Ахмед & біздің әдеттегі Рамазан
Ахмед осы күнді күтіп жүрген етін. Рамазанның
басталуын күткен еді. Әсіресе осы жылы. Ол өз
дінін жақсырақ түсініп бастаған болатын. Енді сол
оқыған-тоқығанын іске асырып, Рамазанды
шынайы түрде өткізуді, рухани бір жаңғыруды
қалаған еді.
Ол тарауих намазына дайындық жасау мақсатында
үстіңгі қабаттағы бөлмесіне жүгіріп барып, ғұсыл
алып, жақсы киімін киіп, әтірден әбден септі. Тіпті
оның иісін төменгі қабатта жүрген анасы анық сезді.
"
Ахмед! Жарар! Әйтпесе жүрмелі әтір дүкеніне ұқсап
кетесің. Төменге түс. Кешкі асың дайын".
"
Келе жатырмын, анашым".
Оның жүзі бал-бұл жанып тұрды. Оның отбасы
Рамазанға әбден дайын отырған жас мұсылманды
көріп қаты қуанды.
*****
..Ол оразаның 7-күніне жетті. Алайда барлығы
алғаш басталғандай емес... Сәресін өткізіп алады,
таң намазына ұйықтап қалатын болып жүр.
Жұмысы да көбейіп, кейде тарауихқа да бармай
қалады. Ауызашарларға да жиі барғандықтан
ондағы дәмді тамақтардан бас тарта алмай жеп,
тарауих намазының 2 рәкағатын әрең оқитын
болып жүр.
"
Маған не болды? " деп сұрады ол өзінен "Оразаның
берекетінен құр қалудамын. Рамазан басталған кездегі
жәйым далада қалды
"
Ол жағдайдың нашарлап бара жатқанын сезді. Бүгін
рамазанның 15-күні. Ол болса Құранның алғашқы 10
парасын әрең бітірді. Апта соңында біраз өндіріп
қалуды көздеп, өзіне уәде етеді. ..Ана бір апта бойы
мезі қылған жұмыс. Ықыласы да бұрынғыдай емес,
ауыз бекіту де оңайға соқпай бара жатыр. Бастығы
да мұның тірлігіне разы болмай жүр
Ол өзін нашар сезінуде. "Бұл да бұрынғы
Рамазандар секілді өтетін болды
"
Ол соңғы кезде өзіне қатты салмақ салуда: ифтар,
тарауих, сәресі. Қайталау. Бұл оны бағамдап
үлгеремін дегенше, ораза да бітті.
Рамазан аяқталды, ал ол оның пайдасын көре
алмады.
Рамазан аяқталды, ал ол рухани жаңаруды сезіне
алмады.
Рамазан аяқталды. Ал ол өзін кінәлі сезінді.
Оның көңілі шынымен түсіп кетті. Өкінді. Сонсоң өзіне
уәде берді. “Осыдан келесі Рамазан басталсын,
кіршіксіз қылып өткіземін!”
Достарыңызбен бөлісу: