Клаус Шваб Төртінші индустриялық революция



Pdf көрінісі
бет78/109
Дата28.09.2022
өлшемі4,97 Mb.
#40701
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   109
Байланысты:
Төртінші индустриялық революция (Клаус Шваб)

Бетбұрысты
сəт: компанияның директорлар кеңесіндегі жасанды интеллект (жи)
элементтері
бар алғашқы автомат.
2025 жылға қарай: сауалнамаға жауап бергендердің 45%-ы аталған бетбұрысты сəттің
жетістігінен
үміттенеді.


Автокөлікті
басқарудан бөлек ЖИ кіріс ақпараттарды қамтып, болашақтағы
қабылдануы
күрделі шешімдер үдерісін автоматтандыру үшін өткен жағдайлардан
сабақ
алады жəне өткен тəжірибенің негізінен жинақталған мəліметтердің алынуын
жеңілдетумен
қатар тездетеді.
Оң
ықпалы
– мəліметтерге негізделген тиімді шешімдер;
- субъективтіліктің аздығы;
- «тиімсіз артықшылықты» жою;
– ескірген бюрократтық құрылымды жаңаша ұйымдастыру;
— жаңа жəне инновациялық жұмыс орындары;
– энергия тасымалдаушыларға тəуелді болмау;
— медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбірінен жою.
Теріс
ықпалы
- есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, фидуциарлық құқықтар, заң аспектілері);
— жұмыс орындарын жоғалту;
- хакерлік/киберқылмыс;
— жауапкершілік жəне есепті болу, басқаруды ұйымдастыру;
– қалыптасқан түсініктің шегінен шығу;
– теңсіздік деңгейінің жоғарылауы;
— «алгоритм шиеленісі»;
– адамзатқа экзистенционалды қауіптің төнуі.
Іс
-əрекеттегі түбегейлі өзгерістер
Бұдан
үш жыл бұрын бір жасар баланың тілдік қабілетіне əрең ие болған ConceptNet
4ЖИ (жасанды интеллект) қазір IQ тест сұрақтарына жауап қайтару кезінде төрт жасар
баланың
тілдік қабілетін көрсетті. Жасалуы жақында ғана аяқталған келесі нұсқадан,
бес
-алты жасар баланың даму деңгейіне лайық сəйкестік күтілуде.
Дереккөз
: «4 жасар баланың тілдік IQ тесті Жи құрылымы арқылы жүзеге асты»
(«Verbal IQ of a Four-Year Old Achieved by an Al System»:viewdoc/download?doi=
10.1.1.386.67 05&rep-rep1&type=pdf).
Мур
заңдылығы бойынша аталған дүниенің даму жылдамдығы соңғы отыз жылдық
қарқынмен
дамитын болса, 2025 жылға қарай орталық процессорлар өңдеудің
есептеуіш
қуат деңгейі адам миының мүмкіндігі деңгейіне көтерілмек. Deep
Knowledge Ventures – негізгі офисі Гонконгте орналасқан, тіршілікке қатысты
ғылымдарды
инвестициялайтын, венчурлы, инвестициялы қор. Аталған қор, уақыт келе


пайда
болатын дерттерді, оның ішінде қатерлі ісік дертін емдеу саласында жəне
регенеративті
медицинаны дамыту мақсатында директорлар кеңесінде VITAL (тіршілік
ғылымдарының
дамуы үшін жасалатын инвестицияның іске асуындағы валидациялық
механизм
) деп аталатын жасанды интеллект алгоритмін пайдалануды қабылдады.
Дереккөз
: «Алгоритм директорлар кеңесінде тағайындалды» («Algorithm appointed
board director», BBC: 
http://www.bbc.com/news/technology-27426942
).
14. Жасанды интеллект жəне ақ жағалылар кəсібі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет