Кітапхана жүйесі Ақпараттық-библиографиялық бөлімі



Pdf көрінісі
Дата04.02.2017
өлшемі9,68 Mb.
#3401

Ақтөбе облысы,

Қобда ауданы

Абылқайырхан көшесі, 16

Орталық кітапхана

Тел: 8-7132-41-21-110

Қобда  аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесі

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі

Ата заң –

 ел болашағының негізгі

баспалдақтары

30-тамыз  Қазақстан Республикасының

Ата заң күніне арналған

Ақпараттық-библиографиялық

                                     ұсыныс

                                   

2012ж.


Құрастырушылар:

Қобда аудандық орталықтандырылған

 кітапхана библиографы  Шайхина Р. М.

Шығаруға жауапты :

 Қобда аудандық орталықтандырылған

 кітапхана директоры Исатаева Б. К.



                           

               

                   

                     

                       Мазмұны:

Қазақстан  Республикасының конституциясы --------1 бет

Алғы сөз --------------------------------------------------            2 бет

Ата заң--------------------------------------------------- ----------3 бет

«Жеті жарғы» қазақ заңдарының жиыны-------------- -5 бет

Тәуке ханның  «Жеті жарғысы» ----------------- ---------  6 бет

«Қасым  ханның қасқа жолы»------------------------------ -8 бет

«Есімханның ескі жолы»------------------------------------ -10 бет

Ата заң – ел болашағының негізгі

бағыттары -----------------------------------------------------   11 бет

Қазақстанның Республикасының

Мемлекеттік Туының сипаттамасы ------------  ------ -21 бет

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Елтаңбасының сипаттамасы -----------  22 бет

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік гимні ------------------------------------------ -24  бет

Ата заң – ақиқаттың ақ жолы ---------------------------- -25 бет

Библиографиялық көрсеткіштер—---------------------- -26 бет

Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------- -27 бет

             

1

                          



                                    Алғы сөз

    Әлемдегі кез келген  тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар 

бойы   өз   құнын   жоғалтпай,   ұрпақтан   ұрпаққа   мұра 

болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай 

Ата   заң   біздің   елімізде   де,   яғни   Қазақстан 

Республикасында   да   ел     тәуелсіздігімен   бірге 

қабылданды.   Мемлекетіміздің   қысқа   уақыт 

аралығында өз Конституциясын жасап, қабылдағаны 

талайларды   таң   қалдырғаны   рас.   Бірақ   біз   құптай 

қарағандарға да, сынай үңілгендерге де мән берместен 

өлшеулі   уақыт,   табанды   талап,   шығармашылық   іс-

әрекеттің   арқасында   алға   қойған   мақсатымызға 

жеттік.

           Соған орай, шынайы дербестік рәміздері болып 



табылатын Ата Заңымыз, жаңа Туымыз,  Елтаңбамыз 

және   Әнұранымыз   қабылдануы   еліміздің   жаңа 

жылнамасына   жарқын   әріптермен   жазылар   оқиғаға 

айналды.   Ал   ұлттық   зердемізге,   ой-санамызға 

бойтұмар болар қасиетті Ата Заңымыздың   болмыс-

бітімін,   мән-мағынасын   жақын   білу   баршамыздың, 

парызымыз.   Мақсатымыз   ҚР   Ата   заңы   туралы 

мағлұмат   беру,   өз   Отанын   сүю,   ҚР-ғы   достықты, 

сенімді   сақтау   керектігін   ұғындыру.     Соған   орай 

Қобда   аудандық   орталықтандырылған   кітапханасы 

«Ата заң – ел болашағының негізгі бағыттары»

 

атты 



библиографиялық ұсынысты  көпшілік оқырмандарға, 

оқушыларға арнайды

.

2

        



   

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ – ТӘУЕЛСІЗ 

МЕМЛЕКЕТТІҢ  НЕГІЗІН  ҚАЛАУШЫ

\Бас ред. Б. Ө. Жақып,-Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясы» ЖСШ, 2010.-228 бет.

2.Қазақтың ата заңдары: құжаттар, зерттеулер –

Древний  мир права казахов: 

10 томдық, \Бағдарлама жетекшісі С. З. Зиманов. 

– Алматы: Жеті жарғы, 2-ші том.-2003.-. 464 бет

3.Заң және заман:- Қоғамдық – саяси, ғылыми – 

құқықтық журнал.-2008ж.- №5

4.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік 

рәміздері. Символы независимости Республмкм 

Казахстан. - Алматы. «Алматы кітап баспасы» 

ЖСШ, 2008.- 240 бет. Суретті(қазақша, орысша, 

ағылшынша)

5.Қазақстан Республикасының конституциясы – 

Астана: Елорда, 2008.- 56 бет.

6.Шаймерденов Е. Ш.

 Елтаным.- Алматы: «Экономика». 2005.- 304 бет.

7.Қазақстан Республикасының Президент Н. Ә. 

Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.Әлеуметтік-

экономикалық жаңғытру- Қазақстан дамуының басты 

бағыты. 2012ж.- 12 қаңтар.- 43 бет.і

27


          

   Библиографиялық

                           көрсеткіштер:

1.Ахметов Әшімхан, Ел және Елбасы 2012ж.

\Дала мен қала.- 2012ж.- № 7.- 13 ақпан.- бет7-8.

2.Әбілов Е, Сыбайлас қылмыс азайып келеді.

\Заң газеті.- 2007 ж.-№158.- 16 қазан.-бет 2.

3.Егізбаева Анаргүл, Басты тақырып – Ата заң.

\Қобда.- 2011ж.- 1 қыркүйек.- № 37.- бет 3.

4.Елекеев   Иран,   Жаңарған   Қазақстанды   жаңаша 

таныту.\Егемен   Қазақстан.-   2010ж.-   №16-17.-   20 

қаңтар.- бет2.

5.Ерғалиева Г, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

« Қазақстан -2030»

\Қобда.- 2007.- ақпан.- бет1.

6.Қазақстан Конституциясы

\Ақтөбе.- 2011ж.- №106.- қыркүйек.- бет2.

7.Әлисұлтан   Құланбай,   Мемлекеттік   қызметкер   болу 

абыройлы міндет

\Егемен Қазақстан.- 2011ж.- 6 шілде.- №287-288.- бет1.

8.Рафаэль Ниязбек,

   Ата зан.

Парасат.-2007 ж.-№8.- тамыз.-бет2

9.Рахатқызы Мейрамгул,Жолдаулар

    \Ақтөбе.- 2088ж.- 8 ақпан.- бет 6.

10.Уразова   Ақшолпан,Конституция   –халықтың   әл-

ауқатының құқықтық негіз

і/Қобда.- 2010ж.- 25 тамыз.- №36.- бет 2.

26

                      Ата Заң

Қайран  уақыт  сертінен  жаңылғанда,

Талай  сынап  көргенмін  бағымды  алда.

Ата  заңды  мен  неге  пір  тұтпаймын,

Табиғатың  заңына  бағынғанда.

Ата  заңым  қаққанда  ақ  қанатын,

Елім  түгел  баянды  бақ  табатын,

Адалдықтың  ақ  шыңы  түрегелген,

Көкірегінен  дария  ақтаратын.

Өткендердің  бәрінен  өте  білген,

Жұрттың  бәрі  бүгінде   төте  жүрген.

Ата  заңды  жырласам  буырқанып,

Асқақ  рухым  кеудемнен  көтерілген.

Ақ  боз  үйін  ту  байлап өрге  тіккен,

Жұрттың  бәрі  қонағын  төрде  күткен.

Қандай  зауал  туса  да  айнымайтын,

Ата заңым – қасиет  елге  біткен

                            Рафаэль  Ниязбек

3


      Ата Заң туралы  дәйек сөздер 

«Біздің  басты  жетістіктеріміз – 1995 

жылы бүкіл халқымыз  қабылдаған 

Конституциямыздың  жемісі»

                Н. Назарбаев

«Конституция – Қазақстанның 

тұрақтылығы мен өркендеуінің  негізі»

Н. Назарбаев

«Конституция біздің басты 

құндылықтарымызды – Тәуелсіздікті, 

Бейбітшілік пен Тұрақтылықты 

ғасырларға бекітті»

Н. Назарбаев

  Ата Заң әркімнің бой тұмары болып, 

оның әрбір қағидасы   мүлтіксіз 

орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол 

жеткіземіз

                             Н. Назарбаев

4

           



           Ата заң – ақиқаттың ақ жолы

                     

 

 

 

  

  

              

  

                     



                                              

                                                              

                                          

25


Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік

                                    Гимні

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы, 

Ерліктің дастаны, 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген, 

Даңкымыз шықты ғой. 

Намысын бермеген, 

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, 

Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тәуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты, 

Мәңгілік досындай. 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай!

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің  - Қазақстаным

24

    



 «Жеті жарғы» қазақ заңдарының жиыны

        Қазақ   даласының   ереже-қағидаларының   үлгілі 

нұсқасы,   халықтың   тәртібі,   салт   дәстүрінің   негізгі     де, 

әсем   жиынтығы   –   «Жеті   жарғы»   қазақ   қоғамына 

біртұтастық беріп, ынтымақтық әкелді. 

    Қазақ құқығын зерттеуде үш кезеңге бөліп көрсетуге 

болады.   Бірінші   кезеңі     -   Қазақ   Даласын   патшалық 

Ресейдің   отарлауымен   байланысты,   Хроникалық   түрде 

ол ХVІІІ-ХХ ғасыр басын қамтиды. Екінші кезең – Кеңес 

үкіметімен тұстас (1917 – 1989жж.),

      Үшінші кезең  - тәуелсіз қазақ мемлекеті – Қазақстан 

Республикасы   1990   жылдан   бастап   құрылған   кезден 

басталады.   Алғашқы   екі   кезеңде   қазақ   құқығының 

мәселелерін   қарастыру   патшалық   Ресейдің   отарлау 

саясатына,   кейін   Кеңестік   мемлекеттің   империялық 

саясатының   бағытына   сай   жүргізілді.   Әдет-ғұрып 

ережелеріне   негізделген   қазақ   құқығын   жүйелі, 

обьективті түрде зерттеу тек соңғы жылдары – үшінші 

кезеңде бой көтерді.

            

«Шығайдан соң орнына Тәуке қалды,

                    Кезінде Әз-Тәуке деп атақ алды.

               Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,

     Дейтұғын   «Жеті Жарғы» заң шығарды»,  -

     деп  Нәбиден Әбутәлиев   жырлағандай 

5


                         Тәуке ханның  «Жеті  жарғысы»      

            Ұлытауда үш жүз тайпалары өкілдерінің  қол  қойған 



«Таңбалы тасы»  шын мәніндегі   қазақтың тұңғыш 

Конституциясы еді.

       Ордабасындағы, Күлтөбедегі бүкіл қазақтық кеңесі, 

Мәртөбедегі   хан   ордасындағы   жиындар,   құрылтай, 

билер арқасы,  қазылар  арқасы, бүкіл қазақтық  ордаға 

көтерілген   Абылайдың   ақ   туы   ғажайып   дала 

демократиясының ұлы көрінісі еді. Тәуке ханның «Жеті 

жарғысы» қазақ ата заңдары тарихында маңызы зор ірі 

ескерткіш болып табылады. 

               Өйткені, ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен 

ХVІІІ   ғасырдың   басы   Қазақстан   үшін   қилы   да   қиын 

дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздық 

пен   дау-жанжал,   қақтығысқа   белшесінен   батқан 

қазақтарға   шығыстан,   Арқадан   төтеп   берген   жоңғар 

қалмақтарының   шабуылдарына     кесе   көлденең   тұра 

алмайүлкен қырғынға ұшырай берді,  қатты күйзелді. 

Осындай   кезеңде   хандық   құрған   Тәуке   хан     (1680   – 

1718)   алдымен     Ресей   және   оңтүстіктегі     көрші 

елдермен     қарым-қатынасын   түзей   отырып,   қазақ 

қоғамының     ішкі   жағдайын   нығайтуға   көз   салады. 

Тәуке   хан   ыдырап,   берекесі   кеткен   қазақ   халқының 

басын қосып, дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ 

хандықтардың   уақытша   болса   да   ынтымақтығын 

көздемей   тұрып,  сыртқы   жаулармен   батыл   күресуге 

болмайтынын түсінді.

    Осы мақсатпен Тәуке хан әйгілі билер тобына  сүйене

6

              Шаңырақ   әлемнің   біртұтастығын   мемлекеттік 



бастауы  отбасы  ошағын  бейнелейді.     Қанатты  тұлпар 

мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір 

шаңырақ   астында   өмір   сүріп   жатқан   халықтардың 

рухани   байлығының   белгісі.   Қанатты   тұлпар 

болашаққа   үміт  артар   жас   ұрпақтың   арманы   ,   самғау 

биігі. 


         Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар.  Әр 

адамның   өмірінде   жол   көрсетер   өз   жұлдызы   болады. 

Мемлекеттің   де   осындай   жұлдызы   болуы   керек. 

Қазақстан     Республикасы   Мемлекеттік   Елтаңбасының 

авторлары   сәулетшілер   Шота   Уәлиханов   пен 

Жандарбек Мәлібеков.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік  Гимннің авторлары :

сөзін жазғандар:

Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев,

әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов.

Тарихымызда «Алтын сөреден»

өз орынын алып, мәдени мұра

ретінде сақталады.

23


                       

            Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік 

Елтаңбасының  сипаттамасы .

  Қазақстан   Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 

-   дөңгелек   нысанды   және   көгілдір   түс   аясындағы 

шаңырақ   (киіз   үйдің   жоғарғы   күмбез   тәрізді   бөлігі) 

түрінде бейнеленге, шаңырақты айнала күн сәулесіндей 

тарап  уықтар  щаншылған.  Шаңырақтың  оң жағы  мен 

сол жағында  аңыздардағы  қанатты  пырақтар   бейнесі 

орналастырылған.   Жоғарғы   бөлігінде   –   бес   бұрышты 

көлемі жұлдыз, ал төменгі бөлігінде  «Қазақстан»

деген   жазуы   бар.   Жұлдыздың,   шаңырақтың,   уықтың, 

аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ 

«Қазақстан»   деген   жазу   алтын   түстес.     Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне 

шаңырақ  алынған.  Ол Елтаңбаның жүрегі іспеттес.

22

  отырып,   қазақ   қоғамына     ірі-ірі   реформалар   енгізді. 



Бұл   реформалар   қазақ   қоғамының   басын   біріктіріп, 

күшін   жинауда,   сыртқы   жауға   тойтарыс   беруде, 

күйзелген   халық   шаруашылығын   жөнге   келтіруде 

елеулі   роль   атқарды.   «Жеті   жарғының»   жөн 

жобаларының     ХХ   ғасырдың   басына   дейін   ауыл,   ру, 

ұлыс   ішіндегі   қарым-қатынастарға   тікелей   қатысы 

болып келді.  

             Біздің   Ата-бабаларымыздың   әдет-ғұрпы   «Жеті 

жарғының» негізгі бір қайнар көзі болып табылады.

             «Жеті жарғы»  мазмұны жағынан   үш құрамнан 

тұрған деуге болады. 

           Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып құқығы – 

«Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, 

         екіншіден,   одан соңғы өзгерістер,   соның ішінде, 



«Еңсегей     бойлы     Есім   ханның   ескі  жолы»  деп 

аталатын нормаларын  қамтыған,  

            үшіншіден,  Тәуке   ханның  дәуіріне,   саясатына 

сәйкестендіріп   әдет-ғұрып  нормаларына   өзгерістер 

жаңалықтар енгізілген

7


                «Қасым Ханның қасқа жолы»

      1511 жылдан бастап Қасым хан  қазақ жерінде хан 

болған.   Оның   хандық   аумағы   батыста   Сырдарияның 

оңтүстік   жағалауынан   басталып,   оңтүстік   батыста 

Түркістан қалаларына дейін жетіп, оңтүстік – щығыста 

Жетісудың   солтүстік     бөлігіндегі   таулар   мен 

алқаптарды   қамтыды.   Солтұстік-шығыста   Ұлытау 

қыраттары   мен     Балқаш   көліне   тірелді,   ал   солтүстік- 

батыста Жайық өзені алабына дейін созылып жатты.

      Белгілі ірі ғалым Әлкей  Марғұлан «Қасым ханның 

қасқа   жолы»   заңдарын   былайша   түсіндіреді:   «Қасым 

ханның қасқа 

жолының»   негізі Орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай 

ұлыстары қолданған «Ярғу» заңынан алынған, қазақша 

«жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні 

жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, 

айырудан шыққан.  Дауды әділ, тура шешкен билерді

халық бұқарасы ардақтап «Қара қылды қақ жарған» деп 

мадақтаған.   Өзінің     мазмұны   бойынша   бұл   заңның 

түбегейлі   идеясы   ежелгі   әскері-демократия   арнасына 

барып тіреледі. 

  

ХV ғасырдың соңында, ХVІ ғасырдың 



басында  Бұхардың-қазылары   келіп   жүріп   қазақ 

өлкесінде  діни   үгіт   таратып,       «ежелгі   Жарғы   заңын 

қалдырыңдар, ол көкке табынатын дінсіздіктік ісі, оның 

орнына шариғат   қағидасына ауысыңдар, ант бергенде 

«көк   соқсын»   деп   айтпаңдар,   құран   соқсын   деп, 

құранды бастарыңа көтеріңдер» деп үгіттейді       Бірақ, 

халық бұқарасы оған селсоқ қарап, көп заман шариғат 

қағидасына   ойыса   қоймайды.

   

Уақыттың   көбін   мал 



бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың

8

                   



    Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік 

                                                  Туының сипаттамасы

Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік   туы   , 

ортасында шұғыла күн , оның астында қалықтап ұшқан 

қыран   бейнеленген   тік   бұрышты   көгілдір   түсті   мата. 

Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ 

түрінде   нақышталған.   Тудың   ені   мен   ұзындығының 

арақатынасы  - 1:2 

             Қазақстан     Республикасы  мемлекеттік  туының 

біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, 

әрқашанда  бейбітшіліктің,   тыныштық   пен   жарқын 

болашықтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанда 

еске салады. 

      Герельдика тілінде  көк түспен оның реңктері адам 

бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне 

сәйкес   келеді.   Шұғылалы   алтын   күн   тыныштықпен 

байлықты   бейнелесе   ,   дала   бүркіті   Қазақстандықтар 

ұғымында дарқандықпен қырағылық биіктік белгісі. 

      Қазақстан   Республикасы     Мемлекеттік   туының 

авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

   Елтаңбада кең байлық Отанымыздың өткен тарихы, 

бай   дәстүрі,   салт-санасы,   жасампаз   рухы   толық 

танылады. 

21


   Қазақстан қашанда Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен 

еңселі,   Әнұранымен   айбарлы.   Сондықтан   көк 

байрақтың   астында   барлығымыздың   жүрегіміз   Отан 

деп соқсын.

           1992 жылдың 6 - маусымы ел тарихында ерекше 

мәртебелі   күн   болып   қалары   ақиқат.   Жаңа   елдік 

рәміздерімзді Абай атындағы опера және балет 

театрының зәулім ғимаратында салтанатты түрде жер- 

жаһанға   жария   етілді.   Тұңғыш   Президентіміз   Н.   Ә. 

Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып:



 

          «Мазмұнына   өрнегі   жарасқан 

тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, 

күніміз мәңгі сөнбесін!» 

 

Қазақстан  

  Республикасының 

Конституциясының  

  9-бабында   - 

Қазақстан

 

Республикасының 

мемлекеттік     рәміздері   -     Туы, 

Елтаңбасы   және   Гимні   бар.   Олардың 

сипаттамасы   және   ресми   пайдалану 

тәртібі   конституциялық  

  заңмен 

белгіленеді.

20

қағидалары өте қиын болып көрінген.



                 Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым 

хан,   саяси   жағдайының   шиеліскен   кезінде,   халық 

бұқарасының,   билер   тобының   көптен   бергі   ойына 

қарсы   тұрмай,   қайта   олармен   бірігіп,   шариғатты 

бүтіндей қалдырып, халықтың тілегіне жақын әрі ерте 

заманнан   оларға   түсінікті   ежелгі   «Жарғы»   заңын 

жаңадан   күшейтеді.   Халықтың   қалың   бұқарасы 

Қасымның   шариғатты   алмай,   ежелден   қалыптасқын 

билер заңы –

   «Жарғыны»   жаңадан  көтергенін  қатты  ұнатып,  оны 



«Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен екен.

                            

9


               «Есім ханның ескі жолы»

    деп   аталған   заң   жобаларын   Қасым   ханмен  туысқан 

Жәдік   ханның   немересі,   Шығай   ханның   баласы   Есім 

хан   заманында   қабылдаған.   Жошы   хан   әулетінде   40 

жылдан   астам     хандық   тақта   отырып,   өмір   сүрген 

қазақтың  ханы – тек Есім хан болған деседі. Бұл факті 

әлі де болса анықтай түсуді керек етеді. Қазақ  Совет 

Энциклопедиясында   Есім (1598 -1645)  47 жыл хандық 

құрды десе,  Қазақ  ССР тарихында (1598 -1628) 30 жыл 

хандық құрған  деп көрсетілген. 

    Есім хан өзінің  40 жылдан артық хандық етіп тұрған 

кезінде, өзінен бұрын өткен қазаққа мәлім атасы Қасым 

ханның қалдырған «әдет- ғұрып, салт- сана» заңдарына 

сүйеніп,   көптеген     жол-жоба,   кәде-қаумет     заңдарын 

шығарған. Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың 

кезінде қолданғаны «Есіинен қалған ескі қол жол-жоба» 

болғандықтан,   кейінгілер  «Есім   ханның   ескі   жолы» 

атандырыпты.



      Тәуке хан қайшы қауымның ыдырауын тездететін, 

әлсірететін   жақтарына   ғана   реформа   жасады.   Билер 

үстемдігін   күшейтетін,   рулардың   ара-   қатынасын 

біріктіретін шараларды енгізді. 

10

19


алдындағы   жауапкершілігі   алдыңғы   орындарда   тұруы 

қажет.


      Елбасының белгілегеніндей  Конституция қоғамның 

дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның 

дамуын қадағалап отырады.                       Конституциялық 

нормаларды   қадағалау   біздің   республика   заңының 

мемлекеттік   дамуына   бағытталады.         Конституция 

біздің   саяси,   мәдени,   рухани   және   экономикалық 

дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады.

.     Егемен еліміздің жаңа негізгі заңының қабылдануы 

жаңа   мыңжылдық   табалдырығында   Қазқстан 

тарихындағы   атаулы     оқиға   болып,   тәуелсіз 

мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа сатысына 

негіз салды. Тап осы Конституцияны ел тарихындағы 

идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық деңгейге сай 

биік мажадагі заң деуге толық негіз бар.

     Қазақстан Республикасының Конституциясы - әрбір 

жекелеген   азаматтың   өмірдегі   қарым-қатынасының, 

күнделікті   іс-әрекетінің   негізі,   ол   –   бүкіл   еліміздің 

болмыс-бітімі.  Еліміздің  айнасы - Ата Заңымыз жасай 

берсін!

18

                Ата заң -  ел болашағының



                                      негізгі бағыттары

  1991жылдың   16желтоқсан   күні   Қазақстан     Жоғары 

кеңесі   республикамыздың   тәуелсіздігі мен егемендігі 

туралы   Заң   қабылдаған   болатын.   КСРО   тарағаннан 

кейін     Қазақ     Советтік   Социалистік   Республикасы 

соңғылардың бірі болып өз егемендігін алды. Бұл құжат 

тәуелсіз   мемлекеттің   конституциялық   –   құқықтық 

негізін   қалады   және   осы   уақыттан   бастап   оның   жаңа 

тарихы   басталды.   Қазақстан     Республикасының 

мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 

   1993 жылғы 28қаңтарда тұңғыш қабылданған   бас 

құжаттың   кейбір   тарауларына     өзгерістер     мен 

толықтырулар енгізіліп, 1995жылы 30 тамызда қазіргі 

Ата     Заңымыз   қабылданды.   Кеңес   өкіметі   кезінде 

конституция  өкілетті органдармен  қабылданған болса, 

біздің   негізгі   құжат   халықтың   жалпы   дауысымен 

референдумда   қабылданды.  

  Қазақстанның 

конституциясы   тарихы     тереңде   жатыр.   Қазақ 

қоғамының         құқықтық негізі сонау «Қасым ханның 

қасқа   жолы»,   «Есімханның   ескі   жолы»     және   «Тәуке 

ханның   Жеті   жарғысынан»   бастау   алып   дала 

Конституциясына     ие   болғаны   белгілі.     Жаңа 

қабылданған   Ата Заңымыз   еліміздің дамуына үлкен 

жол ашты. 

    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:

«Ата   Заң   әркімнің   бойтұмары   болып,   оның   әрбір 

қағидасы мүлтіксіз орындалған да ғана ортақ мақсатқа 

қол жеткіземіз» деп  айтқанындай  Ата Заңымыздың

арқасында үлкен жетістіктерге жеттік. Ата Заң әр 

11


мемлекеттің саяси бет-бейнесін көрсететін, оның

мызғымастығымен біртұтастығын,   халықтың, биліктің 

қағидаларын   бекітетін   барлық   құжаттардың     қайнар 

көзі,  бастауы болып табылады..

          .Қазақстан   өзінің   мемлекеттілігін   құрған,   даму 

бағытын   айқындаған,     ұлт   тәуелсіздігінің   негізін 

қалаған   және   нығайтқан   ел.   Азаттық   жолында 

халқымыз   қандай   ауыртпалық   болса   да   шыдап,   асқақ 

рухы,     жігері   жасымады.   Елдің   тұтастығы   мен 

тыныштығын сақтауға үлес қосқан тұлғалардың рухын 

ұлт   мақтанышы   ретінде   ардақтап   келеміз.   Халық 

қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Отан үшін 

отқа  түс   күймейсің»  деген   ұлағатты   сөзімен   алсақ, 

әрбір азамат Отанын дүниедегі ең қадірлі, ең аяулы 

– анасына теңейді. 

               

Қазақстанның  қымбат қазынасы – адам және 

адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Биылғы 

жыл еліміздің егемендігіне 21жыл толып отыр. Еліміз 

21 жылда ерен жетістікке жетті Ата заңымызғы  17 жыл 

толып отар. Бүгінгі күн біздің  Қазақстан барлық әлемге 

танымал  Қазақстан.  Ел басшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың     елімізді   басқарған   уақыты   –   тарихи 

оқиғаларға, толы кезең. Бұл кезең еліміздің тәуелсіздігі

мен   егемендігін   жариялаған  

  Декларациясын, 

Қазақстанның   дербес   мемлекет   екендігін   көрсеткен, 

Ата Заңын мемлекеттік рәміздерін қабылдап, елімізді

егемен   мемлекет   ретінде   барлық   шет   мемлекеттердің 

таныған кезеңі болып отыр.

12

Конституцияның  ІІ тарауы  «Адам  және  азамат» 



деп   аталуы   тегін   емес.   Жыл   сайын   30   тамызда 

республикамызда   негізгі   мерекелердің   бірі   – 

Конституция   күні   атап   өтіледі.   1995   жылғы 

реферундумда Ата Заңымызды қолдап, отандастарымыз 

Қазақстанның   мемлекеттілігін,  азаматтық   бейбітшілік 

пен келісімді нығайтуды таңдады. 

Ата   Заңның   басты     мақсаты   –   адам   құқығын 

қорғау.   Дәлірек   айтқанда,   мемлекет   адам   құқығын 

қорғау   функциясын   орындаудағы   еліміздегі   қоғамдық 

құрылыстың   арқауы   азаматтардың   негізгі   ұстанымы 

еркіндік пен бостандығын заңдылықпен сенімді түрде 

қорғай білуді басшылыққа алып, өзіне жүктелген бұл 

функцияны бүгінде тыңғылықты атқаруда.

Ата     Заңымызда   атап   көрсеткендей,   адамның 

өмірі, оны қорғау, орын алған заңсыздықтарды қалпына 

келтіру құқық қорғау органдарының басты борышы.

Конституция   мемлекетіміздің   тарихи   дамуының 

негізі   ретінде   ғана   танылып   қоймай,     ол   барлық 

заңдардың   бастауы   болып   табылады.   Конституция 

адамның   жеке   бас   бостандығы,  жеке   өміріндегі 

құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы 

рөлі айқын  тұжырымдайтын маңызды құжат.

       Конституцияның негізгі қағидасы ретінде «адам 

мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаралған» 

деген тұжырымға келеміз. Дүниежүзілік тәжірибеде 

көрсетілгендей адамға деген сыйласымдық, жеке өмірі 

мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын 

көрінісі. Сондықтан азаматтарымыздың мемлекет

17


      Конституциясының   болуы   міндетті   және   онда 

айтылғандарды   бұлжытпастан   орындау   барлық 

азаматтың қасиетті борышы.       

          Қазақстанның   конституциялық   құрылысының 

тарихында бес рет конституция жазылып қабылданды 

(1926,   1937,   1978,   1993,   1995   жылдар).   Олардың 

әрқайсысы   қазақстандық   мемлекеттіліктің   ұлттық 

автономиядан   толық   мемлекеттік   дербестікке   және 

егемендікке   дейінгі   дамуының   белгілі   бір   кезеңдерін 

көрсетті. 1995 жылы қабылданған Қазақстанның қазіргі  

Конституциясы   еліміздің   мемлекеттік   тәуелсіздігінің 

жаңа өрлеуін заңды түрде нығайтты.

           Елбасы   «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту-Қазақстан 

дамуының   басты 

бағыты

» атты Жолдауында Ата Заңды   басшылыққа 

ала   отырып,   Қазақстан   жолының   жаңа   кезеңі   – 

экономиканы   нығайтудың,   халықтың   әл-ауқатын 

арттырудың жаңа міндеттері,  оның ішінде   он бағыт 

бойынша  міндеттер   кешенін   жүзеге   асыруды   атап 

көрсеткен..   Конституциялық   кеңестің   бір   шешімінде 

атап көрсетілгендей, адамды, оның өмірін, құқықтары 

мен   бостандығын   конституциялық   тұрғыда   мойындау 

ең жоғарғы құндылық болып табылады.  

Айта кету керек, адамның өмірге, бостандыққа және 

меншікке құқығы Қазақстан халқы қабылдаған 

Конституцияны сыйлау, құрметтеу және Отанды қорғау 

міндеті болып табылады. Мұның бәрі – азаматтардың

конституциялық   міндеті.   Адам   өзінің   Отанында   ғана 

Азаматтығы арқылы адам болып қалыптасады.

16

Әлемдегі   кез   келген   тәуелсіз   мемлекеттің   ғасырлар 



бойы   өз   құнын   жоғалтпай,   ұрпақтан-ұрпаққа   мұра 

болып   келе   жатқан   заңдар   жинағы   болады.   Осындай 

Ата   Заң   біздің   елімізде   де,   яғни   Қазақстан 

Республикасында   да   ел   тәуелсіздігімен   бірге 

қабылданды. Мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында 

өз   Конституциясын   жасап,   қабылдағаны   талайларды 

таң қалдырғаны рас. Бірақ біз құптай қарағандарға да, 

сынай үңілгендерге  де мән  берместен өлшеулі уақыт, 

табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында 

алға қойған мақсатымызға жеттік.

           Сөйтіп,   Қазақстан   Республикасы   өзінің 

демократиялы,   зайырлы,   құқықтық,   әлеуметтік 

мемелекет   екенін   Ата   заңы   арқылы   да   бүкіл   әлемге 

танытты.   Қазақстан   Республикасының   Конституциясы 

егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа 

кезеңіне жол ашқан заңнамалық акт еді. 

Ата   Заңның   қабылдануы   конституциялық 

құрылыстың   құқықтық   негізін   қалады,   мемлекеттік 

тетік   және   қоғамдық,   саяси   жүйенің   негізгі 

қағидаттарын   орнықтырды.   Адам   мен   азаматтың 

конституциялық   мәртебесін   белгіледі.   Конституция 

Қазақстан   Республикасы   дербес   мемелекет   ретінде 

ұлтына   қарамастан   онда   тұратын   барлық   адамдардың 

еркіне сәйкес жасалды.



Ата   Заңның   алғы сөзінде   «Біз   ортақ   тарихы   бар, 

 тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп

жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде 

екені айтпаса да түсінікті. Себебі, Қазақстан

13


халқының   тарихи   тағдырының   бірлігі   ел   аумағында 

көптеген ұлт өкілдерінің жүздеген жылдар бойы бірге 

тұруы   нәтижесінде   қалыптасты.   Олар   әр   кезеңде   әр 

түрлі жолдармен  біздің атамекенімізге қоныс аударды. 

Бірнеше ұрпақтар ауысуының барысында Қазақстанда 

болған   саяси,   экономикалық,   әлеуметтік,   мәдени 

оқиғалардың   қатысушылары   мен   куәгерлері   болды. 

Бірлесе   отырып,   елдің   тәуелсіздігін   қорғады,   жеңіс 

үшін майданда қатар жүріп ерлік көрсетті.

Тәуелсіз   Қазақстан   Республикасы   құрылғаннан   кейін, 

елде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың адамдары 

егемен   мемлекетті бір кісідей мойындады. 

        Сөйтіп,   олар   өткен   кезеңдердегі   тағдырларының 

тарихи бірлігін іс жүзінде дәлелдей отырып, бірауыздан 

жаңа мемлекетті одан ары дамытуға   әзір екендіктерін 

білдірді.

           Қазақстан   Республикасы   Конституциясының 

идеяларын,   қағидаттарын   және   нормаларын   саяси, 

құқықтық   жағынан   талдау   еліміздің   экономикалық-

әлеуметтік,   рухани   тұрғыда   өсуіне   серпіліс   пен   қуат 

беретіні   анық.   Ата   Заң   адамның   құқығы   мен 

бостандығын   іске   асыру,   материалдық   әл-ауқатты 

жақсарту,   саяси   тұрақтылық   пен   қоғамдық   келісімді 

бекітудің,   құқық   тәртібі   мен   заңдылықты 

орнықтырудың  міндетті түрде орындалуға тиісті

шарты болып табылады.

    Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам 

өмірінің жол көрсетушісі – Ата Заңы болып табылады

14

Осы идеяның меншікке, азаматтардың құқықтары мен 



бостандықтарына,   қоғамдық   бірлестіктерге,   отбасына 

және   тағы   басқаларға   қатысы   бар   екендігін   ешқашан 

естен шығармауымыз керек.

      Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы 

мемлекеттік   биліктің   бірден-бір   қайнар   көзі   –   өзінің 

егемендік құқығын іске асырды. Сөйтіп, біз Ата заңда 

негізі   қаланған құқықтық мемлекетті және азаматтық 

қоғамды   қалыптастыру   жолын   таңдап   алдық.  Әрине, 

Қазақстан халқының егемен құқығы тек 

      Конституция  қабылдаумен  ғана  тиянақталмайды. 

Ол мемлекеттің аса маңызды мәселелерін шешуі үшін 

халықтың   бойындағы   барлық     конституциялық-

құқықтық мүмкіндіктерді  жинақтап қарастырады.

           Мемлекет   өмірінің   аса   маңызды   мәселелерін 

талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары 

әрбір азамат Конституцияда көрсетілген 

жауапкершілікті   жан-жақты   сезінуі   қажет. Қоғамның 

бүгіні   мен   болашағы   үшін,   жалпы   алғанда   өз   Ата 

заңымызды  құрметтеп, қорғап және маңыздылығын

жоғалтпай  сақтауымыз   біздің   барлығымыздың,   яғни 

Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың

           міндеті мен парызы. Себебі Конституция біздің 

бүгініміздің   негізін   қалай   отырып,   болашағамыздың 

берік   болуына   бастайтын   шамшырақ   іспетті   десек 

артық   айтқандық   бола   қоймас.   Кез-келген 

демократиялық   мемлекеттің   таңдаған   өркенитетті 

бағыты   бойынша   дамуына   ықпал   ететін   заңды 

іргетасы.



15


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет