Кла пан “Название газеты” ст р c m



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата07.02.2017
өлшемі32,61 Mb.
#3618
1   2   3   4   5   6

Алтынай ДӘУЛЕТОВА,

БҚО 

Мамандандырылған

ауданаралық 

экономикалық сотының 

судьясы                 

СОТ САЛАСЫН ҚАМТИТЫН  ҚАДАМДАР



19 қыркүйек күні кешкі сағат 

22.00 шамасында Оралдағы 

«Вишенка» саяжай қоғамында 

ер адамның өлі денесі табыл-

ды. 

Жантүршігерлік қылмыстың ізін жа-

сыру үшін құдыққа тасталған мүрденің 

үстінен  бетон  құйылғаны  белгілі  бол-

ды.  Қаза  болған  адамның  денесінде 

зорлық-зомбылық  белгілері  бар. 

Жедел-іздестіру  шаралары  барысын-

да  1988  жылы  туған  күдікті  ер  адам 

ұсталды.  Қазіргі  таңда  ол  қалалық 

ІІБ-ның  уақытша  тергеу  изолято-

рында  қамауда.  Аталған  іс  бойынша 

ҚР  Қылмыстық  кодексінің  128-бабы 

бойынша  қылмыстық  іс  қозғалды. 

Қылмыскерді  саяжай  тұрғындары 

білетін  боп  шықты.  Ол  осы  саяжай-

да  тұратын  жас  әйелдің  ашынасы 

екен. Бірінші күйеуінен ажырасқаннан 

кейін  көңіл  жарастырған  көрінеді. 

Сондай-ақ  соңғы  кездері  бұл  үйде 

шулы басқосулар жиі өтетінге ұқсайды. 

«Қылмысым  жария  болса,  қызыңды 

өлтіремін»  деп  қоқан-лоқы  көрсеткен 

көңілдесінен  қорыққан  әйел  мүрде 

жөнінде ешкімге тіс жармапты. Ал қаза 

болған азамат қылмыскердің өгей әкесі 

боп шықты.  

Мүрде табылды

Орал – ортағасырлық 

қала

Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен 



кейін  тарихшы-археологтар  Орал 

қаласының  өткенін  зерттеп, 

ақтаңдақтарды  ұлттық  көзқарас 

тұрғысынан  зерделей  бастады. 

1990  жылдардың  өзінде  тарихшы-

археолог  Ғаяз  Кушаев  үш  өзеннің 

ортасындағы  шұрайлы  жерді  ата-

бабаларымыздың  қоныстанбауы 

мүмкін  емесін,  қаланың  негізі 

әріректе  жатқанын  айтқан.  Дариян 

ауылы  немесе  Курени  маңында 

болуы мүмкін деп іздеу жұмыстарын 

жүргізгенімен  нәтиже  бермепті. 

Одан  бірнеше  жылдардан  кейін 

жол  салу  жұмыстары  кезінде  ғана 

қалаға 12 шақырымдық қашықтықта 

ескі  қаланың  орны  табылып,  ар-

хеолог  Ғ.Кушаевтың  болжамы 

шындыққа  айналды.  2001  жылы 

қараша  айында  табылған  орынға 

«Жайық қалашығы» атауы беріліп, 

2005  жылға  дейін  кішігірім  зерттеу 

жүргізілді.  Одан  кейін  2012-2014 

жылдары төрт маусымда атқарылған 

археологиялық  жұмыстар  ХІІІ-XІV 

ғасырларда  өлкемізде  қалалық 

мәдениеттің болғанын растады. Бұл 

іске  жергілікті  ғалымдарымызбен 

бірге  шетелдік  ғалымдар  да 

жұмылдырылды.  Осылайша, 

Оралдың  көршілес  Сарайшық 

қаласы  сынды  ортағасырлық  қала 

болғаны дәлелденді. 

Тарих ғылымдарының кандидаты, 

доцент  Жаңабек  Жақсығалиевтың 

айтуынша,  шаһарымыздың  негізі 

ХІІІ-XІV  ғасырдан  ертерек  болуы 

да кәміл.

–  Қала  тарихын  Алтын  орда 

дәуірімен  байланыстыру  үстіртін 

айтылған  деп  ойлаймын.  Себебі 

араб  саяхатшысы  Ибн  Фадлан 

өз  жазбасында  921-922  жыл-

дары  Жайық  пен  Шағанның 

қиылысындағы  өткелден  өтіп, 

бұл  жерде  қаланың  болғандығын 

жазған. Бұл Х ғасыр – Оғыз дәуірі. 

Х-ХІ  ғасырларда  Батыс  Қазақстан 

Оғыздар құрамында болды. Демек, 

болашақта  «Жайық  қалашығы» 

хақындағы  ізденістер  қаланың  та-

рихы  бірнеше  мыңжылдықтарға 

бойлайтынын көрсетеді деп сенеміз, 

– дейді Жаңабек Жаңабайұлы.    

Қыр қазақтары 

«Теке» деп атаған

Оралды  –  Жайық,  кей  де-

ректерде  Теке  деп  атайды. 

Қаланың  Орал  аталуы  1773-1775 

жылдардағы  Е.Пугачев  көтерілісін 

басып жаныштаған патша үкіметі ІІ 

Екатеринаның жарлығымен байла-

нысты. Тарих ғылымдарының канди-

даты Жәнібек Исмурзинның сөзінше, 

қала атауын халық жадынан өшіру 

мақсатында  ол  өзеннің  және 

қаланың  атауын  Жайықтан  Орал 

өзені,  Орал  қаласы  деп  өзгертіп, 

Жайық казак әскерін – Орал казак 

әскері деп ауыстырған. Содан бері 

Орал атауы сақталып келеді. 

Дегенмен қаланың бұрынғы ата-

уы «Жайық» болса, қыр қазақтары 

Оралды  «Теке»  деп  те  атаған. 

«Теке»  атауы  жөнінде  дерек-

тер  аз.  «Теке»  –  М.Тәжімұратов, 

Х.Әбдіжанов  сынды  ғалымдардың 

пікірінше,  «Тәке»  сөзінен  шыққан. 

Тәке  –  діни  ғибадат  ететін  орын. 

Жайық қалашығынан табылған қос 

кесене бұл пікірді толықтыра түседі. 

Жәнібек Аллаярұлы қаланың «Теке» 

аталуын  талдай  келе,  саратовтық 

Жарков есімді көпестің жазбасымен 

бөлісті.  Жарков  қазақтар  туралы 

жазбасында  Жайық  бойындағы 

елдімекендердің  атауын  жазып, 

«Теке»  –  бұл  жерде  маңызды 

қой  сауда  орнының  болғандығын 

көрсеткен. 

Ескерткіштер 

қорғауды қажет 

етеді

Қала  іргетасының  қалануы 



хақында  ой-пікірлерін  жалғаған 

Дәметкен  Сүлейменова,  Мұрат 

Қалменов,  Айболат  Құрымбаев 

сынды  тарихшы-өлкетанушылар 

«Старый  Уральскъ»  музейінің  ди-

ректоры  Геннадий  Мухин  түрлі 

деректермен  бөлісе  келе,  қала 

тарихын  жас  ұрпаққа  жеткізудегі 

қиыншылықтарды  ортаға  сал-

ды.    Тарих  ғылымдарының  кан-

дидаты,  доцент  Бақтылы  Бо-

ранбаева  шаһарымыздың  басқа 

қалалармен салыстырғанда тарихи 

ескерткіштерімен ерекшеленетініне 

назар аударды. Дегенмен олардың 

жағдайы қуанарлық емес. 

  –  Достық  көшесінің  бойында 

ХІХ  ғасырда  бой  көтерген  тоғыз 

ірі  архитектуралық  ескерткіш  бар. 

Осы  ескерткіштерімізді  өзге  елден 

келген  меймандар  қызығатындай, 

тұрғындарымыз  мақтанатындай 

ұстай алмай отырғанымыз көңілімізді 

қынжылтады. Өркениетті елдер үшін 

көне, ортағасырлық ескерткіштердің 

құндылығы  жоғары.  Ал  біздің 

ескерткіштерге  көңіл  бөлмеуіміз 

оның  тарихын  білмеуімізден.  1917 

жылға дейін қаланың нақты жоспары 

болған.  Кеңес  үкіметі  орнаған  соң 

ол  жоспар  бұзылып,  көшелердің, 

су  құбырларының  жүйесіздігіне, 

ескі  тарихи  ғимараттардың, 

алаңдардың  жойылуына  әкелді. 

Мәселен,  Орал  қаласын  зерттеп 

жүрген  азамат  Руслан  Вафиев 

Куренидан Д.Нұрпейісоваға дейінгі 

ескі  қаланың  бүгінде  оннан  бірі 

ғана  сақталғанын  жазған.  Тари-

хи  орындардың  қиратылып,  жеке 

адамдардың үйлерін кеңейтуі, сауда 

орындарының  бой  көтеруі  –  бұған 

нақты  дәлел,  –  деген  Бақтылы 

Сансызбайқызы бірнеше мысалдар 

келтіре отырып, қала архитектура-

сын  құратын  адамдардың  тарихты 

жете білуі керектігін алға тартты.  

  

Түйін: Атауы өзгергенімен шаһар 

гүлденіп,  заманға  сай  өркендеп 

келеді. Дейтұрғанмен, қаланың та-

рихи қалпын сақтаудың да маңызы 

зор  екенін  айтады  тарихшылар. 

Алаш  қайраткерлеріне  ескерткіш 

орнатып,  саябақ  ашу,  қаланың  та-

рихи  бөлігіндегі  көшелердің  біріне 

«Теке»  атауын  беру  –  қаланы 

тарихиландыруға  септігін  тигізеді. 

Бұл  өткенді  болашаққа  жеткізудегі 

басты  жұмыс  болмақ.  Сондай-ақ 

дөңгелек  үстелге  жиналғандар 

қаланың

 

Елтаңбасын  өзгерту 



қажеттігіне баса назар аударды.  

  

Эльмира НҰҒМАНОВА

Алғашқы  қалашықтар,  міне,  осы  сармат-

алан,  оғыз-пешенег  тайпаларымен  байла-

ныстырылады.  Шамамен,  1613  жылдары 

Орал  қалашығы  да  белгілі  бола  бастайды. 

Алғашында  «Яицкий  городок»  деп  атала-

тын қалашық патша Екатерина бұйрығымен 

аты  өзгертіліп,  Орал  деп  аталып  келеді. 

1932 жылдың наурыз айының 10-нда Батыс 

Қазақстан облысы құрылды. Оның орталығы 

ретінде тарихи қала –  Орал қаласы бекітілді. 

Осы жылдан бастап қаламыздың мәдениеті 

дамып, жылдан-жылға көркейе түсті. 

Оралым гүлденіп, Қазақстандағы ең әсем 

қала  атанса  деймін.  Өйткені  ол  осындай 

дәрежеге лайықты.

Жан-жағынан  сылдыраған  өзендері  сән 

беріп,

Жарқырашы,  жайна  Орал,  хас  сұлудай 



сәнденіп.

Бар халықты әлемдегі өз жаныңа жинашы,

Бәріне де махаббат пен бақыт гүлін сый-

лашы.


Қалада  көз  алмай  қарайтын  тари-

хи  ғимараттар  мен  ескерткіштер  өте  көп. 

Олардың  ішінде  1900  жыл  бұрынғы  иесі, 

жергілікті көпес Александр Каревтің құрметіне 

салынған Карев үйі ең көрнектісі болып табы-

лады. Ол үйді бастап салған көпес А.Карев еді. 

Ғимарат қаладағы ескі құрылыстар арасынан 

зәулімдігімен, қалыптан тыс үш биік қабатымен 

және  төбе  шатырымен  ерекшеленеді.  Бұл 

кірпіш тас қалау тәсілімен тұрғызылған. Орал 

қаласына келген көптеген даңқты жазушылар 

–  С.Сейфуллин,  П.Вермигора,  Н.Рошенков, 

Е.Пермитин,  Ғ.Мүсірепов,  Х.Есенжанов  осы 

үйге  мейман  ретінде  тоқтаған  екен.  Кеңес 

Үкіметі кезінде бұл ғимаратта көптеген меке-

мелер орналасқан. Облыстық басылымдар бір 

кездері осы жерді қоныс еткен. Қазіргі уақытта 

әсем, сүйікті қалам Оралда өзгеріссіз сақталып 

тұрған  ғимараттың  бірінші,  екінші,  үшінші 

қабаттарында  Ғ.Құрманғалиев  атындағы 

облыстық  филармония  мен  Ж.Молдағалиев 

атындағы  ғылыми-әмбебап  кітапханасы 

орналасқан.

Орал қаласындағы көптеген ғимараттардың 

жанында  ілінген  ескерткіш  тақталар  ке-

лер  ұрпаққа  тарих  куәсіндей  сыр  шертеді. 

Осындай  тарихы  терең  ғимараттардың 

бірі  –  бұрынғы  Атаман  үйі.  Ғимарат  1825 

жылы әскери архитектор М.Дельмединоның 

Италияның  «Палаццо»  стилінде  салынған. 

1830  жылдарға  дейін  атаман  Д.Бородиннің 

меншігінде  болған.  Атаман  Бородин  қайтыс 

болған соң оның мұрагерлері әскери қазынаға 

сатқан.  Ғимарат  1917  жылға  дейін  Орал 

казак әскери атамандарының резиденциясы 

болды. Осы үйде казак атамандары құрметті 

қонақтарды қабылдаған.

Ресейдің  болашақ  императорлары  Алек-

сандр II – 1837 жылы, Николай ІІ – 1891 жылы, 

В.Жуковский,  В.Даль,  Л.Толстой,  сондай-ақ 

Пушкин  де  болған.  Бұрынырақта  А.Гайдар 

атындағы  балалар  кітапханасы  болып, 

кейіннен  кітапхана  басқа  жерге  көшірілді. 

Күрделі  жөндеуден  өткізіліп,  қазіргі  уақытта 

БҚО ІІД-нің госпиталі болып отыр.

Тарихи  ғимараттар  қатарына  «Қызыл 

мешітті» де қоссақ болады. Тарихы тереңге 

бойлайтын  бұл  мешіт  XIX  ғасырдың  70-

ші  жылдары  салынды.  Авторы  белгісіз. 

Қазіргі уақытта ғимарат меценаттар есебінен 

жаңғыртылып, құдайға сенушілерге берілген. 

Қызыл мешіт жергілікті маңызы бар тарих және 

архитектура  ескерткіші  ретінде  мемлекеттік 

қорғауда.

Орал  қаласында  мұндай  шежірелі 

ескерткіштер  мен  ғимараттар  көп.  Әсем 

қаламыз  осы  ғимараттармен  шектелмей, 

жылдан-жылға гүлденуде. Мен Оралда 2014 

жылдан  бері  тұрамын.  Сұлу  шаһар  мені 

өзінің  әсемдігімен  еліктірді.  Саф  алтындай 

таза  ауасын  жұта  бергің  келеді.  Әдемі  де, 

көркем  жерлерін  көрген  сайын  көзің  той-

майды. Сүйікті қаламның тұнып тұрған әсем 

көрінісін  көз  алдыма  елестетсем,  бойымды 

ерекше  бір  мақтаныш  сезімі  керней  түседі. 

Әлемнің 7 кереметі болса, біздің қаламыздың 

да  7  кереметі  бар  екенін  мақтанып  айта 

аламын.  Мен  үшін  олар  –  Мәңгілік  алау, 

қалалық  мәдениет  және  демалыс  саябағы, 

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми 

әмбебап кітапхана, Қазақ драма театры, Мұз 

айдыны,  М.Мәметова  атындағы  мұражай, 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университеті.

Сегізінші  кереметі  деп  мен  Қала  күнінде 

ашылған  «Тәуелсіздік  алаңын»  айтар  едім. 

Алаңда  көз  тартарлық  дүниелер  мол.  Ең 

бірінші  көзге  түсетіні  –  ерекше  субұрқақ. 

Ерекше  типте  салынған  бұл  фонтанның 

мөлдір  тамшылары  бірнеше  метр  биіктікке 

тарайды. Әдемі көмкерілген гүлдер аллеясы 

да  қызықтырмай  қоймайды.  Әдемі  қаланың 

күннен-күнге  көркейіп  келе  жатқаны  бізді 

қуантады.

Орал біздің таза қала елдегі,

Тамсандырар әсем көркің сендегі.

Ақ Жайықта орда болған Оралға,

Тең келмейді барша қала жердегі.

Төрт жүз жылдық тарихы бар астарлы,

Белсенділік танытады жастары.

Күн шапағын төккен кезде шаһарға,

Ашық тұрар теңіздей көк аспаны.

Жұтқан ауаң шипа болар жаныңа,

Жайқалып тұр «Жасыл қала» маңы да.

Жүрсең де Париж бенен Дубайда,

Еске аласың Оралыңды сағына.

Туған қалам, тірек болар қорғаным,

Көрікті ғой жасыл желек орманың,

Жайна, жайна, жаса мәңгі Оралым!

Шахназ МАРАТОВА,  

қаладағы №30 мектептің

10-сынып оқушысы

Орал 


– Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала Жайық 

өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. 

Еуразия даласының нақ ортасында тұрған тарихи қаланың шежіресі 

сонау неолит заманынан басталады. Біздің заманымызға дейінгі бір 

мыңыншы жылдары қаламызда сақтар мен савроматтар өмір сүрген. 

О

ралыммен мақтанамын



Қаланың тарихы тереңде

К

үні кеше Қала күні кең көлемде аталып өтілді. 



Әйтсе де қалаға қанша жыл болғаны туралы 

нақты дерек көрсетілмейді. Бұған дейін Орал 

қаласының алғашқы іргетасы 1613 жылы қаланғаны 

туралы айтылып, Кеңес дәуірінде қаламыздың 350 

жылдық мерейтойы өткізілген. Ал үш жыл бұрын 

қалаға 400 жыл толғаны туралы да айтылған еді. 

Бірақ тарихшыларымыз бұнымен мүлде келіспейді. 

Айтуларынша, шаһарымыздың тарихы бірнеше 

мыңдаған жылдарды қамтиды және әлі зерттеуді қажет 

ететін мәселе. Бұл туралы 16 қыркүйек күні қалалық 

ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «БҚО Жаңа толқыны» 

қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жайық қалашығы: 

негізінің қалануы және қалыптасуы» атты дөңгелек 

үстелде айтылды. 



22 қыркүйек 2016 жыл

Тіркеу нөмірі: 14195-Г  25.02.2014 жыл

«Жайық үні – Жизнь города» газетіне қосымша 

Вестник Уральского городского маслихата

№38

 (428) 

СЕССИЯ

14

       №38    22.09.2016



САНАЙҒАҚ

Қыркүйектің 

15-і күні облыстық 

мәслихаттың 

кезекті 6-сессиясы 

өткен болатын. 

Сессия жұмысына 

қатысқан облыс 

әкімі Алтай Көлгінов  

жиын соңында 

қорытынды 

сөз сөйлеп,  12 

ауданның бүгінгі 

тыныс-тіршілігі 

жайлы өз ойын 

жеткізді. Сондай-

ақ осы мәжілісте 

халық қалаулылары 

Жәнібек аудандық 

колледжіне елімізге 

қадірлі азамат 

Мұстақым Біләлұлы 

Ықсановтың есімін 

беру туралы ұсынысты 

бірауыздан қолдады.  

Өңір басшысы өз сөзінде таяу-

да  Мемлекет  басшысының  тап-

сырмасымен  кеңейтілген  Үкімет 

отырысы   өткенін,  ел  экономи-

касын  дамыту  мен  әлеуметтік 

мәселелер жөнінде алда  көптеген  

мақсаттар  тұрғанын    жеткізді. 

Әсіресе, жаппай кәсіпкерлікті да-

мыту, халықты  жұмыспен  қамту 

басты  талаптың  бірі.    Сондай-ақ 

облыс  әкімі  А.Көлгінов:  –  Осы 

жаз айларында біз депутаттармен 

бірге, облыстық мәслихат хатшы-

сы  Мәлік  Иманқұлұлымен  бірге 

он  екі  ауданды  аралап  шықтық. 

Кәсіпкерлермен,  халықпен,  жас-

тар  өкілдерімен,  мемлекеттік 

мекеме  қызметкерлерімен, 

ауылшаруашылық  маманда-

рымен  тағы  басқа  да  азамат-

тармен  кездесіп,  мәселелерді 

анықтадық.  Өзекті  мәселе-

орталықтандырылған таза ауыз су 

мәселесі, –  дей келе, бұл тұрғыда 

шешімін  табатын  төрт  ауданды 

атап  өтті.  Олардың  қатарында 

Жаңақала, Жәнібек, Қазталов ау-

дандары мен  Жалпақтал ауылы 

бар.  Бұдан  басқа  Шыңғырлау, 

Ақжайық,  Қаратөбе  мен  Тасқала  

аудандарында ауыз судың  шешімі  

табылмақ.  Сол  секілді  құрылыс 

жұмысының  да  қарқыны  дамып, 

ел-жұрттың  тұрмыс-тіршілігін 

жақсартатын жұмыстар алға жыл-

жи бермек. 

Кезекті  алтыншы  сессияда 

көптеген  мәселелердің  түйіні 

тарқатылып,  депутаттар  тара-

пынан  қолдау  тапты.    Алдымен 

күн  тәртібі  бойынша  «2016-2018 

жылдарға арналған облыстық бюд-

жет туралы» шешіміне өзгерістер 

енгізу  туралы  мәселеге  ден 

қойылды. Бұл тұрғыда облыстық 

экономика  және  бюджеттік  жос-

парлау    басқармасының    бас-

шысы  Қайсар  Маңқараев  баян-

дама  жасап,  үстіміздегі  жылдың  

бюджетін    нақтылау  үшін    568,7 

млн.  теңге  қаржыны  бюджеттік 

бағдарламалардың  облыстық 

әкімшілеріне қайта бөлу керектігін 

мәлімдеді.  Қомақты  қаражаттың 

дені   білім, денсаулық, мәдениет 

пен  спорт  салаларына  және 

Қазталов,  Бөкей  орда,  Зеленов, 

Жәнібек,  Жалпақтал  өңірлерін 

сумен  қамтуға,  автомобиль  жол-

дарын  жөндеуге  байланысты 

бөлінетінін  баяндамашы атап өтті.  

Халық  қалаулылары  бұл 

жолы облыста  тілдерді қолдану 

мен  дамытудың  2014-2016 

жылдарға  арналған  аймақтық 

бағдарламасының  орындалуы 

туралы ақпаратқа  назар аударды. 

Аталмыш  мәселе  бойынша  БҚО 

тілдерді  дамыту  басқармасының 

басшысы  Махамбет  Ихсанғали 

к е ң і н е н   б а я н д а м а   ж а с а п , 

2014,  2015  және  2016  жылдың 

1-жартыжылдығы бойынша депу-

таттар алдында  есеп  берді. 

–   Елбасының  2011  жылғы  29 

маусымдағы №110 Жарлығымен 

бекітілген «Тілдерді қолдану мен 

дамытудың  2011-2020  жылдарға 

мемлекеттік  бағдарламасын» 

іске  асыру  үш  кезеңге  бөлінеді: 

2011-2013,    2014-2016,  2017-

2019  жылдар.  Қазіргі  таңда 

бағдарламаны  жүзеге  асырудың 

екінші  кезеңі  аяқталғалы  отыр. 

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы 

Үкіметінің қаулысымен әр кезеңге 

арналып  іс-шаралар  жоспары 

бекітіледі.  Үкіметтің  2014  жылғы 

4  ақпандағы  №62  қаулысымен 

бекітілген  «2014-2016 жылдарға 

арналған іс-шаралар жоспарына» 

және «Батыс Қазақстан облыстық 

тілдерді  дамыту  басқармасының 

2014-2016  жылдарға  арналған 

бюджеттік  бағдарламасына» 

сәйкес  облысымызда  бірыңғай 

мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, 

Қазақстан  халқын  біріктіру  фак-

торы  ретінде  төзімді  тілдік  орта-

ны  қалыптастыру  стратегиялық 

б а ғ ы т ы н д а   к ө з д е л г е н 

мақсаттар  мен  міндеттер  бо-

йынша  жобаланған  жұмыстар, 

мемлекеттік  тілдің  қоғамдағы 

беделін  нығайту,  тарихи  атау-

ларды  қалпына  келтіру,  облыс 

аумағындағы топонимикалық атау-

ларды  лексика-грамматикалық 

нормаларға  сәйкестендіру 

бағытында  іргелі  жұмыстар 

атқарылды – деді М.Мәтенқожа. 

  «Тілдерді  қолдану  мен 

д а м ы т у д ы ң   2 0 1 1 - 2 0 2 0 

жылдарға  арналған  мемлекеттік 

б а ғ д а р л а м а с ы н д а ғ ы »   б а -

с ы м   б а ғ ы т т а р д ы ң   б і р і   – 

Мемлекеттік  тілдің  қолданылу 

аясын кеңейту болса, мемлекеттік 

тілді  мемлекетті  басқару  тілі 

мәртебесінде  қолданудың  негізгі 

тетігі  іс  жүргізудің  мемлекеттік 

тілде жүзеге асуы – басқарманың 

басты назарындағы мәселе. Алай-

да,  облыстағы  мемлекеттік  ме-

кемелерде  іс  жүргізу  негізінен 

мемлекеттік  тілде  болғанмен,  

бухгалтерлік-есеп, статистикалық 

және  техникалық  құжаттардың 

басым бөлігі  күні бүгінге дейін екі 

тілде жүргізілуде.  

«Мемлекеттік  тілді  барлық                   

салада  қолдану  мен  дамытудың 

өзекті мәселелері» тақырыбында 

О р а л   қ а л а с ы н д а ғ ы   і р і 

кәсіпорындар  «Омега»  прибор 

жасау  зауыты»  АҚ,  «Талап»  АҚ, 

«Квант» ЖШС, «Стекло-Сервис», 

«Зенит зауыты» ЖШС, «Альтаир»  

ЖШС,  «Айдана»  ЖШС,  «Васи-

лец»  ЖШС,  «Батыс  су  арнасы» 

ЖШС,  «Уральскагрореммаш» 

АҚ-да,  «Спецавтобаза-Орал» 

ЖШС, «Каризма» ЖШС, «Жайық 

жарығы» ЖШС, «Халыққа қызмет 

көрсету  орталығы»  РМК  БҚО 

бойынша  филиалында  кездесу-

лер  мен  семинарлар  өткізілген. 

Мемлекеттік мекемелердің құжат 

айналымындағы  мемлекеттік 

тілдің  үлесі  2014  жылдың 

қорытындысы  бойынша  99,6 

пайыз  болса,  2015  жылда    бұл 

көрсеткіш 99,7%, 2016 жылдың 1 

жартыжылдығының  нәтижесі  бо-

йынша 99,8 пайызды құрап отыр. 

Облыс бойынша мемлекеттік тілді 

білетін тұрғындардың үлесі бүгінгі 

таңда 75%. 

М е м л е к е т т і к   т і л д і ң   ө з 

мәртебесінде  қолданыс  табатын 

тетігі – бұл қоғамдық салалардағы 

тілдік  қолданыс.  Сондықтан 

қоғамдық  орындардағы  тілдік 

қолданысты қадағалау мақсатында 

қоғамдық тіл инспекциясы жобасы 

енгізіліпті.    Жобаның  аясында 

2014  жылы  қамтылған  бизнес 

субъектілерінің  саны  250  болса, 

2015  жылы  бұл  көрсеткіш  екі 

есеге  артқан.    Облыстағы  бес 

мыңнан астам жеке шаруашылық 

субъектісінің екі мыңнан астамы-

на қоғамдық тіл инспекциясының 

ықпалымен  көрнекі  ақпарат, 

жарнама  мәселесін  реттеу 

және  іс  қағаздарын  жүргізу 

бойынша  әдістемелік  көмек 

көрсетіліп,  құжаттама  үлгілері 

қағаз  және  электронды  үлгіде 

тегін  таратылған.    Облыстағы 

ономастикалық ахуалды жақсарту 

және көрнекі ақпаратты бақылау 

мақсатында  басқармада  біраз 

жұмыстар  атқарылған.      «Тіл 

тазалығы»,  «Қатесіз  жарнама», 

«Көрнекі  ақпарат  –  насихат 

құралы» айлықтары жарияланып, 

сауда  нүктелері  мен  қоғамдық 

орындар тексеруден өткен. 

– Қоғамдық тіл инспекциясының 

жұмысы  аясында  2016  жылдың 

I  жартыжылдығында  қамтылған 

бизнес  субъектілерінің  саны 

300-ден  асты,  яғни  қоғамдық 

тіл  инспекциясының  ықпалымен 

к ө р н е к і   а қ п а р а т ,   ж а р н а -

ма  мәселесін  реттеу  және  іс 

қағаздарын  жүргізу  бойынша 

Зеленов,  Тасқала,  Теректі, 

Бөрлі  аудандарының  және  Орал 

қаласының  бірқатар  бизнес 

құрылымдарына әдістемелік көмек 

көрсетіліп,  құжаттама  үлгілері 

қағаз және электронды үлгіде тегін 

таратылды,  халыққа  тұрмыстық 

қызмет  көрсететін  орындардағы 

прейскуранттар,  жарнамалық 

ақпараттар  мен  тауарлық  жап-

сырмалар  мемлекеттік  тілге 

аударылды.  Бағдарламаның  

маңызды  бағыты  –  мемлекеттік 

тілді  меңгерту.  Аумақты  дамыту 

бағдарламасындағы  нысаналы 

индикаторлық көрсеткішке сәйкес 

облыс тұрғындарының 70 пайызы 

мемлекеттік тілді жетік меңгерген. 

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 

2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасына» 

сәйкес бұл көрсеткішті 2020 

жылға  қарай  95  пайызға 

ж е т к і з у   м а қ с а т ы н д а 

басқарма тарапынан облы-

сымызда тұратын Қазақстан 

Республикасы  азаматтары-

на  мемлекеттік  тілді  еркін 

және тегін меңгерту курста-

рын ұйымдастыру мәселесі 

өз шешімін табуда. «Тілдерді 

дамыту  мен  қолданудың 

2 0 1 1 - 2 0 2 0   ж ы л д а р ғ а 

арналған  мемлекеттік 

бағдарламасындағы» 

бірінші бағыт – мемлекеттік 

т і л д і   м е ң г е р у   б о л с а , 

аталған  бағыт  аясында  2 

мақсатты  индикатор  мен  6 

тікелей  нәтиже  көрсеткіші 

қарастырылған, – деп атал-

мыш  басқарма  басшысы 

М.Ихсанғали    мемлекеттік  тілді 

меңгерген  ересек  тұрғындардың 

үлесі  «ҚАЗТЕСТ»  тапсырудың 

нәтижесі  бойынша  2014  жылға 

қарай  –  20%,  2017  жылға  қарай 

–  80%,  2020  жылға  қарай  –  95 

%  болатынын  слайд  арқылы 

көрсетіп  берді.  Бұдан  әрі  баян-

дамашы    ҚАЗТЕСТ  сынағының 

қорытындысына,  әлем  елдері 

бәсекелестігіне  жол  ашатын 

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени 

жобасын жүзеге асыру мақсатына, 

дәстүрлі  Тіл  фестиваліне, 

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 

2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын» 

жүзеге  асыру  жоспарына,  Тіл 

туралы  заңнамалардың  орында-

луына, сол секілді мемлекеттік тіл 

саясатының  түпкі  темірқазығы  – 

ономастиканың жалпы жұмысына 

жан-жақты тоқталды. 

Ж а л п ы   а т а п   а й т қ а н д а ,                             

баяндамашы  сөз  соңында  2014 

жылы облыстық тілдерді дамыту 

басқармасының  002  бюджеттік 

бағдарламасына  62  089,0  мың 

теңге  бөлініп,  99,9%  игерілсе, 

2015 жылғы жоспарлы шараларға  

62  273,0  мың  теңге  қаралып, 

мақсатқа  сай  игерілгенін,  2016 

жылы Батыс Қазақстан облыстық 

тілдерді  дамыту  басқармасының 

002  бюджеттік  бағдарламасына 

62 273,0 мың теңге бөлінген бол-

са,  1  жартыжылдықта  56  %-ға 

игерілгенін  жеткізді.  Әрине,  ба-

яндамадан  соң  тіл  мәселесіне 

т е р е ң і р е к   ү ң і л г е н   х а л ы қ 

қалаулылары Серік Сүлеймен мен 

Қатауолла  Ашығалиев    көкейде 

жүрген са-уалдарын жолдады. 

  Сессияда  тағы  бір  үлкен 

жаңалық – мемлекет және қоғам 

қайраткері, елімізге сыйлы азамат 

Мұстақым Ықсановтың есімі бар-

ша  депутаттардың  қолдауымен 

Жәнібек  ауданындағы  коллед-

жге  берілетін  болды.  Мәслихат                   

сессиясында  бұдан  басқа  да 

мәселелер талқыланып, қаралды.  

Келесі  сессияны  төраға  ретінде  

сайланған  депутат  Темірғали 

Ескендіров жүргізетін болды.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет