Күкірт
қышқылын
өндіру
Жоспар
Күк рт
қышқылының
қолданылуы
Күк рт
қышқылының
өнд р сте
алынуы
Қышқыл
жаңбыр
Күкірт қышқылы химия өндірісінің өте
маңызды өнімдерінің бірі. Химиялық
өнеркәсіпте күкірт қышқылындай көп
өндірілетін бірде бір зат жоқ. Күкірт
қышқылынсыз
ешбір
химиялық,
металлургиялық өнеркәсіптер және
бірде бір химиялық лаборатория
жұмыс істей алмайды.
Күкірт қышқылы-
түссіз,
ұшқыштығы
төмен,
тығыздығы
1,84г\мл
майлы
сұйықтық.
Кейде
оны
“купоросмайы” деп атайды. Ылғал
тартқыш. Күкірт қышқылы суда
жақсы ериді. Еру кезінде көп
мөлшерде жылу бөлінеді. Ауадан
және басқа газдардан су буын
жақсы тартады.
I. Күкірт қышқылын өндіру үшін керек шикізат
Күкірт (S)
Түсті металдар сульфиді
Cu2S, ZnS
Пирит FeS2
Өндіріс схемасы
Бұл процесс төмендегідей екі реакция негізінде жүреді:
SO2 + 1/2O2 = SO3
SO3 + H2O = H2SO4
Күкіртті газдан күкірт қышқылын алу процесінде жылдамдығы өте аз.
Сол себепті бұл реакциялар катализатор қатысында жүреді. Қазіргі
уақытта жанасу әдісі бойынша концентрленген күкірт қышқылын,
олеум және 100 пайыздық күкіртті ангидрид алады.
II. Шикізат дайындау
Күкірт қышқылын пириттен FeS2 өндіруді қарастырамыз.
1. Пиритті ұсақтау. Пайдаланар алдында пириттің ірі
кесектерін ұсақтайтын машиналарда үгітеді. Заттарды
ұсақтағанда әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің
ауданы ұлғаятындықтан, реакция жылдамдығы артады.
2. Пиритті тазалау. Пиритті ұсақтаған соң, флотация
әдісімен оны қоспалардан (бос жыныстар мен топырақтан)
тазартады. Ол үшін ұсақталған пиритті суы бар өте үлкен
кеспекке (күбіге) салып араластырады, бос жыныс судың
бетіне қалқып шығады, содан кейін оны бөліп алып
тастайды.
III. Өндіріс химизмі мен технологиясы
Күкірт қышқылын пириттен өндіру үш сатыдан түрады.
Бірінші саты: пиритті қайнау қабатында, күйдіру пешінде жағады.
Бірінші сатының реакция теңдеуі:
4 FeS2(қ) + 11 O2(г) = 2 Fe2O3(қ) + 8 SO2(г) + 3420 кДж.
1. Жану реакциясы
2. Экзотермиялық
3. Гетерогенді
4. Катализдік емес
5. Қайтымсыз
Өртеуге арналған пештің температурасы 800'С-қа жетеді.
Түзілген темір оксидін Fe2O3 жинап, металлургиялық
комбинаттарға жібереді. Онда темір оксидінен металл
күйдегі темір және оның көміртекпен құймалары
- болат пен шойын алынады.
Осылайша химиялық қалдықсыз өндіріс принципі
Достарыңызбен бөлісу: |