Н
қыстырмасы. Əдептен аспау
Технологиялық
жетістіктер бізді əдеп əлемінің жаңа шегіне əкеліп
тіреп
қойды. Биология саласындағы қайран қалдырарлық
жетістіктерді
біз ауруларды емдеу немесе жарақаттың зардабын
жою
мақсатында ғана қолдануға тиіспіз бе? Егер де біз екінші
нұсқаны
таңдайтын болсақ, онда ата-аналық мəртебемізді
тұтынушылық
қоғамның талқысына саламыз, ондай жағдайда
біздің
балаларымыз қалауымызша жасалатын тауарға айналып
кетуі
ғажал емес. Ал, сонда «жақсырақ болу» дегеніміз не? Аурудан
ада
болу ма? Ұзақ өмір сүру ме? Ақылдырақ болу ма?
Шапшаңырақ
жүгіру ме? Сырт келбеттің тартымды болуы ма?
Бізді
мүмкіндіктің шегіне алып келетін осындай күрделі сұрақтар
алдымыздан
шығады. Машиналар бізден шапшаңырақ немесе
бізден
гөрі сапалырақ ойлайтындығы жайында пайымдап
көріңіздер
. Amazon мен Netfix сайттарының қандай фильмдер
мен
кітаптарды қарап, оқығымыз келетінін болжайтын
алгоритмі
қазірден-ақ бар.
Танысу
жəне жұмыс іздеу сайттары бізге тұрғылықты
ауданымыздан
ақпарат ұсынады немесе бізге мейлінше сəйкес
келетін
əріптестер мен жұМыс орындарын ұсына алады. Сіздің
таңдауыңыз
қандай болады? Белгілі бір алгоритм ұсынған
мəліметке
ме, əлде отбасы мүшелерінің, достарымыз бен
əріптестеріміздің
ұсыныстарына сенеміз бе? Жасанды
интеллектпен
қамтамасыз етілген, диагноздары мінсіз дəрігер
роботтың
көмегіне жүгінеміз бе, əлде өзінің мінез-құлқымен
науқасты
сабырға шақыра алатын, бізді талайдан бері білетін
кəдімгі
адам дəрігерге баруымыз керек пе? ! Біз бұл мысалдарды
жəне
олардың салдарларын қарастырғанда, болжалсыздыққа аяқ
басқандай
боламыз, адамзат баласы бұрын-соңды басынан
кешкендердің
ешқайсысына ұқсамайтын қайта жаңғыруының
бастапқы
кезеңіне куə боламыз.
Екінші
бір өзекті мəселе – жасанды интеллект пен өзін-өзі оқыту
функциялары
бар құрылғыларға ие келешекті болжау əлеуеті
болып
табылады. Егер де мінез-құлқымыз кез келген жағдайда
айдай
анық көрініп тұрса, онда біздің жеке бостандығымыздың
қанша
мөлшері құпия қала алады? Мұндай үдерістердің дамуы
адамдардың
өздерін де белгілі бір деңгейде роботқа айналдыруы
мүмкін
бе? Бұған болжам жасаудың өзі қиын екенін сезбейміз.
Цифрлық
дəуір кезеңі біздің алдымызға демократия мен
адамдардың
əркелкілігі жағдайында жеке болмысымызды сақтау
деген
бұдан да күрделі философиялық мəселені көлденең тартып
жүрмей
ме?
3.5.2. Адами қарым-қатынас
Этикалық
мəселелерді арнайы қарастырғаннан түсінікті болғандай,
əлем
барған сайын инновациялық жəне цифрлық технологияларға бой
ұрған
тұста əлеуметтік байланыстармен тығыз, жанды қарым-
қатынастарды
жүзеге асыратын адамның орнын сезіну қажеттілігі де
соншалықты
ұлғая түсуде. Төртінші индустриялық революция біздің
технологиямен
арадағы жеке жəне қоғамдық қатынасты қиындата
түседі
де, біздің əлеуметтік дағдымыз бен адами түсінісу қабілетіміз
төмендей
бермек деген күпті пікірлер де айтылып жүр. Қазірдің өзінде
мұндай
жағдайды байқауға болады. 2010 жылы Мичиган штаты
университетіндегі
ғылыми топтың жүргізген зерттеулері бүгінгі
колледж
студенттері арасындағы өзара түсінісу 40 пайызға дейін
төмендегенін
анықтаған (20-30 жыл бұрын оқып кеткен студенттермен
салыстырғанда
), онымен қоса, бұл төмен көрсеткіштің басым бөлігі
2000 жылдан кейінгі кезеңге тəн екен.65
Массачусетс
технологиялық институтының зерттеушісі Шерри
Терклдың
ақпаратына сүйенсек, отбасымен немесе достарымен ас ішіп
отырғанда
да, тіпті спортпен шұғылданып жатқанда да
жасөспірімдердің
4 пайызы интернет желісінен мүлдем шыға
алмайтын
көрінеді. Бүгінгі таңда бетпе-бет сөйлесуді онлайн
режимінде
сөйлесу тəсілі ығыстыруда жəне үрей тудыратыны
əлеуметтік
БАҚ-қа құныққан жастар буыны өз сұхбаттасын салқын
тыңдайды
, олармен көз байланысын, ым немесе емеурін тілін
түсінбеуге
айналып барады.
Бұған
дəлел ретінде, біздің ұялы технологиямен арадағы қарым-
қатынасымызды
айтса да болады. Біздің əлеуметтік желіге əр уақытта
қосулы
тұратынымыз өмірдегі ең маңызды құндылықтың бірінен
алшақтата
түсуде, ол – бір сəт технологияны жəне əлеуметтік желіні
араластырмай
-ақ, жақыныңмен адамша ақтарылып сөйлесу, шер
тарқату
. Терклдың зерттеуі нəтижесіне сүйенсек, екі адам сөйлесіп
отырған
жерде үстелдің үстінде телефонның болуы немесе оның көз
ұшында
орналасуы екеуара əңгіменің мазмұны мен сапасын өзгеріске
ұшыратады
. Бұл – телефоннан мүлде бас тарту керек дегенді
білдірмейді
, тек оны «саналы түрде қажетіңізге қарай, орынды қолдану
керек
» деген сөз.
Басқа
да мамандар осы сипаттағы мəселелерге алаңдаушылық
білдіруде
. Николас Кар – технология мен мəдениетке байланысты
зерттеулердің
авторы. Оның айтуынша, біз уақытымыздың көп бөлігін
цифрлық
кеңістікте өткізген сайын, таным қабілетіміз төмендей
түседі
, себебі ондайда өз назарымызды бақылаудан қаламыз.
Интернеттің
өзі – етене араласуға негізделген жүйе. Яғни, біздің
назарымызды
аулауға бағытталған машина. Назарымыз жиі бөлінген
сайын
ойларымыз шашырап, есте сақтау қабілетіміз əлсірей түседі. Біз
қысым
мен қатерді қатар сеземіз. Бізді тұңғиыққа тартқан бұл ой
тереңдеген
сайын, оның тигізетін зардабы да ауырлай бермекші». 66
1978 жылы экономика саласында Нобель сыйлығының иегері атанған
Герберт
Саймон сонау 1971 жылдың өзінде-ақ: «Ақпараттың көптігі
назардың
əлсіреуіне алып келеді», деп ескерткен екен.
Бүгінгі
жағдай, əсіресе, шешім қабылдайтын тұлғалар үшін күрделене
түсіп
отыр. Олар материалдың көптігінен ақпаратты игере алмай,
үнемі
күйзелісте жүреді. «Жеделдеген дəуірде адамды баяу қимылдан
артық
ешнəрсе қуанышқа бөлей алмайды» деп жазады публицист Пико
Айер
. «Біздің айналамызда ойымызды бөлетін құбылыстар жетіп
артылады
. Ойды белгілі бір нəрсеге шоғырландырудың лəззатын
ештеңе
алмастыра алмайды. Үздіксіз қозғалыс дəуірінде бір сəт тоқтап,
байыппен
бір орында отырудан асқан рахат жоқ».67
Тəулік
бойы желіге қосылып тұратын барлық цифрлық құрылғыларға
назары
шашыраған біздің миымыз бір сəт тыным таппайтын мəңгілік
қозғалтқышқа
айналу қаупі бар. Мен түрлі жетекшілік қызметтердегі
азаматтармен
жиі кездесемін, олардың шағын мақаланы оқуды былай
қойғанда
, бір сəт кідіріс жасап ойлануға да мұршасы болмайды екен.
Əлемнің
барлық елінің шешім қабылдайтын тұлғалары уайымнан
қатты
жүдеген қалып танытады. Өз арасындағы бəсекелестік талабы
шамадан
тыс жоғары болғандықтан, олар алғашында жабығу күйіне
түседі
, кейін сағы сынады, тіпті кейде торығуға ұшырайды. Əрине,
цифрлық
дəуірде артқа қадам жасау қиын деген күннің өзінде де –
мүмкін
емес дүние жоқ.
3.5.3. Қоғамдық жəне жеке ақпараттарды басқару
Жеке
адам деңгейіндегі маңызды мəселенің бірі – интернет желісін
пайдаланғаннан
туындайды. Түрлі желілерге қосылу да – жеке өмірге
қатысты
мəселелерді көлденең тартуда. Бұл мəселе – уақыт өткен
сайын
шиеленісе түсуде. Гарвард университетінің саяси философия
маманы
Майкл Сандел: «Күнделікті қолданып жүрген құрылғыларға
келгенде
, біз жеке бас құпиясын қолайлы жағдайға алмастыруға
дайынбыз
», – деп атап өткен болатын.68
Жеке
өмірге қол сұқпаудың мəні туралы ашық əңгіме Эдвард
Сноуденнің
жаһандық пікірсайысынан басталды. Интернеттің бұрын-
соңды
болмаған ырықтандыру (либерализация) мен
демократияландыру
құралына айналу мүмкіндігін көріп отырмыз.
Сонымен
қоса, жалпақ жұртқа білдіртпей, ұзаққа созылатын рұқсатсыз
бақылау
жүргізу мүмкіндігі де артуда.
Жеке
өмірге қол сұқпау неге соншалықты маңызды? Біз барлығымыз
түйсігіміз
арқылы оның қаншалықты қымбат екенін түсінеміз. Тіпті
оның
мəн-мағынасы мынада: «Менің жасыратын ештеңем жоқ»
дейтіндердің
өзі кейбір сөздері мен іс-қимылдарын басқаларға жария
еткісі
келмейді. Зерттеулерге сүйенсек, өздерін біреулер бақылап
жүргенін
білетін адамдар өз мінез-құлықтарына аса ұқыпты келеді
жəне
тиісті талаптарды орындауға даяр тұрады.
Бұл
кітапта біз жеке өмірге қол сұқпау ұғымының артында не тұрғаны
туралы
немесе ақпараттық меншік құқығы кімге тиесілі деген
сұрақтарға
жауап беруге ниетті емеспіз. Алайда жақын арада көптеген
іргелі
мəселелерге, соның ішінде жеке бас мəліметтерімізді сақтай
алмаудан
туындайтын ішкі өмірімізге төнер қауіптер туралы пікірталас
жүреді
деп күтемін (І қыстырманы қараңыз: əл-ауқат жəне
Құпиялық
шекарасы).
Бұл
– өте күрделі мəселелер. Біз қазір мүмкін болатын психологиялық,
моральдық
жəне əлеуметтік салдарларды ғана сезініп отырмыз. Жеке
адамның
өміріне қол сұқпау мəселесіне қатысты мен мынаны
байқадым
: адамның өмірі толыққанды жария күйге айналып, оның
шалыс
басқан қадамдары туралы бəрі білетін болса, бұған қатысты
жауапкершілікті
өз мойнына алуға кімнің ерлігі жетеді?
Төртінші
индустриялық революция технологияны жеке өмірімізге
дендеп
ене беретін жəне үстемдік ететін салаға айналдырды. Осының
өзінде
, біз жаңа технологияның көптігі біздің ішкі өмірімізге əсер
ететіндігін
енді ғана түсініп жатырмыз. Түптің түбінде, технология
бізді
құрдымға жібере ме, я болмаса бізге қызмет ете ме деген
мəселелердің
шешімі – тек өз қолымызда. Жаңа технологияларды
енгізу
кезінде туындайтын проблемаларды адамдардың дұрыс түсіне
алуын
жəне оны талқылауын ұжымдық деңгейге шығаруымыз керек.
Тек
осындай жағдайда төртінші индустриялы революцияның бізге
зардабын
тигізетініне емес, керісінше əл-ауқатымызды арттыратынына
сенімді
бола аламыз.
|