Кітапхана қызметкерлерінің өзін-өзі тәрбиелеуінің өзіндік пайдалы сипаты. Үйірсектік өзін-өзі ұстай білу және мақсатқа жетудегі табандылық


Кітапханашы–библиографтардың қарым-қатынасты реттеуде байқағыштық, ұйымдастырушылық қабілетінің белгілері



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,42 Kb.
#22761
1   2   3
Байланысты:
Семинар-12

Кітапханашы–библиографтардың қарым-қатынасты реттеуде байқағыштық, ұйымдастырушылық қабілетінің белгілері

Адам өмірінде қызмет барысында сөйлеу мәдениетінің алатын орны зор. Ал кітапхана саласында бұл мәселеге ерекше назар қою абзал. Халық мақалы «Күш білімде, білім кітапта» дейді. Білім тізгінін ұстап отырған кітапханашы өзінің ой-өрісін әсерлі түрде оқырманға қысқа да нұсқа түрінде жеткізе білсе, кәсіби қызметінің алға басқаны. Сөз - сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу кітапхана қызметкері үшін өте қажет қасиет. Қызмет барысында оқырманмен орынсыз сөйлесіп, ретсіз артық сөздер айтып, ренжітіп алатын кездер анда-санда кездесіп тұрады. «Жақсының сөзі ақыл шақырады, жаманның сөзі ашу шақырады» деген мақал осындайдан шыққан болар.

Кітапханашының аудитория алдында сөйлегенде қатты, ашық дауысты игеруімен қатар, көпшілікті өзіне баурап алатын дұрыс дауыс мәнері болуы да керек. Дауыс мәнері - кітапханашының сөйлеу мәдениетінің негізгі қасиеті. Жақсы сөзді дайындау өз алдына, оның мазмұнын тыңдаушылардың жаны мен жүрегіне дұрыс жеткізе білу басқа шаруа. Осының барлығына дұрыс жолға қойылған сөйлеу мәнері арқылы қол жеткізуге болады. Анық дауыс мәнеріне жету үшін тілді, ерінді, беттің төменгі жағын үнемі жаттықтыру қажет. Кітапханашыға кітапханашы жазуы (библиотечный почерк) қандай қажет болса, дауыс мәнері де сондай қажет. Жақсы дауыс мәнеріне жету үшін әріптер мен дауыстарды қатты айтып, жаңылтпаштар, өлеңдер, көркем қара сөздерді оқып, арнайы жаттығулар жасау арқылы үнемі еңбектену шарт.

Кітапханашының мәнері, іс-әрекеті, өзін қоршаған қарапайымдылығымен, қайырымдылығымен ерекшеленіп, жақсы маманға деген сенімді арттырады. Жақсы мәнердің негізіне маманның өзінің денесін дұрыс ұстауы да жатады: кеуде көтеріңкі, бас мақтанышпен жоғары көтерілген, қолдың қимылдары да еркін болуы қажет. Оқырманға кітапханашының сырт бейнесі үлкен әсер етеді. Оның киімі, шаш үлгісі барлығы кітапханашыға тән болуы керек. Үлкен мәдени шаралар өткізген кезде мейрамға сәйкес киініп, көңіл-күйді жоғары ұстаса өткізілетін шараның маңыздылығы арта түседі.

Сөз - кітапханашының көпшіліктің алдында сөйлеуінің көрінісі: ол әр түрлі өндірістік жиналыстарда, оқырмандармен жеке және көпшілік жұмыстар өткізген кездерде сөйлейді. Сөз сөйлеу әр адамның жеке мүмкіншілігіне, тақырыпты білуіне, аудиторияға байланысты. Кітапханашы сөз сөйлер алдында жазып алған қағазын қопарып жатса, ол да кітапханашы жайлы ұнамсыз әсерде қалдырады. Сонымен бірге, кітапханашы халық алдына шыға сала сөйлеп кетпей, аудиториямен біраз үнсіздік арқылы байланыс орнатып алуы керек. Сөз сөйлеген кезде басқа жаққа қарамай, халыққа тура қарап сөйлеу керек. Кітапханашы мамандары кәсіптік өнегемен бірге сөз этикасына да көп көңіл бөледі. Маманның жұмыстарындағы жетістіктері оның өзін қоғамда, ұжымда қалай ұстауына, кәсіби этикетті, сөз сөйлеу мәдениетін, телефонмен сөйлесуді меңгергеніне байланысты болады. Сөйлеу мәдениетімен қатар этиканы білу кәсіби дәрежеде өсуге, үжымда қалыпты ахуалды қалыптастыруға, оқырманды кітапханаға тартуға көп ықпал етеді. Этикет - адамдармен қарым-қатынас жасаудың белгілі бір ережесі. Кітапханашыларға этиканың негізгі принциптері белгілі, олар: кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық, дәлдік, жауапкершілік, ұқыптылық. Олар кітапханадағы жұмыс жетістіктерінің жиынтығы болып табылады.

Байқау-бұл сезім мен қабылдауға негізделген психикалық қасиет. Бақылаудың арқасында адам кішігірім айырмашылықтары бар белгілер мен объектілерді ажыратады, ұқсастықтардағы айырмашылықтарды байқайды, оларды жылдам қозғалыспен көреді, өзгерген көзқараспен, белгіні, объектіні, процесті қабылдау уақытын азайтуға мүмкіндік алады.

Бақылау мен байқауды психологтар әр түрлі жағынан мұқият зерттейді, күрделі күрделі проблемамен ерекшеленеді. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде абстрактілі-психологиялық мазмұн ұғымдарына қатысты байқау (қабылдау, ойлау, назар, есте сақтау) күрделі бірлікті білдіретіні, олармен күрделі көп деңгейлі байланысы бар екендігі анықталды.

Ең алдымен, байқау сезіммен және олардың ағымының жағдайымен делдал болады. Сезімдер, қабылдау, ойлау шындықты бейнелеу мен танудың бірыңғай процесінің ажырамас бөлігі болғандықтан, байқауды қалыптастыру мен дамыту шарттары осы процестерді белсендіру саласында жатыр.

Байқау мен қабылдаудың өзара байланысын талдай отырып, ең алдымен байқау қабылдау құрылымында қалыптасатынын атап өту керек. Байқауды біз адамның танымдық іс-әрекеті тұрғысынан қарастыратындықтан, біз үшін, сәйкесінше, қабылдаудың эпистемологиялық жағы қызығушылық тудырады.

Кітапхана ұжымындағы психологиялық атмосфераның ерекшелігі ондағы жағдайға байланысты болады, бұл жерде әсіресе жеке басшы үлкен роль атқарады. Қызметтің қай түрі болмасын, мейлі ол шаруашылық-қаржылық немесе библиографиялық, әкімшілік тербие немесе құқықтық қызмет болсын, бар жерде салдарлы-салиқалы ұйымдастырушылық шешім қабылдануы тиіс. Ал сол шешімнің орындалуына ұжымды жұмылдыра білу керек. Сонда ұжым мүшелері де оның ұйымдастырушылық қабілетіне сеніп, арқа сүйейтін болады.

Ұйымдастыру қабілетіне тән қасиеттердің бірі — пайымдылық, яғни жағдайды, оған байланысты туындаған проблеманың ой-қырын түсіне білу. Басшының пайымдылығы ең басты мәселені өзгелерден ажырата, айқындай білуге мүмкіндік береді. Ондай басшы кадр, өндіріс, тәрбие мәселелерін де жылдам шешеді. Қай кітапханашының неге қабілетті екенін де бірден байқайды. Бұл мамандарды орналастыру мәселесін оңай шешуге жол ашады.

Бүгінгідей материалдық қиын жағдайда басшы үшін батылдық, табандылық қасиеттерінің маңызы зор. Тәуекелге бар, жоғары органдар алдында ұжымның қоғамдық пікірін жалтақсыз қорғау — батыл басшыға тән қасиет.

Кітапханадағы демократизация барысында қызметкерлердің бәрі де қабілетіне қарай басқару ісіне қатысуға мүдделі болады. Бағыныштылар басшы бойындағы өздері ұнатқан жақсы қасиеттерді міне осы істе пайдаланатын болады. Егер бұл сөтті шықса, онда басшының жеңіске жеткені. Ұжым басшы статусына ықпал етеді, оның қызметінен алқалық басқару әдісі берік орын алады, төменнен жоғары қарай бақылау да күшейеді.

Алқалық басқару — бүкіл ұжым болып шешім шығарудың нағыз бұқаралық түрі. Басшы беделінен ұжым беделі басым түсіп жатқан бұл жағдай әрине оңай шаруа емес. Мұндайда адамдарды тәрбиелеу ісі де, мораль мен этика да басқару алқасына жүктеледі.



Қайта құру бүкіл қоғамымыздың, экономикамыздың басқару механизміне ықпал етіп, өмір сүру қабілетінің формасы түбірімен өзгеріп жатқан бүгінгі таңда — алқалық басқару адамдардың бойында жаңа сана-сезімнің қалыптасуына ықпал жасайды. Басқарудың алқалық түрі ұжымның бойындағы жауапкершілікті, өз ісіне деген қожайындық сезімді нығайтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет