Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы



бет1/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)


КІРІСПЕ


Зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы. Диплoмдық жұмыста қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологиялары мен әдістерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қарттармен әлеуметтік жұмыстың заманауи технoлoгиялары мен әдістеріне талдау жасап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттырудың тиімді жолдары қарастырылды. Зерттеу барысында еліміздегі қарт адамдарды соның ішінде, туыстары бас тартатын қарттарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іс-жүзінде жүзеге асырылуына талдау жасалды.
Зерттеу өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 млн 252 мың зейнет жасындағы қарттар бар, олардың 35 мыңы қарттар үйінде тұрады. Барлық үлестің, шамамен 11%-ы мүгедек қарттар, 40%-дан астамы күтімді қажет ететін қарттар санатына кіреді.
Қарттар - жас мөлшері орта жастан асып кеткен, өмірлік тәжірбиесі бар, біршама жұмыс белсенділігі мен күш – қуаты мен ерік- жігері төмен келетін адамдар тобы болып табылады. Кез –келген қоғамды қарттарсыз елестету мүмкін емес және мүмкін де болмайды. Қарттар халық құрамының ересектер тобына жатады және түрлі ерекшеліктері мен бойындағы қайталанбас қасиеттерімен ерекшеленіп отыратын жиынтық. Біздің қоғамда, яғни XXI ғасырда қоғамдағы қарттар мәселесін көп жағдайда жағдай көптеп жасалмаған және оларды осы өмірдегі керекті жандар екенін түсіндіріп жатқан ұйым жұмысы мен адамдар тобының жұмысы атап айтарлықтай емес. Осындай іс- әрекеттің әсерінен, көп қарттар өз белсенділігі мен жігерлілігін ескермей, өмірден ерте түңіліп жататын тұстар болып отырады.
Қазіргі таңда адамдардың қартаюы жаһандық мәселеге айналып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша 2050 жылдары 60 жастан асқан адамдар саны жер бетіндегі халықтың жартысын құрайды деген болжам бар. Қазіргі таңда Қазақстанда ерлердің өмір сүру ұзақтығы 63,2 жасты, әйелдер жасы 74,1 жасты, ал жалпы орта жас 68,5 жасты құраған. Мұның өзі көңіл аударарлық жағдай болып табылады. Себебі, халықтың қартаюы мемлекет пен қоғамға, әлеуметтік, демографиялық және экономикалық тиімсіз болып келеді. Мұндай мәселе шеңберінде, халық белсенділігі мен жұмыс өнімділігі біршама баяу болуы мүмкін[1].
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Зерттеудің өзектілігі соңғы онжылдықта бүкіл халық құрамындағы егде жастағы адамдардың үлес салмағының тұрақты өсуі дамыған елдердің барлығында дерлік ықпалды әлеуметтік-демографиялық тенденцияға айналуында. Кәрілік жеке дамудың ұзақ және маңызды кезеңіне, әлеуметтік процестерді өзгерту факторына айналып отыр.
Қарттар арасында, ешкімнің көмегін қажет етпейтін, өмір белсенділігі жоғары қарттар көп, алайда күтімді қажет ететін жасына байланысты біреудің көмегіне мұқтаж қарттар да жоқ емес. Мұндай қарттардың өмір белсенділігі төмен, медициналық және әлеуметтік күтімді және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруды қажет ететін болып келеді. Қазақстанда мұндай қарттар қарттар үйінде сондай-ақ, жеке отбасыларда көптеп кездеседі. Алайда, күтімді қажет ететін қарттардан өз отбасылары мен туыстары бас тартатын жағдайлар көп кездеседі. Сондықтан да, туыстары бас тартқан қарттарға жеке стратегиялары қызмет түрі ұйымдастырылуы қажет және бас тартудың алдын-алатын әлеуметтік жұмыстың технологияларын қалыптастыру қажет.
Осы сынды қалыптасқан жағдайлаp, отбасылары мен туыстары бас тартатын қарттармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін зерттеудің қажет екендігіне дәлел бола алады. Соған байланысты заманауи әлеуметтанулық тәжіpибенің негізгі үpдістеpі қарттарға қолдау көpсету, өмірдің соңғы қарттық кезеңіне бейімделуіне ықпал жасау және бас тартудың алдын-алу үшін әеуметтік көмек көpсету қажет екендігін көpсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет