Кітап кітап бумасынан және мұқабадан тұрады. Мұқаба қатты және жұмсақ болып екі түрге бөлінеді. Қатты мұқабаның жасалу жолы күрделі болады



бет1/6
Дата27.09.2024
өлшемі217 Kb.
#145944
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кітап аппараты




Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Өнер Мәдениет және Спорт институты

СОӨЖ

Пәні: Баспа ісінің негіздері
Тақырыбы: Кітап аппараты. Редактор және автор. Титул түрлері

Орындаған: Полиграфия мамандығы
студенті Кеңесова Меруерт
Тексерген: Толыбаева Ж.Ж


2021-2022
Кітап – кітап бумасынан және мұқабадан тұрады. Мұқаба қатты және жұмсақ болып екі түрге бөлінеді. Қатты мұқабаның жасалу жолы күрделі болады. Ал жұмсақ мұқаба қалыңдығы кітап бумасының қағазынан сәл өзгешелеу немесе қаттылау болады, көбінесе тігіліп бекітіледі. Жұмсақ мұқабаның бекітілуі ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Егер сыртқы түрімен бекітілсе, онда оның мұқабасы блокпен желімделеді. Кейде сыртқы бекітуді жасамай-ақ, бірден желімдей береді. Себебі, қазіргі кезде желімдеуші аппараттардың мықтылығы, жұмыс күші, техникалық, технологиялық жақтары жылдан-жылға жақсарып келеді. Баспаға келіп түскен кітаптың немесе кітапшаның алдымен сыртқы мұқабасы туралы сөз болады. Оның қандай қағазға (жылтыр немесе борланған) басылатыны, қағаз қалыңдығы қандай болатындығы туралы келісім-шарт жасалады. Сондықтан оқырман да, автор да, баспагер де мұқабаның тартымды болғанын қалайды.
Бақылау таңбалары біртұтас қара немесе контурлы квадрат, дөңгелек болады. Олардың мөлшері 3х3 немесе 4х4 миллиметр болып келеді. Бұл белгі бүктеуге салынған дәптердің дәл ортасына түсіріледі. Мұндай белгілер жүйесі дәптерлерді кітап бумасына дұрыс іріктеп алуды анықтау үшін қолданылады.
Мұқаба - басылымның ішкі парақтарын бүлінуден сақтайтын арнайы қағаздан немесе басқа материалдардан жасалған тыс қабаты. Мұқабада басылымның атауы, авторы, кейде шығу деректері жайлы мәліметтер беріледі.
Супер мұқаба - кітап мұқабасының үстіңгі жағына жапсырылған мәтіні немесе суреті бар қағаз мұкаба. Полихромдық мұқаба – екі немесе одан да көп түсті басылымдағы мұқаба. Көркемдiк безендiрiлуi мен полиграфиялық даярлануына қарай жоғары көркемделген кiтаптарға супер полихромды мұқаба қапталады. Бұл кітаптардың макеттері де ерекше дайындалады. Басылым қағазының сапасы өте жоғары келеді. Арасына ляссе салынады, кейде футлярмен қапталады.
Түптеу мұқабасы - баспа полиграфиялық үдерістермен өңделіп, үш жағынан кесіліп дайын болған кітап бумасына қапталатын кітаптың негізгі бөлшегі. Түптеу мұқабасы - басылымның өлшеміне сәйкестіріліп, тұтас картоннан пішіліп-кесілген картон беттерін арнайы мұқабалық қағазбен немесе арнайы полиграфиялық түптеу маталарымен (бумвинил, коленкор, ледерин және т.б.) желіммен қапталып дайын болған кітап бумасының сыртынан кигізілетін басты кітап элементі. Яғни осылайша картонмен түптелген қатты түптеу мұқабалары немесе арнайы мұқабалық қағаздарда басылып даярланған жұмсақ мұқабалар кітаптың ең басты сыртқы элементі болып табылады.


  1. Картон беттері - массасы 250г/м2- ден асатын тығыз қағаз түрі. Картондар бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді.

  2. Отстав - түптеу мұқабасына желімденетін бума қалыңдығына сәйкес келетін жұқа картон немесе тығыз қағаз. Кітап түбіне белгілі бір пішім береді. Мұқабадағы отставтың сыртқы жағына автордың аты-жөні мен кітап тақырыбы жазылады

  3. Шпация - түптеу мұқабасындағы картон беттерінің арақашықтық өлшемі.

  4. Расстав - картон беттері мен отставтың арақашықтық өлшемі

  5. Қайыру (загиб) - сыртқы түптеу материалынының кітаптың ішкі жағына қарай қайырылуы.

  • Кант - кесілген кітап бумасынан шығып тұратын картонды мұқабаның шеті.

Кітап бумасы – әр беті немесе әр дәптері ретімен жинақталып, тігіліп, желімденген, мұқаба немесе түптеу мұқабасына қондыруға даярланған шикізат.

  • Форзац - арнайы форзац қағазында кейде суреттермен, кейде ою-өрнекпен безендірілген, кітап бумасы мен түптелген мұқабаны бекітетін, әрі эстетикалық әсемдік беретін кітап элементі. Форзацтың жай бекітілетін және күрделі бекітілетін түрлері болады.

  • Каптал - кітапқа бір жағынан әсемдік беретін (бума пен түптеу мұқабасы арасындағы ашық жерді жауып тұратын), бір жағынан дәптерлердің бекітілу беріктігін арттыра түсуге арналған, кесілген кітап бумасы түбінің үстіңгі және астыңғы жағына желімденетін, бір шеті қалыңдау болып келетін мақта-мата немесе жібек таспа бау. Кез-келген кітаптың жалпы безендірілуінің қосымша бір түрі болып табылады.

  • Ляссе - (нем. Lesezeichen - белгілеу) - кітап, блокнот беттерінде қажетті бетті тез тауып алуға арналған жібек таспа. Ол кітап түбінің жоғарғы жағына бекітіледі, ал оның төменгі ұшы кітаптің төменгі жағынан шығып тұрады да кітаптың қажетті бетін белгілеп, бірден сол бетті ашуға көмектеседі.

Ляссе соңғы кезде жарнамалық қызметтерді атқарып жүр. Осы сәндік бау арқылы кітап шығарушы баспа да өздері ұсынатын қызмет түрлерін жазып қояды. Егер бір мерейтойға арналған кітап болса, онда мерейтой иесінің аты-жөнін алтын жіптер арқылы көмкеріп, оюлап жзуға да болады. 
Кітаптың ішкі элементтері үшке бөлінеді:

  1. Титульдық элементтер - титул, аннотация, фронтиспис, авантитул, контртитул, портрет.

  2. Мәтіндік элементтер - эпиграф, арнау, негізгі мәтін, тақырыптар, абзацтар, ажыратпалар, цитаталар, құжаттық мәтіндер, сілтемелер, жүгіністер, көрсеткіштер, суреттік көркемдеу, безендіру материалдары, кестелер;

  3. Көмекші қосымша материалдар - түрлі көрсеткіштер, библиографиялық мәтіндер, мазмұн, шығару мәліметтері т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет