7.1-сурет – «Треугольник Класс» қосымшасының терезесі
Мысалы, егер t объектісін құрғаннан кейін деректер элементіне b (
t.b = 3; ) жаңа мәнді меншіктейтін болсақ, онда бұл әрекет қате кеткені
туралы хабарды шығарады, өйткені класс деректерінің элементтеріне тікелей
байланысуға private қол жеткізу спецификаторы рұқсат бермейді.
treyg класында екі әдіс қолданылады – конструктор және ұшбұрыш
қабырғаларының мәндерін енгізу әдісі.
Конструктор өрістерінің мәндері «нөлдік» болатын объектті құрайды.
treyg класының өрістерінің мәндерін анықтау public void vvod(int sa, int
sb, int sc) арқылы орындалады, әдістегі нақтылы параматрлері ретінде диалог
режімінде енгізлген А, В, С айнымалыларының мәндері беріледі.
Бағдарламада үшбұрыш қабырғаларының мәндерін дұрыс енгізбеу
және сәйкес түсініктемелерді экранға шығару жағдайлары қарастырылған.
Бірақ мәтіндік өрістер бос болып, «Үшбұрыш қабырғаларының мәндерін
енгізу» батырмасын басуға қатысты қорғаныс қарастырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: