Кла пан “Название газеты” ст р c m



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.02.2017
өлшемі32,61 Mb.
#3618
1   2   3   4   5   6

Айнагүл СЕРІКҚЫЗЫ 

«Аудан халқын өз көкөнісімізбен қамтамасыз етеміз»



№38  22.09.2016

5

zhaik_yni@mail.ru

АНА ТІЛІМ – АЙБЫНЫМ

Қазақстан 

Республикасында 

тілдерді дамыту мен 

қолданудың 2011-

2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік 

бағдарламасын орындау 

бағытында Орал 

қаласының мәдениет 

және тілдерді дамыту 

бөлімінде жоспарлы 

жұмыстар жүзеге 

асырылуда. 

А т а л м ы ш   б а ғ д а р л а м а 

мемлекеттік  тілді  ұлт  бірлігінің 

басты факторы ретінде жетілдіру, 

кеңінен қолдауды көпшілікке наси-

хаттау, дамыған тіл мәдениеті зия-

лы ұлттың басты күш-қуаты екенін 

көрсету,    Қазақстан  халқының 

лингвистикалық  капиталын  да-

мыту секілді негізгі төрт міндетті 

қамтиды.


Бүгінгі  күні  Оралда  309  861 

мың адам тұрады. Оның 59,63%-

ы – қазақтар, 38,14%-ы – орыстар, 

қалғандары  –  өзге  ұлт  өкілдері. 

Социологиялық  зерттеулерге 

сәйкес,  қаладағы  қазақ  тілін 

білетін ересек тұрғындар – 60 %, 

ағылшын  тілін  білетіндері  –  19 

%,  үш  тілді  азаматтардың  үлесі 

– 12%. Бағдарламаға сәйкес бұл 

көрсеткішті 2017 жылға қарай – 80 

пайызға, 2020 жылы  95  пайызға 

жеткізуіміз керек. 

 Бүгінде еліміздің мемлекеттік 

органдарында  және  қоғамдық 

өмірде қазақ тілінің қолданыс аясы 

кеңеюде.  Оралдағы  мемлекеттік 

органдар  мен  мемлекеттік  ме-

кемелер  арасындағы  құжат  ай-

налымы  толықтай  қазақ  тілінде. 

Мемлекеттік  органдарда  іс 

жүргізудің  толық  мемлекеттік 

тілге  көшірілгендігінің  үлкен 

стратегиялық  маңызы  бар. 

Өйткені,  қоғамдық  өмірдің  қай 

саласы  болмасын  мемлекеттік 

органдар арқылы басқарылады. 

Мемлекеттік қызметшілер тілдік 

біліктілік  арттыру  курстарында 

өз  біліктіліктерін  жетілдіруде. 

Тілдерді қолдану мен дамытудың 

2011–2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын 

жүзеге асырудағы тағы бір міндет 

– ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 

«Қазтест» бағдарламасын жүзеге 

асыру.    Бағдарламаны  орын-

дау  мақсатында  2015  жылдың 

шілдесінде  қала  бойынша  13 

мемлекеттік  қызметші  «Қазтест» 

сертификатын  алса,  қарашада 

102  қызметкер  «Қазтест»  серти-

фикатын  алуға  тапсырып,  198-і 

диагностикалық тестілеуден өтті. 

2015  жылғы  ІІ  жартыжылдықта 

оралдық 45 қызметкер «Қазтест» 

сертификатына  ие  болды.  Об-

лыс  орталығындағы  Қазақстан 

халқының  азаматтары  үшін 

облыстық  тілдерді  дамыту 

басқармасы  арқылы  жыл  сайын 

тегін  мемлекеттік  тілді  оқыту 

курстары  ұйымдастырылады. 

Жыл  сайын  қала  бойынша 

бұл  курстардан  400-500  адам 

өтеді.  Сондай-ақ  қазақ  тілімен 

қоса  ресми  түрде  орыс  тілі  де 

қолданылады.  Ағылшын  тілін 

меңгеруге  де  жағдай  жасалған. 

Қалада  ағылшын  тілін  меңгеру 

деңгейі  жылдан-жылға  артып, 

бәсекеге  қабілетті  ағылшын 

тілдерін  оқытатын  орталықтар 

көбеюде. 

Дамыған  елу  елдің  қатарына 

кіру мақсатына жетуге ықпал жа-

сау  үшін  «Тілдің  үш  тұғырлығы» 

мәдени  жобасын  жүзеге  асыру 

бағытында БҚО тілдерді дамыту 

басқармасы  арқылы  ағылшын 

тілі курстары ұйымдастырылады. 

2012 жылы курсқа 600 тыңдаушы 

қатысса,  2013  жылы  650  азамат 

«Business IQ» үш деңгейлік курсы 

бойынша  сертификаттар  алды. 

2014 жылы қала бюджетінен ар-

найы  қаржы  бөлініп,  «Болашақ» 

бағдарламасымен  білім  алу 

үшін  «IELTS»  ағылшын  тестілеу 

бағдарламасы  бойынша  қала 

мектептерінен  42  мұғалім,   

мемлекеттік  органдардан  18 

мемлекеттік  қызметші  арнайы 

курстардан  өтті.  Былтыр  тегін 

ағылшын тілі курстарына 200-ден 

астам шаһар тұрғыны қатысты.

Мемлекеттік  тілді  қолдану 

білім  беру  саласында  қарқынды 

д а м у д а .   Ө з   ж ұ м ы с т а р ы н 

мемлекеттік тілде жүргізетін жаңа 

балабақшалар  мен  мектептер 

ашылуда.    Жүзге  жуық  өзге  ұлт 

өкілдерінің ұл-қыздары қазақ топ-

тарында тәрбиеленуде. Бұл – біз 

үшін  қуантарлық    жағдай.  Қазақ 

тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі 

мәртебесін  биіктету  мақсатында 

бұдан басқа да бірқатар шаралар 

атқарылуда.  

Шынар ШАХИНА,

қалалық мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің 

сектор меңгерушісі

Қолданыс аясы кеңейіп келеді

 «Қазақстан–2021: 

Бірлік. Тұрақтылық. 

Жасампаздық» 

атты 2016-2021 

жылға арналған 

сайлауалды 

бағдарламасының 

«Білім» бағыты 

бойынша партиялық 

куратордың 

эксперттік топ 

отырысы 20 

қыркүйекте  «Нұр 

Отан» облыстық 

филиалының 

мәжіліс залында өз 

жұмысын жалғастырды. 

Аталмыш комиссияның 

аймақтық  кураторы, 

М.Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан 

мемлекеттік 

университетінің 

ректоры, академик, 

облыстық мәслихат 

депутаты Асхат 

Иманғалиевтің 

төрағалық етуімен 

өткен басқосудың күн 

тәртібінде «Білім беру 

жүйесінде жоғары 

сыныптарды ағылшын 

тілінде оқытуға кезең-

кезеңмен көшіру»  

тақырыбы және басқа 

да мәселелер қаралды. 

Эксперттік    топ  отырысына  

«Нұр  Отан»  партиясы  БҚО  фи-

лиалы төрағасының орынбасары 

Гүлназ Құлжанова, облыстық  білім 

басқармасының  басшысы  Айгүл 

Мыңбаева және өңірдегі бірнеше 

оқу  орындарының    өкілдері,  топ 

мүшелері  қатысты.  Жиында  күн 

тәртібіндегі  мәселе  бойынша 

облыстық  білім    басқармасы 

басшысының    орынбасарла-

ры    Зәуре  Ғұмарова  мен  Нүрия 

Ғайтпаевалар баяндама жасады.

 ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаев  

2009  жылғы  «Жаңа  әлемдегі 

жаңа    Қазақстан»  атты  халыққа  

Жолдауында    еліміздің    жоғары  

қабілетін  қалыптастыру  және 

азаматтардың  мәдени  жүйесін 

кезең-кезеңмен    ілгерілендіру 

мақсатында    «Үштұғырлы  тіл» 

саясатының  жобасын  белгілеген 

болатын.    Осы  орайда  баян-

дамашы    көптілді  білім  беруді  

мектепке  дейінгі,  орта,  жоғары 

білім  беру  ұйымдарында    қазақ, 

орыс,  ағылшын  тілін  меңгертуге 

бағытталған  жұмыстарға  кеңінен 

тоқталды. 

  –  Білім  беру  ұйымдарында 

оқыту  мемлекеттік  тілде  және 

ұлтаралық  қатынас  орыс  тілінде 

жүргізіліп, оқыту тілінен басқа қазақ 

және орыс тілдеріне қоса, шет тілі 

жүргізілмек.    Бұл    Қазақстанда 

екітілді  жағдай    қалыптасқанын 

және  көптілді  білім  жүйесі  бар 

екенін дәлелдейді. 2013-2014 оқу 

жылынан  міндетті  пән  ретінде 

1-сыныптан  ағылшын тілін оқыту 

енгізілді. 2016-2017 оқу жылы бұл 

оқушылар  бастауыш  сыныпты 

аяқтайды. 2016-2017 жаңа оқу жы-

лынан бастап “Ағылшын тілі” пәні

 

1

-сыныптарда  тағы да 1 сағатқа  

көбейтіліп,  аптасына  2  сағат,

 

қалған  жылдарда  екінші,  үшінші, 

төртінші  сыныптарда  2  сағат 

жүктемемен жүргізіледі. Үштілділік 

білім  беру  жүйесін  енгізудің  

маңыздылығы – мемлекеттік тілді 

қазақ  тілін  халықтың  толығымен 

меңгеруі.  Қазақ  тілін  оқытудың 

басымдылығы осыған дейін болды 

және бола бермек.  

Қазақстан Республикасы Білім 

және  ғылым  министрлігімен 

әзірленген  2015-2020  жылдары 

үш тілде білім беруді дамытудың 

жол картасын іске асыру бойынша  

облыста  үш  тілде  білім  беруді 

дамытудың    іс-шаралар  жоспа-

ры  дайындалып  бекітілді.  «100 

нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының 

79  қадамын  жүзеге  асыруға 

дайындық аясында министрліктің 

тарапынан республика аумағында 

жоғары  сыныптарды  кезең-

кезеңмен ағылшын тілінде оқытуға 

көшіру  кестесі  жасақталды.  Мек-

тептерде  қазақ  тілін  оқытудың 

жаңа әдістемесі сияқты ағылшын 

тілін  оқытудың  жаңа  әдістемесі 

енгізіледі. Бұл әдістеме бастауыш 

білімнің жаңартылған мазмұны ен-

гізілген 1-сыныптан қолданылады. 

Тиісті  оқулықтар  шығарылды 

және мұғалімдер курстардан өтті.  

2017  жыл  аталған  әдістемені 

2,5,7-сыныптарда  енгізу  жос-

парлануда.  Осыған  байланысты 

ағылшын  тілі  мұғалімдері  тиісті 

біліктілікті  арттыру  курстарынан 

өтеді.  Жыл  сайын  Білім  және 

ғылым  министрлігі  тарапынан 

ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері 

мен  пәндерді  ағылшын  тілінде 

беретін  педагогтарды  біліктілік 

курстарынан  өткізу  үшін  10  мың 

орын бөлінетін болады. Ағылшын 

тілі  пәні  оқулығын  қосымша 

пайдаланып  оқытуға  мүмкіндік 

беріледі.

Білім  басқармасы  тарапынан 

облыс  бойынша  2020  жылға  де-

йін 39 мектепте жаратылыстану-

м а т е м а т и к а л ы қ   б а ғ ы т т а ғ ы 

пәндерді  үш  тілде  оқытуды 

енгізудің  кестесі  жасақталды. 

Осы  кестеге  сәйкес  үштілді  бі-

лім  беру  жүйесі  2013-2014  оқу 

жылынан  бері  24  мектепте 

жаратылыстану-математикалық 

бағыттағы  пәндерге  енгізілді.  4 

пәнді ағылшын тілінде оқытуды ен-

гізу кезең-кезеңмен мұғалімдердің 

және оқушылардың дайындығына 

қарай  жүргізіледі.  2016  жылдан 

бастап  2019  жылға  дейін  10-11 

сыныптар  үшін  пән  мұғалімдері 

мен  ағылшын  тілі  мамандары 

дайындықтан өтеді. 2019 жылдан 

бастап  4  пәнді  ағылшын  тілінде 

оқыту  тек    10-11  сыныптарда  

енгізіледі. 

2019-2020  оқу  жылынан 

жоғары  сыныптарда  мектептің 

таңдауы  бойынша  «Информа-

тика»,  «Химия»,  «Биология», 

«Физика»

  пәндері  ағылшын  ті-

лінде  оқытылады,  –  деген 

облыстық  білім  басқармасы 

б а с ш ы с ы н ы ң   о р ы н б а с а р ы 

З.Ғұмарова педагогтардың тілдік 

құзыреттілігін дамыту мақсатында 

кадларды  дайындау  сапасын 

арттыру  және    студенттердің 

IELTS  емтихандарын  6,5  бал-

дан  жоғары  тапсыру  талаптары 

жөнінде  НЗМ  тәжірибесін  ен-

гізу  бойынша  механизмдер 

қарастырылатынын  айтты.  Сол 

секілді  Ы.Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық білім академиясы жанынан 

Үштілді білім орталығы құрылмақ.  

Жазғы лагерьлер жанынан жазғы 

тілдік  лагерьлер  өткізілмек. 

ҚР  БжҒМ  кестесіне  сәйкес  әр 

пәннен  25  мұғалім,    ағылшын 

тілі  пәнінің    мұғалімдері  курстан 

өтеді. Облыс бойынша 60 инфор-

матика  пәнінің  мұғалімдерін  (30 

– қазақ тілінде, 30 – орыс тілінде) 

қазақ-түрік лицейінің мұғалімдерін 

тарту  арқылы  курстар  және  35 

мұғалім  М.Өтемісов  атындағы 

БҚМУ  базасында  курстан  өткен. 

Қазақ-түрік  лицейінің  базасында 

облыс мектептерінің 80 педагогінің 

қамтылуымен  ағылшын  тілінің 

курсы ұйымдастырылған. Сондай-

ақ  Ақтөбе  қаласында  4  айлық 

курсқа  36  маман  тартылады 

және  Үш  тілдік  оқытуды  дамыту 

жөніндегі Жол картасы жоспарына 

сәйкес  563  педагогты  курстан 

өткізуге  жергілікті  бюджет  есе-

бінен  19,7  млн.теңге  қаражат 

қарастырылады.  Барлық  курс-

тармен    869  педагогты  қамту 

жоспарлануда.

      Отырыста  баяндамашыға 

а й м а қ т ы қ   к у р а т о р ,   р е к -

тор  А.Сәлімұлы  бастаған  оқу 

ордаларының өкілдері сұрақтарын 

қойды.  Топ  мүшелері  ағылшын 

пәні  баяғыдан  бері  мектептер-

де  оқытылып  келе  жатқанын, 

бүгін  ғана  білім  жаңалығына 

қосылмағанын,  қазіргі  заманның 

сұранысына сай шет тілін оқытуды 

одан  әрі  дамыту  қажеттігін  айт-

ты.  Әсіресе  пәндік  курстарға 

мемлекеттік  тапсырыс  арқылы 

қатысушылар  білім  сапасы-

на  тереңірек  мән  берсе,  тіл 

үйренушілерді  білім  стандар-

тына  сай  оқытып  шығарса  де-

ген  ұсыныстар  мен  тың  ойлар 

ұсынысқа    енгізілді.  Алдағы 

уақытта «Білім» бағыты бойынша 

партиялық куратордың эксперттік  

топ  отырысы осы саладағы кейбір 

мәселелерге  қайта  оралатын 

болды.


Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,

эксперттік топтың мүшесі  

Үш тілді оқыту өңірде дамиды  

22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні


15

zhaik_yni@mail.ru

№38   22.09.2016

ЖАЗА

Криминалдық хроника

6

№38    22.09.2016



zhaik_yni@mail.ru

ШАҺАР ШЕЖІРЕСІ

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 426-бабына 

сәйкес  қамақтан  қашу  және  қашуға  жол 

берген  полиция  қызметкеріне  қатысты  ҚК-

нің  371-бабына  сәйкес  салғырттық  белгілері 

бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ағымдағы жылдың 11 және 17 тамызындағы 

Бөрлі  аудандық  сотының  үкіміне  сәйкес, 

Г.Шестопалов  және  П.Черныйға  ҚК-нің 

426-бабының  1-бөлігіне  сәйкес  кінәлі  деп 

танылып, 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге бас 

бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкімдер заңды күшіне енді.

Ағымдағы  жылдың  13  қыркүйегінде  ҚК-нің 

371-бабына (салғырттық) сәйкес Бөрлі аудандық 

УҰИ-ның  бұрынғы  қызметкері  Е.Аубакировке 

қатысты  айыптау  үкімі  шығарылып,  оған  бір 

жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы 

тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Батыс Қазақстан облыстық 

прокуратурасының баспасөз қызметі

«МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК»

 

– баршаға ортақ қағидат



Ұсақ құқық бұзушылықтар 

мен тәртіпсіздіктерге «мүлдем 

төзбеушілік» бағыты бойынша жұмыс 

жүргізу – тәртіп сақшыларының басты 

тапсырмаларының бірі. 

Ағымдағы  жылдың  сегіз  айында  «мүлдем 

төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша БҚО 

Ішкі істер органдары тарапынан 43 607



 әкімшілік 

құқық  бұзушылық  анықталды,  бұл  былтырғы 

осыған  ұқсас  кезеңмен  салыстырғанда  5,7%-

ға артық.   Ұсақ бұзақылық бойынша  – 3 102, 

соның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны 

үшін  1271  хаттама  толтырылды.  Алкогольді 

ішімдіктерді  ішу  немесе  қоғамдық  орындарда 

мас күйінде жүрген, ішімдік сатумен айналысқан 

– 12 370, жекелеген қоғамдық орындарда темекі 

шегуге  тыйым  салуды  бұзғаны  үшін  –  4  355, 

қалалар  мен  елді  мекендердің  аумақтарын 

көріктендіру  ережелерін,  инфрақұрылым 

объектілерін бұзып, жасыл екпелерді бүлдіргені 

үшін  –  2  820,    тыныштықты  бұзғаны  үшін 

1 114 азаматқа,  заңды өкілдері еріп жүрмеген 

кәмелетке  толмағандардың  тұрғынжайдан 

тыс  жерлерде  болғаны  үшін  1  207  ата-анаға 

әкімшілік хаттама толтырылды. Жыл басынан 

кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-

сауық мекемелерінде болуына байланысты бес 

құқық бұзушылық тіркелді. 

Жол-патрульдік  полиция  қызметкерлері 

ҚР  ӘҚБК-нің  620-бабы,  автокөлік  салонынан 

қалдық  лақтыру  құқық  бұзушылығы  бойынша 

жыл басынан бері  11845 әкімшілік хаттама тол-

тырды. Белгіленбеген жерлерде коммуналдық 

қалдықтарды  лақтырып,  қоғамдық  орындарды 

ластағаны  үшін    1271  құқық  бұзушы  әкімшілік 

жауапкершілікке тартылды. 

Аталған  құқық  бұзушылықтар  қаламыздағы 

адамдар көп демалатын орындарда орын ала-

ды.  Тәртіпсіздік жасаған азаматтарға сот тара-

пынан айыппұл салынады немесе 15 тәулікке 

дейін әкімшілік қамауға алынады. 

Қала  тұрғындарының  құқықтық  мәдениетін 

арттыру  мақсатында  учаскелік  полицейлер 

түсіндіру  жұмыстарын  жүргізеді.  Мұндай 

шаралар  жоғары  оқу  орындарында  үнемі 

ұйымдастырылады.  «Мүлдем  төзбеушілік» 

қағидатын  жүзеге  асыру  мақсатында  облыс 

тұрғындары ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне 

бей-жай  қарамай,  полиция  қызметкерлеріне 

хабарлауы тиіс. Қажет болған жағдайда куәгер 

болып,  көрген  көріністерін  жасырмауы  керек. 

Көшедегі бұзақылықтарға немқұрайлы қарамай, 

бірлескен  жағдайда  ғана  қоғамда  тәртіп  пен 

мәдениетті сақтап қалуға болады. 

БҚО ІІД баспасөз қызметі 

Қылмыстық 

жауапкершілікке 

тартылды


Ғасырлар тоғысында 

асқақтай көтерілген Тәуелсіздік 

туы ел өміріне елеулі өзгерістер 

енгізді. Соның ішінде Батыс 

Қазақстан облысы да 

өркендеп, даму үстінде.

Бүгінде  ата-бабамыз  армандаған  

егемендікке  қол  жеткізіп,  ішкі-сыртқы 

саясатымызды ұлттық мүдде арнасында 

жүргізіп,  демократиялық  даму  жолына 

түстік. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 

еліміз,  әрбір  өңір  қарыштап  дамып 

келеді. 

Жер    бетінде    тәуелсіздіктен  

асқан  ұлы    мұрат  жоқ.  Егемендік 

ұстанымдарын  биіктететін  Тәуелсіздік  

күні  –  Отанымыздың      әрбір      азама-

ты  үшін  қастерлі  мереке.  Сондықтан 

осы    атаулы  күнді  ел    мәртебесін 

асқақтататын  ең  қасиетті  мейрам  деп  

бағалаймыз. Тәуелсіздігіміз жарияланған 

ширек ғасыр ішінде облыс тұрғындары 

көптеген елеулі  табыстардың куәсі бо-

луда.  Халықтың  әлеуметтік-тұрмыстық 

жағдайы жақсарып, бірқатар әлеуметтік 

нысандар бой көтеріп, жаңа жобалар іске 

қосылуда. Мұның барлығы – Мемлекет 

басшысының  парасатты  саясатының 

нәтижесі.  Сонымен  қатар  бір  шаңырақ 

астында  тату-тәтті  өмір  сүріп  жатқан   

батысқазақстандықтардың  жарастығы 

мен ынтымақтастығының  арқасы.

Ел  көлемінде  жыл  басынан  бері 

ұлықталып  жатқан  Тәуелсіздіктің 

25  жылдық  мерекесіне  облыстық 

мамандандырылған  ауданаралық 

экономикалық  сотының  ұжымы  да 

өз  үндерін  қосуда.  Сапалы  жұмыс 

нәтижесін  көрсетумен  қатар  түрлі  ша-

ралар ұйымдастыруда.  



Светлана ҚАБДЫҒАЛИЕВА,  

соттың бас маманы

Тәуелсіздіктің тағылымы мол

Бөрлі аудандық ІІБ-нің УҰИ-

нан үстіміздегі жылдың 5 шілдесі 

күні сотталған Г.Шестопалов және 

сотталушы П.Черный қашып кетті.

«СОТ КАБИНЕТІ» жұмыс істейді

Облыстық мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық соты «Сот кабинеті» электрондық 

ақпараттық сервисі арқылы электрондық 

құжаттарды сотқа беру тәртібі жөнінде дөңгелек 

үстел өткізді.

Аталмыш  жиынға  М.Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университеті  және  Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығының  өкілдері,  судья 

Қ.Қадырбеков, кеңсе меңгерушісі Б.Юсупов, жетекші 

маман  А.Мәжитова,  сондай-ақ  жеке  кәсіпкерлер 

қатысты.  Дөңгелек  үстел  барысында  соттың  кеңсе 

меңгерушісі  Б.Юсупов  «Сот  кабинеті»  қызметі 

арқылы  талап  арыздар  мен  өтініштерді  үйден 

шықпай-ақ  жолдауға  болатынын  айтты.  Сонымен 

қатар  жіберілген  құжаттың  қозғалысын  қадағалауға 

мүмкіндік  молынан  екенін  түсіндірді.    М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ  өкілі  М.Қайдашева  «Талап  арыз-

дарды электрондық ақпараттық сервис арқылы беру 

тиімділігі» тақырыбында баяндама жасаса, Халыққа қызмет 

көрсету  орталығының  қызметкері  Б.Тасқұлов  электрондық 

құжаттарды  аталмыш  орталық  арқылы  беру  тәртібіне 

тоқталды.

Шара  барысында  қатысушылар  өзара  пікір  алмасып, 

сұрақтарға жауап  берді.

БҚО мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының баспасөз қызметі

Елбасы мемлекетті 

әрі қарай дамыту үшін 

бес институционалды 

реформаны жүзеге 

асырудың «100 нақты 

қадамын» ұсынды. 

Бес бөлімнен  тұратын  

Ұлт жоспарында 

атқарылуға тиісті істер 

рет-ретімен жіктелген. 

Заң үстемдігін қамтамасыз 

етуге  бағытталған  екінші 

реформаға  19  жаңалық 

енгізілсе,    оның  11-қадамы 

республикамыздағы  сот 

жү йе с і н   р е фо р ма л а у ға  

қатысты. 

Қ а з і р г і   т а ң д а   е л і м і з 

қарқынды  дамуда,  қоғамдық 

қатынастардың,  әлеуметтік-

экономикалық  процестердің 

ауқымы кеңеюде, Қазақстанды 

әлемдегі  дамыған  30  елдің 

қатарына  енгізу  міндетін 

орындау  көзделуде.  Сот-

тар  мен  судьялардың  ең 

жоғары талаптарға сай болуы 

–  осындай  уақыт  талабы-

нан  туындаған  міндет.  Ұлт 

жоспарының  16-қадамында 

сот  жүйесі  инстанцияларын  

оңтайландыру,    бес  сатылы 

сот  жүйесінен  үш  сатылы 

сот  төрелігі  жүйесіне  көшу 

қарастырылған. Әлемдік сот 

тәжірибесі    көрсеткендей, 

аралық  сатылардың  көп  

болуы    сот  процестерін  

қасақана  ұзартуға  және 

сот  шешімін  сөзбұдайға 

с а л у ғ а   ж о л   б е р м е й д і . 

Сот  шешімінің  бірнеше 

рет    өзгеріп,  күшін  жоюы  – 

соттардың  беделіне  нұқсан 

келтіретін  факторлардың 

бірі. Жыл басынан Мемлекет 

басшысының  мақұлдауымен 

бірінші  саты  –  аудандық 

с о т т а р ,   а п е л л я ц и я л ы қ 

саты  –  облыстық  соттар, 

кассациялық саты – Жоғарғы 

Сот  болады  деген  шешім 

қ а б ы л д а н д ы .   А т а л ғ а н 

өзгерістер ел  Конституциясы-

на және «ҚР-ның сот жүйесі 

мен судьяларының мәртебесі 

туралы»  конституциялық 

заңына  өзгертулер  енгізуді 

қажет  етеді.  Судья  ла-

уазымына  үміткерлерді 

іріктеу  тетіктерін  көбейту 

және  біліктілік  талаптарын 

қатайтуға  баса  назар  ауда-

рып,  сот  істерін  жүргізуге 

қатысудың  5  жылдық  өтілі 

17-қадамда  міндеттелген. 

Ұлттық   комиссия  судьялыққа 

үміткерлердің  жасын  30-ға 

дейін өсіру және олардың сот  

саласына  тікелей  қатысты 

бес  жылдық  жұмыс  өтілін  

енгізу жөніндегі ұсыныстарды 

қолдады.  Болашақта  судья-

лар міндетті түрде Сот төрелігі 

институтының магистратура-

сында  даярлықтан  өтуі  тиіс. 

Аталған институт Президент 

жанындағы    Мемлекеттік 

басқару  академиясының 

құрамынан    шығарылып, 

Жоғарғы  Соттың    құзырына 

берілетін  болды.  Онда 

оқитын  магистранттар  мен 

судьялыққа  үміткерлер  үшін  

тағылымдама  мерзімі  бір 

жылға ұзартылды. Бұған қоса, 

судьялыққа    үміткерлердің 

біліктілік  емтиханын  тапсы-

ру    тәртібі  қайта  қаралып, 

с у д ь я л ы қ   л а у а з ы м ғ а 

ұсынылған    тұлғалар  үшін 

бір  жылдық  сынақ  мерзімі 

енгізілді.

Ұ л т   к ө ш б а с ш ы с ы  

судьялардың  есеп    беру 

тәртібін күшейту мақсатында  

судьялардың жаңа  этикалық 

кодексін  жасауды  тапсыр-

ды.  Кодексте  азаматтар  

судьялардың  әрекеттері  бо-

йынша    еліміздің  Жоғарғы 

Соты жанынан құрылған ар-

найы сот алқасына шағымдана 

а л а д ы .   Ж о ғ а р ы д а ғ ы 

талаптардың  бәрі  сот  сала-

сын  реформалауға ықпалын 

тигізіп,  құрылым  жұмысына 

серпін береріне сенім мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет