Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет69/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   109
Бетбұрысты
сəт: адамдардың 90%-да деректерді шексіз жəне тегін (жарнамамен
қолдау
көрген) сақтау мүмкіндігі бар.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап берушілердің 91%-ы осы бетбұрысты сəтке қол
жеткізетіндеріне
үміттенеді.


Соңғы
жылдары ақпаратты сақтау мүмкіндігі қарқынды дамып келеді. Бұл ретте өз
пайдаланушыларына
қызмет көрсету пакеті құрамында тегін сақтауға жағдай
туғызатын
компаниялар саны өсіп отыр. Пайдаланушылар келесі көлемдерге орынды
босату
үшін бұрынғыларды қалай жоямын деп уайымдамастан, контенттің үдемелі
көлемдерін
шығара береді. Сақтау үшін құрылғылардың сыйымдылығын
коммерциялаудың
айқын белгілері байқалып келеді. Оның себебі сақтау құнының (4-
сурет
) экспоненциалды құлдырауында (əр бес жылда шамамен он есе) жатыр.
Шамамен
əлемдегі барлық деректердің 90%-ы соңғы екі жылда пайда болды, ал
кəсіпорындар
енгізген ақпараттардың саны əр 1,2 жыл сайын екі еселенеді.8° Сақтау
қызметтері
тауарға айналды. Amazon Web Services жəне Dropbox сияқты
компаниялар
осы бағыттың көшбасшылары қатарынан көрінді.
Пайдаланушылар
үшін шексіз, тегін қолжетімділікті сақтай отырып, бүкіл əлем сақтау
қызметтерін
толық тауарға айналдыруда. Компания үшін табыс табудың ең тиімді жолы
– жарнамалық қызмет көрсету немесе телеметрияның міндетін атқару болуы əбден
мүмкін
.
Оң
ықпалы
– құқықтық жүйелер;
– тарихи зерттеулер/дəріс беру;
– бизнес-операциялардың тиімділігі;
– жеке жадты кеңейту.
Теріс
ықпалы
– жеке өмірді бақылау.


Беймəлім
немесе əрі оңəрі теріс ықпалдар
– мəңгілік жад (ештеңе жойылмайды);
— жасалатын контент көлемінің артуы, бірлесе пайдалану жəне тұтыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет