2 ҚАРТ ТУЫСҚАНДАРДАН БАС ТАРТУДЫҢ АЛДЫН-АЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологияларының отандық және шетелдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау
Қазақстан халқы қартаю процесін бастан кешіруде. Мысалы, 2010 жылы зейнеткерлік жастағы халықтың үлесі 9,9%-ды құраса, 2022 жылы ол 12 %-ды құрайды. Бұл зейнет жасындағы қарттар санының 2 млн 252 мыңға жеткендігін көрсетеді. Ал, олардың 1,4 %-ы, яғни 32 мыңнан аса қарттардан отбасылары бас тартқан болып саналады. Олар қарттар үйінде, қарттарға арналған басқа да мекемелерде және жалғызбасты қарт ретінде жалғыз өздері күтімсіз тұрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мемлекет қамқорлығында қалған медициналық қарттар мен мүгедектер үйлерінде бес мыңға жуық қарт тұрақты тұрады. Жергілікті атқарушы органдардың ресми деректеріне сүйенсек, елімізде жалғызбасты зейнеткерлер мен I және II топтағы мүгедектерге арналған елуден аса медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Балалар тастап кеткен жүзге жуық қария баспаналардағы бос орындарға кезекте тұр. Ал, өкінішке орай, Қазақстанда зейнет жасындағы жалғызбастылардың саны жылдан жылға артып келеді.
Кесте 2. 2022 жылғы дерек бойынша, Қазақстандағы отбасылары бас тартқан қарт адамдар саны [42].
Қарттар үйіндегі қарт адамдар
|
13 254
|
Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемедегі қарттар
|
5 211
|
Қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемедегі қарттар
|
1 256
|
Жүйкелері тозған үлкендерге арналған үйлердегі қарттар
|
1 632
|
Жалғызбасты жалғыз өздері үйде тұратын қарттар
|
6 359
|
Жекеменшік әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы қарттар (күтім үйлері)
|
4 523
|
Барлығы
|
32 235
|
Қазақстан бойынша қала, аудан орталықтарында мемлекеттік 35 қарттарға арналған үйлер бар. Үкіметтің толық қамқорлығына алынған осындай қарттар үйінде 13 мың зейнеткер өмір сүреді. 2022 жылы Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 249 ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 155 стационарлық үлгідегі, 63 жартылай стационарлық үлгідегі, 30 уақытша болатын және 1 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған үйлер бар. Бұл ретте аталған ұйымдарда тұратындардың жалпы саны 44 433 адамды құрады, оның 42,9 пайызы, яғни 19 077 адам әйелдер. Атап айтқанда, стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарында 29191 адам немесе жалпы санның 65,7%, 12572 адам немесе 28,3%, уақытша болу ұйымдарында 2378 адам немесе 5,4% ,арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бірнеше шарттары бар ұйым – 292 адам немесе 0,7% адам тұрады.
Зейнет жасында өмір сүретін (қызмет көрсетілетін) зейнеткерлердің жалпы саны 13 мың адам немесе жалпы санның 28,7%-ы, жалғызбастылар – 5965 адам немесе 13,4%, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар – 2186 адам, немесе 4 ,9%, ақылы негізде тұратындар – 638 адам, немесе 1,4%, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар – 590 адам, немесе 1,3%, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 90 адам, немесе 0,2%, зардап шеккендер. тұрмыстық зорлық-зомбылық – 41 адам немесе 0,1% [42].
Жоғарыда келтірілген деректер еліміздегі жалғызбасты зейнет жасындағы қарттар үлесінің өсуінің, күтімді қажет ететін қарттардың мемлекетті қарамағына қарау үлесінің көп екендігін көрсетеді. Мұндай қарттардан отбасыларының бас тартуы жиі әлеуметтік, экономикалық себептерге байланысты болып жатады. Жалғызбасты зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі мемлекет пен қоғамның белсенді қатысуын талап етеді. Әртүрлі себептерге байланысты қарт адамдардың барлығының туған-туыстары мен достары арасында сүйіспеншілікке толы отбасылық шеңберде қарттықты өткізуге мүмкіндігі бола бермейді.
Қазірді таңда, елімізде қарт туысқандардан бас тартқан отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік қызмет пен оның алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар қарастырылмаған деп айтуға болады. Еліміз әзірге, бұл мәселенің себебімен емес салдарларымен күресіп жатыр. Атап айтсақ, қарттар үйлері мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет көлемдерін ұлғайту, күндізгі қарттарға арналған стационар орталықтарын ашу мен жекеменшік күтім үйлеріне қолдау көрсету, мұнлай қарттарды әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды ұйымдастырып жүргізу. Ал, мәселенің алдын алып, отбасылармен әзірге жұмыс технологиялары жүргізілмейді. Әлеуметтік профилактиканың инновациялық технологияларын қарастыру ерекше қызығушылық тудырады, бұл туысқанның отбасынан бас тартуын азайтуға көмектеседі. Мұндай инновациялық технологияларды төмендегі шетелдік тәжірибелермен сипаттауға болады.
Әлеуметтік және экономикалық дамуы түрлі деңгейдегі елдерде тұрғындардың қартаюы және өмір сапалары бірдей болып келмейді. Бір елдегі тұрғындардың территориялық және этникалық белгілері, өмір деңгейі, әлеуметтік және кәсіби статусы бойынша да қарттардың өмір сүруі әр түрлі болып келеді. Батыс елдеріндегі егде адамдардың сана-сезімінің өсуіне егде адамдарды біріктіретін жалпы ұлттық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың құрылуы себеп болуда. Мәселен, олар –Америка зейнеткерлері қоғамы, оның құрамында түрлі мәліметтер бойынша 9-15 млн. адам бар; зейнеткерлердің ұлттық одағы (Ұлыбритания); Аға ұрпақтың федералды конгрессі (ГФР); Жасы үлкендер қоғамы (Канада); Егде адамдар істері бойынша кеңестер (Австралия); Егде адамдар клубының Ұлттық федерациясы (Жапония) т.б.
Кесте 2. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттеріндегі белсенді зейнеткерлер үлесі мен олардың өмір сүру кестесі [41].
Достарыңызбен бөлісу: |