Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі



бет10/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
бауыржанулы


2.1 Жасөспірімнің виртуальді компьютерлік ойындарға тәуелділігінің себептері және психикалық дамуына тигізетін әсері


Интернеттегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез–келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады[29]. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым–қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді. Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.


Санкт-Петербургтегі В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар:
1)компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру;
2) ата-аналарымен кикілжіңге бару,
3)үйге кешігіп келу;
4)сабаққа үлгерімі нашарлап,
5)сабаққа жиі бармай қалу;
6) баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
7) өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
8)күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;
9) берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
10)ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, басы ауырады,омыртқасы бұзылуы басталады.
Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол «тәуелділіктің құлы» деп саналады.
Шектен шыққан ойынпаздық дерті – «лудомания» деп аталады. Компьютер құмаралық «аддикцияға» шалдықтырады Бала күнінен бастап,маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Бұдан шығатын жол қандай?
«Компьютерге байлану» сырқатынан арылудың қандай жолдары бар? Не себеп?
Көптеген ата-аналар неге оның баласы компьютерлік ойындарға көп әуес болды деген сұрақ қояды? Ол өз уақытын неге зая кетіреді?Уақыты бос болса неге компьютер алдына отыра қалады? деген көптеген сұрақтар туындайды . Бұл сауалға жауаптар – әр алуан. «Ең әуелі, әке-шешенің жіті қадағалауы қажет. Баласының сабағы мен қызығушылығына «қандай бағдарламалар маңызды?» деген сауалды онымен бірге талқылап, шешім қабылдап, ал зияндыларына құлып салып, түрлі технологиялық тыйымдар жасаулары керек» дейді қатысты адамдар. Сонымен бірге компьютерді пайдалану үдерісінде жиі-жиі үзіліс жасап, оған балама іс-әрекеттермен бала уақытын толтырған жөн екен.
Біз осы сұрақтарды талдап көрейік:
Бұл ойындарда өмірдегі нәрселердің бәрі бар және әрқашанда ол сәйкес келе бермейді. Бұл жерде кім боламын десең өз еркіңде,қай жаққа барамын десең де өзің білесің,басқа адамға айналуға мүмкіндік бар.Егер бір нәрсе болмай жатса қайырадан бастауға болады.Өткені кез келген сәттерді қайрадан жасауға болады.Бұл жерде барлықиындықтарды жеңуге болады.Бұл тек қана басқа адамдарға қатыссыз МЕН және менің қиялдарым бар.
Сонымен бұл абзацта компьютер ойыны емес адамға тән қиялдар суреттелеген,әсіресе балаларға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет