Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет57/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Физикалық
интеллект – дене
Контекстуалды
интеллект те, эмоционалды жəне рухтастық интеллект
те
төртінші индустриялық революция жағдайында өздері үшін пайда
табудың
берік құралына айналады. Соған қарамастан, адамның
денсаулығы
мен бақытты өмірі үшін негізгі əрі сарқылмас күш ретінде
қарастыратын
төртінші – физикалық интеллект оларға ауадай қажет.
Тіршілік
тынысы жылдам өзгеріп, қиындықтар күннен-күнге көбейіп,
біздің
қабылдаған шешімдерімізге қызыға қарайтын (əрекеттері бізге
жақындайтын
) əріптестеріміздің саны өсе түскен сайын біз де
босаңсымаудың
, аумалы-төкпелі заманда өзімізді-өзіміз жоғалтып
алмаудың
маңызын сезіне түсеміз.
Эпигенетика
(epigenetics) – біздің тұқым қуалау қасиеттерімізге өмір
сүру
ортамыздың қалай əсер ететінін зерттейтін ғылым саласы ретінде
кейінгі
жылдары жылдам дамып келеді. Бұған біздің түс көруіміздің,
тамақтануымыздың
, денеге түскен ауыртпалықтарымыздың əсері
бұлтартпас
дəлел бола алады. Мəселен, тұрақты түрде дене
шынықтыру
біздің ойымыз бен сезімімізге жағымды əсер етеді. Бұл
біздің
жемісті еңбегімізге, айналып келгенде, үлкен нəтижелерге қол
жеткізуімізге
көмегін тигізеді.
Біздің
денеміз ой-санамызбен, эмоциямызбен жəне бүкіл əлеммен
үйлесімде
дамуы үшін жаңа тəсілдерді үйреніп, қолдана білудің
маңызы
өте зор. Миымыздың мүмкіндігін түрлі салалар арқылы, соның
ішінде
медицинаның адам сенгісіз жетістіктері арқылы да танып
білудеміз
. Бір мезетте қатар келген күрделі мəселелерді шешу үшін
көшбасшыға
«темірдей төзім» қажет. Төртінші индустриялық
революция
алға тартқан мүмкіндіктерді жүзеге асыру барысында мұны
ұтымды
пайдаланудың маңызы зор.
Жаңа
мəдени ренессанс жолында


Ақын
Райнер-Мария Рильке жазғандай: «Біз əлі өмірге келмей
жатыпақ
, болашақ біздің ішімізге біз болу үшін енеді». Біз өмір сүріп
жатқан
дəуір – антропоген немесе адамзат дəуірі екенін ұмытпауымыз
керек
. Əлем тарихында бірінші рет адамзат белсенділігі – Жердің
барлық
экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын
көрсетеді
.
Бəрі
өзімізге байланысты.
Бүгінде
біз төртінші индустриялық революцияның бастапқы кезеңінде
тұрмыз
, болашақты көреміз жəне одан да маңыздысы – оны анықтауға
қабілеттіміз
.
ойдағыдай
дамуымыз үшін не керектігін білу – бір басқа да, ал ол үшін
не
істеу керектігін білу – мүлдем басқа. Осының бəрі бізді қайда
апарады
жəне осыған қайткенде жақсы дайындықпен келуге болады?
Француз
философы жəне ағарту дəуірінің жазушысы, бүгін мен осы
кітапты
жазып отырған жерден бірнеше шақырым қашықтықта ғана
көптеген
жылдар бұрын өмір сүрген Вольтер бір күні былай депті:
«Күдіктену ыңғайсыз, бірақ тым сенімділік ақылға сыймайды».4
Шындығында
, төртінші индустриялық революцияның қайда
апаратынын
дəл білеміз деп сендіру – аңғалдық болар еді. Алайда, ол
қай
бағытта дамиды екен деп қорқыныш пен үрейге берілу де –
аңғалдық
. Осы кітапта айтқанымдай, төртінші индустриялық
революцияны
қалай икемдейтінімізге - біздің өз мүмкіндіктерімізді
төртінші
революцияның дамуына қалай икемдейтініміз тікелей
байланысты
.
Алдымыздан
ашылған мүмкіндіктер қаншалықты таңғаларлық болса,
қазіргі
қиыншылықтар да соншалықты үрейлі болып көрінуі түсінікті
жағдай
. Сондықтан, осы үрейлі ахуалдың əсерi мен ықпалына алдын
ала
дайындалып, оны пайдалы іске айналдыру үшін тиянақты түрде,
бір
кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Əлемнің тез өзгеретініне,
ғажайып
байланыс-қатынастар үдей түсетініне, дүние бұрын-соңды
болып
көрмегендей күрделенетініне қарамастан, біз өз
болашағымызды
ойдағыдай жасай аламыз. Алдымыздан болашақтың
шалқар
көкжиегі ашылып келеді.


Алғашқы
жəне өмірдегі маңызды қадам ретінде, біз тұрғындарды
ақпараттандыру
жəне қоғамның барлық топтары арасында түсіністік
деңгейін
көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Бұл кітап дəл сол
мақсаттарға
қол жеткізу үшін жазылып отыр. Біз күрделі шешімдер
қабылдау
кезінде, əсіресе өзіміздің жекелеген проблемаларымыз
аясында
ғана шектеліп қалмауға тиіспіз. Себебі, біз тап болатын сын-
тегеуріндер
бір-бірімен тығыз байланысты.
Тек
кешенді тəсілдер ғана төртінші индустриялық революция
барысында
туындайтын көптеген қиындықтарды шешуге қажетті
жағдайлар
жасай алады. Ол үшін бірлескен жəне икемді құрылым
қажет
. Олар түрлі экожүйелермен қоса, экономиканың мемлекеттік
жəне
жеке секторларын құрып, қоғамдағы барлық ақылды адамдардың
ұлтына
, нəсіліне, жынысына, шығу тегі мен біліміне қарамастан бəрін
топтастырып
, барлық мүдделі тараптардың сұранысын өтей алатын
болады
.
Екіншіден
, барлығымыз ынтымақтаса отырып, бүгінгі жəне болашақ
ұрпақ
үшін осы төртінші индустриялық революцияны қалай құра
алаты
- нымыз туралы ұтымды, бəріне түсінікті жəне бəріне ортақ
сценарий
əзірлеуіміз қажет. Біз осы сценарийлердің мазмұнын толық
біле
алмасақ та, онда қамтылуы тиіс аса маңызды мəселелерді анықтай
аламыз
. Мысалы, оның мазмұнында біздің болашақ жүйелерімізді іске
асыруға
қажетті құндылықтар мен этикалық қағидаттар қамтылуы
міндетті
. Нарық - біздің материалдық игіліктеріміздің кепілі
екендігіне
қарамастан, біздің жеке жəне ұжымдық ұстанымымыз
құндылықтар
мен этикалық принциптерге негізделуі керек. Сонымен
қатар
ол жалпы рухани құндылықтар жолында адамзатты жұдырықтай
жұмылдырып
(inclusive), құлшынысын арттыра түсуі тиіс.
Үшіншіден
, белең алып келе жатқан пайымдаушылық пен пəтуаластық
сценарийі
(narratives) негізінде бар мүмкіндікті толықтай
пайдаланып
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет