Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Ең бірінші және басты себеп-компьютер ойынымен қиялдың ұштасуы



бет11/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ең бірінші және басты себеп-компьютер ойынымен қиялдың ұштасуы баланың ой-өрісін компьютер ойынымен біріктіреді.Тек бірігу!! Тәуелділік емес. Біз бұған төтеп бере алмаймыз өйткені біз баланың қиялын өзгерте алмаймыз,сол сияқты компьютер ойынын жоя алмаймыз.
Кітап пен теледидар –жансын ақпарат тасымалдаушы,олардың мазмұнын басқаруға болмайды,ал әр бала өз өмірін билегісі келеді.Ол билік қиялды басқарудан басталады.
Сонымен екінші себеп -билік.Адам –ол сыртқы ортаға жауап беретін автомат емес ол белсенді,ойлайтын және басқаратын тірі жан.Сондықтан балаға бұл толық қатысты.Сондықтан баланың өзінде өзі билейтін басқаратын,өзгерте алатын аймағы болады.Бүлдіршіндерде ол өте кішкентай болуы мүмкін ,ал жасөспірімде-одан көбірек.
Ал енді ойланып көрейік әр бала өз өмірінде көп нәрсе басқара ала ма?Егер баланың өз «аумағы» болмаса немесе ол өте кішкентай болса ол өз қиялында қала береді. Ал егер балада бәрі бола тұра ,тек қана аумақ емес өз бөлмесі,өз нәрселері және өз уақыты өзінде болса да ол ойнайды,ойнайды. Онда себеп баланың өз бетімен жұмыс істей алмауы және басқара алмауында. 3 себеп-өз өмірін мүлде басқара алмауында. Не істеу керек:
1)-бала өз-өзін басқара білуі керек
2)Өз-өзін басқара білуге үйрету
3)Көптеген кітаптар мен пайдалы әдебиеттер қажет ,ешқандай компьютер ойындары адам мен адам арасындағы қатынасты ауыстыра алмайды.Сондықтан ата-ана баламен әрқашан қарым қатынста болуй керек.Оларды тек қана компьютермен қалдыруға болмайды.
Компьютер ойындарының түрлерін талдап көрейік:
1)стратегиялық ойындар
2)-3D –Action
3)-RPG
1)Стратегиялық ойындарда оның қасиеті ойын барысында зерттеледі.Ол тек бір жақты,ол тек нарықтық қатынасты қалыптастыру болып табылады.Сондықтан бұндай ойындарды ойнау қауіпсіз болып есептеледі.
2) 3D –Action бұл ойындарда қару жарақ көп болып келеді.Сондықтан бұндай ойындар ойнау қауіпті болып есептеледі
3) –RPG –ең қауіпті ойындар болып есептеледі. Бұл ойындар рольдік ойындар. Компьтерлік ойындармен ойнау балаға әр түрлі әсер ететін білеміз.Кейбір оқушылардың ойлайтыны тек қана компьютер ойыны ғана болуы ықтимал.
Жанашыр мамандар «ғасыр дерті» деп бағалап отырған бұл сырқатпен күрес жалпыхалықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып қойған. Ендеше, егер аталған компьютеромания ауруы кейбір отбасы мүшелерінде пайда болғаны анықталса, оған қарсы тиімді шаралар осы бастан жүргізілуі тиіс. Ал егер ондай сырқаттың ауылы әлі алыстау сияқты көрінсе, онда аталған дерттің алдын алу, тұтынушыларға заманауи технологияларды пайдалануды қалай тиімді жүргізуге болатыны жайлы сауат ашу курстарын жүргізген лазым. Оған көбінесе дәрігер-мамандар және High-tech, яғни жоғарғы технология мамандары міндетті түрде қатыстырылғаны абзал. Әйтпесе, осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын компьютерлік ең соңғы жаңалықтарды елдеріне енгізу үшін жылына бірнеше миллиондаған доллар қаржы бөлген елдердің бүгінгі таңда сол технологиялық дамулардың зияндарымен күрестерге соншама қаржы бөлуге мәжбүр болғанын айта кеткеніміз жөн болар.
Интернет аудиториясы әрдайым өсіп бара жатқандықтан, интернеттің қоғамға әсер ететіндігін жоққа шығару мүмкін емес. Интернет тек қана ақпарат көзі ғана емес, сондай–ақ адамдар коммуникациясының үлкен зонасы. Интернеттегі қарым–қатынастың өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады. Бүкіл әлемдік желінің әртүрлі мүмкіндіктері пайдалану адмның психикалық қызметіндегі құрылымдық және функционалдық өзгерістерге әкеледі. Желідегі қарым–қатынас ерекшелігі екі түрлі феномен тудырады: біріншіден, интернет виртуалды тұлғаны жасау мүмкіндігі пайда болды; екіншіден, реалды қарым–қатынастың виртуалды қарым–қатынастан айырмашылығының бар болуына байланысты интернет–тәуелділігігіне жол ашылады[33]. Біздің болжауымызша, интернет–тәуелділік тұтынушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің индикаторы болып табылады. Ал интернетті танымның құралы және байланысты үзбеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қабылдау тұлғаның психологиялық есеюдің, жетілудің кепілі деп санауға болады.
«Тәуелділік» (addiction) термині Интернетте көп кездесетін әлеуметтік және психологиялық мәселелермен ассоциациялау жолымен Интернет мәселелерін идентификациялауды жеңілдету мақсатында психиатрлардың лексиконынан алынған болатын[34]. Барлығы 1-ден 10-ға дейін симптом байқалуы мүмкін, оған желіде тым көп уақыт өткізу, реалды әлемде болған кездегі тынымсыздық, киберкеңістігінде өткізілген уақыт көлемін жасыру немесе реалды әлемдегі жігерсіз әрекеттер. Интернетті тым артық пайдалану әлеуметтік изоляция, өспелі депрессия, жанұя бұзылуы, оқудағы сәтсіздік, финанстық тұрақсыздық, жұмысты жоғалтуға дейін апарады.
Сапалық анализдің көрсеткіші бойынша, бұл құбылыстың кең таралуына жағдай жасайтын фактор Желідегі тұлғаның анонимділігі болып табылады. Негізінен анонимділік басты төрт бұзылыспен байланысты: түрлі ауытқулардың қалыптан күшеюі, көптеген сайттарда таралған жалған тіпті аморальды не тыйым салынған суреттерді (бала порнографиясы) қарау сияқты криминалдық әрекет жасау[43].
Кибер–тәуелділігінің пайда болуын интерактивті компоненттер жеделдетіп жібереді ол жанұя ішіндегі қатынастарға және жанұя тұрақтылығына негативті әсерін тигізеді. Ал бұл ең алдымен адамдардың реалды өмірден алыстап, тіпті айырылысуға дейін де апарады. Мұндай жағдайда индивидуалды және жанұя терапиясы қолданылады. Бұл процесс барысында жұбайлар татуласу және жанұяны қайта құру жайында жұмыс істейді[42].
Фантастикалық Интернет әлеміне ену, үйрену үшін септігін тигізеді; бұдан кейін көңіл–күйдің түсуі және психологиялық үйлесімсіздік пайда болады. Олар психотерапиямен емделеді; қажет болған жағдайда фармакологиялық араласу да рұқсат етіледі[44].
1992 жылы Кимберли Янг ғылым докторы дайындаған ACE (Accesibility, Control and Excitament) моделі интернет–тәуелділігінің дамуында басты рольде қол жетерлік, контроль (бақылау,тексеру) және қозу болады деп түсіндіреді. Модельге сәйкес Интернетке деген құмарлық 3 басты факторларға бола дамиды:

  • Ақпаратқа, интерактивті зоналарға және порнографиялық бейнелерге қатысты қол жетерлік;

  • Жіберілетін ақпараттың персоналды басқарылуы және анонимділігі;

  • Бейсаналы деңгейдегі ішкі сезімдер он–лайндағы қарым–қатынасқа үлкен сенім деңгейін бекітеді[46].

Интернет–тәуелділігінің деңгейін анықтайтын ресми түрде қабылданған критерийлер болмағандықтан дұрыс диагноз қою ауырға түседі [40]. Дегенмен, Американдық Психиатрлық Ассоциациясының «Психикалық бұзылыстар бойынша диагностикалық және статистикалық анықтамалық» атты кітаптың төртінші шығарылымында критерийлер жүйесі келтірілген. Осы кітапта келтірілген диагноздардың ішінде ең жақын модель ретінде «азарттық ойындарға деген патологиялық құмарлықты» пайдалануға болады. Бұл модельге жүгінетін болсақ, Интернетке үйренуді химиялық заттармен қоздырылмаған, еріктік басқарудың бұзылуы деп анықтауға болады. Көрнекілік мақсатында Янг докторы 1996 жылы қысқаша тест құрастырған, оның көмегімен Интернет–тәуелділігінің дәрежесін былайша анықтауды ұсынды:
1. Сіз өзіңізді Интернетпен уайым басқан адам ретінде сезінесіз бе?(алғашында болған он–лайн сеанстары жайлы ойлап, келесілері жайлы қам жейсіз бе?)
2. Желіде өткізген уақытты көбейту жайында қажеттілік сезесіз бе?
3. Интернетті пайдалануды шектеу немесе тоқтату әрекеттерін жасау кезінде өзіңізді шаршаған, қозулы, көңілсіз сезесіз бе?
4. Онлайнда өзіңіз белгілеген уақыттан артық уақыт өткізесіз бе?
5. Өміріңізде Интернет үшін жұмысқа, оқуға немесе жеке өміріңізге қауіп төндірген кездеріңіз болды ма?
6. Сізде жанұя мүшелері, дәрігерлер не басқа адамдардан Желіде өткізген уақытты құпия сақтаған кездеріңіз болды ма?
7. Интернетті проблемалардан немесе жағымсыз көңіл–күйден арылу үшін (мысалы, жәрдемсіздік, кінә, қозу немесе депрессия сезімдерінен) пайдаланасыз ба?
Пациент бес не одан көп сұраққа иә деп жауап берсе, онда Интернет–тәуелділігі бар дегенді білдіреді[5].
Интернет идеалды зерттеушілік құрал болғанымен студенттерде оқуда проблемалар пайда болады. Оның себебі олар іске қатысы жоқ сайттарға кіреді, бірнеше сағат чаттарда әңгімелеседі, таныстарымен сөйлеседі, оқудың орнына интерактивті ойындар ойнайды. Сөйтіп оларда үй тапсырмасын орындау, емтихандарға дайындаумен байланысты мәселелер пайда болады. Көбіне Желіде өткізген уақытын басқара алмай, ұйқыларын қандырмайды[39].
Неке, ата–ана мен бала арасындағы қатынас, жақын достық та Интернеттің құрбандары. Компьютер компаниясындағы уақыт реалды адамдармен өткізген уақыттан асып кетеді. Алғашында тәуелділік әдеттегі істер – кір жуу, газон қырқу, магазин аралаумен емес, ал компьютердің алдында отырудан көрінеді. Бала жайындағы қамқорлық күнделікті жұмыстар сияқты жайдан жай қалады. Мысалы, анасы өз баласын сабақтан кейін мектептен алып, оған түскі асын беріп ұйықтатуды ұмытып кетіпті,бұл уақыт бойы Интернетте отырыпты[44].
Жақын адамдар Интернет адам санасын билеп бара жатқанын алғаш түсініп, ол өздігінен қояды деп үміттенеді. Алайда ештеңе өзгермесе, интернетте өткізілген артық уақытқа қарсы аргументтер пайдаланыла бастайды. Өкінішке орай ол қайтымды эффектке апарады. Тәуелді адамдар ашулы болып, Интернетті пайдалануды шектеуге тырысқандардан түрлі жолдармен қорғанады. Мысалы, келесідей стандартты фразалар қолданады, «Менде проблема жоқ» немесе «Мен жай ғана демалып отырмын, маған бөгет жасама» – мұның барлығы орныққан тәуелділіктің белгілері болып табылады. Бұдан соң алкогольге деген қажеттілігін құпия сақтағысы келген маскүнем тәрізді, адам Интернетте өткізген уақыты туралы жалған айтуды бастайды. Мұның барлығы ертелі–кеш жанұядағы жақын қатынасты не достықты бұзады[45].
Тәуелді адамдарда финанстық проблемалар пайда бола бастайды. Мысалы, 1996 жылы бір әйел он–лайндық шот үшін бір айда 800 доллар төлеген болатын. Мұндай шығынды болдыртпау үшін Желіде өткізілетін уақытты азайтудың орнына шоттағы барлық ақша бітпейінше адамдар тоқталмайды[46]. Тәуелді адамдарда жұмыспен байланысты проблемалар пайда болады, мысалы, интернеті қызмет бабынан тыс жеке мақсаттарда пайдаланған кезде. Қазіргі кезде фильтрация және басқару жүйелері бастықтарға жұмысшылардың Интернетті пайдалануларын қадағалауға мүмкіндік береді. Бір ірі компанияда тексерістен кейін бүкіл трафиктің 23%–ы ғана жұмысқа қатысты болып шыққан екен.
Интернет–тәуелділігінің денсаулыққа зияны алкоголизм кезіндегі бауыр циррозы сияқты айқын емес. Интернетті пайдалану кезіндегі денсаулыққа қауіп минималды, алайда байқалады. Әдетте тәуелді адамдар Интернетті кез–келген жерде, биттей мүмкіндік пайда болған кезде пайдалануға тырысады. Мұнда жеке сеанстар он бес сағатқа дейін барады. Мұндай құмарлықты уақыт бойынша шектеу жағдайында жүзеге асыру әрекеті Интернетте түнгі кездерде отыру тенденциясының пайда болуына әкеп соғады. Көбінесе тәуелді адам басқалардан кеш тұрады. Интернетті түнгі екіге, үшке, төртке дейін пайдаланады, ал бұдан соң таңғы алтыға дейін қажетті жұмысты атқарады. Ең ауыр жағдайларда ұйқыны қашыру мақсатында кофе және басқа дем беретін сусындар пайдаланылады. Мұндай ұйқысыз өткен түндер үздіксіз шаршау мен адамның иммундық жүйесінің әлсіреуіне жағдай туғызады. Ал бұдан кейін кенет аурудың пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Бұған қоса, отырумен өтетін өмір салты омыртқа Желісімен байланысты проблемалар түнгі кездегі жарықтың жеткіліксіз болуы – көздің түрлі ауруларын тудырады[47].
Саулнама көрсеткіштері бойынша ауру адамдардың шамамен 54%–ы онлайнда өткізетін уақытын азайтқысы келмейді, ал олардың бір бөлігі өздерін Интернетке біржола «отырғандар» қатарына қосып, бұл әдетті тастауға қабілетсіз деп таниды. Қалған 46% тәуелділіктен арылуға бірнеше сәтсіз әрекеттер жасауға тырысты. Бұл жағдайларда өз–өзін біраз уақыттық лимиттен шектеу пайдаланылады, дегенмен бұл адамдар қойылған шектеуді орындауға ерігі жетпейді. Осыдан кейін Интернеттен мүлдем өшірілу, модемді лақтырып тастау немесе тіпті Желіні пайдалануды шектеу мақсатында компьютерді бөлшектеу әрекеттері жасалды. Өкінішке орай барлығы дерлік біраз уақыт өткен соң өздерінің Интернетсіз өмір сүре алмайтынын түсіне бастады. Олар Желіге қосылуды қайта жүзеге асырды: тағыда Интернетте ұзақ уақыт отыру үшін жаңа моделі сатып алды, компьютерді қайта жинады[48].
Жанұялық қатынастар үшін де бұл күйзелістік сипатта өтеді. Тәуелді де жаңа сипатқа өтеді. Тәуелдіде жаңа он–лайндық таныстар пайда бола бастайды. Жағдайлардың көбінде он–лайн достарымен қарым–қатынас жасау толғаныстық болып көрінеді, романтикалық әңгімелерге немесе киберсекспен айналысуға әкеледі. Киберсекс және романтикалық әңгімелер зиянсыз көңіл көтеру түрінде көрінеді, себебі адамдар бір–бірінен мыңдаған километр қашықтықта өмір сүруі мүмкін[37]. Мұндай көңіл көтеру түрлерінің қаншалықты зиянсыз болып көрінгенімен, олар реалды адамдармен қарым–қатынас үшін аз уақыт қалдырады. Сөйтіп, тәуелділер реалды адамдармен өз қатынастарын эмоционалды үзуді жалғастырып, виртуалды әлемге одан сайын кіре береді.
Жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін қарастырған әртүрлі көзқарас және теориялар бар. Көптеген зерттеушілер жеткіншектік пен жасөспірімдік шақты девиантты әрекет-қылықты дамытатын, қауіпті фактор ретінде қарастырады. Есеюдің барлық аспектілеріне (биологиялық, психологиялық, психоәлеуметтік) қатысты дағдарыстық болып табылатын жасөспірімдік шақтағы психологиялық ерекшеліктер оған негіз болады.
Қоғамда қазіргі өркениет құндылықтарымен қатар негативті девиантты (ауытқыған) әрекет-қылық көрсететін адамдар (оған ең бірінші кәмелетке толмағандар және жасөспірімдер) санының өсуіне байланысты мәселелер ерекше орын алуда. Өсіп келе жатқан ұрпақтың алкоголизация, наркотизациялануымен қатар кейінгі жылдары «виртуалды тәуелділік» белсенді дамып келеді. Мұндай тәуелділікке телебағдарламалар, компьютер, Интернет, ойын-автоматттарына құмар болу, тәуелді болу жатады[41].
Жасөспірімдер мен жастарға тән қазіргі девиантты тәуелді әрекет-қылық формаларының бірі – интернет тәуелділік. «Интернет тәуелділігі» (Internet Addiction Disorer) термині жүйелік процесстерге қатысуға деген тым жоғары құмарлық, 1996 жылы пайда болып, қазіргі кезде ғылыми және публицистикалық әдебиетте кең қолданылады[18].
Интернет адамдар коммуникациясының үлкен зонасы болып табылады. Компьютерлік желілерді қолдану адамның психикалық қызметіндегі айтарлықтай құрылымдық және функционалдық өзгерістеріне әкеледі.
Бұл өзгерістер танымдық, коммуникативтік және жеке тұлғалық сфераларды қамтып өтеді; іс-әрекеттің атқарушылық үзбесі субъект-субъект және субъект-ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттестігінің кеңістіктік уақыттық мінездемесі, мақсат-болжамдық процестер, іс-әрекеттің қажеттіліктік-мотивациялық реттелуі трансформацияда өтеді.
Интернеттегі қарым-қатынас құралдарының түрлі классификациясы бар, дегенмен неғұрлым жалпы классификацияны Вадим Нестеров ұсынады. Ол орыс Интернетіндегі виртуалды тұлғааралық коммуникацияның барлық формаларын бөліп көрсетті:

  1. Диалогтық коммуникация, off-line және on-line (электрондық пошта, ICQ);

  2. Полилогтық коммуникация, off-line және on-line (конференциялар, чаттар).

Бірінші түрі анағұрлым сенімді және жеке қарым-қатынас жасаумен ерекшеленеді, екіншісіне адамдардың арнайы тақырыптарға қойылатын сұрақтарды талдау тән[5].
Интернетке қарым-қатынас құралы ретінде жүгінудің себептері:

  1. Реалды байланыстардың ішінде қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы. Мұндай жағдайларда егер де реалды өмірде сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мүмкіндік туса пайдаланушы Интернеттегі қарым-қатынасқа қызығуды тез жоғалтады.

  2. Релды өмірде белгілі бір себептер бойынша фрустрацияға ұшыраған эмоцияны бастан кешіру, рольдерді ойнау, жеке тұлға сапаларын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы. Берілген мүмкіндік желі арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері – анонимділік, төмен нормативтілік, адамды адам қабылдауының өзгешелігімен шарттас.

  3. Контактілер еркіндігі және қалаулылығы. Пайдаланушы байланысты өз еркімен бастайды немесе тоқтатады, сондай-ақ оны кез-келген сәтте тоқтатуға ерікті.

  4. Қарым-қатынастың эмоционалды компонентінің күрделілілігі, мәтінді эмоционалды толтыруға тұрақты бағыттылық. Ол өз көрінісін эмоцияны білдіретін арнайы белгілерді ойлап табу немесе эмоцияны сөзбен сипаттаудан көрінеді.

  5. Нормативсіз, әдеттегіден тыс әрекет-қылыққа бағытталу. Көбіне тұтынушылар өздерін реалды әлеуметтік нормадан тыс презентациялайды[22].

Виртуалды тұлғаны құрастыру жас ерекшеліктік сипатқа ие, өзіндік анықталумен байланысты болуы мүмкін. Виртуалды тұлғаны жасау үшін тек қана өзін түрлі рольдердің потенциалды орындаушысы ретінде ғана көру жеткіліксіз, сонымен қатар осы рольдерді орындауға деген қалаудың да болу керектігі түсінікті[47].
Мұнда мынадай болжам жасауға болады: виртуалды тұлғаны жасауға деген құмарлық реалдылықта «Мен»–нің түрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктердің болмауы немесе реалдылық тым «рольдік» не нормативті болуы мүмкін. Бұл адамда нормативтілікті жеңуге деген құмарлықты тудырады, ал бұл нормативсіз виртуалды тұлғаны жасауға апарады. Жекелей айтқанда, бұл басқа жынысты немесе тіпті жыныссыз виртуалды тұлғаны жасаудан көрініс табады. Виртуалды қоғамда адам өзінің жынысына сәйкес әрекет–қылық демонстрациялаудан еркін, яғни желіде ол қарама–қарсы жыныс өкілі ретінде таныстырылуы мүмкін. Реалды қоғам адамның өзіндік жүзеге асырылу мүмкіндігін шектесе, ол адамда желіге шығу виртуалды тұлғаны жасау мотивациясы пайда болады.
Егер де адам реалды қарым–қатынаста өз менінің барлық аспектілерін толық жүзеге асырса, виртуалды тұлғаны жасау мотивациясы жоқ дегенді білдіреді. Бұл жағдайда Интернеттегі қарым–қатынас негізгі қарым–қатынасқа қосымша ретінде болады. Алайда ол компенсаторлық, орын басатын сипатқа ие болуы мүмкін. Бұл Интернет–тәуелділігінің қалыптасу кезінде пайда болады.
Интернет–тәуелділігі құбылысы шетел психологиясында 1994 ж. зерттеле бастады. Интернет–тәуелділігі off–line күйінде бола тұра, Интернетке кіруге деген жабысқақ (компульсивті) құмарлық, on–line күйінде бола тұра, Интернет жүйесінен шығуға қабілетсіздікпен анықталады. Бұл құбылыс Батыста кең таралған, себебі онда жүйеге кіру бағасы әлдеқайда арзан, ал бұл Интернеттің танымалдылығымен кең таралуына жағдай жасайды.
Біз үшін Интернет–тәуелділігі бұл төмен коммуникативті компетенттілік индикаторы, яғни пайдаланушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің көрсеткіші екендігі қызығу тудырады. Зерттеушілер Интернет–тәуелділігінің түрлі критерийлерін келтіреді. Кимберли Янг бұл құбылыстың 4 симптомын келтіреді:

  1. E–mail–ды тексеруге деген жабысқақ құмарлық;

  2. Интернетке келесі рет кіруге дейінгі үнемі күту сезімі;

  3. Адамның Интернетте тым көп уақыт өткізетініне айналадағылардың шағымдары;

  4. Адамның Интернетке тым көп ақша жұмсауына айналадағылардың шағымдары[5].

Интернет–тәуелділігінің себептерін талдау Интернетке тәуелді адамдардың көпшілігі желіге қарым–қатынас үшін келетінін анықтады. Бұл осы топ адамдарының Интернеттегі қарым–қатынастың компенсаторлық сипаты жайлы мәлімдейді.
Компьютер тұтынушыларының Интернетке құмарлығы бірнеше факторлармен шарттас болып табылады:
— интерактивті зоналар мен порнографиялық бейнелердің, ақпараттардың қол жетерлік деңгейде болуы;
— тасымалданушы ақпараттың анонимділігі және персоналды басқарылу мүмкіндігі;
— онлайндағы қарым-қатынсқа сенудің үлкен коэффициентін астарсаналық деңгейде бекітетін ішкі сезімнің болуы;
— белгілі бір чат немесе телеконференцияға яғни белгілі бір топқа қатысты екендігін сезіну арқылы мойындалу, көмек алу мүмкіндігін алу[19].
Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік Интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.
Тәуелді әрекет-қылықтың мұндай мәселесімен айналысатын мамандар оның симптомдарын бөліп көрсетеді. Бұл симптомдарға:
— Интернет туралы жабысқақ ойлар, жүйеде тым көп уақыт өткізу;
— реалды әлемде «әлсіз» қызмет ету, келесі рет Интернетке шығуды үнемі күту сезімі;
— Интернеттегі жұмыстан тіпті аз уақытқа айырылуға деген қабілетсіздік;
— қанағаттану мақсатында Интернетте өткізу уақытын үнемі арттырып отыру;
— мәжбүрлі түрде Интернет байланысымен үзілген жағдайдағы қозулар;
— реалды әлемде болғандағы тынымсыздық, оның артуы;
— кибер кеңістігінде өткізген уақытына байланысты жанұя мүшелеріне, әскерлестеріне, жолдастарына жалған айту;
— Интернетте жұмыс істеу барысында үй шаруасы, оқу, қызметтік міндеттер, маңызды болып табылатын жеке және іскерлік кездесулер жайында ұмытуға бейімділік;
— Интернеттегі жұмысқа терең үңілу салдарынан жанұяның бұзылуы, достармен қарым-қатынас жасау ортасын жоғалту мен келісуге даярлықтың болуы;
— Интернеттегі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жанұя бюджетінен болсын не қарызға алынған ақшадан болсын ақшаны ұстауға деген қажеттіліктің туындауы;
— Интернетті қолдануды басқаруды бастау немесе аяқтауға деген үнемі талпыныстар жасау[49].
Глобальдық компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т.б.) [48].
Глобальдық жүйеде отырған жасөспірім өзін кәмелетке толған адам ретінде (реалды әлемде мұны істеу әлде қайда қиын) ұстап, күнделікті өмірде ол үшін қиын болып табылатын қызмет түрлеріне: кіре алу (аукционға қатысу, сенімсіз финанстық келісулерді жасау, белгілі бір негативті ауытқулары бар кәмелетке толғандардың жүйелік қарым-қатынас орындарына кіру) мүмкіндігіне ие болады. Бұдан басқа кәмелетке толмаған бала Интернет арқылы ата-анасынан құпия түрде жанұя бюджетінен ірі сомаларды ұстай отырып, виртуалды азарттық ойындарға қатысуы да мүмкін.
Жасөспірімдердегі қалыптасқан адамгершіліктік позицияның жоқ болуы белгілі бір бағыттылығы бар конференция немесе сайттарға кіргенде «компьютерлік» қылмыстарға және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты позитивті қатынастың пайда болуына әкеп соғады.
Осыдан, өз құрдастарымен ренжітілген, соғылғандардың саны күннен күнге өсіп келеді. Ол көбіне еріккеннен, айтарлықтай себепсізден орындалуы мүмкін. Ал көбінесе бұл барлығын өлтіре беретін компьютерлік ойындардың аяқ асты тоқтатылу әсерінен болады[25].
Эксперттер болса, күніне бір сағаттан артық компьютерлік ойын ойнаумен өткізетін жеті жасқа дейінгі баланың бейсанасында доминанта бекітіліп қалуы мүмкін деген мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Одан есею процесі барысында арылу өте қиын болып табылады, ал компьютерлік ойынмен ұқсас жағдайға түскенде жасөспірім қылмыс (оның ішіне «ауыр» түрі де кіреді) жасауға да бет бұрады. Жағдайды қиындататын тағы бір факт, жасөспірім компьютер экранында үнемі қатыгез сценаларды көре отырып, қорқынышты нәрсені көргенде қорқып, бөтенге эмпатиялық қабілет көрсете алмайды.
Сонымен қатар бүгінгі персоналды компьютерлердің өте үлкен саналы қуаты кәмелетке толмағандарға салдары өте ауыр болуы мүмкін (мысалы: банктік-кредиттік сферадағы ұрлауға хакер ретінде қатысу) құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді[34].
Жасөспірімдік шақтағы хакерлік формадағы Интернет тәуелділігі шектеулі масштабта таралса да (бұл ең алдымен олардағы кәсіби дайындықтың болмауымен байланысты), алайда Интернет тәуелділігінң қалыптасуына апаратын мұндай қызмет оларды потенциалды қызықтырады. Интернет тәуелділігіне түскен жасөспірімдердің әрекет қылығымен байланысты жағдайлардың ерекшеліктеріне тыйым салу шараларын жатқызуға болады: бір жағынан бұл балада қызулықпен жоғары агрессияны тудырса, екінші жағынан — «балалық» ренжу, суицидке де әкелуі мүмкін[24].
«Жасөспірімдік шақта қалыпты болудың өзі қалыпсыз нәрсе» Анна Фрейд (1958)[47]. Аддиктивті механизм арқылы көңіл-күйді өзгертуге деген құмарлық түрлі аддиктивті агенттердің көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық күйді өзгертетін заттар: алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, токсикалық заттар жатқызылады. Көңіл-күйдің жасанды өзгеруіне белсенділіктің кей түрлеріне беріліп кету жағдай жасайды. Аддиктивті әрекет-қылық түрлері спецификалық ерекшелікке ие, ал салдары бойынша әртүрлі болады. Алкоголь, наркотик, және т.б. заттарды көп қабылдайтын аддиктілерде психологиялық тәуелділікпен қатар физикалық және химиялық тәуелділіктің әртүрлі формалары пайда болды.
Бұл зат алмасудың бұзылуымен, ағза жүйелері және мүшелерінің зақымдануымен байланысты, психопатологиялық құбылыстар және жеке тұлғалық деградация байқалады. Белгілі бір әрекетке қызығу кезінде сипаты бойынша жұмсақ болып табылатын психологиялық тәуелділік дамиды. Бірақ бұл түрлердің барлығын жалпы аддиктивті механизмдер біріктіреді.
Аддиктивті жеке тұлғаға тән өзіндік ерекшеліктері бар. Тұлғааралық қатынастағы аддиктілердің әрекет-қылығы жалпы негізгі бірқатар ерекшеліктерді сипаттайды: ауыр қиындықтарды бастан кешіру, гедонистік бағдардың болуы (қанағаттануға дереу жетуге деген бағыттылық). Құмарлықтары қанағаттандырылмаған жағдайларда олар негативті эмоциялардың көрінісімен немесе пайда болған проблемалардан кету арқылы жауап береді.
Аддиктіге Г.Сельенің формуласы сай келмейді: стресс бұл өмірдің дәмі мен иісі. Ол үшін ол қауіп және қашу үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар бұл реніш, күмәншілдікпен қатар болып тұрады. Жасырынды толымсыздық комплексі көңіл-күйдің жиі өзгерістері, сенімсіздік түрлі жағдайлардан қашуда өз көрінісін табады.
Әлеуметтіліктің үстіртін сипаты және уақыттағы шектеулілігі қоршаған ортаға жағымды әсер қалдыруға деген бағыттылықпен қосарлана келуімен сипатталады. Мысалы алкогольдік аддиктілер шындықпен жанаспайтын алкогольдік тематикадағы жүрістері жайлы әңгімелері мен қатты әсер қалдырады. Алкогольді топпен қабылдаған кезде бұл жақсы байқалады.
Сонымен қатар ұзын дистанцияда олармен қарым-қатынас жасау күрделі әрі қызықсыз. Күнделікті өмірде аддиктілер қызықсыз адамдар, үстіртін қатынас көрсетеді, терең жағымды эмоционалды қатынастарға қабілетсіз және онымен байланысты ситуациялардан қашыңқырайды. Жалған айтуға бейім. Аддиктілер көбінесе сөздерінде тұрмайды, келісімдерді сақтамаумен ерекшеленеді.
Кінәсі жоқ адамдарды кінәлауға бағыттылық (ол адам кінәсіз екендігі мәлім болғанның өзінде). Шешім қабылдауда жауапкершіліктен кету және оны басқаларға жүктеу, керек кезде ақтаушы ааргументтерді іздеу.
Әрекет-қылықтық стереотиптілігі және қайталануы. әрекет-қылықтың қалыптасқан стереотипін оңай болжауға болады, алайда оны өзгерту қиын.
Тәуелділік аддиктивті бағыттылығы бар адамдардың әсеріне бағынудан көрінеді. Кей кезде пассивтілік, дербестіктің болмауы, көмек алуға бағыттылық та байқалады.
Аддиктілердегі үрей деңгейі тәуелділі, толымсыздық комплексімен тығыз байланысты. Оның ерекшелігі мынада, дағдарыстың жағдайларда үрей екінші орынға ауысса, сондай-ақ күнделікті өмірде ол айтарлықтай маңызды емес себептерден пайда болуы мүмкін[20].
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – күрделі әрі жауапты міндет. Әр ересек бұл міндетті неғұрлым дұрыс орындауға тырысады. Дегенмен де «тең дәрежедегі ауыр жағдайда нәтиже неліктен әртүрлі болады?» деген сауал өздігінен пайда болады. Ата-анасының үмітін ақтауға тырысқан бір жасөспірімдердің үйренгені ересек өмірде тиімсіз болып шықса, басқалары үмітті ақтамай-ақ, талаптарды орындамай-ақ өз тәрбиешілерінен асып түседі[9].
Әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерулер жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамытудың барлық жақтарына өз әсерін тигізді. Жалпыға ортақ дағдарыс әсерінен экономикалық, саяси, әлеуметтік сфераларда жұмыссыздық, қылмыс, жезөкшелік, алкогольге салыну, нашақорлық, ақыл-ой кемістігі мен байланысты аурулар, қараусыз қалған балалар саны күннен күнге өсуде. Осыған байланысты А.А.Реанның пікірінше, мектептің негізгі міндеті балалардың бейімделу потенциалын жоғарылату (бұл аддиктивті әрекет-қылықтың профилактикасының міндеті болып табылады).
А.А.Реан көрсетуінше, мектеп тек оқыту функциясын ғана емес, сондай-ақ келесідей аспектілердегідей тәрбиелік қызмет атқаруы тиіс:

  1. интеллектіні дамыту;

  2. эмоционалды сфераны дамыту;

  3. стрессорларға тұрақтылықты дамыту;

  4. өз-өзіне сенімділікті және өзін-өзі қабылдауын дамыту;

  5. дүниеге жағымды қатынасты, басқаларды қабылдауын дамыту;

  6. жеке тұлғасының автономдылығын дамыту;

  7. өзін-өзі жетілдіру мотивациясын, оқу мотивациясын, жеке тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуын дамыту[28].

Аталып өткен функциялардың көпшілігі шын мәнінде де оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады ма?
Тәрбиелеу проблемасымен байланысты бұл сұрақ ересектермен тығыз байланысты. К.Г.Юнг жеке тұлғаны тәрбиелеу мақатын қоя отырып, тәрбиелеумен айналысатын адамдардың өзі жеке тұлға болып табылады ма, жоқ па деген сауал жайлы ойланбайды деген. Кей ата-аналар психологиялық тұрғыдан инфантильді әрі жауапсыз болып қала бергендіктен ересек жеке тұлғаны тәрбиелей алмайды. К.Г.Юнг балаға идеалды тәрбиеленген жеке тұлға ұғымын пайдалану дұрыс емес деп санаған. Жеке тұлғаға үш қасиет енеді: айқындылық, тұтастылық және жетілу (бұл қасиеттер бала бойында кездескен жағдайда олар болашағынан айырылған болад еді).
Ересек өзі жіберіп жүрген қателіктерін бала бойында түзетуге тырысады. Көп жағдайда бұл қате болады, себебі бала ересектің талабы мен оның (ересектің) реалды әрекет-қылығының сәйкес еместігін анық көреді. Ересектер баласына «ең жақсы» деп санайтынын жабыстыруға тырысады, ал шын мәнінде «ең жақсы» дегені ол ересектің өзінің жүзеге асыра алмаған құндылықтары болып табылады.
Сөйтіп, ересек баладан «ең жақсыға» жетуін қалайды. Жасөспірімдер ең алдымен ата-анасы және тәрбиелеуші ересектерден тәуелсіз болуға тырысады. Қабілет, қызығулардың дифференциясы жүзеге асырылады, дүниеге көзқарас қалыптасады, психосексуалды ориентация анықталады. Дегенмен бұл кезеңде мақсаттылық және табандылық импульсивтілік және тұрақсыздықпен, ал тым өзімшілдік сезімталдылықпен және өз күшіне сенімсіздікпен, дөрекілік ұялшақтықпен; романтизм – прагматизммен үйлеседі[49].
Кейбір авторлардың пайымдауынша (С.В.Березин, К.С.Лисецкий, Е.А.Назаров) жасөспірімдерге тән бірқатар ортақ ерекшеліктер болады: өзін-өзі басқарудағы әлсіздік, сыртқы және ішкі факторларға төмен төзімділік, әрекет салдарынан болжай алмау және қиындықтарға төзе алмау[47]. Жасөспірімдік шақтағы есеюдегі ең алдымен қарама-қайшылықты даму ерекшелігі ересектермен жеке тұлғалық бұзылыс ретінде қабылданады. Бұндай жағдайда жасөспірімдік шақтағы оқушылар «қауіп тобындағы балалар» тобына жататыны түсінікті нәрсе.
Педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық тәжірибеде ауытқушылық әрекет-қылық көрсететін балаларды «қауіп тобына» жатқызады. Бүгінгі күні «қауіп тобындағы балалар» терминінің ортақ бір түсінігі қалыптаспаған, алайда Е.Ю.Егошкина мәліметтері бойынша, оған мыналарды жатқызуға болады:

  1. невротизациялық ерекшелігі бар балалар;

  2. психосоматикалық аурулары (жекелей айтқанда логоневроз) бар балалар;

  3. акценттелген, психопатияланған балалар;

  4. жағдайы төмен отбасы балалары;

  5. экологиясы жағымсыз аймақтарда өмір сүретін балалар.

Г.Ф.Кумаринаның мәліметтері бойынша (1996) мұндай балалар қатарына әрбір бесінші бала жатқызылады.
«Қауіп тобындағы» балалар әлеуметтік психикалық дезадаптацияның белгілі бір дәрежесімен сипатталады (адаптацияның біраз ғана бұзылысынан жеке тұлғаның толық бейімсіздігіне дейін).
А.А.Налчаджяннің пікірі бойынша жеке тұлғаның әлеуметтік-психикалық дезадаптациясы бір жағынан өз қажеттіліктері мен талаптарына бейімделу қабілетсіздігінен көрінсе, екінші жағынан әлеуметтік ортаның талап және күтілімдерін орындауға күй болмаған кезде байқалады.
Ересектің пікірі бойынша әлеуметтік-психикалық дезадаптация тұлғааралық негативизм және конфликтілерде көрініс табады. Талаптарды орындап, үміттерді ақтайтын тыңдайтын бала тыңдамайтын балаға қарағанда, «қауіп тобына» жатқызу ықтималдылығы төмен. Басқа жағынан жеке тұлға адаптивті болуы үшін адаптивсіз белсенділік көрсетуі керек.
Жеке тұлғаның әлеуметтену проблемасы әлеуметтік-психикалық дезадаптация проблемасымен тығыз байланысты. О.И.Зотова, И.К.Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және И.К.Кряшеваның ойынша жеке тұлға әлеуметтенген және дезадаптацияланған болуы мүмкін. Яғни авторлар толық әлеуметтенуге жету үшін әлеуметтік-психикалық бейімделуді қарастыру керек деп санаған.
Ал А.А.Налчаджян керісінше адамның бейімделе алмаушылығы әлеуметтену дәрежесінің тым жоғары болу салдары деп санайды.
Жеке тұлға біруақытта бірнеше топтың мүшесі бола алады, біріне жақсы бейімделсе, екіншісіне бейімделе алмайды. Жасөспірімдік субмәдениеттің ережелері мен құндылықтарын қабылдай отырып, жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және жасөспірім құрдастарының тобына бейімделсе, оқытушылар және ата-аналар тарапынан ересектердің ереже, талаптарын орындауына байланысты дезадаптивті тұлға деп қарастырылады. Мысал ретінде психологияда танымал болып табылатын Розенталь эффектісін еске түсіруге болады. Бұдан отыз жыл бұрын Розенталь бір топ оқушыларға интеллектінің дамуы бойынша эксперимент жүргізген болатын[50].
Бұл эксперименттік мәліметтерді өңдемей-ақ, ерікті түрде бірнеше фамилияны таңдап алып, мұғалімдеріне бұл балаларда интеллектуалды даму үшін ең жоғары потенциал бар деп айтады. Бір жылдан кейін алынған мәліметтердің өңдеуімен бірге зерттеу қайталанады, нәтижесінде таңдалған балалардың нәтижелері ең жоғары болып шықты. Мұғалімдердің оқушылардың потенциалды мүмкіндіктері жайлы білуі оларға деген қатынасты өзгертіп жіберді.
Ал бала үшін мәнді болып табылатын ересек қатынасының өзгеруі баланың өзін-өзі бағалауының өзгеруіне, өз-өзіне сенімділіктің пайда болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның бейімделу процесі және бейімделу белсенділігінің көрінісін құру үшін әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның деңгейлерін айыра алу маңызды болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі әрқашан да оның әлеуметтік-психикалық бейімделуін қамтамасыз етпейді деген ойды алға тарта отырып, А.А.Налчаджян әлеуметтенудің екі түрін ажыратады:

  1. бейімдейтін әлеуметтену

  2. бейімдемейтін әлеуметтену

Мұны негізге ала отырып, әлеуметтік-психикалық бейімделмеген жеке тұлғаның келесідей классификациясын ұсынды.

  1. Қалыпты бейімделу – құрылымындағы патологиялық өзгерістері жоқ проблемдік жағдайдағы жеке тұлғадағы тұрақты бейімділік. Жеке тұлғаның белсенділігі бұзылыссыз болады (А.А.Налчаджян).

  2. Девиантты бейімделу – берілген топ немесе әлеуметтік ортадағы жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

  3. Патологиялық бейімделу - әрекет-қылықтың патологиялық механизмдері мен формаларының көмегімен жүзеге асырылып, психо-невротикалық синдрмдық құрамына енетін мінездің патологиялық комплекстерінің түзілуіне әкеп соғады (И.Калайков).

Бұдан басқа жағдайға бейімделуге байланысты А.А.Налчаджян жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделудің енді екі түрін келтіреді:

  1. проблемдік жағдайды өзгертіп жою жолдары арқылы бейімделу (әлеуметтік жағдайды қайта құру жеке тұлғаның адаптивті ресурстары мен механизмдерінің жиналуы);

  2. жағдайды сақтай отырып бейімделу (өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасамайтын терең жеке тұлғалық өзгерістермен байланысты) [45].

Оқушылардың жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуындағы өзгерістерді бақылау, оқу-тәрбие процесін қадағалау психолог қызметінің сферасына қатысты. Психологтың міндеті – жеке тұлғаның бейімделуінің басты факторлары ретінде өз-өзіне сенімділікті дамыту, оған жағдай жасау.
Қазіргі білім беру жүйесінің тенденциясын ескере отырып психолог қызметінің негізгі принципі жеткіншектік шақта мәнді болып табылатын құндылықтарға бағдар беруге негізделелетінін айта кеткен жөн.



 Қорғаныстық қалыпты бейімделу

Танымал қорғаныстық механизмінің көмегімен жүзеге асырылады (агрессия, рацилнализция, проекция, регрессия, сублимация және т.б.)

Қорғаныссыз қалыпты бейімделу

Жеке тұлғадан рационалды шешімді қабылдауды талап ететін фрустрацияға әкеп соқпайтын проблемдік жағдайларда көрінеді. Мақсат болжастыруды пайдаланумен адаптивті қорғаныссыз комплекстердің көмегімен жүзеге асырылады.

Аралас қалыпты бейімделу

әлеуметтік рольдермен байланысты қорғаныссыз адаптивті танымдық және эмоционалды-еріктік процестерді тудыратын факторларды және жеке тұлғадағы қорғаныстық механизмдердің өзектілігін арттыратын фрустрациялық жағдайларда жүзеге асады.

Конформистік бейімделу

Топ мүшелері үшін әдеттен тыс әдіс және топішілік проблемдік жағдайларды жеңу, оның салдарында топ ержелерімен байланысты конфликтілік қатынастар пайда болады.

Новаторлық (шығармашылық) бейімделу

Адам іс-әрекетінің және рольдерді орындаудың бір түрі. Оның барысында және нәтижесінде жеке тұлға жаңа құндылықтарды өндіреді, жаңалықтар енгізеді.

Аддиктивті әрекет-қылықты делинквентті әрекет-қылықпен (қылмыстық жауапкершілікке тартылуға апармайтын ұсақ құқық бұзылушылықтарды жасау) бірге ауытқушы немесе девиантты әрекет-қылыққа жатқызады.
Девиантты әрекет-қылық индивидтің берілген қоғамда қалыптасқан немесе ресми қабылданған күтілімдер мен ережелерге сәйкес келмейтін әрекеттер жиыны (В.Каган).
Девианттылықты талдауға мүмкіндік беретін критерийлер бұл баланы қоршаған ортаның ережелері мен күтілімдері.
И.С.Кон бойынша девиантты әрекет-қылық әртүрлі формада кездесекнімен, олар өзара байланысты деп қарастырылады. Аддиктивті әрекет-қылық өлі табиғат обьектілерінен тәуелді болу дегенді білдіреді. Аддиктивті әрекет-қылықтың негізгі түрлері психо-активті заттардан (шай, кофе, алкоголь, шылым, наркотик), Интернет-тәуелділік, деструктивтік культтерден тәуелділік[46].
Интернет тәуелділігінің профилактикасына бағытталған шараларға келесілерді жатқызуға болады:

  1. Әрине, қазіргі кездегі жағдайда жас адамды жүйелік ресурстарды пайдаланудан мүлдем бөліп тастау мүмкін емес және де дұрыс емес. Алайда компьютерлік жүйелердің негативті ақпараттық әсерін нейтрализациялау жолдары ойластырылу керек. Бұл процесстер тәуелділікке ұшыраған адамның ең жақын адамдары ерекше орын алады.

  2. Тәуелділікті босатып, емдеудің негізгі принципі – орнын басу. Сондықтанда тәуелділікті жеңу адамның өзіндік санасының жаңа жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда адам жақындардың көмегі маңызды болып табылатын қоршаған орта әлемімен жаңадан өзара әрекеттестік жасауды үйренеді.

  3. Ата-ана жасөспірімге Интернет арқылы қарым-қатынас жасаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету керек: әсіресе чаттар мен хабарландыруларда жеке бас туралы ақпарат бермеу (аты-жөні, мекен-жайы, мектептің нөмірі немесе мекен-жайы, ата-ананың жұмыс орны немесе олардың жұмыс телефоны), Интернет арқылы сенімсіз танысулар жасамау және т.б.

  4. Компьютермен қарым-қатынас жасаудың мәдениетін қалыптастыру керек. Ал бұл үшін үйде мұндай техника пайда болған бірінші күннен бастап кәмелетке толмағанға «жаңа достың» барлық мүмкіндіктерін көрсету керек: оның көмегімен интеллектуалды даму қажетті және айдалы ақпаратты алу, оқумен айналысу және т.б. қызықты болып табылады. Жасөспірімнің Интернеттегі жұмысын басқаруды жүзеге асырушы адамға оған электрондық почта бойынша жіберілген қауіпті немесе жеке басқа қол сұғатын хаттарға жауап беруге болмайтынын және өзін дискомфортты сезетін чаттармен веб-сайттардан көп ұзамай шығып кету керектігі туралы түсіндіру керек.

  5. Интернет тәуелділікпен күрес жүргізудің эффективті әдісі бұл түрлі басқарушы бағдарламаларды пайдалану әдісі болып табылады. «Ойынды басқару» программасы, мысалы: оқуды ойын қызметінен айыра алады: егер бала компьютер алдында сабақ оқыса, ол өшірілмейді, ал егер берілген уақыттан артық Интернетте отырып қойса, монитор өздігінен өшіп қалады. «Naomi-2.7» программмасы Интернеттен жүктелетін ақпаратты басқару жолымен жеткіншектер мен жасөспірімдер үшін жарамайтын ресурстарды шектеуге көмектеседі. Осындай жолмен ол порносайттарға және зорлық сценалары, азарттық ойындарға кіруге тыйым салады.

  6. Компьютерді жасөспірімнің пайдалануына ыңғайлы жерге орналастыру қажет, сондай-ақ компьютерді және Интернетті пайдалануға нақты талаптар белгілеп, олардың әрқашан да бұлжытпай орынадалып орындалуын талап ету[19,33].

Баланың бойында Интернет-тәуелділігін байқаған жағдайда қолданылатын шара: мұндай жағдайда адамның жұбайы немесе ата-анасы интернет және компьютердің әсерінен өмірінің қаншалықты бұзылғанын өзіне көрсетуге тырысуы керек, егер де бұл жағдай тәуелділікке дейін жеткен болса, ол адамды бұл істі тастауға көндіру керек. Ал ешқандай нәтиже болмаса, кәсіби жәрдем алуға болады. Адам өзінің тәуелді екендігін және өзін тоқтата алмайтындығын түсінгеннен кейін шектеу қойылу керек.
Егер де кәсіби немесе басқа тұрғыдан қажеттілік болмаса, компьютерді немесе интернетті алып тастаған дұрыс болады. Қажетті болған жағдайда, күнделікті белгілі уақыт қойып, басқа адамның қадағалауымен қолданылуы керек.
Зиянды жағдайлар: әрине, интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Алайда, бұл жүйеде адамның психологиясын бұзатын, мәдени, тәрбие және діни құндылықтарды жоятын нәрселер де бар.
Интернеттегі хат жазысу жағдайлары өздерін басқа біреудің атынан таныстыратын жаман ниетті адамдар тарапынан ақша алу үшін тиімді себеп болатындығын бәріміз білеміз. Өкінішке орай, осы хат алысулардың салдары отбасының ыдырауына дейін әкеліп соғатындығы да мәлім. Интернетте темекі, есірткі және ішімдік базарлары да бар. Бұл базарда біреулер зиянға ұшырыса, басқалар пайда тауып жатады. Бірақ осыны біле тұра, бәрібір бұл қорқынышты жағдайға адамдар құрбан болуда және көпшілік оны көруде.
Балаларды қызықтыратын нәрселерді пайдаланудың жолын табу керек. Балалардың дүниесіндегі ең басым элемент – шектеусіз қалаулары. Балалар бұл қалауларын қадағалай алмайды. Қадағалау психологиялық дамумен бірге қалыптасады. Қалауларын көрсететін қиял әлемдерінің элементтері ойындар мен ойыншықтар болып табылады. Ойындар мен ойыншықтар балалар үшін өте маңызды нәрсе. Балалардың бұл ерекшеліктеріне құрмет көрсетуіміз керек.
Ойын кезінде бала ойынға сай берілген мағлұматтарды өте аз уақытта үйреніп алады. Сабақ оқуды да ойынмен өткізсек, баланың шексіз түсіну қабілетін дамытамыз.
Жазалау арқылы оқу-білім беру қай жас үшін болса да қате үйрету әдісі болып табылады. Қорқыныш – автономиялық жүйке жүйесіне және ми жұмысына әсер ететін бір сезім. Қорқыныш асқорыту жүйесін, қан айналымы, жүрек және ақыл-ой жұмысын бұзады. Қорқыныш арқылы адамда мойынсыну сезімі дамиды бірақ үйрену қабілеті азайып, дене өзін дамуға емес, қорғануға бейімдейді. Бұның нәтижесінде ақыл-ой мүмкіндігі, алғырлық, тапқырлық, талаптылық қабілеттері дамымайды. Ұрыс естуін бала немесе адам өзін ақымақ сезінетіндіктен ақыл-ой жүйесі жабылып қалады. Бала өзін қаншалықты бақытты сезінетін бір ортада білім алса, барлық нәрсе соншалықты жақсы болмақ[30].
Балаңызға күнде тіс тазалауды, тамақтан бұрын қол жууды, өтірік айтпауды үйреткіңіз келсе, бұның ең әсерлі жолы қайталау болып табылады. Пайдалы нәрселерді мүмкіндігінше, ерте жаста іс-әрекетпен үйрету керек.
2.2 Жасөспірімнің интернет және онлайн компьютерлік ойындарға тәуелділгін төмендетудің әдіс-тәсілдері мен тәжірибелік көрсеткіштері 

Тәжірибелік зерттеу жұмысы Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан экономикалық-технологиялық «Мирас» колледжінде өтті. Жалпы ғылыми зерттеу жұмысының теориялық бөліміне сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстарын жасөспірімдік шақтағы білімгерлерге, атап айтқанда БЖББ-2(ІV)-07 және ДТ-2(ІV)-07 топ білімгерлеріне өткіздік. Зерттелген оқушылар саны 16 (БЖББ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер, ДТ-2(ІV)-07 тобында 8 білімгер). Тәжірибелік зерттеу жұмысының жалпы ережелеріне сәйкес зерттеу обьектілерін бақылаушы және эксперименталды топтар ретінде зерттелді (БЖББ-2(ІV)-07 тобы – бақылаушы топ, ДТ-2(ІV)-07 – эксперименталды топ). Ғылыми зерттеу жұмысымның тәжірибелік бөлімі екі кезеңнен тұрады: анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдер. Анықтаушы кезеңде БЖББ-2(ІV)-07, ДТ-2(ІV)-07 топтарына интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы өткізілді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет