Теріс
ықпалы
— манипуляциялар мен эхо-камералар санының артуы; – саяси бытыраңқылық;
— жабық платформалар (яғни, желіде тек рұқсат етілген пайдаланушылар үшін
шектелген
аумақтар) кейбір аймақтарға (елдерге) толықтай қол жеткізуге мүмкіндік
бермейді
.
Іс
-əрекеттегі түбегейлі өзгерістер
Интернетті
тағы төрт миллиард пайдаланушыға қолжетімді ету үшін негізгі екі
қиындықты
жеңе білу керек: интернетке қолжетімділік физикалық жағынан да, қаржы
жағынан
да шынайы болуы қажет. Қазіргі таңда Жер шарының бұдан басқа
тұрғындарының
да интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік жасау үшін жарыс басталып
кетті
. Бүгінде интернет желісіне Қосылу мүмкіндігі бар Жер шары тұрғындарының
85%-ы ұялы байланыс мұнарасынан бірнеше ғана шақырым жерде тұрып жатыр. Əлем
бойынша
ұялы байланыс операторлары интернет желісіне қосылуға рұқсат ету аймағын
кеңейтуде
. Ұялы байланыс операторларымен бірлесе жүзеге асырылатын Facebook
желісінің
Internet.org жобасы былтыр 17 елдің бір миллиардтан аса тұрғындарына
интернет
желісінің негізгі қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік берді. Қазіргі
уақытта
тіпті шалғай аудандарды Қолжетімді бағамен интернетке қосуға бағытталған
көптеген
бастама жүзеге асуда: Facebook желісінің Internet.org жобасы ұшқышсыз
интернет
-дрондарды əзірлеуді қарастырып, Google компаниясының Loon жобасында
оның
əуе шарлары пайдаланылуда. Сондай-ақ SpaceX компаниясы бюджеті аз
Жерсеріктік
желілерге инвестициялар салуда.
6. Қалтаңыздағы суперкомпьютер
Бетбұрысты
сəт: əлем тұрғындарының 90%-ы смартфондарды тұрақты қолданатын
болады
.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап берушілердің 81%-ы осы бетбұрысты сəтке қол
жеткізетіндеріне
үміттенеді.
2012 жылы Google Inside Search зерттеу тобы «Google іздеу жүйесінде бір сауалға
жауап
алу үшін «Аполлон» бағдарламасының жердегі жəне ұшу кезіндегі есептеулерге
жұмсалатын
есептеу көлемі қажет болады» деген ақпаратты жариялады. Одан бөлек,
қазір
шығып жатқан смартфондар мен планшеттер бұрындары «суперкомпьютерлер»
деп
аталған, бір өзі бір бөлменің орнын алатын компьютерлердің есептеу қуатынан да
артық
қуатқа ие.
2019 жылға қарай смартфондарды пайдаланушылардың жалпы саны əлемде үш жарым
миллиард
адамға жетеді деген болжам бар. Бұл – смартфонды пайдаланушылар саны
2013 жылмен салыстырғанда 28%-ға, 2017 жылмен салыстырғанда 50% көбейіп,
смартфон
пайдаланушылардың жалпы саны – 59%-ға жететіндігін айғақтайды. 85
Кенияда
ұялы байланыс қызметінің жетекші операторы қызметін атқаратын Safaricom
компаниясы
: «2014 жылы смартфондарды сату көлемі барлық ұялы телефондар
көлемімен
есептегенде 67%-ды құрады» деп хабарлады. Ал GSMA компаниясы: «2020
жылға
қарай Африкада смартфонды пайдаланушылар саны жарты миллиардтан асып
жығылады
» деген болжам айтады.
Құрылғыларды
пайдалануда түрлі континенттерде орналасқан көптеген елде осындай
өзгерістер
жүзеге асты (көшбасшысы – Азия). Себебі адамдардың көбі ДК-ден гөрі,
смартфондарды
құп көреді. Технологияның дамуы барысында құрылғылардың көлемі
кішіреюіне
, есептеу қуатының көбеюіне, əсіресе бағасының төмендеуіне байланысты,
смартфонды
пайдаланушылар саны да арта түспек.
Google зерттеуі бойынша, 2-суретте көрсетілген елдерде смартфонды
пайдаланушылардың
саны ДК пайдаланушылар санынан асып түседі.
Сингапур
, Оңтүстік Корея жəне Біріккен Араб Əмірлігі (БАƏ) сияқты елдер
бетбұрысты
межеге жетуге жақын. Ол жерде ересек тұрғындардың 90% смартфондарды
қолданады
(3-сурет).
Қоғамда
одан да жылдам, адамдар жүріп келе жатып-ақ күрделі мəселелерді шешуге
мүмкіндік
беретін машиналарды ойлап табатын уақыт алыс емес. Əр адам
пайдаланатын
құрылғылардың саны тек жаңа атқарылатын қызметтер тұрғысынан
емес
, сонымен қатар шешілетін міндеттердің өзіндік ерекшелігіне де байланысты өсуі
ықтимал
.
|