Кірпікшелі инфузорияның құрылыстық ерекшеліктері



бет2/3
Дата02.04.2023
өлшемі183,93 Kb.
#78505
1   2   3

Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді. Таяқшалары өте сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқшалардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады.

Сорғыш инфузориялардың 500-ге жуық түрі бар. Субстратқа ұзын немесе қысқа сабақшасымен бекініп тіршілік етеді.

Кірпікшелі кебісшенің құрылысы

Инфузориялардың ядросының ерекшелігі

Барлық инфузорияларды басқа қарапайым жануардан бөліп тұратын кірпікшелілерінен басқа бір белгі ядро аппаратының құрылысы. Оларда екі түрлі ядро болады. Бірі үлкен- маркунуклеус, ал екіншісі- микронуклеус кішкене. Көп түрлерде бірнеше макронуклеус ж/е микронуклеус болады. Инфузориялар бөліну не бүршіктеніп бөліну арқылы өніп өседі. Бұл жағдайда микронуклеус митотикалық жолмен , ал макронуклеус амимтотикалық жолмен бөлінеді. Ұрықтану изогамиялық не амизогамиялық жолмен болады: тек протоцилиат ғана популяция әдісімен ұрықтанады.

Балантидий-Balantidium coliБұлар адамның балантидиаз ауруын тудырады. Ол тоқ ішекте кездеседі және барлық жерлерде таралған. Балантидий денесі жұмырлау немесе жұмыртқа пішінді болып өлшемі-ұзындығы 30-200 мкм,ені 20-20 мкм тең.Денесінің алдыңғы қысыңқы жағында перистом,содан кейін воронка тәрізді цитофаринкс,ал денесінің артқы жағында аналь тесігі қылаулатқыш орналасқан.Балантидий қорытылмаған ас қалдығымен,эритроциттермен қоректенеді. Жиырылғыш вакуолялары-екеу. Цисталары сопақша немесе домалақ (дм 50-60 мкм) пішінді болып келеді. Тіршілік циклі. Инвазиялық сатысы болып циста саналады.Ас қорыту жолында цистадан вегетативтік формасы түзіледі.Вегетативтік форма күйінде балантидий ішекте ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді.Бірақ кейде белгісіз жағдайлардың әсерінен,олар ішектің қабырғасына еніп,оны зақымдап, үлкен жара пайда етеді.Ішектің артқы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да,үлкен дәретпен сыртқа шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет