілген жылу толығымен жұмысқа айналады:
QT=A=p∆V
Изохоралық процесте (V= const) жүйеге берілген жылу толығымен ішкі энергияның артуына жұмсалады:
QV= ∆U
Изобаралық процесте (Р = const) жылудың мөлшері энтальпия өзгерісінің өлшемі болып табылады:
QP= ∆H
∆H= ∆U+p∆v
Термохимия
Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін зерттейтін термодинамиканың бөлімін термохимия деп атайды. Термохимияның 1 -ші (Лавуазье-Лаплас) заңы:
Жай заттар өзара әсерлесіп күрделі зат түзгенде бөлінетін (не сіңірілетін) жылу мөлшері сол күрделі зат қайтадан жай заттарға ыдырағанда сіңірілетін (не бөлінетін) жылу мөлшеріне тең.
A+B = AB -Q1
AB = A+B +Q2
яғни, Q1 = Q2
Термохимияның екінші негізгі заңын Г.И. Гесс (1840) ашқан, ол жылу қосындыларының тұрақтылық заңы деп аталады: Реакцияның жылу эффектісі тек бастапқы заттар мен өнімдердің табиғаттарына және күйлеріне тәуелді, ол реакцияның өтетін жолына тәуелсіз.
Гесс заңының 1-ші салдары:
Реакцияның жылу эффектісі өнімдердің түзілу жылуларының қосындысынан бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысын алғанға тең.
∆Н0х.р = Σ∆Н0т.ж.(өнім) - Σ∆Н0т.ж.(баст.зат)
Гесс заңының 2-ші салдары:
Гесс заңының 2-ші салдары:
Химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы реакцияға түсуші заттардың жану жылуларының қосындысынан реакция өнімдерінің жану жылуларының қосындысын алғанға тең:
∆Н0т.ж.=∆ΣН0ж.ж.(баст.з.)- ∆ΣН0ж.ж.(өнім)
Термохимияда қолданатын кейбір түсініктер:
1.Реакцияның жылу эффектісі - р(қысым) немесе V(көлем) тұрақты жағдайда реакция кезінде бөлінген не сіңірілген жылудың мөлшерін айтады.
2. Түзілу жылуы деп 1моль күрделі заттың жай заттардан түзілген кездегі реакцияда бөлінетін не сіңірілетін жылудың мөлшерін айтады.
Егер 1моль күрделі зат жай заттардан 25°С және 760мм сынап бағанасында түзілетін болса, онда стандартты түзілу жылуы не стандартты энтальпия деп аталады. Оны ∆Н0298 деп белгілейді.
3. Жай заттардың түзілу жылулары нөлге тең.
4. Стандартты жану жылуы - 1 моль зат стандартты жағдайда (Т=298К, р=1атм) оттегімен толық әрекеттесіп, ең жоғарғы валентті оксидін түзіп жанғандағы химиялық реакцияның жылу эффектісін айтады.