Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
12.Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес

17
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Қашан белсенді, өнімді боалсың?
Бүгін Оның разылығы үшін Рамазанды тиімді өткізу 
сапарына қосыламын дегендерге соңғы шақыру. 
Егер сен Рамазан айын дұрыс өткізу туралы өз 
шешіміңді әлі жасамаған болсаң, онда сен бұл 
қадамды қашан жасамақсың?
Ал егер де сен “мен онсыз да тиімді өткізе алам” 
десең, онда келесі сұрақ: шынымен Аллаһ разылығы 
үшін бе? 
Біз сенің осы Рамазанды еш өкінішсіз өткізуіңе 
көмектескіміз келеді, сондықтан бұл мүмкіндікті 
пайдаланып қал! 
18
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Сәресінен баста!
Рамазан айында жұмыс/тіршілік күніңді қай кезден 
бастайсың? 
Күнді ертерек бастаған дұрыс па (онда ауыз бекіту күнің 
ұзақ болады) немесе ұйықтай алғаныңша, тұру керек 
болғанға дейін ұзақ ұйықтаған дұрыс па? 
Менің кеңесім: сенің белсенді күнің сәресінен соң-ақ 
басталу керек (жоқ, қалжың емес!) Осыны бүгін/ертең 
жасап көргін және қалай сезінетініңді көр: 
Мүмкін болғанша ерте ұйықта (ең жақсысы тарауих 
бітісімен). Сосын таң намазынан бір сағат бұрын тұрып 
жақсылап сәресін іш. Тамақтан соң аздап дем алып, 
таң намазын оқы, шамалы Құран оқып жұмыс күнін 
баста. Күніне 1-3 маңызды шаруаңды жаса, олар 
жұмысыңа байланысты немесе жанұяға байланысты 
істер болуы мүмкін. Не болса да: 

Сол жұмыстардан маңызды ештеңе жоқ және 

Оларды бітіру керек және ештеңеге басқа 
алаңдама 
Көп хадистерде айтылғандай, сәресі-қасиетті, 
сондықтан оны өткізіп алма!
Күніңді сәресінен баста! 
19
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Сәресінен баста! - Жалғасы
Төменде бұл әдіс туралы бір-жар сұраққа жауап 
берілді: 
С: Сәресінен кейін ұйықтаса не болады? 
Ж: Егер сен бұрын Рамазан күндерінде адам неге 
қажиды және неге жұмыста/оқуда шаршағыш 
болады дегеннің себебін іздеген болсаң – саған 
жауап осы. Бірнеше күн сәресінен кейін ояу жүріп 
көр, өзіңнің іс-әрекетіңде өзгеріс пен сергектік 
сезінесің. 
С: Сәресінен бастап күні бойы ұйықтама демекшісің бе? 
Ж: Әрине жоқ! Ол өлтіруі мүмкін! Айтқымыз келгені, 
сәресінен кейін минимум 3 cағатқа ояу жүру. Таң 
намазын оқисың, Құран оқисың және бірнеше сол 
күннің шаруасын жасайсың. Содан соң саған
жұмысқа/оқуға дайын болу үшін ұйықтап алуға 
немесе мызғып алуға «рұқсат» немесе ұйқыны духа 
намазының сәл алдына немесе кейін қалдыруға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет