Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет9/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1.Жаман адамдарды.

40/47,62%

2.Құбыжықтар,жын - перілер,жыртқыштар

36/42,86%%

3.Зомби, вампирлер – олар адамдарға ұқсайды, бірақ өліп қалған.

27/32,14%

4.Маған бәрібір, әйтеуір бір нәрсеге атсам болды.

27/32,14%

5.Әскери адамдарды.

14/16,67%

6.Кез келген адамды.

12/14,29%

7.Ең әлсіздер мен қорғансыздарды.

6/7,14%

Кесте 1.1



Ойындағы зорлық-зомбылық статистикасы: «Virtual Image Production» компаниясының директоры Рик Дайер , бірде былай деді: «Ойындар тек қана ойын емес.Олар үйрету құралына айналып барады.Біз балаларымызды мылтықтың құлағын баса отырып, қуануға үйретеміз. Алайда,біз шынайы өмірдегі дәл осындай іс-әрекеттің салдары қандай болатынын түсіндріп, оларға осы жайлы ойлануға түрткі жасамаймыз.
Көптеген мәліметтер бойынша, ойындардың 80% қатыгездікпен рекшеленеді екен. Тағы бір басқа ақпараттар бар. Н.Кленова зерттеу жүргізіп нәтижесінде « 55% ойында зорлық-зомбылық жасау және өлтіру көрінстері бар, 39%-ы қатыгездік дәрежесі әртүрлі күрес-тартыс көріністері бар ойындар, 35%-н қайғылы апат көріністері бар ойындар құраған. 17 % компьютерлік ойындарда( спорт тақырыбында) ешқандай зорлық-зомбылық көріністері болмаған[15].
А.Федорованың зерртеулерінің нәтижесі бойынша мына мәліметтер алынған:

  • компьютер залына келушілерге компьютерлік ойындардың барлық түрін ойнауға рұқсат етіледі;.

  • тек қана 17,24% компьютерлік ойындарда ешқандай зорлық-зомбылық көріністері болмаған;

  • 55,17% компьютерлік ойындарда интерактивті түрлі қылмыстық көріністер болған ( «Doom», «Young Blood», «Final Doom» т.б.) ;

  • тұтастай алғанда 35,63% компьютерлік ойындар міндетті түрде экрандық зорлық-зомбылық көріністеріне ( өлтіру, күрес-тартыс, апат) ие болған.

Қорытындылай келсек, зерттеулер статистикасы түрлі елдерде шамалап алғанда бір деңгейде тұр: 80-90% ойындар виртуалдық зорлық-зомбылық көріністеріне ие.
Ойыншылардың өзі қатыгездікке қалай қарайды екен? Интернетте осы мәселеге қатысты сауалнама жүргізілген. 18 жасқа дейінгі 503 адам жауап берген. Мындай жауап алынған: ( кесте 1.2 назар аударыңыз)


1.Құптамаймын – 47/ 9%


2.Бәрібір- 55/10%
3.Құптаймын, бірақ,
шамалы түрде- 71/14%
4.Құптаймын – 198/39%
5.Зорлық зомбылық бұл –
Ойыннның ең негізгісі – 137/27%
Көптеген ойыншылар зорлық – зомбылық көріністерінің болғанын құптайды. Бұл таң қаларлық жағдай емес, зорлық-зомбылық жасауға «3Daction» секілді ойынға 91-95% уақыт кетеді, сонымен бірге 27% ойындағы зорлық-зомбылық өлімге әкеледі.
Кимберли Томпсон мен Кевин Ханигердің зерттеулері « компьютерлік ойындардың зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс жасайтын кейіпкерлері 73% жағдайда жазасыз қалатынын көрсеткен.Ал бұл көп жағдайда қосымша ұпай және бонустар ретінде марапатталады.Бұл жағдай жеткіншектерді зорлық – зомбылықты - кикілжіңді шешудің ең тиімді тәсілі ретінде қабылдайды»,- деп тұжырымдайды психолог Элизабет Карлл.
Сонымен, статистикалық зерттеулерді қорытындыласақ.10 баланың 9-ы қатыгездік ойындарын ойнайды.Белсенді ойыншылардың жасы 4-18 жас аралығын құрайды.Виртуалдық зорлық–зомбылық көріністері бар компьютерлік ойындар көп таңдалады. Бұл ойындардағы зорлық-зомбылық жасауға балалар 80-90% уақыт жұмсайды. Кейде виртуалдық зорлық-зомблық жазаланады, бірақ көп жағдайларда марапатталады және кейбір ойындарда көп қылмыс жасаған ойыншы жоғарғы ұпайға ие болып ең жақсы ойыншылар қатарына енеді.Сондықтан да ойыншы виртуалдық марапаттарға ғана ұмтылып қоймай, сонмен қатар ең жақсы ойыншылардың қатарының басында тұру үшін де ұмтылады.Көптеген ойыншылар виртуалдық зорлық-зомбылықты көңіл көтеру деп таниды және агрессивтік жаңа ойындарды таңдайтыны анықталған.

2 Интернет-тәуелділік пен компьютерлік ойындардың байланысы және олардың жеткіншектердің психикалық күйіне әсер етуінің эксперименталды зерттеліну жайы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет