Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Агрессивті құлықтың пайда болуы (Берковиц бойынша)



бет5/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Агрессивті құлықтың пайда болуы (Берковиц бойынша)
Сызба 1.3



Жоғарыда қарастырылған теориялар агрессияны инстинктивті қажеттілік деп қарстырады. Зильман агрессияны бақыланатын әрі өлшенетін қозумен байланыстырсақ дұрсырақ болар деп санады.Жалпы айтқанда, сарқылмас агрессивті импульстерінің қайнар көзінің әрекеті деп санады..
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец. Ол « агрессия – фрустрация» схемасына үш мңызды түзету енгізді.
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ұйшықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттерді, дағдыға айналдырып отырады.
Ал С.Розенццвейг - фрустрацияны ұйшықтыратын үш себебін көрсетті:

  1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айырылуы « ішкі айрылу» және «сыртқы айырылу» болып бөлінеді. « Сыртқы айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты емес: «ішкі айрылу» - фрустратор адамның өзіне байланысты.

  2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі.

3. Дау-дамай бір уқыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.
Сызба 1.4

Берковиц өзінің соңғы зерттеулерінде алдыңғы еңбектерін қайтадан қарап шығып, негізгі екпінді эмоционалдық және позититі процесстерге аударды. Ол кедергілер қандай теріс әсерге әкелсе, сол ддәрежеде–ақ агрессияны ұйшықтырады деді. Зильман « таным мен қозу» өзара тығыз байланысты екенін дәлелдеді; олар бүкіл уайымдау, қамығу процесі барысында бір-біріне әсер етеді (Сызба 1.4 назар аударыңыз).


«Әлеуметтік оқыту теориясы» бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғаралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрылымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтан да бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі - бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессия қатынасы.Дәлел бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура . Ол агрессивтілік әректке үш жағдай негіздеді:

    • әрекеттерд меңгеру тәсілдері;

    • олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;

    • оларды нақтылайтын жағдайлар.

Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әректті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – теденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғныс түсінігі бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:

    • жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандай да бір стимул оны ұйшықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады;

    • жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реацияны ұйшықтыратын стимул.

Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу.Әдетте қорғаныстың төрт түрін қолданылады:

      1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы болғаны;

      2. егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталынатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қортындысы дейміз;

      3. егер реакцияның соңынан жағымсыз қорғаныс ілессе онда жағымды жазалаудың қортындысы болғаны;

      4. егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы болғаны.

Деликвенттік мінез-құлық баланың дүниеге келуінен кейін басталған және оның мінез-құлқына әрі қарай әсер етуін жалғастыратын әлеуметтену процесінің сәтсіз иллюстрациясы болып табылады. Жеткіншектегі агрессиялық және агрессиялық емес мінез-құлық моделі әлеметтену процесінің тікелей көрінісі болады. Мінез-құлықтың ауытқушылығы немесе әлеуметтік дезадаптация әлеуметтік мақұлдамаушы мінез – құлық формасының туындауынан көрінеді. Агрессия дағды мен үйренуді қажет ететін әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырылады. Агрессиялық мінез-құлықтық әрекеттерді орындау үшін адам көптеген жағдайлар мен шарттарды білуі тиіс: қандай сөздер мен әрекеттер залал келтіреді, қандай амал-тәсілдер ауыртпалық тудырды, т.б. Бұл «білім» жеткіншекте туа пайда болмайды және бірден қалыптаспайды. Бала өз құрдастарымен күнделікті ойында басқа балаға бір рет «сәтті» қысым көрсетіп, өзінше қанағаттану сезімін алуы мүмкін.Бала бұл әдісті тағы да қолдана отырып, өз бойындағы агрессиялық мінез-құлықты күшейте түседі. Бұл жеткіншектегі агрессиялық мінез-құлықты бекіте түсудің негізгі тиімді тағы бір әдісі – тікелей ынталандыру, еліктіру. Басқаның агрессиялық мінез-құлқын бақылай отырып, жеткіншек өз мінез-құлқының шектелуіне көңіл бөлуі мүмкін: басқаларға болады,онда маған да болады. Бұл іспеттес мінез-құлық жеткіншектің басқа балалармен жағымсыз қатынасындағы, мысалы, төбелес – жанжалда, ересектерге бағынбауда, жалған әрекеттерде агрессиялық сипат алады.Бала агрессиясы әлемде түрілше тануымен де байланысты [2] .
Жеткіншектік жастағы анатомиялық – физиологиялық өзгерістер нәтижесінде баланың ішкі және сыртқы қақтығысы ( конфликтісі) күшейетіні белгілі. Бұл, өз кезегінде, баладағы жоғары қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық немесе цинизм сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін.Жеткіншектің жеке–даралық сипаттамасындағы агрессиялық ересектердің түсінбеуне қарсы протест түрінде де көрінеді, сонымен бірге өзінің қоғамда аалатын орнына қанағаттанбаушылығынан туындайды [3]. Агрессиялыққа баланың темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы, тез қозушылық, әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-өзі ұстай алмауы сияқты мінез-бітістер ықпал етуі мүмкінБала агрессияны көрсетуде әрдайым қолдау тауып отырса, онда оның агрессиясы әртүрлі жадайда өсіп отырады. Жасалған агрессияға қолдау тауып отыруы, біртіндеп дағдыға айналады, осының салдарынан агрессиялы тұлға қалыптасады.
Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері бала агрессиясы мен отбасындағы тәрбие стилінің арасындағы тікелей байлансты тапқан. Американ зерттеушілері А.Бандура мен Р.Уолтерс өз баласының агрессиялы әрекетіне аса көңіл бөлмейтін, тіпті қостауға бейім ананың баласы тағы да агрессиялы бола түсетіндігін көрсетеді [1]. Өте қатал жазаланған бала да жоғары агрессиялық мінез-құлық деңгейін көрсетеді, ата-анасынан, әсресе, әкесінен көп соққы көрген бала өздерін бірқалыпты ұстап, тіпті тілалғыш болады да, бірақ басқалармен, өз құрдастарымен салыстырғанда жоғары агрессиялықпен ерекшеленеді.
С.Н.Ениколоповтың түсінігі бойынша агрессияның үш негізгі функциясын бөлді:

  1. Агрессия өзінің «Мен» тұжырымын қорғаудың басты құралы. Мұндай агрессияның бой көрсетуі, адамның «Мен» тұжырымын қаншалықты түсінетініне байланысты, мұндай адам бірінші танысқанда-ақ өзін нақтылау үшін, агрессивтілі болып көрінуі мүмкін;

  2. агрессия – психологиялық ішкі қысымның сыртқа шығуын іздену,яғни «Текені босату»;

  3. өз мақстына жету: « жолымдағның бәрін соға, итере мына есіктен құтылып шыққым келеді».

Агрессияны жан-жақты түсіне білу қажет: ол өсек айту, біреуге жеткізу, ауыр келеке болуы мүмкін. Агрессия адамның өзіне де бағышталуы мүмкін.
Аутоагрессия – бұл өзіне әрүрлі қиянат жасау: денені кеспелеп жырып тастау, сурет салу, өзін кінәлау болмаса қандайда бір әрекеттің өзін-өзі талқандауға бағышталуы. Қазіргі уақытта мұндай мәселемен психосоматикалық ауру актуалды орын алуда.
Л.Берковицтің пікірі бойынша агрессия әрекетін қадағалауға болады.Д.Зильманның тұжырымы бойынша кейбір жеке жағдайларда агрессияның құлшынысы жоғары болған кезде, оны бақылауға алу мүмкін емес.
Гуманистік бағыт. К.Роджерс , В.Франкл, Ф.Берлз және т.б.еңбектері агрессия мен зорлықты өзінің негізгі жағдайымен байланыстыра зерттеп, түсіндірді.
К.Роджерстің қарастыруы бойынша агрессия мен зорлық индивидтің бостандығын таңдау мүмкіндігін, шекеуге мәжбүр еткенге қарсы әрекеті. Агрессия және зорлық психологиялық қорғаныстың бір түрі.Агрессия бұл организмнің тәжірибеге жауабы, яғни қауіптенетін жағдайда индивидтің өз жайында ойлауына сәйкес келмеуі. Адам өз құндылықтарын, өзін-өзі қабылдауды қажет етеді. Ол жақсы өмір мен бақытқа ұмтылады. Өзі жайында өзгенің ойына көбірек көңіл бөлуі, ішкі тебіреністерімен қаупі күшейіп, олардың оны бағалауы мазалайды. Адам олардың талап етуі мен үмітін ақтауға ұмтылады, срндықтанда ол еркіндікті емес, әрекетті таңдауы шектелген.К.Роджерстің айтқанындай « агессия – бұлшектелген еркіндікке мәжбүр еткен әрекеттің жауабы».
Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттің теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
А.Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырады,олар барлық уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды.А.Басс және А.дарки агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальдық және жанама агрессияның көріністеріне сүйенеді.авторлардың түсінігі бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік.
Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоятын болсақ: « агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет» деген .агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қараастан, қазіргі кезде көп жағдайд мынандай түсінік қолданылады: агрессия – бұл балағаттауа немесе біреуге, тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.
Н.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігн көрсетті.
Екіншіден « агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында грессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет.Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ұйшығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы болуы мүмкін.
Н.Д.левитов агрессиялы жағдайдың тнмдық , эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады:
- анымдық жағдайды бағдарлай білу ( оның түсініг) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу;
- эмоциялық компонент-ашу-ызаның клуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы,
- жігерлілік компоненті-агрессиялы әркет үстнде ерікті формальды құндылықтарын көрсете білу - ол мақсатылығы, табандылығы, шешім қабылдаыштығы және күштілігі мен инициотивтілігі.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуы – көптеген факторлар қатысатын күрделі процесс. Агрессивті мінез-құлық отбасының, құрбы-құрдастарының, бұқаралық ақпараттың ықпалынан анықталады. Балалар агрессивті мінез-құлықты тікелей әсер етуден, сондай-ақ агрессивті әрекеттерді бақылаудан үйренеді.Ата-аналар өзімен балаларының арасында ғы теріс қарым-қатынасын тоқтату мақсатында, еріксіз өздері аулақ болғысы келетін мінез-құлықты қолдап, көтермелейді.
Ең қатал жазаны қолданатын және баласының немен айналысатынын қадағламайтын ата-аналар өз балаларының агрессивті және тәртіпсіз болғанын аңғаруы мүмкін.
Балалар өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасай отырып та агрессия жайлы мәлімет алады.Олар өздерін өздерін агрессивті ұстауды өзгелердің ( сыныптастарының ) мінез-құлқын бақылай отырып үйренеді. Бірақ-та, кім қатты агрессивті болса,сыныптағылардың көбісі оны шеттетеді. Бір жағынан, бұл агрессивті балалардың басқа агрессивті балалардың арасынан домтар табуы әбден мүмкін.
Паттерсон және оның әріптестері отбасылық қарым-қатынстың салдарынан пайда болатын ауытқушы мінез-құлық моделін жасады.
Тұтастай агрессия табандылық, қайсарлық формасында ( деструктивті емес) , сондай-ақ қастандық және өшпендлік формасында ( деструктивті) да
Эмоционалдық дамуға,жеке тұлғаның қалыптасуына, психикалық саулыққа әсер етеді.Агрессияны жеңе білу қабілеттілігі әлеуметтік және жекелік сапалардың дамуын анықтайды.
Әртүрлі ғалымдардың денісау баланың мінез-құлқына арналған жеке еңбектерінде кез келген балада агрессияның әртүрлі формада көрінетінін атап өткен. Агрессивтіліктің барлық формасы жалпы бір сипатқа ие: олар
жағдайды қадағалау салдарынан пайда болады, өзін немесе өзін қоршаған ортаны, өзіне жақын адамдарды жетілдіру мақсатында оған әсер етеді.
Г.Паренс агрессияның екі түрін бөліп көрсетті.Біріншісі – деструктивті емес агрессия ( конструктивті), яғни табанды қастандықсыз мақсатқа жетуге бағытталған өзін-өзі қорғаудағы мінез-құлық.[7]
Бұл механизмдер туылған сәттен қарапайым болса да, байқалады әрі қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет