Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктері



Дата16.12.2023
өлшемі16,61 Kb.
#140094
Байланысты:
Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктері


Кіші жəне орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктері.
Оқушылардың танымдық процестерін дамытуда жүргізілетін жұмыстары арқылы зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауды, сөйлеу мен ойлауда жəне т.б. процестерде үлкен орын алуы тиіс. Оқытушыларға бастауыш сынып оқушыларының білімнің тиімділігін, олардың даму деңгейі мен зейіннің жоғары дамығанына, əсіресе, ырықты зейіннің жоғары болуы маңызды орын алады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу əрекетіндегі зейінін анықтау объектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады. Зейіннің – барлық психикалық таным процестерімен байланысты жəне соның көмегімен анықталады.
Көбінесе өте тығыз байланыс – ырықты зейін мен ес процесінің арасында оқуға дайындығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде көрінеді. Оқытушы бала алдында - тек зейінін дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар, оқыту материалдарын есте сақтау қажет деген мақсат қояды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балаларда ырықты зейін басымырақ қалыптасады жəне сөздік қоры дами бастайды, бұл құбылыстар əдістердің жиынтығы мен нақты қимылдары арқылы іске асады. Ол мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ырықты зейіні мен ырықты ес процесінің əрі қарай дамуына көмектеседі, оған себеп əрекеттер – ойындар болады. Ойын кезінде балалар көп нəрсені есінде қалдырады жəне бір нəрсені көздеуі нақты болады.Балаларды мектептегі оқуға дайындауда, сөйлеу процесінің дамуы, балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір əсер болып табылады, өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы білімді игеру жəне психикалық процестердің дамы мен жетілуі болып табылады. Л. С. Выготский, ерікті мінез-құлықты əлеуметті дей отырып, ол бала еркінің дамуын, қоршаған ортамен байланысты деп есептеген. Негізінен, бұл жағдайды баланың үлкендермен əңгімелескенінен байқаған. Л. С. Выготский мен Л. С. Рубинштейіннің айтуынша, ерікті актінің пайда болуы, мектепке дейінгі балалардың ерікті мінез-құлқының дамуынан туындайды. Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша, этикалық сатының пайда болуы, ересектер мен балалардың арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты. Оның айтуы бойынша, мектепке дейінгі жастағы балаларда, ерте жастағы балаларға қарағанда қарым-қатынастың жаңа типі пайда болады. А. Н. Леонтьев өзінің көптеген зерттеулерінің нəтижесінде, əріптестерімен бірге жүргізілген жұмыстарында ерекше жағдайды көрсетті. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларда алғаш өз еркіне бағындыратын мотивтер жүйесі туындайды жəне балаға тəн ерекшеліктер көрінеді, сондықтан да оны «алғаш рет жеке адем ерекшеліктері көрінетін кезең» деп атады. Өзін-өзі бақылау системасының мотивтері баланың мінез-құлқын реттеп отырады жəне барлық жағынан даму деңгейін анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет