Балантидий-Balantidium coliБұлар адамның балантидиаз ауруын тудырады. Ол тоқ ішекте кездеседі және барлық жерлерде таралған. Балантидий денесі жұмырлау немесе жұмыртқа пішінді болып өлшемі-ұзындығы 30-200 мкм,ені 20-20 мкм тең.Денесінің алдыңғы қысыңқы жағында перистом,содан кейін воронка тәрізді цитофаринкс,ал денесінің артқы жағында аналь тесігі қылаулатқыш орналасқан.Балантидий қорытылмаған ас қалдығымен,эритроциттермен қоректенеді. Жиырылғыш вакуолялары-екеу. Цисталары сопақша немесе домалақ (дм 50-60 мкм) пішінді болып келеді. Тіршілік циклі. Инвазиялық сатысы болып циста саналады.Ас қорыту жолында цистадан вегетативтік формасы түзіледі.Вегетативтік форма күйінде балантидий ішекте ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді.Бірақ кейде белгісіз жағдайлардың әсерінен,олар ішектің қабырғасына еніп,оны зақымдап, үлкен жара пайда етеді.Ішектің артқы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да,үлкен дәретпен сыртқа шығарылады.
Нағыз инфузориялар
Нағыз инфузориялар –Euciliata
Парамеция кірпікшелі инфузория класының өкілі. Парамицияның құрылысы жиі кездесетін өз еркімен қозғалп жүретін инфузория. Парамецияның ұзынша сопақша болып келген денесін бірдей кірпікшелер бір тегіс жауып тұрады, сондықтан ол тең кірпікшелілер отрядына жатады, кірпікшенің құрылысы нәзік мөлшері кішкене ж/е саны көп. Мысалы Парамецияда 2500-ге жақын кірпікше болады. Парамецияның қозғалысы бұралып кіріп бара жатқандай болып келеді. Оның себебі кірпікшелерінің орналасуында.
Инфузориялардың ас қорыту вакуолі
Ас қорыту вакуолі жұтқыншақтан бөлініп плазманы айналып отырып бояу ағатын плазмасымен бірге инфузория денесінің ішіне түседі. Ас қорыту вакуолі парамецияның денесінде денені айналып отырып белгілі жолдардан өтеді. (Ас қорыту циклоза), бұл жолдың ұзақтығы қоректік заттың түріне ж/е температураға байланысты бір сағаттан үш сағатқа дейін болады. Парамеция өте көп бактерия жұтады. Мысалы шөпті суға салып нәтижеде алынған тұнбаға жіберілген парамеция бір сағатта алпыс асқорыту Ас қорыту вакуолін шығарады, ал әрбір вакуолда 30 шақты бактерия болады. Яғни күніне бір парамеция 4300-ге жуық бактерия жұтатындығын көрсетеді. Парамецияның амебадан айырмашылығы оның жиырылғыш вакуолі мен зәр шығаратын тесігі тұрақты структура.