АЛҒА
БАСТАР
ЖОЛ
Төртінші
индустриялық революция өзімен бірге апатты ахуалды ала
келуі
де мүмкін, алайда алдымызға тартқан сол қиын жағдайды біз өз
қолымызбен
жасап алдық. Сондықтан қалыптасып келе жатқан жаңа
жағдайға
бейімделуді (оңтайлы дамуды да) талап ететін
проблемаларды
шешудің
, өзгерістерді, ережелерді жүзеге асырудың оңтайлы тетігі –
біздің
өз қолымызда.
Біз
бүкіл парасатымыз бен ақыл-ойымызды, жүрегіміз бен жан-
дүниемізді
жұдырықтай жұмылдырып, саналы түрде ұжымдаса жұмыс
жасаған
жағдайда ғана осынау аса күрделі мəселелерді шеше аламыз.
Ырыққа
көне бермейтін мұндай дизруптивті күштерді төмендегі төрт
интеллект
түрі негізінде əдіптеп, өзімізге ыңғайлап, заманға сай
қолдану
арқылы ғана ауыздықтауға болады деп ойлаймын. Олар:
• контекстуалды (ақыл) – білімімізді қалай байыптаймыз жəне қалай
қолданамыз
? •эмоционалды (жүрек) – ойымыз бен сезімімізді қалай
саралап
, қалай бір арнаға тоғыстырамыз, өз-өзімізге жəне бір-бірімізге
қалай
қараймыз?
•рухтану (жан-дүние) – жағдайды жақсылыққа қарай өзгертіп, ортақ
мүдде
жолында əрекет ету үшін біз өз сезімімізді жеке жəне жалпы
мақсаттарға
, сенім мен басқа да игіліктерге қалай пайдаланамыз?
•физикалық (дене) – өзімізді өзгертуге жəне құрылымды барынша
икемді
етуге қажетті қуат күшін іске қосу үшін, алдымен,
денсаулығымызды
күтіп, өз жағдайымызды жақсартуға, сондай-ақ
айналамыздағылардың
да денсаулығы мен хал-жағдайының
жақсаруына
қалай қолғабыс тигіземіз?
Достарыңызбен бөлісу: