Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Алдыңғы Рамазан есіңде ме?
Қалай өтіп еді? Дұрыс өтті ме немесе соңына дейін 
сүйретіліп әрең бітірдің бе? 
Егер өткен жылы Рамазан айын сұрықсыз өткізген 
болсаң, бұл жылы оны қайталама!
Өткен жыл үшін өкіну саған пайдасын тигізбейді. Одан 
да сол кінәлі сезіміңді осы жылы болдырмауға, өзіңді 
дамытуға және өткен жылы түскен тұзаққа тағы түспеу 
үшін ішіңде жалындаған құлшыныс тудыру үшін 
пайдалан! 
Ал егер, өткен жылы Рамазанды супер-пайдалы 
өткізген болсаң, әлхамдулиллаһ!
Былтырғы істегендеріңді жақсылап еске түсір және 
одан әрі ілгерілеуге тырыс! 
 
13
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



КҮН 
Жұмысбастысың бірақ жеміссіз бе?
Әдетте Рамазан айын жөнсіз өткізетін адам туралы 
айтқанда, ойымызға түнгі уақытын теледидар алдында 
өткізіп, күні бойы екінтіге дейін ұйықтайтын адам келеді. 
Алайда адамдардың келесі бір тобы бар:
Олар жұмысбастылар – Рамазан айында Аллаһ Тағалаға 
құлшылық жасауға әрең уақыт табатындар. Олардың 
тіршіліктен/жұмыстан/жанұядан және тағы басқа 
шаруалардан қолы тимейді. Сонымен қатар олардың Құран 
оқуға уақыты жоқ. Әйтеуір садақа берер, ал тарауих намазы 
дегенді сұрамай-ақ қойсаң да болады! 
Мұның өзі жаман емес қой, әйтеуір, жоқтан жақсы деуің 
мүмкін. Шындығында солай ма? Олар Рамазанды босқа 
өткізіп жатыр ма? Ажалы келіп бүгін өліп кетсе, сол “бизнес-
тірліктері” пайда берер ме екен әлде “құр кеткен уақыт” 
болар ма екен? 
Өнімсіздіктің осы екінші түрінен абай болуымыз керек. Бұл 
бәрімізге қатысты. Әсіресе күн тәртібі толып жүретіндерге. 
Бас көтертпейтін тіршілікке енуіміздің нәтижесінде Рамазан 
қолымыздан оп-оңай сырғып кетуі мүмкін және біз ол үшін 
тек Рамазынның соңғы күнінде ғана өкінеміз. Сондықтан осы 
жылы өкінбейтін болайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет