Класс ұҒымы 1 Класс ұғымы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.05.2022
өлшемі433,11 Kb.
#35293
1   2   3   4   5
7.2 Класс құрамы 
Класс денесінде деректер, әдістер және оқиғалар өңдеуіштері болуы 
мүмкін. Кластың осы құрамдас бөліктерін әдетте класс элементтері деп 
атайды.
Кластың 
негізгі 
элементтерін 
және 
олардың 
қызметтерін 
қарастырайық: 
–класс тұрақтыларында өзгермейтін мәндер; 
–класс өрістері (класс айнымалыларының типтері мен атаулары); 
класс әдістері, класс деректерімен жұмыс жасауға арналған, белгілі 
бір атауы бар бағдарлама кодының үзіндісі; 
– класс қасиеттері дегеніміз - кластарға өз өрістерінің мәндерін бір-
бірімен алмасуға (оқуға немесе жазуға) мүмкіндік беретін әдістердің жиыны; 
– класс конструкторы дегеніміз – класс объекттерін құруға және класс 
өрістеріне мәндерді меншіктеуге арналған кластың арнайы әдістері; 


– класс деструкторы дегеніміз – объектке бөлінген ресурстарды босату 
кезінде әрекеттердің тәртібін анықтайды; 
– класс оқиғалары дегеніміз – кластың пайдаланушы әрекеттеріне 
немесе бағдарламадағы белгілі бір өзгерістерге жауап қайтаруға көмектесетін 
арнайы әдістер; 
деректер типі, мысалы, тізімдер, құрылымдар, кластар, делегаттар
интерфейстер.
– индексаторлар дегеніміз – класс деректерінің элементтеріне қол 
жеткізу құралы; 
– 
операциялар 
дегеніміз 
– 
класс 
объекттеріне 
арналған, 
операциялардың белгілері арқылы орындалатын арнайы әрекеттер. 
Класс деректері болып константа немесе класс айнымалылары (өрістер) 
болуы мүмкін. Класта деректерді жариялаған кезде әдетте оған қол жеткізу 
спецификаторы көрсетіледі, мысалы,
private int a; 
Класс деректерін жариялау кезінде оларды жалпы жазу пішімі 
мынандай болады: 
[ атрибуттар ] [ спецификаторлар ]
[ const ] тип атауы [= бастапқы_мәні]. 
Әдетте класс деректері «бағдарлама үшін жабық болады» - private 
спецификаторы қолданылады. Егер деректердің алдына public спецификатор 
жазылса, онда олар «бағдарламада» қолжетімді болады.
Еш әрекетсіз деректер мен әдістер үшін private спецификаторы 
қолданылады. 
Объект дегеніміз – класс типіндегі айнымалы, оны құрған кезде 
компьютер жадында класс элементтерінің мәндері сақталатын жеке аймақ 
бөлінеді. 
Алайда, класта барлық объекттеріне ортақ, бір данадағы статикалық 
элементтер болуы мүмкін. статикалық деректерді класс деректері деп жиі 
атайды, ал қалғандарын - класс данасының деректері, яғни объекттер.
Кластың кейбір элементтеріне (әдістеріне) және өрістеріне қол 
жеткізуге объект құрылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер рұқсат 
берілген болса, оларды қолдану үшін нүкте қолданылады, мысалы, stud 
объектісіндегі name өрісіне қол жеткізу үшін былай жазамыз: stud.name = 
“Иванов”;. 
Объект үшін кластың әдісін шақыруға болады, мысалы, stud.poisk(a);, 
мұнда poisk(int a) – класс әдісі, stud – құрылған объект. 
Синтаксис бойынша класта ішкі класс болуы мүмкін. Осындай жағдай 
жиі кездеспейді. Ішкі класты өзін туындатқан сыртқы класта және оның 
ұрпақтарында қолдануға болады. Ішкі кластарда әдетте private немесе 
protected қол жеткізу модификаторы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет