7.6 Өрістерге қол жеткізу
Әрбір өрісте қол жеткізу модификаторы болады, олардың мүмкін
мәндері: public, private, protected, internal. protected және internal атрибуттары
бірге қолданылуы мүмкін
Private модификаторы. Әдетте егер ешқандай модификатор
көрсетілмесе, онда Private модификаторы қолданылады. Ол өрістерді басқа
барлық кластардан жабық ұстайды және кластың
өз әдістеріне ғана тікелей
қол жеткізуге рұқсат береді (оқу, жазу).
Ескерту, барлық өрістер кластың барлық әдістеріне қол жетімді
болады. Олар кластың әдістері үшін ауқымды ақпарат болып табылады,
олармен барлық әдістер жұмыс істейді, яғни өрістерден
керекті ақпаратты
алады және оларды өзгертеді.
Protected модификаторы. Бұл модификатор мұрагер кластарға өрістерді
ашық ұстайды. Егер A класы модификаторы protected болатын өрісті
жарияласа, онда A класының мұрагері – B класының әдістері A класының
өрістерін мұраға алады және осы өрістермен тікелей жұмыс істей алады.
Internal модификаторы. Бұл модификатор бойынша ынтымақтас
кластарға өрістер ашық болады. Егер A және
B кластары бір құрылымға
(сборка) – бір жобаға тиісті болса, онда бұл кластар ынтымақтас кластар деп
аталады. Егер A класы белгілі бір өрісі internal модификаторымен жарияласа,
онда A класының клиенті болып келетін ынтымақтас B класының әдістері
ондай өріспен тікелей жұмыс жасай алады.
Protected
және
internal
атрибуттарының
құрамдастырымы
(комбинация). Бұл құрамдастырым мұрагер немесе ынтымақтас кластарға
өрістерді ашық ұстайды. Егер ынтымақтас кластар болып келетін
мұрагерлерге ғана қолжетімді болуы үшін өрістерге
қол жеткізуге қатаң
шектеу қою керек болса, онда кластың өзін internal модификаторымен, ал
сәйкес өрісті protected модификатором жариялау керек. Егер өрістер класс
әдістеріне
ғана қолжетімді болса, онда олар private қол жеткізу
модификаторымен бірге жарияланады. Бұндай өрістер жабық өрістер деп
аталады, бірақ әдетте олардың кейбірі басқа кластарға ашық болуы керек
болады.
Егер A класының кейбір өрістері A класының мұрагері болып келетін B
класының әдістеріне
қолжетімді болу керек болса, онда осы өрістерді
protected модификаторымен жариялау қажет. Бұндай өрістер қорғалған
өрістер деп аталады. Егер кейбір өрістер A класына ынтымақтас B1, B2, т.б.
кластарының әдістеріне қол жетімді болу керек болса,
онда ол өрістерде
internal модификаторын пайдалану қажет, ал барлық ынтымақтас
кластарын бір жобаға (assembly) орналастыру керек. Ондай өрістер
ынтымақтас өрістер деп аталады. Сонымен, егер кейбір өрістер кез келген B
класының (B класына A класы қолжетімді) әдістеріне қолжетімді болу керек
болса, онда осы өрістерде public модификаторы болуы керек. Мұндай өрістер
ашық және көпшілік қолды өрістер деп аталады.
7.7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Класс ұғымы
2 Класс қасиеттері туралы ұғым?
3 Класс конструкторы туралы ұғым?
4 Класс деструкторы туралы ұғым?
5 Класс оқиғасы туралы ұғым?
6 Класс индексаторы туралы ұғым?
7 Объекттің this өрісінің міндеті?
8 Класс типіндегі айнымалы қалай аталады?
9 Класс сипаттамасында static қызметтік сөзі нені білдіреді ?
10 Класс деректерінің сипаттамасында public қызметтік сөзі нені
білдіреді?