Климаттың өзгеруі және жасыл экономика



бет1/3
Дата07.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#90869
  1   2   3
Байланысты:
8 лекция ЗЭ

Климаттың өзгеруі және жасыл экономика


Аға оқытушы Дуйсенбек Жансая Серікқызы
zh.dujsenbek@aues.kz
Қазақстан Республикасындағы шығарындыларды реттеу . Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірілімдерін түгендеудің мемлекеттік жүйесі.
Дәріс мақсаты: климаттың өзгеруі жөніндегі күрес, парникті газдар шығарылымын реттеу, халықаралық келісім бойынша Қазақстанның міндеті және ПГ шығарындыларын қысқарту бойынша ішкі шаралар туралы халықаралық құжаттарды білу.
1992 жылғы БҰҰ климаттың өзгеруі туралы Шекті Конвенциясы (БҰҰ КӨШК), 1997 жылғы БҰҰ КӨШК Киото хаттамасы және 2015 ж. Париж келісімі климаттың өзгеруі жөніндегі күрес бойынша халықаралық келісім болып табылады.
Киото хаттамасына Қатысушы Елдер 2011 жылдың желтоқсан айындағы жағдай
Қол қойып және келісімді ратификациялаған Мемлекеттер I & II қосымшасындағы Мемлекеттер
Қол қойып, бірақ хаттаманы ратификацияламаған Мемлекеттер Әлі шешім қабылдамаған Мемлекеттер
Киото хаттамасынан шыққан Мемлекеттер
Киото хаттамасы – 1997 жылы желтоқсанда Жапонияның Киото қаласында климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Шекті Конвенциясының Тараптар Конференциясының 3-ші сессиясында қабылданған, халықаралық құжат. Бұл 2008-2012 жж., парникті газ шығарындыларын қысқарту бойынша хаттама, Монреаль хаттамасымен, Қосымша В елімен бақыланбайды. Мемлекеттер хаттаманы ратификациялаған соң 2005 жылы 16 ақпанда күшіне енді, 1990 жылдың жағдайы бойынша «паринкті» газдар шығарындылары бойынша жиынтық квота 55 % асады.
Құжатқа қол қойған мемлекттер ғаламдық жылынуға себеп болатын парникті газ шығарындыларын қысқарту қажеттілігі туралы келісті. 2008 жылмен 2012 жыл аралығында атмосфераға шығарылған көміртегі қос тотығы, метан және басқа да парникті газдардың жалпы көлемі 1990 жыл деңгейімен салыстырғанда 5,2% ға қысқартылған болуы керек. Киото хаттамасындағы Қосымша В елінің атмосфераға парникті газ шығарындыларына арнайы лимиттері бар. Егер қандай да бір қосымша В елі өздерінің лимиттерін толық пайдаланбаса, онда олоны толық пайдаланбаған квота ретінде сатуға құқылы.
Киото хаттамасы өз мақсаттарын орындау үшін нарық тетіктерінің үш жолына қосымша қаражат тағайындады:
• Шығарындылармен халықаралық сауда (МТВ)
• Таза даму тетігі (МЧР)
• Бірлесіп жүзеге асыру (СО)
Киото хаттамасының тетіктері
Парникті газдар шығарындылары мен сіңірулер саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері алғаш рет 9 қаңтар 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде (ЭК) пайда болды
ЭК 45 тарау 9 бапта, елдер ішіндегі парникті газ шығарындыларын азайту және есептеуге бағытталған, ПГ қысқарту принциптерін қалаптасытру мен шараларды жүзеге асыру үшін заңнама аясы анықталды. 2007 ж. ҚР ЭК заңнама аясында жыл сайын парникті газ шығарындылар мен сіңіру ұлттық инвентаризациясын жүргізу үшін, ПГ шығарындылары квотасы ішкі саудалау жүйесінде жұмыс істеу үшін көміртегі бірлігі реестрі мен парникті газдарлың мемлекеттік кадастрын енгізу БҰҰ КӨШК және КХ бойынша ҚР негізгі халықаралық міндеттемелерінің бірі болып табылады.
2013 жылы мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «жасыл экономикаға» өту бойынша Қазақстан Республикасының Тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамаға сәйкес
«жасыл» экономикаға өту бойынша шаралар, соның ішінде парникті газ эмиссяисын төмендету бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан үшін парникті газ шығарындыларын реттеу мәселелері басым болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, үлкен мөлшердегі ПГ және олардың ұлғаюын бақылайтын динамикаға байланысты
Сурет – Қазақстан көздерінің негізгі санаттары бойынша 1990... 2012жж. ҚР жалпы ұлттық эмиссиялардың динамикасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет