***ОТВЕТ***Сарысу
Зоотехник 57жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге бас ауруына, қызбаға, аяқтың бұлшық еттеріндегі , белдегі ауру сезіміне, сарғаю, зәрінің қарайуына және көлемінің азайуына шағымданып келді. Объективті: температурасы 38,1°С, склералардың инъекциясы, кеуде аймағында петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия. Алдын ала қойылған диагноз Лептоспироз. Бактериологиялық тексеру әдісін тағайындаған. Лептоспироз кезінде арнайы терапия ретінде қолданылады:
***ОТВЕТ*** Арнайы иммуноглобулин
Ер кісі, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі барау мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой.,пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Қандай ем ЕҢ тиімді?
***ОТВЕТ*** Ципрофлоксацин 500х2р
Ер адам, 38 жаста, жатаққанада тұрады, ауруы жедел басталған, дене қызуы 39°С дейін көтерілген, басы ауырып, әлсіздік сезінген. Осы мезетте іші бүріп ауырып, 5-6 рет құсқан, іші 7-8 рет өткен. Іші жұмсақ, эпигастралды аймықта, кіндік түбінде, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі анықталады. Нәжісі сұйық, жасыл түсті.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек:
***ОТВЕТ*** Нәжісті, зәрді, құсықты, қанды бактериологиялық зерттеуге жіберу
Ер адам 44 жаста, терпевтке аузының құрғауына, көрудің анық болмауы, көздің екеуленуі, тыныс алудың қиындауына шағымданып келді. Кеше түсте қонақта майонезбен салат, ет тағамдары, маринадталған саңырауқұлақ жеп, алькоголь пайдаланған. Дауысы түсініксіз. Температурасы – 37,0ºС. Іші аздап кепкен, перистальтикасы әлсіз.Көрсетілгендердің қайсысы науқасқа (бірінші кезекте) Ең маңызды болып табылады ?
***ОТВЕТ*** Асқазанды зондпен жуу
Әйел адам 34 жаста, емханаға ауруының екінші күні аузының құрғауына, көрудің анық емесіне, тыныс алудың қиындауына шағымданып келді. 3 күн бұрын маринадталған саңырауқұлақ жеген. Қараған кезде: есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қыликөз. Дауысы түсініксіз. Естуі жақсы. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы әлсіз. Қандай емдік тәсіл ЕҢ маңызды?