«кітап. УақЫТ. ҚОҒАМ»


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕДИАТЕКАСЫ ОҚЫРМАНЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата06.04.2017
өлшемі2,14 Mb.
#11083
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕДИАТЕКАСЫ ОҚЫРМАНЫНЫҢ 
ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ  
 
Д.А. Бектасова, Д.С. Ташимханова 
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы 
 
Кітапхана  деген  –  ұйымдастырылған  құжаттар  қорына  иелік 
ететін  және  оны  абонементке  уақытша  қолданысқа  беретін,  басқа  да 
кітапханалық  қызметтер  көрсететін  ақпараттық,  мәдени  және  білім 
беретін мекеме. Кітапхананың адам өміріндегі ролі зор екенін айтпаса 
да  түсінікті,  сондықтан,  оқырмандардың  оқу  белсенділігін  арттыру  – 
кітапхананың  тікелей  міндеті.  Бұл  ретте  кітапхана  оқырмандармен 
көптеген  библиографиялық  шаралар  ұйымдастырады.  Сол  сияқты 
медиатека  бөлімінің  де  оқырманның  қызығушылығын  арттыруда  өз 
орны бар [1,б. 33].  
Соңғы  жылдары  Қазақстанның  көптеген  жоғарғы  оқу 
орындарының    кітапханалары  белсенді  түрде  өндірістің  және 
ақпаратты  таратудың  онымен  оқырманды  оның  сұранысына  сәйкес 
келетіндей  көлем  мен  форматта  жылдам  қамтамасыз  ету  мүмкіндік 
беретін  прогрессивті  технологияларын  енгізуде.  Көптеген  жоғары  оқу 
орындарының  кітапханалары  білім  мен  ғылымды  ақпараттық  қолдау 
мақсатында  мемлекеттік  және  шет  тілдеріндегі  мәліметтер  қорлары, 
электронды  оқу  материалдары    құрайтын  электронды  ресурстар 
жүйесін  қалыптастырды  (CD-ROM-ға  жазылған  жеке  нысан  ретінде 
шығарылған мақалалық немесе автономды публикациялар) [2, б. 33]. 

 
 
275 
Электронды  ресурстар  дегеніміз  –  электронды  құжаттардың 
жиыны, жиынтығы (жиынтық арнайы жиналады, ал ресурс кездейсоқ 
әрекеттер мен оқиғалардың нәтижесінде туындау мүмкін) [3, б. 511]. 
Электронды  ресурс  –  жаңа  заманның  жаңа  сатысы.  Ол 
кітапхананы  бір қадым алға жылжытады. Сондықтан соңғы жылдары 
Қазақстанның көптеген кітапханалары өндіріс пен ақпарат таратудың 
прогрессивті  технолгияларын  енгізуде,  олар  тұтынушыға  қажетті 
көлем мен форматта ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.  
Білім  мен  ғылымды  ақпараттық  қолдау  мақсатымен  көптеген 
кітапханалар  электронды  ресурстардың  жүйесін  қалыптастырды, 
оларды мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі мәліметтер қорлары, 
электронды  оқу  материалдары  (CD-RОМ-да  жеке  нысан  ретінде 
шығарылған статикалық және автономды басылымдар) құрайды. 
2001  жылдың  сәуір  айында  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар 
мемлекеттік  университетінің  С.Бейсембаев  атындағы  ғылыми 
кітапханасында да медиатека бөлімі ашылды.  
Медиатека  –  оқырмандардың  электрондық  және  бейне 
құжаттармен  жұмыс  істеуіне  арналған  бүгінгі  күн  талабына  сай 
жабдықталған 
кітапхана 
бөлімшесі. 
Электрондық 
құжаттар 
репертуарына 
мультимедиалық 
энциклопедиялар, 
оқыту 
бағдарламалары,  электрондық  оқулықтар,  ғылым  мен  мәдениет 
классиктерінің  шығармалар  жинақтары,  ақпарат  іздестіру  жүйелері 
кірді. Бейнекассеталар қоры жаратылыстану және тарих ғылымдарын, 
әдебиет пен өнердің тамаша туындыларын қамтиды. 
Екі  медиатекада  орналасқан  ақпараттық  электронды  қор  бар, 
онда  әртүрлі  тасымалдаушыларда:  CD-ROM  дисктерде,  бейне-аудио-
кассеталарда  2385  дананы  құрайды.  Электронды  оқулықтар  жинағы 
көлемді  және  жан-жақты:  онда  математикадан,  физикадан, 
биологиядан,  тіл  білімінен,  тарих  және  мәдениеттанудан  мәліметтер 
алуға  болады.  Сонымен  қоса  бейне-оқулықтар,  «Видеотека»  және 
«Фонотека» жинақтары бар [4, б. 14]. 
Медиатеканың  қор  құрылымында  энергетика,  құрылыс, 
педагогика,  жаратылыстану  салаларынан  басылымдар  көбірек. 
Қазақстан мен ТМД ең ірі жоғарғы оқу орындарының салалық зерттеу 
институттарының  және  ұлттық  ғылым  академияларының,  ғылыми 
конференциялардың    материалдары,  есептері,  ғылыми  еңбектер  мен 
жазбалар,  диссертациялар,  диссертациялардың  авторефераттары  ең 
бағалы  басылымдар  болып  есептеледі.  Кітапхана  өз  университетінің 
басылымдарын  және  университет  ғалымдарының  еңбектерін  үлкен 
ұқыптылықпен жинақтауда. 

 
 
276 
Университет кітапханасында 1998 жылдан бері бейнекассеталар 
мен  компакт  дискілерге  түсірілген  құжаттардың  қазіргі  заман 
талабына  сай  жаңа  қоры  қалыптастырылуда.  Бейнекассеталардың 
топтамасында  Би  Би  Си  компаниясының  және  АҚШ  ұлттық 
географиялық 
қоғамының 
дүниежүзілік 
кинометографтың 
фильмдерінің  алтын  қорынан  алынған  шығармалар  бар.  С. 
Торайғыров атындағы ПМУ-дың тапсырысы бойынша түсірілген «Өте 
көне  Азия»  бейнефильмі  –  кітапхана  мақтанышы.  Электрондық 
басылымдардың  ішінде  «Кирилл  мен  Мефодий  энциклопедиясы», 
аударма сөздіктер, ең жаңа электрондық оқулықтар оқырмандарды өте 
қызықтырады.  Университеттің  Қазақстан  кітапханашыларының 
ақпараттық 
консорциумына 
қатысуының 
арқасында 
біздің 
оқырмандарымыз 
«Academic 
Search 
FullTEXT 
international», 
«Bussinness  Source  Elite»  сияқты  беделді  деректер  базасымен  жұмыс 
істеуге  мүмкіндік  алды.  Кітапханада  университет  алдырған  және  әр 
жылдары сыйлыққа келген шетел әдебиеттерінің ерекше топтамалары 
бар. 
С.  Торайғыров  атындағы  ПМУ  кітапханасы  белсенді  түрде  өз 
қорын  к
омпакт-дискілер,  дискеталар,  видеокассеталар,  музыкалық 
аудиокассеталар  және  де  дискілер  оқулықтар  қасында  өз  орнын 
толықтыруда.  Іріктеудегі  негізгі  критерий  құжаттың  сапасына, 
университет  ғалымдарының  ғылыми  жұмыс  тақырыптарының 
мазмұнына және де оқу пәндерінің бағдарына байланысты 
 таңдалады.  
«Электронды кітапхана» атты толық мәтінді мәліметтер базасы 
құрылды.  Оның қоры 1012  кітап пен  мақалалардан, оның  ішінде 250 
университет  оқытушыларының  оқу  құралдары  бар.  «Біздің 
университет», «ПМУ оқу-әдістемелік басылымдары», «Павлодар ертіс 
өңірі»  және  «Труды  академиков  НАН  РК  уроженцев  Павлодарской 
области»  атты  толық  мәтінді  мәліметтер  базасын  құруға  байланысты 
жұмыс жүргізілуде. Электронды кітапхана қоры Интернеттен, белгілі 
ұйымдардан, авторлардан жұмыстарын көшірмесін электронды түрде 
алудан, 
республика 
кітапханаларының 
қорынан 
алынған 
түпнұсқаларды 
электронды 
қалыпқа 
айналдыру 
арқылы 
толықтырылады.  
Электронды  және  магнитті  тасымалдаушылардағы  оқу 
басылымдары 36,8 % (2509 пәнге 923 дана) құрайды.  
Сектор мына бағыттар бойынша жұмыс істейді: 
- ақпараттық-кітапханалық процестерді компьютерлеу; 
-  университет  профиліне  сәйкес  электрондық  басылымдар 
қорын қалыптастыру; 
- электронды ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

 
 
277 
- оқырмандарға кітапхананың қазіргі кезгі ресурстарын қолдану 
әдісін үйрету [5, б. 6]. 
Электронды  материалдар  массивіне  күн  сайын  Интернеттен 
алынған  кітаптар  мен  оқулықтардың  көшірмелері  енгізіледі. 
Кітапхана  қызметкерлері  жоспар  бойынша  басылымы  аз,  бірақ 
сұранысы  жоғары  кітаптарды  электронды  формаға  аударады. 
Медиатека  қызметкерлері  студенттер  мен  оқытушыларға  электронды 
кітапхананы пайдалану бойынша кеңес өткізуге дайын.  
Кітапханалық  зерттеу  мақсатында  кітапханатанушылар  ерте 
кезден қолданылып келе жатқан екі зерттеу әдісі бар – оқырмандарды 
тергеу,  оның  екі  түрі  белгілі:  жазбаша  (анкета)  және  ауызша 
(интервью).  С.  Бейсембаев  атындағы  ғылыми  кітапханасының 
медиатекасында 
оқырмандардың 
электронды 
ресурстарды 
пайдалануын анықтау үшін анкеталық зерттеу жүргіздік. Зерттеуге әр 
түрлі  санаттағы  адамдар,  дәлірек  айтқанда,  20  студент  пен  20 
оқытушы қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша, сұралған 20 студент 
пен  20  оқытушының  37-сі,  яғни  92,5%-ы  медиатека  бөлімінің  негізгі 
функцияларымен таныс екені анықталды. Бірақ, бөлімнің қоры туралы 
білімдері аз болып шықты: 42,5%. Оқырмандардың медиатекаға келу 
жиілігі орта есеппен алғанда бір айда екі рет болатыны белгілі болды. 
Медиатеканың  тәжірибесінде  қандай  әдебиетке  сұраныс  көп 
болатынын  анықтау  мақсатымен  сәйкес  сұрақ  қойғанда,  әр  түрлі 
жауаптар  алынды.  Бірі  ағылшын  тілін  өздігінен  үйренуге  арналған 
электрондық  оқулықты  алса,  екіншісі  экологиялық  апаттарға 
байланысты  бейнефильмдер  көріп,  енді  біреуі  «Заң»  мәліметтер 
қорынан қажетті заңдарды табады.  
Екі  тілде  бірдей  берілген  «Заң»  мәліметтер  қорымен 
тергелгендердің  көбі,  яғни  95%-ы  таныс  екені  анықталды. 
Студенттердің  30%-ы  «Оқытушыларыңыз  медиатекада  сабақ  жүргізе 
ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді, ал оқытушылардың 75%-ы 
мүмкіндігінше интерактивті сабақ жүргізетіндігін айтты. 
Қорыта  айтқанда,  электронды  құралдар  оқырман  қауымның 
арасында  үлкен  сұранысқа  ие.  Электронды  ресурстарды  жоғары  оқу 
орнының медиатекасында қолдану университеттің оқу-тәрбиелік және 
ғылыми үрдістерінің ақпараттық құрамасын ұлғайтуға әсерін тигізеді, 
қашықтықтан  оқыту  жүйесін  дамытуға  ықпал  жасап,  студенттерде 
өздігінен 
білім 
алу 
дағдыларын 
тәрбиелейді. 
Электронды 
ресурстардың 
көрнекілік 
артықшылықтарының 
арқасында 
оқырманның  қызығушылығын  жоғарылатып,  оқу  белсенділігін 
арттыруда  маңызды  орын  алады.  Сондықтан,  жоғары  оқу  орнында 

 
 
278 
Медиатека  бөлімінің  болуы  белсенді  оқырман  қалыптастыруға  зор 
ықпалын тигізеді. 
 
Әдебиет 
1.  Мырзаханова  Ф.  Ізгілікпен  қызмет  көрсету  –  негізгі  міндетіміз  // 
Кітапхана әлемі = Мир библиотеки. - 2006. - № 2. - 33 б. 
2. Гета Г. Б. Традиционные и электронные издания: за и против / Г. Б. Гета // 
Кітапхана.- 2006. – № 4. – 17 б. 
3.  Электронные  документы:  создание  и  использование  в  публичных 
библиотеках: справ.; науч.ред. проф. Р.С. Гиляревский, проф. Г. Ф. Гордукалова. – 
СПб.: Профессия, 2007. – 664 с.   
4.  Научная  библиотека  им.  академика  С.  Бейсембаева  ПГУ  им.  
С. Торайгырова.- Павлодар, 2005.  
5.  Электронные  ресурсы  научной  библиотеки  им.  Академика  
С.  Бейсембаева.  Сектор  компьютеризации  информационно-библиотечных 
процесссов. - Павлодар: ПГУ, 2009. 
 
 
 
 
КІТАПХАНА ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК  
ӘУЕЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
 
С. Шарбекова  
№ 11 мектеп, Екібастұз қаласы 
 
Мектеп оқушыларының шығармашылық және зияткерлік дамуы 
жүйесіндегі  кітапхананың  алатын  орны  ерекше.  Жалпы  кітапханашы 
мамандығы  өзінің  өте  қызықты  да,  тартымдылығымен  ерекшеленеді. 
Себебі, күн сайынғы келіп түсіп жатқан жаңалықтар легі, яғни, жаңа 
мерзімді  басылымдар,  жаңа  кітаптар  және  күнде  келіп  осы 
жаңалықтармен  танысып,  жаңа  кітаптармен  сусындап,  өмірлеріне 
азық қылған оқушылар қауымы.  
Өздеріңіз  байқағандай  кез-келген  оқушы  мектеп  қабырғасын 
аттаған  күннен  ең  алдымен  мектеп  кітапханасының  есігін  ашады. 
Менің  ойымша  әр  кітапхана  қызметкері  оқырман  қауымға  қызмет 
көрсетумен  қатар  өзі  де  жан-жақты  дамыған  маман  ретінде  өсу 
мүмкіндігіне ие болады.  
Қазіргі  кезде  жаңалықтар  легі  толассыз  өсуде.  Сондықтан, 
оқушы  кез-келген  уақытта  ешкімнің  көмегінсіз  өзіне  керекті  кітапты 
сауаттылықпен тауып алуға шамасы жете бермейді. Яғни, кітапханаға 
жаңадан келген оқушы кей кезде өзіне не керек екеніне сенімді бола 
бермейді.  Міне,  осындай  жағдай  барысында  оқушыға  бағыт-бағдар 
беретін әрине кітапхана қызметкерлері біз боламыз.  

 
 
279 
Мен  өзім  кітапхана  жұмысында  оқушылардың  кітап  оқуына 
жетекшілік ету барысында мына үш принципті ұстанамын: 
1.  Методологиялық принцип. Ол оқуға ұсынатын әдебиеттердің 
ғылымдылығы,  оқушыларға  жоғары  идеялы,  түсінігіне  қолайлы 
әдебиеттерді ұсыну; 
2.  Психологиялық 
принцип.  Мұнда  оқушылардың  жас 
ерекшеліктері, білімі, оның мінезі, ұғымы, қаншалықты оқығандығын 
есепке алу арқылы; 
3.  Педагогикалық  принцип.  Бұл  жерде  кітапты  оқушыға  ұсыну 
барысында  шығарманы  насихаттаудың  көрнектілігі,  тартымдылығы, 
оқушылардың қабілетіне сай болуы.  
Осы принциптерді басшылыққа ала отырып орындалған жұмыс 
өз жемісін беретініне сенімдімін.  
Әрине,  кітап  оқу  -  өте  күрделі  еңбек  түрі.  Кез-келген  оқушы 
міндетті  түрде  мектеп  бағдарламасына  қатысты  кітап  оқиды,  оқудың 
көмегімен  берілген  қосымша  тапсырманы,  болмаса  көмегімен  берілген 
қосымша тапсырманы, болмаса белгілі тақырыпқа реферат, хабарламалар 
жазады.  Міне  осы  жағдайда  оқушылардың  шығармашылық  даму 
мүмкіндіктері арта түседі, өз білімдерін толықтырады, өз бетімен ізденіс 
жұмыстарын атқаруға жағдай туады. Ал көркем әдебиет оқу арқылы өзін- 
өзі  тәрбиелейді,  күнделікті  өмірде  түсіне  алмаған,  біле  алмаған 
мәселелерге жауап береді, түсінеді.  
Балалардың  жас  ерекшелігіне  байланысты  кітап оқу  ынтасы  да 
әр  түрлі  болады.  Тіпті  жастары  бірдей  оқушылардың  өздері  де  кітап 
оқу  ісіне  әртүрлі  қарайды.  Кітап  оқуға  үйретудің,  дағдыландырудың 
негізгі шарты - қажетті кітаптардың дұрыс іріктелуі, себебі, кез келген 
кітап  жас  балалардың  интелектуалды,  шығармашылық  дамуын 
қалыптастырады деп айтуға болмайды. 
1-4  -  сынып  оқушылары  негізінен  ертегілерді  көбірек  оқиды, 
ұнатады.  Оқыған  кітаптарын  жанындағы  достарына,  кейде  кітапхана 
қызметкерлері  мен  ұстаздарына  айтып  беріп  жататын  кездері  де  жиі 
кездеседі.  Заманымыздың  талантты  педагогы  В.А.  Сухомлинский 
«Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз,  шығармашылықсыз,  фантазиясыз 
толық  мәніндегі  ақыл-ой  тәрбиесі  деген  болмайды»  деп  санаған.  Біз 
мектеп қабырғасында қандай іс-шара өткізсек те тікелей кітаптармен 
байланысты өткіземін. 
Мысалы:  «Біз  қай  ертегіденбіз?»-ойынын  қызықты  етіп 
ұйымдастыру  үшін,  «Ер  төстік»,  «Мақта  қыз  бен  мысық»,  «Қасқыр 
мен  ешкі»,  «Қожанасыр»,  «Жиренше  шешен»  т.б  ертегілерді 
пайдалануға  болады.  Ойынға  қатысқан  әрбір  оқушы  өзі  таңдаған 

 
 
280 
кейіпкердің іс-әрекетін жасау арқылы кітаптың ойы, кейіпкері есінде 
сақталып қалады.  
5-6  -  сынып  оқушылары  күрделі  оқырмандар  тобына  жатады.  Бұл 
жастағы  оқушылар  үшін  мектеп  өмірі,  мектепте  оқу  үйреншікті,  таныс. 
Қоршаған ортамен қарым-қатынас тереңдей түседі. Олардың өміріне, іс-
әрекетіне, мінезіне достарының әсері көбірек ықпал етеді. Төменгі сынып 
оқушылары  ересектерге  сеніммен  қараса,  5-6  -  сынып  оқушылары 
үлкендер алдында өздерін ұстамды, дербес түрде көрсетуге тырысады. 5 - 
сыныптан бастап көп пәндердің қосылуына байланысты бар пәнге емес, 
нақтылы  бір  пәнге  деген  ықыласы,  қызығушылығы  артады.  Көркем 
әдебиетпен қатар ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға ықыласы артады. 
Оқығандарын  ойлап  қорытуға  тырысады.  Танымдық  талпынысы 
жанданып,  тарихи  оқиғалар,  дүниетану,  тұжырымдау  өз  пікірін  ойын 
айтуға,  ортаға  салуға  тырысады.  Осы  жағдайларды  ескере  отырып, 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  назар  аудара  отырып,  кітап  оқуға 
ықыласын  арттырып,  дамыта  түсуге  көмектескеніміз  жөн.  Ол  үшін 
олардың  назарына  анықтамалық  басылымдарды,  ғылыми-көпшілік 
журналдарды  ұсыну  арқылы  кітап  оқу  шеңберін  кеңейтуге  көмектесе 
аламыз. 
6-9  -  сынып  оқушылары  өте  белсенді,  көп  оқитын  оқырмандар. 
Бұл  аралықтағы  оқушылар  ересектерден  гөрі,  достарының  пікірін 
көбірек тыңдайды. Оқитын пәндерге деген ықыласы тереңдей түседі. 
Бағдарламаға қосымша материалдар іздейді. 
7  -  сыныптан  бастап  өмірбаяндық  әдебиеттер,  саяхаттар, 
жаңалықтар  туралы  көп  оқиды.  Кітаптағы  кейіпкерлердің  әрекетінен 
гөрі, автордың ойы мен шешілуі көбірек қызықтырады. Бұл жаста оқу 
белсенділігі төмендейді. 
8-9  -  сынып  оқушылары  поэзияны  көп  ұнатады,  лирикалық 
шығармаларды  оқиды.  Көп  білгілері  келеді,  пікірлері  тез  өзгеріп 
отырады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, керісінше әртүрлі дағдыларын 
қызығуларын  ескере  отырып,  өз  еркімен  әдебиетті  таңдауына,  ойын 
ашық айтуына көмектесуіміз керек. 
10-11  -  сынып  оқушылары  көбіне  өз  болашақ  мамандықтарына 
қатысы  бар,  анықтамалық  әдебиеттерге  көбірек  көңіл  бөледі.  Бұл 
жерде де кітапхана қызметкерінің көмегі өте қажет. Қандай жағдайда 
болсын,  қандай  жас  аралығы  болсын  оқушылардың  шығармашылық, 
зияткерлік  дамуына  қосар  үлесіміз  ұшан-теңіз.  Тек,  керек  уақытта, 
дұрыс бағыт-бағдар бере алуымыз керек.  

 
 
281 
Мектеп қабырғасында жылма - жыл өткізілетін интеллектуалды 
олимпиадалық  жарыстарға  да  мектеп  кітапханасы  бір  кісідей  ат 
салысып,  өз  тарапынан  көмек  тигізетінін  ескере  отырып,  өз 
әріптестеріме  еңбекте  жеміс,  шығармашылық  дамыған  зияткер 
оқушыларыңыз көбейе берсін дегім келеді.  

 
 
282 
Авторлар туралы мәлімет 
 
Әбілева  С.А.,  студент,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 
институты. 
Әбілқасымов  Талғат  Шәйкенұлы,  Павлодар  облысы  тілдерді 
дамыту басқармасының бастығы. 
Әбішева  А.,  студент,  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 
мемлекеттік университеті.  
Әйткенов 
Зият 
Шайманұлы
тарих 
ғылымдарының 
кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. 
Әлкеева Риза Сәйкенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің 
мұғалімі,  «№  28  Жалпы  орта  білім  беру  мектебі»  ММ,  Павлодар 
каласы. 
Әміренов  Әділбек  Дәуітбекұлы,  филология  ғылымдарының 
кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. 
Әмірова  А.М.,  студент,  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 
мемлекеттік университеті. 
Асқарова  Виолетта  Яковлевна,  филология  ғылымдарының 
кандидаты  докторы,  профессор,  кітапханалық-ақпараттық  қызмет 
кафедрасының  меңгерушісі,  Челябі  мемлекеттік  мәдениет  және  өнер 
академиясы, Ресей. 
Ахмульдинова  Айгүл  Насырқызы,  аға  оқытушы,  Павлодар 
мемлекеттік педагогикалық институты. 
Ашетаева А.К., магистрант, С.Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университеті. 
Байғабылова
 
Айнұр  Науфилқызы,  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық академиялық кітапханасының тұтынушыларға қызмет көрсету 
қызметінің маманы, Астана қаласы. 
Бектасова
 Д.А.
, магистрант, С.Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университеті. 
Берікбаева  Зайра  Сапарғалиқызы,  оқытушы,  Қарағанды 
мемлекеттік техника университеті.  
Бессонова 
Наталья 
Александровна
әдіскер, 
«№93 
балабақша» МҚКК, Павлодар қаласы. 
Бисембаева  Нағима  Асанханқызы,  аға  оқытушы,  Павлодар 
мемлекеттік педагогикалық институты. 
Бородина  Елена  Геннадьевна,  орыс  тілі  мен  әдебиеті 
пәндерінің  мұғалімі,  «№28  орта  жалпы  білім  беру  мектебі»  ММ, 
Павлодар қаласы. 

 
 
283 
Борусяк  Любовь  Фридриховна,  экономика  ғылымдарының 
кандидаты,  доцент,  «Жоғары  экономика  мектебі»  ғылыми-зерттеу 
университеті, Мәскеу қаласы. 
Бухтоярова Дарья Владимировна, кітапхана тұтынушыларына 
қызмет  көрсету  қызметінің  аға  менеджері,  Назарабаев  Университеті, 
Астана қаласы.  
Бұшымбаева  Құралай  Темірболатқызы,  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті пәндерінің мұғалімі, «№ 28 Жалпы орта білім беру мектебі» 
ММ, Павлодар каласы. 
Ваганова  Маргарита  Юрьевна,  кітапханалық-ақпараттық 
қызмет  кафедрасының  аға оқытушысы,  Челябі  мемлекеттік  мәдениет 
және өнер академиясы, Ресей. 
Вист  Наталья  Вильямовна,  аға  оқытушы,  Павлодар 
мемлекеттік педагогикалық институты. ҰПМУ ізденушісі. 
Голубева  Наталья  Леонидовна,  педагогика  ғылымдарының 
докторы,  доцент,  Краснодар  мемлекеттік  мәдениет  және  өнер 
университеті, Ресей 
Дәндібаева 
Хадиша 
Григорьевна
ғылыми 
кітапхана 
директорының  орынбасары,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 
институты. 
Дәрібаева  Гүлшат  Ғабдоллақызы,  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  академиялық  кітапхана  (ҚР  ҰАК)  бас  директорының 
орынбасары (НАБРК),  Астана қаласы. 
Демиденко  Инна  Анатольевна,  математика  магистрі,  №16 
мектеп-лицей мұғалімі, Павлодар қаласы. 
Демиденко  Раиса  Николаевна,  биология  ғылымдарының 
кандидаты,  профессор,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 
институты. 
Дощанова  Бағдат  Байбалтайқызы,  колледж  оқытушысы, 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. 
Жақыпова Д.С., студентПавлодар мемлекеттік педагогикалық 
институты. 
Жамулдинов  Виктор  Николаевич,  заң  ғылымдарының 
кандидаты,  аға  оқытушы,  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 
мемлекеттік университеті. 
Желтикова  Наталья  Васильевна,  орыс  тілі  мен  әдебиеті 
пәндерінің  мұғалімі,  «№28  орта  жалпы  білім  беру  мектебі»  ММ, 
Павлодар қаласы. 
Жиенбаева  Майя  Әбдірахманқызы,  С.Торайғыров  атындағы 
Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры, Қазақстан 

 
 
284 
Республикасының  еңбек  сіңірген  мәдениет  қызметкері,  Павлодар 
қаласы. 
Жылқыбекова Айнаш Айтжанқызы, С.Торайғыров атындағы 
Павлодар  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапхана  ақпараттық-
библиографиялық  бөлімнің  меңгерушісі,  ЧММӨА  магистранты, 
Павлодар қаласы. 
Жолжақсынова  Салтанат  Бектасқызы,  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  пәндерінің  мұғалімі,  «№28  Жалпы  орта  білім  беру  мектебі» 
ММ, Павлодар каласы. 
Жүсіпова  Әсем  Мұратқызы,  студент,  Павлодар  мемлекеттік 
педагогикалық институты. 
Жұмажанова 
Гүлжанар 
Ихтайқызы, 
педагогика 
кафедрасының аға оқытушысы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық 
институты. 
Жүсіпова  Лаура  Қуандыққызы,  тарих  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 
университеті. 
Зейнулина Айман Файзоллақызы, филология ғылымдарының 
кандидаты,  профессор,  қазақ  тілі  кафедрасының  меңгерушісі,  
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет