Тақырып: Кіріспе. Классикалық әдебиет туралы түсінік
Дәріс мақсаты: Классикалық әдебиеттің әдеби үдерісті өркендетудегі орнын айқындау.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Классика – әдебиеттің өнегелі үлгісі. Асқақтық пен сезімталдық, шындық пен сыр, ақыл мен нақыл үндестік тауып, үйлескен ағым. Бұл ағым Еуропа елдерінде қанат жайып, кейін әлемге тараған. Классиктердің шығармалары дәуірлер бойына жаңғырып, ешқашан ұмытылмайды. Ол үшін шығарманың мазмұны шамалы уақыт аралығындағы шындықты, бір ғана кеңістікте, бір сюжеттік желінің бойында өтетін оқиғаны көрсетуі керек. Батыс классиктері Спенсер, Спиноза, Р. Декарт, Д. С. Милль, Дрэпер, У. Шекспир, И. В. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Д. Байрон, О. Бальзак, А. Мицкевич, А. Дюма, орыс классиктері И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, С. А. Есенин, Шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, ал қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік классиктері Абай, Шәкәрім, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Ахтанов, Д. Исабеков тағы басқа ақын-жазушыларымыз бар.
Классикалық әдебиет (латынша classicus-ең үлгілі) – бұрын-соңды жасалған идеялық мазмұндылығы және көркемдік дәрежесі тұрғысынан ең жоғары бағаланған әдебиет үлгісі. Халықтың кемеңгер ақыны, жазушысы жасаған қоғамдық мәні мен көркемдік сапасы жоғары саналған шығармалар классикалық әдебиет қорына жатады. Классикалық әдебиет барлық кезде де биік адамгершілік, ағартушылық және жалпы халықтық ізгі идеяларды ту етіп, көркем шығарманы дүние жүзілік мәні бар нағыз өнер туындысы дәрежесіне көтеріп келеді. Классикалық әдебиет әр халықтың тарихында әрқалай, бір елде ерте, бір елде кеш дамыған. Мысалы, грек классикалық әдебиеті біздің заманымыздан бұрын 5-ғасырда пайда болса, ежелгі Римде 1 ғасырда, Қытайда 8 ғасырда, Орта Азия және Таяу Шығыста 9-12 ғасырда,Францияда 17 ғасырда, Россияда 19 ғасырда дамыды. Қазақ классикалық әдебиеті де 19-ғасырда пайда болды.
«Халықтың кемеңгер ақыны, жазушысы жасаған қоғамдық мәні мен көркемдік сапасы жоғары саналған шығармалар классикалық әдебиет қорына жатады. Классикалық әдебиет барлық кезде де биік адамгершілік, ағартушылық және жалпы халықтық ізгі идеяларды ту етіп, көркем шығарманы дүниежүзілік мәні бар нағыз өнер туындысы дәрежесіне көтеріп келеді».
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. –Алматы: Білім, 2015.
2.Мәдібай Қ. ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2015.
3.Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.
4.Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012.
5.Майкл Райан. Әдебиет теориясы. Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 292 бет.
6.Қалқабаева С. Көркем шығарма поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2019.
Интернет-ресурстар: http: //lib.kaznu. kz/ default.asp
http://www.infoliolib.l/info/
http://www.openj-gate.org