Кітап кітап бумасынан және мұқабадан тұрады. Мұқаба қатты және жұмсақ болып екі түрге бөлінеді. Қатты мұқабаның жасалу жолы күрделі болады



бет5/6
Дата27.09.2024
өлшемі217 Kb.
#145944
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап аппараты

Заставка - материалдың сонғы жағына қойылатын сурет белгісі. Ол тақырыппен байланысты болады, мәтінмен және бас тақырыппен үндесіп жатады. Кейбір газеттер мен журналдарда тұрақты бас таңбалар да кездеседі.
Сигнатура (лат. Signature - белгілеу, көрсету) - баспа табақтың реттік нөмірін көрсететін сан. Әрбір баспа табақтың бірінші бетіне кітаптың сол жағына астына қойылады. Сигнатураның қасына бірінші бетке норма қойылады. Норма дегеніміз - кітаптың қысқартылған аты, баспахананың тапсырыс нөмірі немесе автордың аты-жөні. Ары қарай сигнатура үшінші бетке жұлдызша арқылы нормасыз жазыла береді. Титулдық бетке сигнатура ешқашан қойылмайды. Сигнатура басуды, бүктеуді, блокты жинақтауды, дайын өнімді тексеруді жеңілдетеді. Сигнатураны мәтіндегі негізгі шрифтпен, санды 8 п. кеглмен, бірінші және үшінші баспа табаққа, беттің астыңғы сол жағына қояды. Сонымен бірге сигнатурада есте сақтайтын нәрсе: пішімді (формат) сақтау. Мысалы, 1/16 болса, онда 16 беттен соң, 1/8 болса 8 беттен соң қояды.

Редактор - баспа, газет пен журнал редакцияларында, көп томды басылымдар (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар) шығаратын ұжымда әдеби-шығармашылық, өндірістік ұйымдастырушылық жұмыстарды басқаратын лауазымды қызметкер. Бас редактор редакциялық жұмысқа тікелей басшылық жасайды, редакторлар кеңесі (баспаларда) мен редакция алқасының (газет, журналдарда) жұмысына бағыт беріп, жөн сілтеп отырады.
Редактор концепцияның негізделуінің шығармашылық міндетін шеше отырып, кітапты жобалаушының рөлін атқарады. Келесіде концепцияны ескере келе, редактор шығарманың авторлық түпнұсқасын талдап, бағалап, оны ары қарай жүзеге асыруға жұмыстанатын болады. Суретші-безендірушімен бірге иллюстрациялау мен безендіру міндеттерін шешіп, аппарат құрамын анықтап, оны дайындауға жетелейді. Жұмысқа лайықты баспаның техникалық қызметкерлерін тарта отырып, басылым элементтерін жүйелеп, баспалық түпнұсқаны (макет-түпнұсқа) құрады. Кітапты тираждау кезеңдерінде бақылау-аналитикалық жұмыстар мен жарыққа шығаруға қатысады. Бір сөзбен айтқанда, қабылданған концепцияға сәйкес кітап дайындау үшін жүргізілетін редакциялық-баспалық үдеріске жетекшілік етеді. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу автормен арадағы міндетті байланыстарды талап ететіні анық. Редактор автор құрған шығарманың жоспар-проспектісін өңдеуге қатысады, автормен басылымды безендіру, аппаратын енгізу нұсқаларын талқылайды, басқа да міндеттерді атқарады. Нақты басылымды дайындау барысында редактордың басты міндеті автордың қолжазбасын бағалау, оны өңдеу үшін міндеттері мен жолдарын анықтау және түпнұсқаны басып шығаруға дайындау болып табылады. Редактор әдеби шығарманы басуға дайындауға қабілетті шығармашылық ұжымды біріктіреді. Мұндай ұжымға кітапқа суреттерді орналастырып, безендіретін суретші, басылымның анықтамалық аппаратын құратын әдебиеттанушы, өнертанушы, библиографтар, білімнің түрлі саласының мамандары, рецензенттер мен кеңесшілер, көркемдік және техникалық редакторлар кіреді. Редактор шығармашылық ұжымның бірлігін қамтамасыз етуге, редакциялық-баспалық үдерістің түрлі кезеңдерінде басылыммен жұмыстануға осы және «басқа да» мамандарды тартуға міндетті. Редактордың әдеби шығармамен жұмысына тақырып пен мәселені, деректік материалды тақырыппен және мәселемен байланысын бағалауға мүмкіндік беретін қолжазбаны сынап оқу жатады. Бұл баға әдеби шығарманың мазмұндық мәнін анықтауда маңызды орын алады. Редактор, одан бөлек, шығарма құрылымы мен автордың тілдік-стилистикалық құралдарды қолдануын талдай отырып, материалды беру формасын бағалайды. Шығарманы баспаға дайындауда редактор автормен бірге өз ескертулерін айта отырып, жұмыс істейді. Егер басылым үшін бұрын жарық көрген әдеби шығарамалар алынса, редактор өзі немесе текстология саласының маманы текстологиялық жұмыс жүргізуге дайын болуы керек.
Редакторлар - бір мезгілде оқырман мен автордың орнына жұмыс істейтін адамдар. Редактор - тек мәтіннің оқырманы ретінде емес, шығармаға автордың көзімен қарай білуі тиіс маман. Ол автордың өз шығармасында нені айтқысы келгенін біліп, кітаптың ойын, ішкі дүниесін көріп тұруы қажет. Редактор автордың әр сөзі арқылы айтпақ ойын дұрыс жеткізе білуі керек. Автор шығармасында суреттелген, айтылған нәрселерді шынымен түсінетін ең алғашқы нағыз оқырманы да баспа редакторы болып табылады. Соныдықтан, оны бірінші оқырман деп те атайды.
Редактор жұмысы - орфография, пунктуация, стилистика, жанр теориясы саласынан ерекше біліктілікті қажет ететін іс.


Автор (лат. Auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет