Китаб-ус-салат намаз кітабы даярлаған: Хасан Яваш Жетінші басылым

Pdf көрінісі
бет27/33
Дата03.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#6690
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

Дұғаның қабыл болуы үшiн 
1. Мұсылман болу керек.
2. Əһли сүннет сенiмiнде болу керек. Ол үшін төрт мазһабтың 
бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.
3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде 
жəне сүннеттердің орнына қаза ету керек.
Парыз  намаздары  қаза  болған  адамның  сүннет,  нəпiл  намаз-
дары жəне дұғалары қабыл болмайды. Яғни дұрыс болса да сауап 
берілмейді. Шайтан мұсылмандарды алдау үшiн парыз намаздарын 
маңызсыз етіп, сүннет жəне нəпiл намаздарына қатты көңіл аударта-
ды. Намазды уақыт кірісімен оқу керек.
4. Харамнан сақтану керек. Халал жеген адамның дұғасы қабыл 
болады. 
5. Əулиелердің құрметі үшін дұға ету керек.
Үндiстан  ғалымдарының  бiрi  Мұхаммед  бин  Ахмед  Заһид 
«Тарғибус  салат»  атты  кiтабының  54-  бөлiмiнде  былай  деген: 
«Хадис  шəрифте:  «Дұғаның  қабыл  болуы  үшiн  екi  нəрсе  қажет. 
Бiрiншiсi, шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі, iшіп-жегені 
жəне киген киiмi халал болуы керек. Мүминнің бөлмесiнде харам 
жолмен табылған бір жіп болса бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл 
болмайды» - делiнген. Ықылас  – Аллаһу та’аладан басқа еш нəрсенi 
ойламай,  жалғыз  Аллаһу  та’аладан  ғана  тiлеу.  Сондықтан  да  əһли 
сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына 
мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу жəне бес уақыт намаз оқу ке-
рек.

- 136 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 137 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Намаз  шарттары  мен  əдептерiне  сай  орындалып,  жіберілген 
кемшiлiктер  осылайша  жабылады.  Намазды  нəсіп  еткеніне  шүкір 
етіп,  ғибадатқа  Одан  басқа  ешкімнің  хақы  жоқ  болғанын  шын 
жүрекпен кəлимаи тауһидті айтумен бұл намаз қабыл болады. Бұл 
адам намаз оқығандардың жəне құтылғандардың қатарында болады. 
Йа, Раббым! Пайғамбарлардың ең үстемінің құрметі үшін (алейһи 
уə ала алиһимуссалауату уəттаслимат) біздерді намаз оқыған жəне 
құтылған бақытты құлдарынан ете гөр! Əмин.  
Намаздан кейiнгi дұға
 
Əлхамдулиллəһи Раббил алəмин! Ассаляту уəссəлəму алə Расу-
лина Мухаммəдин уə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. Йа Рабби! Оқыған 
намазымды қабыл ет! Соңғы демiмде кəлимаи тəуһидтi айтуды нəсiп 
ет.  Өлгендердiң  күнəларын  кешiр.  Аллаһуммағфир  уəрһəм  уə  антə 
хайрур-рахимин.  Тəуəффəни  мүслимəн  уə  əлхиқни  биссалихин. 
Аллаһуммағфир-ли  уəлидəййə  уəли  устазия  уə  лил-мүмининə  уəл 
мүминат яума йақумул хисаб. Йа, Рабби! Менi шайтанның азғыруынан, 
дұшпанның  қастандығынан  жəне  нəпсiмнің    азғыруынан  сақта. 
Мұсылмандарға саулық бере гөр! Дұшпандарымызды қарғысқа душар 
қыл жəне істеген істері үшін өкіндір. Кəпiрлермен жиһадта жүрген 
мұсылмандарды илаһи жəрдемiңмен құтқар. Аллаһумма иннəкə афу-
ун  каримун туһиббул афуа  фафу əнни.  Йа,  Рабби! Ауруларымызға 
шипа, дерттерімізге  дауа нəсiп ет. Аллаһумма инни əсəлукəссихатə 
уəл-афийата  уəл-əманəтə  уə  хуснəлхулқи  уəрриддаи  бил  қадари 
би-рахматикə  йə  архəмəррахимин.  Ата-анама,  бала-шағаларыма, 
туыстарыма  жəне  мұсылман  бауырларыма  қайырлы  өмір,  жақсы 
құлық, адаспас ақыл, денсаулық, кешірім жəне мол бақыт нəсіп ет,  
Йа,  Раббым!  Əмин.  Уəлхамду-лиллəһи  раббилалəмин.  Аллаһуммə 
салли  алə...,  Аллаһуммə  бəрик  алə...,  Аллаһуммə  Раббəнə  атина.... 
Уəлхамду  лиллəһи  Раббилалəмин.  Астағфируллаһ,  астағфируллаһ, 
астағфируллаһ ал-азыйм əлкəрим əллəзи лə илаһə илла һуəл-хайял-
қаййум уə əтубу илəйһ.
Дұғаның қабыл болуы үшiн 
1. Мұсылман болу керек.
2. Əһли сүннет сенiмiнде болу керек. Ол үшін төрт мазһабтың 
бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.
3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде 
жəне сүннеттердің орнына қаза ету керек.
Парыз  намаздары  қаза  болған  адамның  сүннет,  нəпiл  намаз-
дары жəне дұғалары қабыл болмайды. Яғни дұрыс болса да сауап 
берілмейді. Шайтан мұсылмандарды алдау үшiн парыз намаздарын 
маңызсыз етіп, сүннет жəне нəпiл намаздарына қатты көңіл аударта-
ды. Намазды уақыт кірісімен оқу керек.
4. Харамнан сақтану керек. Халал жеген адамның дұғасы қабыл 
болады. 
5. Əулиелердің құрметі үшін дұға ету керек.
Үндiстан  ғалымдарының  бiрi  Мұхаммед  бин  Ахмед  Заһид 
«Тарғибус  салат»  атты  кiтабының  54-  бөлiмiнде  былай  деген: 
«Хадис  шəрифте:  «Дұғаның  қабыл  болуы  үшiн  екi  нəрсе  қажет. 
Бiрiншiсi, шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі, iшіп-жегені 
жəне киген киiмi халал болуы керек. Мүминнің бөлмесiнде харам 
жолмен табылған бір жіп болса бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл 
болмайды» - делiнген. Ықылас  – Аллаһу та’аладан басқа еш нəрсенi 
ойламай,  жалғыз  Аллаһу  та’аладан  ғана  тiлеу.  Сондықтан  да  əһли 
сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына 
мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу жəне бес уақыт намаз оқу ке-
рек.

- 138 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 139 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Тəждиди иман дұғасы
(Иманды жаңалау)
Йа, Раббым! Балиғат жасымнан осы жасқа келгенге дейiн, Ислам 
дұшпандарына жəне бидғатшыларға алданып, бұзылған сенiмдерiме 
жəне бидғат, күнə болған сөздерiме, тыңдағандарыма, көргендеріме 
жəне iстегендерiме өкiндiм. Енді қайта бұлай жалған сенiмдерге сен-
беуге жəне қате істемеуге ант еттім. Пайғамбарлардың алғашқысы 
Адам  алейһиссалам  жəне  соңғысы  Пайғамбарымыз  Мұхаммед 
алейһиссалам.  Бұл  екi  пайғамбарға  жəне  араларында  келiп-кеткен 
пайғамбарлардың  барлығына  иман  еттiм.  Олардың  барлығы  хақ 
жəне білдіргендері рас. Əмəнту биллəһ уə би-мə жаə мин индиллаһ 
алəə мурад-иллаһ, уə əмəнту би-Расулиллəһ уə би-мə жаə мин инди 
Расулиллаһ алəə муради-Расулиллəһ. Əмəнту биллəһи уə Мəлəикəтиһи 
уə кутубиһи уə Русулиһи уəл-яумил-ахири уə билқадəри хайриһи уə 
шəрриһи миналлаһи та’ала уəл-ба’су ба’дəлмəути хаққун əшһəду əн 
лаа илаһə иллаллаһ уə əшһəду əннə Мухаммəдəн абдүһү уə расулүһ. 
Намаздың хикметтерi
(Намаз жəне денсаулығымыз)
Мұсылман  намазды  Аллаһу  та’аланың  əмiрi  болғандықтан 
оқиды.  Раббымыздың  əмiрлерiнде  көптеген  хикмет,  пайда  бар. 
Тыйым  салынған  нəрселердiң  адам  баласына  көптеген  зияны  бар 
екендiгi ақиқат. Бұл пайда мен зиянды нəрселердің бір бөлігі бүгiнгi 
күнгi медицина ғылымы тарапынан тiлге тиек етiлген.  Ешқандай дін 
мен идеология-ой адам денсаулығына Ислам дініндей мəн бермеген. 
Дiнiмiз ғибадаттардың ең үстемі болған намазды өмiрiмiздiң соңына 
дейiн  оқуымызды  əмiр  еткен.  Намаз  оқыған  кiсiнің  денсаулығына 
пайда  беретiн  нəрселерге  қол  жеткiзетiнi  анық.  Намаздың  адам 
денсаулығына беретiн пайдаларының бiрнешеуi төмендегiдей:
1. Намаздағы əрекеттер байсалдылықпен жасалғандықтан адам-
ды  шаршатпайды,  жүрегiне  күш  түсірмейді.  Намаз  күннiң  əртүрлi 
уақытында оқылатын болғандықтан адамның үнемi жiгерлi, қуатты 
болып жүруіне алып келеді. 
2. Күнiне басын сексен рет жерге қойған адамның миына рит-
мге  сай  артық  қан  барады.  Сондықтан  мидың  клеткалары  толық 
қоректенгендiктен  есте  сақтау  жəне  жаратылысының  (адамдық 
қасиет)  бұзылуы  намаз  оқыған  адамдарда  өте  аз  кездеседi.  Намаз 
оқыған адамдар денсаулық жағынан басқаларға қарағанда əлде қайда 
мықты өмiр сүредi. Бүгінгі медицинадағы “demans senil” деген алжу 
ауруына ұшырамайды. 
3.  Намаз  оқыған  кiсiлердiң  көздерi  ретпен  еңкейiп  тұрудың 
арқасында одан да қуатты қан айналымына ие болады. Осы себеп-
тен көз iшiндегi қан қысымының артуының алдын алады жəне көздiң 
алдыңғы  бөлiгiндегi  сұйықтықтың  үнемi  ауысуына  кепiлдiк  етедi. 
Көзді “катаракт” немесе ”қарасу” ауруынан сақтайды. 
4. Намаз оқудағы əрекеттердің асқазандағы азықтардың жақсы 
араласуына, өттiң оңай ағуына жəне өт қалтасында тас пайда бол-
мауына,  iш  кебуiн  кетiру  үшiн  де  ролi  үлкен.  Бүйректiң  жəне  зəр 
жолдарының  жақсылап  шайқалуынан,  бүйрекке  тас  байлануының 
алдын алуға жəне қуықтың босауына да жəрдемшi болады.
5.  Бес  уақыт  намаздағы  ритмдiк  əрекеттер  күнделiктi  өмiрде 
қозғалмайтын бұлшық еттердiң қозғалуына өз əсерiн тигiзедi. Остре-
хандроз сияқты буын ауруларын жəне сiңiр тартылуларының алдын 
алады.
6. Дененiң саулығы үшiн тазалықтың маңызы өте зор екендiгiн 
бiлемiз. Дəрет жəне ғұсыл - əрі рухани əрі дене тазалығы. Ал намаз 
– тазалықтың нағыз өзі. Дене жəне рухани тазалықсыз намаз оқуға 
болмайды.  Дəрет  жəне  ғұсыл  дене  тазалығын  сақтайды.  Ғибадат 
мiндетiн орындайтын адам рухани демалып тазарады.
7. Намаз уақыттары - қан айналымын тазалау жəне тыныс алу 
жолдарын күшейту үшін ең ыңғайлы уақыт.
8. Ұйқыны ретке келтiретiн маңызды элемент - намаз. Денеде 
жиналған  электрлiк  қуат  сəжде  жасағанда  жерге  өтедi.  Осылайша 
дене қайтадан нейтрализацияланады.
Намаздың  бұл  пайдаларына  қол  жеткiзу  үшiн,  намазды 
уақытылы оқумен қатар, тазалыққа, көп тамақ жемеуге жəне жеген 
нəрсенiң таза жəне халал болуына мəн беру керек.

- 140 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 141 -
НАМАЗ КІТАБЫ
Жетiншi бөлiм
НАМАЗ ИСҚАТЫ
Өлген кiсiнiң қарыздарын өтеу
«Нур ул-изаһ»«Тахтави»«Халеби» жəне «Дурр-ул-мухтар» 
атты кiтаптарда намаздың қазасы тақырыбының соңында «Мултеқа»
«Дурр-ул-мунтақа»,  «Виқая»,  «Дурар»  жəне  «Жəуһəрə»  жəне 
басқа  құнды  кiтаптарда,  ораза  тақырыбының  аяғында,  өсиет  етіп 
кеткен мəйіт үшiн исқат жəне дəуір жасау керектігі жазылған. Мыса-
лы, «Тахтави» кiтабының түсіндірмесінде: «Тұтылмай қаза болған 
оразаларды фидйа (ғибадат орнына берілетін айыппұл) беру арқылы 
исқат  (өтеу)  етуге  болатындығы  жайлы  насс-дəлелдер  бар.  Намаз 
оразадан да маңызды болғандықтан, дінімізге сай үзiрлік себептер-
мен  оқылмай  қалған  жəне  қазасын  өтеуді  ұмытса  да,  өлім  халіне 
жеткен адамның оқи алмаған намаздарын оразадағыдай исқат (өтеу) 
етуге болатынын барлық ислам ғалымдары мақұлдаған.  Намаздың 
исқаты болмайды дегендер - надан адамдар. Өйткенi, мазһабтардың 
мақұлдаған мəселесіне қарсы шыққан болады. Бiр хадис шəрифте: 
«Бiр кiсi басқа бiреудiң орнына ораза ұстай алмайды жəне намаз 
оқи  алмайды.  Бiрақ  бiреудiң  намазы  жəне  оразасы  үшiн  фақир 
(кедей) кiсiге тамақ беруiне болады» – деп бұйырылған». 
Əһли  сүннет  ғалымдарының  үстемдiгiн  түсiне  алмаған  жəне 
мазһаб  имамдарымызды,  өздерi  сияқты  қиялмен  сөйлейтiндерден 
санайтын  кейбiреулердiң  «Исламда  исқат  жəне  дəуір  жоқ.  Исқат 
христиандардың  күнəдан  арылуына  ұқсайды»  –  деген  сияқты 
негізсіз  нəрселер  айтып  жүргенін  естимiз.  Осындай  сөздер, 
айтқан  адамдардың  өздерiн  қауiптi  жағдайға  түсiреді.  Өйткенi 
Пайғамбарымыз  бiр  хадисiнде:  «Менiң  үмбетiм  бұрыс  жол-
да  бiрiкпейдi»  –  деп  айтады.  Бұл  хадис  мужтаһид  ғалымдардың 
ауызбірлігімен  айтқандарының  əлбетте  хақ  екенін  көрсетiп  тұр. 
Оларға сенбегендер бұл хадис шəрифтi де жоққа шығарған болады. 
Ибни Абидин үтiр намазы бабында: «Дiнде білінуі шарт болған, яғни 
сауатсыздарға да мəлім болған ижма үкiмдерiне сенбеген кiсi кəпiр 
болады»– деген. Ижма деп ғалымдардың ауызбірлігін айтады. Исқат 
–  христиандардың  күнəдан  арылту  ритуалына  қалай  ұқсатылады? 
Поптар адамдарды күнəдан тазартамыз деп оларды тонап жатыр ғой! 
Ал, Исламда дін адамдары, имамдар исқат жасай алмайды. Исқатты 
тек өлген кiсiнiң уəлисі (өсиетін орындаушы) болған туысы ғана жа-
сайды жəне ақшаны да дiн адамдарына емес, кедейлерге таратады.
Бүгiнгi таңда исқат жəне дəуір еш жерде Исламға сай  жаса-
лынып  жатқан  жоқ.  Исламда  исқат  жоқ  деп  сайрайтындар,  “исқат 
жоқ”  деп  емес,  “бүгiнгi  күнде  жасалынып  жатқан  исқат  Исламға 
сай емес”- десе дұрыс болатын еді. Біз де оларды қолдайтын едік. 
Олар осылайша діннің үкіміне қайшы келіп азапқа душар болмай, 
əрі  Исламға  қызмет  жасаған  болар  еді.  Исқат  жəне  дəуірлердің 
дінімізге  сай  жасалу  жолдарын  төменде  көрсетеміз.  Ибн  Абидин 
қаза намаздары тақырыбының соңында былай дейді: «Фаита намаз-
дары [шариғи үзірмен қазаға қалдырып қойған] болған адам, иша-
ратпен оқуға мүмкіндігі бола тұрып оқымаған болса, өлер алдында 
қазасын исқат (өтеу) ету үшiн бiреуге өсиет етуi уəжiп болады. 
Қаза намазын оқуға күшi жетпеген (қатты ауру) болса, өсиет етуi 
қажет емес. Рамазанда сафариліктен немесе науқастықтан ораза 
ұстамаған кiсi де бұлардың қазасын өтеуге мүмкіндігі болмай өлетiн 
болса, өсиет етiп кетуі қажет болмайды. Аллаһу та’ала бұлардың 
үзiрлерiн  қабыл  етедi.  Ауру  кiсiнiң  қазаларының  исқатын  ол  кiсi 
өлгеннен  кейiн  уəлисі  өтейдi.  Өлмей  тұрып  исқат  етiлмейді.  Тірі 
адамның өзі үшін исқат қылдыруы жаиз емес». «Жила-ул-Қулуб» 
атты кiтапта: «Мойнында Аллаһу та’алаға немесе құлға қарыз болған 
кiсi екi куəнiң алдында өсиет етуі немесе жазып қойғанын бұларға 
оқуы уəжiп, ал мойнында хақ болмаған кісінің өсиет етуі мустаһаб 
болады»- делінген.
Қазаларының исқаты (каффарат исқаты) үшiн өсиет қалдырған 
мəйіттің  уəлисі,  яғни  мирасын  айтылған  орындарға  жұмсау  өсиет 
етілген адамы немесе мұрагері мирастың үште бiрiнен, əрбiр уақыт 
намаз үшiн жəне үтiр намазы үшiн жəне қаза етiлуi керек болған бiр 
күндiк ораза үшiн бір пітір мөлшерінде, яғни жарты саъ [520 дир-
хам  немесе  1750  грамм]  бидайды  кедейлерге  [немесе  кедейлердің 
өкілдеріне] бередi. 
Қазаларының исқатын (каффарат исқаты) мəйіт ешкiмге өсиет 
етпеген  болса,  мұрагердің  өзінше  исқат  беруі  Ханафи  мазһабында 
шарт  емес.  Шафии  мазһабында,  өлген  кiсi  ешкімге  өсиет  етпеген 
болса да оның туысы исқат етуi керек. Ханафи мазһабында мойнын-
да кісі (құл) хақысы болған мəйіт өсиет етпеген болса да артында 
қалдырған  мүлкінен  туысының  өтеуі  керек  деп  айтылады.  Тіпті 
алашақтылар мəйіт қалдырған мирастан  ақысын сотсыз да ала ала-
ды. Мəйіт оразаның қазасын мүлкімен өтеуді өсиет еткен болса, оны 

- 142 -
НАМАЗ КІТАБЫ
- 143 -
НАМАЗ КІТАБЫ
орындау уəжiп болады. Өйткенi, Ислам бұны əмір етуде. Өсиет ет-
пеген болса, төлеу уəжiп емес, тек жаиз болады. Бұл екеуi де қабыл 
етiлмесе,  берген  ақшалары  садақа  болып,  дүниеден  өткен  кiсiнiң 
күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады. Имам Мұхаммед осылай 
деген. «Мəжма-ул-Анһур» атты кiтапта: «Нəпсiсіне жəне шайтанға 
ерiп, намазын оқымай өмiрiнiң соңында бұған қатты өкiнiп, өтеуге 
кiрiскен  кісінің  өтей  алмаған  намаздарының  исқат  етілуi  үшiн 
өсиет етуі жаиз емес деп айтылса да «Мустасфа» атты кiтапта 
оны жаиз деген».- делінген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет