Топырақ түзуші экологиялық факторлар.Топырақ түзу процесінде биологиялық,экологиялық факторлардың ролі.
Қабылдаған: Бабаева Г.
Орындаған: Салыбай Б
Тобы: ЖБЛ 112
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
01
Кіріспе Топырақ
Негізгі бөлім 1)Топырақ түзуші факторлар
2)Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері
3)Ауа райының топырақ түзудегі рөлі
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Жоспар:
02
Топырақ
Топырақ-ол табиғи құрылым.Генетикалық біріккен топырақтық қыртыстардан құрастырылған,литосфераның жоғарғы қыртыстары судың,ауаның және тірі ағзалардың өзгеруінен жасалған.Топырақтың құнарлылығы бар,яғни ағаштар,бұталар және басқа да өсімдіктерді азот,минералдық заттар және сумен керек мөлшерде қамтамасыз ете алады.Ол қатты ,сұйық,газдалған және тірі бөліктерден құралады.
04
Топырақтану (Почвоведение) - топырақтарды: олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын, сондай- ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның «Орыстың қара топырағы» атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, олын қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті косылды. Топырақ және әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген ол органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік).
03
Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы жəне қоғамның өндіргіш күші қажет. Осыларға жеке тоқталайық. Тірі организмдер жəне олардың топырақ түзілуіне əсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жəндік те емес – ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті, тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмір қышқыл газы мен азотты ауадан ғана емес, тастан да алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды. Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің барын, не жоғын, ортаның қышқылдығын, не сілтілігін таңдамады. Сондықтан олар табиғатта кез келген жерде кездеседі. Оларға су мен қорек болса жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді
05
Бұлардың артынша бүлінген тау жыныстарында қыналар мен мүктер өсе бастады. Клетка сөлінде қымыздық қышқылы болғандықтан, қынаның тау жынысының бұзылуына əсері алғашқы микроорганизмдерге қарағанда əлдеқайда белсендірек болды. Қыналар жер тандамайды. Тау шыңдарында оның сөлінің тасты ерітіп, орнында майда шұңқырлар қалдыратынын көруге болады.С. А. Захаров бойынша топырақтың негізгі құрылымының түрлері 1-суретте көрсетілген.
Сонымен, алғашқы тірі организмдер, су, жел жəне мұздармен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Шырын желім тəрізді болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктіреді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып, алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады. Құнары аз топыраққа енді жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне аз да болса мүмкіндіктер туа бастады.
06
07
Топырақ түзілу процесінде биологиялық, экологиялық факторлардың рөлі төмендегідей жіктеледі.
Жоғары өсімдіктер əрекеті: топырақ – өсімдік жүйесіндегі химиялық элементтердің айналымын жəне топырақтың органикалық затының синтезін қамтамасыз етеді.
Топырақ жануарларының əрекеті: өлі органикалық заттарды бұзып жəне түрлендіріп, топырақтың химиялық жəне физикалық қасиеттеріне зор əсер етеді.
3. Топырақ микроорганизмдерінің əрекеті: топырақтың органикалық жəне біраз мөлшерде минералды затын тереңдете түрлендіреді.
08
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана əсер етіп қоймай, топырақтағы қосылыстардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті. Мəселен, топырақтың əр зонада орналасуына қарай, олардың əрбір грамында мыңдаған, миллиондаған, тіпті, миллиардқа шейін микроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді, өседі, өледі. Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп-шірітіп, ыдыратып, оларды əртүрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, органикалық заттардан күрделі топырақ шіріндісін (гумусты) түзетін де осы – микроорганизмдер.
Өсімдік-топырақ жүйесіндегі органикалық заттың динамикасын бағалау көрсеткіштері: Биологиялық масса – өсімдік қауымдастықтарытірі органикалық затының жалпы мөлшері.
Өлі органикалық зат – өсімдіктердің өлген бөліктеріндегі жəне топырақта жиналған түсу өнімдеріндегі органикалық зат мөлшері.
Жылдық өсім – өсімдіктің жер беті жəне жерасты бөлігінде жыл ішінде өсіп қосылған органикалық зат массасы.
Түсінді (опад) – жыл ішінде өлген органикалық заттың аудан бірлігіне шаққандағы мөлшері (əдетте ц/га)
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен катар онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар төменгі жəне жоғары сатылы жан-жануарлар, кұрт-құмырсқалардың пайдасыкөп. Мысалы, жауын құртыəртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ қабаттарын əрі-бері тесіп өтіп, ондағы су ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты, Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеше мыңдаған жылдар осы жауын құрты жыртып келген» деген тамаша айтылған сөзі бар (Ч. Дарвин. 1986). Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның бір бөлігі деп қарайды,яғни бұлар да топырақ құрамына кіреді деген сөз. Сондықтан топырақты тірі дене деп есептейді. Топырақтану ғылымының геологиялық ғылымдар емес, биологиялық ғылымдар қатарына жатқызылуы да осыдан болса керек.
reallygreatsite.com
reallygreatsite.com
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор. Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал мөлшеріне. ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай əр жерде əртүрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың əрекетінен əр жерде əр түрлі топырақтар түзіледі. Мəселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мəңгі тоң астында дамымаған, мəңгі жас, құнары аз топырақ, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сəулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қаратопырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы (белсенділігі) ғарыштан келетін күн сəулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сəулесімен қатар, тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні, жылы əрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керісінше, ылғалы аз, күні суық 40 немесе ыстық аймақтарда бұл құбылыстардың белсенділігі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық жəне минералдық құрамдары тікелей байланысты. Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералдары негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдардан, ал күн райы ыстық немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі, жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады. Ылғалы мол аймақтын топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керісінше, құрғақ, шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп əсер етеді. Сонымен қатар айналамызды қоршап тұрған экологиялық факторлардың əсерлері де топырақтың түзілуіне көптеген əсерін тигізеді.