Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Pdf көрінісі
бет25/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

НАМАЗ ОҚИТЫНДАРДЫҢ ДƏРЕЖЕЛЕРІ
Намаз  оқыған  жанның  дəрежесі  жəне  намаз  оқыған  кiсiге 
берiлетiн сауап жайында хадистерде көп айтылған. Абулхақ бин Сай-
фуддин Дехлевидiң «Ашиат-ул-лемаат» атты кiтабында намаздың 
ерекшелiктерiн  көрсеткен хадистерде былай делінеді: 
1.  Абу  Хурайрадан  (радыяллаһу  анһ)  келген  хабарда  хазреті 
Пайғамбарымыз  алейһиссалам  былай  бұйырады:  «Бес  уақыт  на-
маз жəне жұма намазы, келесi жұмаға дейiн, ал Рамазан оразасы 
келесi Рамазанға дейiн iстелiнген күнəлардың кəффараты, яғни 
кешірілуіне  себеп  болады.  Үлкен  күнəдан  сақтанатын  кiсiнiң 
кiшкентай күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады». Осы ара-
да істелген кіші күнəлардан құл ақысы болмағандар жуылады. Ал 
кіші күнəсы кешіріліп біткендердің үлкен күнəлары үшін тартатын 
азабының  жеңілдетілуіне  себеп  болады.  Бірақ  үлкен  күнəлардың 
кешiрiлуi үшiн тəубе ету керектiгiн ұмытпау керек. Үлкен күнəлары 
жоқ  болса,  онда  дəрежесінің  көтерілуіне  себеп  болады.  Бұл  хадис 
Муслимнiң  Сахихiнде  жазылған.  Бес  уақыт  намазында  кемшiлiгі  
бар кiсiнiң кешiрiлуiне жұма намазы себеп болады. Жұма намаздары 
да кемшiлiктi болса, Рамазан оразасы себеп болады.
2.  Абдуллаһ  бин  Масуд  (радыяллаһу  анһ)  айтады:  «Бiр  күнi 
хазреті Расулдан алейһиссалам Аллаһу та’аланың ең жақсы көретiн 
амалын  сұрағанымда:  «Уақытында  оқылған  намаз»  деп  жауап 
бердi. Кейбiр хадистерде:«Алғашқы уақытында оқылған намазды 
қатты жақсы көредi». Бұдан кейiнгi қайсы амал деп сұрағанымда: 
«Əке-шешеге жасалған жақсылық» деп бұйырдыОдан кейiн-ше 
деп сұрағанымда: «Аллаһ жолында жиһад ету» - деп жауап бердi. 
Бұл хадис Бухари мен Муслимде жазулы. Басқа бiр хадисте: «Ең 
жақсы  амал  бiреуге  тамақ  жегiзу»  делiнген.  Басқа  бiреуiнде: 
«Сəлем беру» деп айтқан. Басқа бiр хадисте: «Ең iзгi iс түнде ел-
дер тəттi ұйқыда жатқанда тұрып таһажжуд намазын оқу» 
делiнген.  Басқа  бiр  хадисiнде  Пайғамбарымыз:  «Ең  жақсы  амал 
қолымен де, тiлiмен де ешкiмге зиян келтiрмеу»- деді. Басқа бiр 
хадисте:  «Ең  жақсы  амал  жиһад»,  тағы  бiр  жерде:  «Ең  жақсы 
амал  хажжы  мабрур»  делiнген.  Яғни  ешбiр  күнə  араластырыл-
май  орындалған  қажылық.  «Аллаһу  та’аланы  зiкiр  ету»  жəне 
«Үздіксіз орындалатын амал» деп айтылған хадистер де кездеседi. 
Сұрақ  сұраған  адамдардың  жағдайларына  немесе  сол  кезеңге  сай 
əртүрлi жауаптар берiлген. Мысалы, Исламның бастапқы кезiнде ең 
абзал iзгi iс ол жиһад едi. [Заманымызда амалдың ең абзалы жазу-
мен, баспамен кəпірлерге, мазһабсыздарға жауап беру, əһли суннет 
ақидасын  жаю.  Осылайша  жиһад  етіп  жатқандарға  ақшасы,  мал-
мүлкі жəне қол күшімен көмектескендер де бұлардың алатын сау-
аптарына ортақ болады. Аяты карималар, хадис шəрифтер намаздың 
зекеттен,  садақадан  да  үстем  екенін  көрсетіп  тұр.  Бірақ  өлім  ауы-
зында  жатқан кісіге бір көмек беріп құтқарып қалу намаз оқудан да 
жоғары тұрады. Демек ғибадаттардың бір-бірінен үстемдігі əртүрлі 
хал-жағдайға байланысты өзгереді.] 
3. Убада бин Сабиттен (радыяллаһу анһ) келген хабарда сүйікті 
Пайғамбарымыз  былай  деген:  «Аллаһу  та’ала  бес  уақыт  намаз 
оқуды  əмiр  еттi.  Егерде  бiреу  жақсылап  дəрет  алып  бұларды 
уақытында оқитын болса, жəне рүкулері мен хушусын (жүректен 
оқу) толық орындаса, Аллаһу та’ала оны кешiретiндігiн уəде ет-
кен.  Ал  бұны  орындамағандарға  ешқандай  сөз  бермеген.  Қаласа 
ол кiсiнi кешiредi, қаласа азаптайды». Бұл хадисті Имам Ахмед, 
Абу Давуд жəне Насаи білдірген. Бұдан намаздың шарттарын, рүку 
мен сəжделерін мұқият орындау керектігі көрініп тұр. Дұрыс намаз 
оқығандарды əрине кешіреді. 
4. Сахабалардың үлкендерінен Бурейда Асламидің (радыяллаһу 
анһ)  айтуынша  Расулуллаһ  алейһиссалам:  «Сiздер  мен  бiздiң 
арамыздағы ант - намаз. Намазды тəрк еткен кəпiр болады»-деді. 
Бұдан  намаз  оқитындардың  мұсылман  атануға  лайықты  екендігін 
түсінуге  болады.  Бұл  хадисті  имам  Ахмед,  Термизи,  Насаи  жəне 
Ибни Мажа білдірген. 
5. Абу Зар Ғифари (радыяллаһу анһ) айтады: «Күздiң күнi хазреті 
Пайғамбар  мен  бiрге  көшеге  шықтық.  Жапырақтар  төгiлiп  жатқан 
едi. Бір ағаштан екі шыбық кесіп алғанымда жапырақтары төгіліп 
қалды. «Ей, Əбу Зар! Бiр мұсылман Аллаһ разылығы үшiн намаз 
оқыса,  мына  ағаштан  түскен  жапырақтар  сияқты  күнəлары 
төгiледi»деді. Бұл хадис шəрифті имам Ахмед хабар берді.
6. Зайд бин Халид Жуханиден (радыяллаһу анһ) келген хабарда 
Расулуллаһ  алейһиссалам  былай  бұйырды:  «Бiр  мұсылман  хушу-
мен (беріліп) жақсылап екі рəкат намаз оқыса, өткен күнəлары 
кешiрiледi».  Яғни  Аллаһу  та’ала  оның  кiшкентай  күнəларын 
кешiредi. Бұл хадисті де имам Ахмед білдірген.
7. Абдуллаһ бин Амр ибни Ас (радыяллаһу анһ) хабар берген 
хадис шəрифте Расул əкрəм (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) былай де-
ген: «Егерде бiр кiсi намазын уақытында оқыса, бұл намаз қиямет 
күнi нұр болып ол кiсiнiң тозаққа түсуiне кедергi болады. Намаз 
оқуға көңiл бөлмесе, қиямет күнi нұр болмайды жəне еш қандай 

- 128 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 129 -
НАМАЗ КІТАБЫ
жəрдем де таппайды. Өзі Қарун, Ферғаун, Хаман жəне Убай бин 
Халеф секілді кəпірлердiң сапында болады»
Бұдан  да  көрініп  тұрғанындай  бір  мұсылман  намазды  парыз, 
уəжiп, сүннеттерi жəне əдептерiне сай оқитын болса, қиямет күнi нұр 
ішінде болуына себеп болады. Осылай намаз оқуды жалғастырмайтын 
болса,  жоғарыда  аты  аталған  кəпірлер  қатарында  жəһаннамда 
қатты  азапқа  душар  болады.  Убай  бин  Халеф  Мекке  кəпірлерінің 
азғырындыларынан еді. Ухуд соғысында Пайғамбарымыз өз қолымен 
бұл  ислам  дұшпанын  жəһаннамға  жіберді.  Бұл  хадис  шəрифті 
имам  Ахмед  пен  Дарими  білдірген.  Бейхаки  де  «Шуаб-ул-иман» 
кітабында келтірген. Табииннiң үлкенi болған Абдуллаһ бин Шақиқ 
былай  дейдi:  «Сахабаи  кирам  (радияллаһу  анһум)  ғибадаттар 
iшiнде тек намазды тəрк етудің күпір болатынын айтты». Мұны 
Термизи хабар берді. Абдуллаһ бин Шақиқ хазреті Омар, Осман, Əли 
жəне хазреті Айша анамыздан хадистер риуаят еткен. Хижраның жүз 
сегізінші жылында қайтыс болды.
8.  Абуддерда  (радыяллаһу  анһ)  айтады:  «Екі  көзімнің  нұры 
-  сүйікті  кісім  алейһиссалам  былай  дедi:  «Отқа  тасталсаң  да, 
қылышпен  туралсаң  да,  Аллаһу  та’алаға  ешбiр  нəрсенi  серiк 
етпе!  Парыз  намаздарды  тəрк  етпе!  Парыз  намаздарын  бiлiп 
тұрып тəрк еткен кiсi мұсылмандықтан шығады. Шарап iшпе, 
өйткенi шарап бүкiл жамандықтардың кiлтi». Бұл хадисті Ибни 
Мажа хабар берген. Демек парыз намаздарын мəн бермей тəрк еткен 
адам кəпір болады. Жалқаулықпен намазды тəрк еткен кiсi кəпiр бол-
маса да үлкен күнə iстеген болады. Исламият білдірген бес үзірмен 
(кешірімді  хал)  намазды  фəвт  ету,  яғни  кешіктіру  күнə  болмайды. 
Шарап жəне алкогольді сусындардың барлығы зиянды. 
9.  Абдуллаһ  ибн  Омар  (радыяллаһу  анһ)  хазреті 
Пайғамбарымыздан  естiген  хадис  шəрифі  жайында  былай  дейдi: 
«Намазын уақыты кiргенде дереу оқыған кiсiден Аллаһу та’ала 
разы болады. Уақытының соңында оқығандарды да кешiредi». Бұл 
хадисті Термизи хабар берген.
10. 
Умми 
Фəрвə 
(радыяллаһу 
анһа) 
риуаятында 
Пайғамбарымыздан қай амалдың абзалдығы сұралды. «Амалдардың 
ең абзалы уақытында оқылған намаз»- деп жауап бердi. Бұл хадисті 
имам Ахмед, Термізи жəне Абу Давуд білдірген. Ғибадаттардың ең 
абзалы болған намаз уақыты кіре салуымен орындалғанда одан да 
үстем əрі аса құнды болуда. Айша анамыз (радыяллаһу анһа) хазреті 
Пайғамбарымыз  (алейһиссалам)  жайында  былай  дейдi:  «Өмірімде 
Аллаһ елшiсiнiң намазды уақытының соңында оқығандығын екi 
рет қайта көрмедiм». Яғни бүкiл өмiрi бойынша бiрақ рет намазды 
уақытының соңында оқыған.
11.  Айша  (радыяллаһу  анһа)  тағы  да  хазреті  Пайғамбарымыз 
жайында: «Расулуллаһтың ешқашан қалдырмай орындаған нəпiл 
ғибадаты таң намазының сүннетi болатын»-деген. Бұл хабар Бу-
хари мен Муслимде жазылған. Көрініп тұрғанындай Айша анамыз 
бес  уақыттың  парыздарымен  қоса  оқылатын  сүннет  намаздарын  - 
нəпіл намаздар деген. 
Ислам əлемiнiң атақты ғалымы, əулиелердің бас тəжі, мазһабсыз, 
жолдан азғырғандарға қарсы Əһли сүннеттің ең қамқор қорғаушысы, 
Аллаһ сүйген Ислам дінін жайып, бидғаттарды жойған ұлы мужаһид 
Имам Раббани мужаддиди əл фи сани Ахмед бин Абдулахад Фаруқи 
Сəрһəнди (рахметуллаһи алейһ) «Мəктубат» атты кітабының 1-шi 
том  29-мəктубында  былай  дейдi:  «Аллаһу  та’аланың  разы  болған 
iстерi парыз бен нəпiлдер. Бірақ парыз амалдар алдында нəпiлдердің 
ешбiр қадiрi жоқ. Бiр парызды уақытында орындау мың жыл үздіксіз 
нəпiл  ғибадат  еткеннен  абзал.  Бұған  əр  түрлі  нəпіл  намаз,  зекет, 
ораза, зікір жəне пікір (тафаккур) жатады. Тіпті бiр парызды орын-
дап жатып оның ішіндегі сүннеттерінен немесе əдептерінен біреуін 
орындау  да  басқа  бөлек  нəпiл  ғибадаттарды  орындаудан  мың  есе 
артық. Амирул Муминин Омар Фаруқ (радыяллаһу анһ) бiр күнi таң 
намазын оқып болғаннан соң жамағатқа қатыспаған бiр кiсi жайында 
сұрайды. «Ол кiсi түнi бойы нəпiл намаз оқиды. Бəлкім сондықтан 
шаршап  ұйықтап  қалған  шығар»  деген  жауап  алғанда:  «Одан  да 
түнімен  ұйықтап,  азанда  таң  намазына  келгенi  абзалырақ  едi  ғой» 
-  деген  еді.  Бұдан  бір  парыздың  өтелуі  кезінде  бір  мустаһабын 
орындау  немесе  бір  мəкрухынан  сақтанудың  зікір,  пікір  (тафак-
кур)  жəне  əр  түрлі  нəпіл  ғибадаттан  үстемдігі  айқын  болып  тұр. 
Əрине бұл нəпілдер парыздармен бірге орындалса, үлкен сауаптарға 
қауыштырады.  Бірақ  парыздар  бір  шетте  қалып  өзін  нəпілге  ұрып 
кетсе, пайдасы болмайды.  Мiне сондықтан бiр теңге (парыз) зекет 
беру мыңдаған теңге (нəпіл) садақа бергеннен абзалырақ. Сол зекет 
парызын  орындау  кезінде  бір  əдебіне  амал  етілсе,  мысалы  зекетті 
жақын туысқан фақирге берудің өзі əлгі көлемді садақа ғибадатынан 
жоғары тұрады. [Түнгі намазға тұрғандардың қаза намазын оқулары 
керектігі осы жерден түсінікті.]
«Мəктубат» кітабы парсы тілінде жазылған. Имам Раббани 1034 
(м.  1624)  жылы  Үндістанның  Сəрһəнд  қаласында  қайтыс  болған. 
Өмірбаяны  түрікше  «Хақ  сөздің  дəлелдері»,  «Саадати  əбəдия» 
жəне «Асхаби Кирам» мен парсы тіліндегі «Берекат» кітаптарында 
баяндалған.

- 130 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 131 -
НАМАЗ КІТАБЫ
НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ
Ислам  əлемiнің  əйгiлi  ғалымы  Абдуллаһ  Деһлеви  «Мəкатиби 
Шəрифə» кiтабының 85-бөлiмiнде былай дейдi: 
«Намазды жамағатпен оқу жəне “Туманинетпен
13
 оқу, рүкуден 
кейiн  “Қавмə
14
  жасау  жəне  екi  сəжде  арасында  “Жəлсə
15
  жасау 
бiздерге  Аллаһу  та’аланың  Пайғамбары  тарапынан  бұйырылды. 
Рүкуден  кейiнгі  қавмə  мен  екi  сəжде  арасындағы  жəлсəнің  парыз 
екендiгiн айтқан ғалымдар да бар. Ханафи мазһабының мүфтилерінен 
Қазыхан бұл екеуiнiң уəжiп болғандығын, екеуiнiң бiреуi орындал-
маса,  сəһу  сəждесi  керек  болатындығын  айтқан.  Ал  егерде  бiлiп 
тұрып  тəрк  етілсе,  намазды  қайта  оқу  керектiгi  білдірілді.  Бұған 
муəккəд  сүннет  деген  ғалымдар  да  уəжiпке  жақын  сүннет  деп 
айтқан.  Сүннетті  мəн  бермей  тəрк  ету  күпiр  болады.  Намаздың 
қиямында,  рүкусында,  қавмəсінде,  жəлсəсінде,  сəжделерінде  жəне 
отыруларында адамға бөлек-бөлек айырықша хал, лəззат пайда бо-
лады.  Бүкіл  ғибадаттар  намаз  iшiнде  жиналған.  Құран  Кəрiм  оқу, 
тəсбих айту (яғни субханаллаһ деу), пайғамбарымызға салауат айту, 
күнəларымызға  тəубе-истиғфар  ету  жəне  тілегіміздің  орындалуын 
жалғыз  Аллаһу  та’аладан  сұрап,  Оған  дұға  ету  сияқты  ғибадаттар 
бір  намазға  жəм  болған.  Ағаштар  намазда  тұрғандай  тiк  тұруда. 
Жануарлар рүкуде тұрғандай, жансыз заттар да намаз ташаһудінде 
отырғандай əрекетсіз халде. Намаз оқыған кiсi олардың ғибадаттарын 
орындауда. Намаз миғраж түнiнде парыз болды. Сол түнi миғражға 
шығу  бақытына  қауышқан  Аллаһтың  сүйікті  пайғамбарына  ұюды 
ойлап  намаз  оқыған  бір  мұсылман,  сол  ұлы  пайғамбардай  Аллаһу 
та’алаға жақындастыратын дəрежелерге көтеріледі. Аллаһу та’алаға 
шын ықыласпен, əдептілік сақтап тұрып намаз оқығандар өздерiнiң 
рухани  дəрежелерi  жоғарылағанын  сезедi.  Аллаһу  та’ала  жəне 
оның  пайғамбары  бұл  үмбетке  мерхамет  (мейірімділік)  етiп  намаз 
оқуды  парыз  еткен.  Сол  үшiн  Раббымызға  мадақ  болсын.  Оның 
сүйiктi Пайғамбарына салауат, тахият жəне дұға етеміз. Намаз оқып 
13
  Намазда рүкудан тұрғанда жəне екі сəжде арасында барлық мүшенің бір 
субханаллаһ дейтіндей уақыт əрекетсіз тұруы.
14 
 Намазда рүкудан тұрғанда мүшелер əрекеттен тоқтап, кемінде бір рет субханаллаһ 
дейтіндей уақыт тік тұруға айтылады.
15
  Екі сəжде арасында əрекетсіз отыру.
жатқанда пайда болатын лəззат жəне хузур
16
 таң қаларлық ғажайып 
хал. Ұстазым Мазхар Жаны Жанан: «Намазда Аллаһу та’аланы көру 
мүмкiн болмаса да Оны көргендей бiр сезiм пайда болады» - деген. 
Осындай  халдің  пайда  болатынын  тасаввуф  ұлылары  бірауыздан 
айтқан.  Исламның  алғашқы  кезеңдерiнде  намаз  Құдусқа  (Иеру-
салим)  қарай  оқылатын.  Құдустағы  Бəйтул-муқаддеске  қарауды 
қойып, Ибраһим алейһиссаламның қыбласына бұрылу əмiр етiлгенде 
Мəдинадағы  яһудилер  қатты  ашуланған.  «Бəйтул-муқаддеске 
қарай оқыған намаздарың енді не болады?»- деп сұрағанда, Бақара 
сүресiнiң  143-аяты  келіп:  «Аллаһу  та’ала  имандарыңды  зая 
етпейдi» - деп бұйырылған. Осылайша сол бағытқа қарай оқылған 
намаздарының босқа кетпейтіні бiлдiрілген. Бұл аятта Аллаһу та’ала 
намазды «иман» деп сипаттады. Бұдан шығатын мағына, намазды 
сүннеттеріне сай оқымау, иманды зая ету, яғни иманды босқа жіберу 
болады. Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Көзiмнiң нұры мен 
лəззаты  намазда»  -  деген.  Бұл  хадис  «Аллаһу  та’ала  құдіретімен 
намазда сезiледi, осылайша көзiм оны көргендей рахатқа бөленеді» 
деген  мағынаны  бередi.  Бiр  хадисте  Пайғамбарымыз:  «Ей,  Билал 
(радыяллаһу анһ)Менi рахатқа бөлешi.» деген. Яғни, «Ей, Билал, 
азан шақырып, қамат айтып менi рахатқа қауыштыр» деген. Намаздан 
басқа нəрселерден көңіл рахатын іздеу əбестік. Намазды зая еткен, 
бір намазды орындауды  дұрыстай алмаған адам басқа ғибадаттарды 
ешқашан  дұрыстай  алмайды.  Сондықтан  да  намаз  оқуды  ауырсы-
нып оның орнына садақа, ас беру, Құран оқыту сияқты нəпілдермен 
өздерін алдап жүргендер қияметте қатты қайғыға жəне өкінішке тап 
болады.»  
16
  Жүректе Аллаһу та’аладан басқа ешнəрсенің болмауы. Үздіксіз Хақпен бірге болу 
халі.

- 130 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 131 -
НАМАЗ КІТАБЫ
НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ
Ислам  əлемiнің  əйгiлi  ғалымы  Абдуллаһ  Деһлеви  «Мəкатиби 
Шəрифə» кiтабының 85-бөлiмiнде былай дейдi: 
«Намазды жамағатпен оқу жəне “Туманинетпен
13
 оқу, рүкуден 
кейiн  “Қавмə
14
  жасау  жəне  екi  сəжде  арасында  “Жəлсə
15
  жасау 
бiздерге  Аллаһу  та’аланың  Пайғамбары  тарапынан  бұйырылды. 
Рүкуден  кейiнгі  қавмə  мен  екi  сəжде  арасындағы  жəлсəнің  парыз 
екендiгiн айтқан ғалымдар да бар. Ханафи мазһабының мүфтилерінен 
Қазыхан бұл екеуiнiң уəжiп болғандығын, екеуiнiң бiреуi орындал-
маса,  сəһу  сəждесi  керек  болатындығын  айтқан.  Ал  егерде  бiлiп 
тұрып  тəрк  етілсе,  намазды  қайта  оқу  керектiгi  білдірілді.  Бұған 
муəккəд  сүннет  деген  ғалымдар  да  уəжiпке  жақын  сүннет  деп 
айтқан.  Сүннетті  мəн  бермей  тəрк  ету  күпiр  болады.  Намаздың 
қиямында,  рүкусында,  қавмəсінде,  жəлсəсінде,  сəжделерінде  жəне 
отыруларында адамға бөлек-бөлек айырықша хал, лəззат пайда бо-
лады.  Бүкіл  ғибадаттар  намаз  iшiнде  жиналған.  Құран  Кəрiм  оқу, 
тəсбих айту (яғни субханаллаһ деу), пайғамбарымызға салауат айту, 
күнəларымызға  тəубе-истиғфар  ету  жəне  тілегіміздің  орындалуын 
жалғыз  Аллаһу  та’аладан  сұрап,  Оған  дұға  ету  сияқты  ғибадаттар 
бір  намазға  жəм  болған.  Ағаштар  намазда  тұрғандай  тiк  тұруда. 
Жануарлар рүкуде тұрғандай, жансыз заттар да намаз ташаһудінде 
отырғандай əрекетсіз халде. Намаз оқыған кiсi олардың ғибадаттарын 
орындауда. Намаз миғраж түнiнде парыз болды. Сол түнi миғражға 
шығу  бақытына  қауышқан  Аллаһтың  сүйікті  пайғамбарына  ұюды 
ойлап  намаз  оқыған  бір  мұсылман,  сол  ұлы  пайғамбардай  Аллаһу 
та’алаға жақындастыратын дəрежелерге көтеріледі. Аллаһу та’алаға 
шын ықыласпен, əдептілік сақтап тұрып намаз оқығандар өздерiнiң 
рухани  дəрежелерi  жоғарылағанын  сезедi.  Аллаһу  та’ала  жəне 
оның  пайғамбары  бұл  үмбетке  мерхамет  (мейірімділік)  етiп  намаз 
оқуды  парыз  еткен.  Сол  үшiн  Раббымызға  мадақ  болсын.  Оның 
сүйiктi Пайғамбарына салауат, тахият жəне дұға етеміз. Намаз оқып 
13
  Намазда рүкудан тұрғанда жəне екі сəжде арасында барлық мүшенің бір 
субханаллаһ дейтіндей уақыт əрекетсіз тұруы.
14 
 Намазда рүкудан тұрғанда мүшелер əрекеттен тоқтап, кемінде бір рет субханаллаһ 
дейтіндей уақыт тік тұруға айтылады.
15
  Екі сəжде арасында əрекетсіз отыру.
жатқанда пайда болатын лəззат жəне хузур
16
 таң қаларлық ғажайып 
хал. Ұстазым Мазхар Жаны Жанан: «Намазда Аллаһу та’аланы көру 
мүмкiн болмаса да Оны көргендей бiр сезiм пайда болады» - деген. 
Осындай  халдің  пайда  болатынын  тасаввуф  ұлылары  бірауыздан 
айтқан.  Исламның  алғашқы  кезеңдерiнде  намаз  Құдусқа  (Иеру-
салим)  қарай  оқылатын.  Құдустағы  Бəйтул-муқаддеске  қарауды 
қойып, Ибраһим алейһиссаламның қыбласына бұрылу əмiр етiлгенде 
Мəдинадағы  яһудилер  қатты  ашуланған.  «Бəйтул-муқаддеске 
қарай оқыған намаздарың енді не болады?»- деп сұрағанда, Бақара 
сүресiнiң  143-аяты  келіп:  «Аллаһу  та’ала  имандарыңды  зая 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет