Клинические дисциплины chapter clinical disciplines акушерство и гинекология obstetrics and gynecology



Pdf көрінісі
бет157/170
Дата12.03.2017
өлшемі19,82 Mb.
#9104
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   170

 

 

А.Б. БЕРДЫГАЛИЕВ, К.С. НУРЖАНОВА, А.Б. КАРАГИЗОВА, А.А. ОТЫНШИЕВА  

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕ СПИРОМЕТРИКАЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ: 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ 

 

Түйін:  Бірнеше  факторлар  әсері  және  жалпы  теңдеулердің  атап  айтқанда,  дені  сау  балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған 

спирометрикалық параметрлері (FVC және ОФВ1) зерттелген жоқ. Бұл зерттеуде Қазақстандағы қалалық және ауылдық балалар 

мен жасөспірімдердің спирометрикалық деректері көрсетіледі. Эксперименттік (FVC және  FEV1) бойы, жасы, этникалық топтары, 

тұрмыстық  орта  (қалалық,  ауылдық)  және  басқа  да  антропометриялық  параметрлеріне  негізделіп  көрсетілді.  7-18  жас 

аралығындағы зерттелгендер саны 1926 ерлер мен 1967 әйелдер. 



Түйінді сөздер: спирометрикалық параметрлері, тамақтану статусы, FVC, FEV1 

 

 

 

 

А.Б. БЕРДЫГАЛИЕВ, К.С. НУРЖАНОВА, А.Б. КАРАГИЗОВА, А.А. ОТЫНШИЕВА  

ЗНАЧЕНИЕ СПИРОМЕТРИЧЕСКОГО ИССЛЕДОВАНИЯ У СЕЛЬСКИХ И ГОРОДСКИХ ДЕТЕЙ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ:  

ОБСЛЕДОВАНИЕ СОСТОЯНИЯ ПИТАНИЯ И ЗДОРОВЬЕ НАСЕЛЕНИЯ КАЗАХСТАНА 

 

Резюме:  Спирометрические  параметры  (ФЖЕЛ  и  ОФВ1)  под  влиянием  нескольких  факторов  и  общезначимых  уравнений 

прогнозирования  никогда  не  были  изучены,  в  частности,  для  здоровых  детей  и  подростков.  В  этом  исследовании  показаны 

спирометрические данные в городской и сельской местности детей и подростков Казахстана. Экспериментальная ФЖЕЛ и ОФВ1 

представлены с учетом роста, возраста, этнической группы, среды обитания (городских, сельских) и других антропометрических 

параметров. Количество исследуемых составило 1926 мужчин и 1967 женщин в возрасте 7-18 лет.  



Ключевые слова: спирометрические параметры, состояние питания, ФЖЕЛ, ОФВ1 

 

 



 

 

 



 

УДК 61:331.108; 613:37 

А.А. АЙТМАНБЕТОВА, А.М. ШАХИЕВА, Б.Ш. НАРБАСОВА, Ә.М. МҰСА  

 

ОРТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КӘСІБИ  

БАҒЫТ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мамандық  бойынша  біліктіліктің  қалыптасуы  орта  дәрежелі  медициналық  білім  беруде,  сонымен  қатар  мейіргер  ісінің 

ұйымдастырушылары  үшін,  айқындалған  кәсіби  бағыттардың  қалыптасуына  әсер  ететін  ерекше  орынға  ие  педагогикалық 

шеберлікке тәуелді болып табылады. Ғылыми көзерді сараптау нәтижелеріне сүйенсек, медицина студенттерінің маманданудағы 

кәсіби  бағыттарының  қалыптасуы  сапалы  түрде  жеткіліксіз  дәрежеде,  сондықтан  орта  білім  беру  медицина  мекемелеріндегі 

кәсіби бағыттарды бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселе.  

Тәлімгерлердің 28,6% -студенттерді кәсіби бағытта дайындауды ұйымдастыру қажет деп санайды, ал керісінше, 30,8% оқытушы 

бұл пікірді бөліспейді. Талдау барысында анықталғандай, кәсіби бағдар құруға оқытушылардың ден қоюы олардың жұмыс өтілінің 

ұзақтығына тәуелді екені анықталды. 

Түйінді сөздер: кәсіби бағыт, медициналық мамандық, орта медициналық оқу орны 

 

Өзектілігі.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаев  2015  жылғы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар 

жол»  халыққа  жолдауында  білім  беру,  денсаулық  сақтау, 

ауыл  шаруашылығын  дамыту  бағдарламаларына  ерекше 

ден  қою  жалғаса  беретіндігі,  «Нұрлы  Жол»  Жаңа 

Экономикалық  Саясат  –  әлемнің  ең  дамыған  30  елінің 

қатарына  бару  жолындағы  біздің  ауқымды  қадамымыз 

екенін қадап айтты. 

Осы тұрғыда медициналық қызметкерлерге тікелей қатысы 

бар  оқу,  денсаулық  сақтау,  тілді  дамыту  ілгеріден  қолға 

алынған. 

Себебі, 

медициналық 

қызмет 

сапасының 



жоғарылауы  үшін  тұрақты  білікті  мамандар  дайындап, 

денсаулық  сақтау  ұйымын  кезеңді  түрде  аккредитациялау 

қажет екенін дүниежүзілік тәжірибе  көрсетіп отыр. 

Кейінгі  жылдары  орта  дәрежелі  медицина  қызметкерлерін 

дайындау  деңгейінің  дамуы  ілгерілеп,  қоғамдағы  маманға 

деген  талаптардың  артуы  отандық  орта  арнайы  білім  беру 

медициналық  оқу  орындарына  оңтайлы  әсер  етті. 

Нәтижесінде  бірқатар  медициналық  білім  беру  мекемелері 

(медициналық  колледждер)  жаңа  статус  иеленіп,  орта 

білімді  медицина  мамандарын  жалпы  дайындап  қана 

қоймай, оларға жоғары білім беруге талпынуда [1.2]. 

Мамандық бойынша біліктіліктің қалыптасуы орта дәрежелі 

медициналық  білім  беруде,  сонымен  қатар  мейіргер  ісінің 

ұйымдастырушылары 

үшін, 

айқындалған 



кәсіби 

бағыттардың  қалыптасуына  әсер  ететін  ерекше  орынға  ие 

педагогикалық шеберлікке тәуелді болып табылады [3].  

Ғылыми көзерді сараптау нәтижелеріне сүйенсек, медицина 

студенттерінің 

маманданудағы 

кәсіби 

бағыттарының 



қалыптасуы сапалы түрде жеткіліксіз дәрежеде, сондықтан, 

берілген    жұмыстың мақсаты –    орта  білім  беру медицина 



 

666


 

мекемелеріндегі  кәсіби  бағыттарды  бағалау  және  сараптау 

(Алматы қ. мысалында). 

Зерттеу  нәтижелері.  Зерттеу  барасында  социологиялық 

және 


статистикалық 

әдістер 


арқылы 

колледж 


оқытушылары  (18  адам)  және  студенттерінен  (30  адам) 

алынған мәліметтер зерделенді. 

Оқытушы-респонденттер  арасында  10  жылдан  асық  жұмыс 

өтілі  барлар  айтарлық  (40¿),  соның  ішінде  30,8¿  -ның 

жұмыс өтілінің ұзақтығы -15 жылдан асық.  

Тәлімгерлердің 

28,6¿ 

-студенттерді 



кәсіби 

бағытта 


дайындауды ұйымдастыру қажет деп санайды, ал керісінше, 

30,8¿  оқытушы  бұл  пікірді  бөліспейді.  Талдау  барысында 

анықталғандай,  кәсіби  бағдар  құруға  оқытушылардың  ден 

қоюы олардың жұмыс өтілінің ұзақтығына тәуелді екен: 10 

жылдан  астам  стажы  бар  оқытушылар  кәсіби  бағытталған 

тұрғыда  тәлімгерлік  етеді.  Мұндай  тәсілді  жұмыс  өтілі  10 

жылдан кем оқытушылардың, тек 6,6¿ ұстанады. 

Сауалнамада  оқытушылардың  тек  1/5  -нен  астамы  (28,6¿) 

студенттерге  кәсіби  бағдарлауды  өткізудің  мысалын  

келтіре  алды,    басқа  ¾  -не  жуығы  (71,4¿)  берілген 

тапсырманы  немесе  сұрақты  орындамады,  соның  ішінде 

ойлары 


мен 

мысалдарын 

жеткізе 

алмай 


іркіліс 

танытқандары айтарлық (32,1¿). 

Айта  кететін  жайт,  тапсырманы  орындай  алғандар,  әрине, 

жұмыс  өтілі  10  жылдан  асық  шебер  мамандар.  Алайда 

олардың үлес салмағы, небары, 14,5¿ құраған. 

Зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес,  білім  алушылардың  төмен 

кәсіби  бағдарлануының  себептері  айқындалды  (сурет  1). 

Оқытушылардың  негізгі  бөлігі  (32,1¿  және  25¿)  орта 

медициналық 

оқу 


орындарында 

іріктеу 


жүйесінің 

жетілмегендігіне  және  жалпы  білім  берудегі  жеткіліксіз 

дайындыққа нұсқайды.  

Сонымен  қатар  жалпы  колледж  жағдайындағы  оң 

эмоциональды 

қарым-қатынастың 

болмау 

себебі 


де 

назардан  тыс  қалған  жоқ  (14,3¿).  Әсіресе,  көзге  түскені  – 

«берілген мәселедегі жеке біліксіздік» (10,9¿) оқытушылар 

құрамына сын.  

 

 

 



Сурет 1 - Білім алушыларды төмен деңгейде кәсіби бағдарлаудың негізгі себептері 

 

Зерттеу  барысында  айқындалған  тағы  бір  олқылық 



оқытушылардың 

көбісі 


«кәсіби 

бағдар» 


мен 

«мамандандырылған  пәндерді  оқыту»  түсініктерін  бір-

бірінен ажырата алмауы. Оқытушылардың 60¿ -нен астамы 

студенттерге  арнайы  кәсіби  бағдар  қажет  деп  есептемейді. 

Яғни  кәсіби  бағдарлау  қажеттігіне  аса  қызығушылық 

танытпайды. 

Білім  алушы  респонденттер  арнайы  Е.М.  Павлютенков 

әдістемесінің  көмегімен  зерттелді.  Бұл  әдіс  мамандық 

таңдаудағы 

мотивтермен 

басқарылуға 

негізделген. 

Сауалнама нәтижесі төмендегі кестеде келтірілген. 

Кәсіби  бағытталу  мотивін  зерттеу  нәтижесі  бойынша 

коледждің жоғарғы курс студенттерінің мамандық таңдауда 

құралдық, 

әлеуметтік, 

материалдық 

жағына 

мән 


бергендіктері айқындалды. 

 

Кесте 1 - Мамандық таңдау мотивтері 



№ 

Мотив топтары 

Бірінші курс студенттері 

Жоғарғы курс студенттері 

Стандартталған балы 

Орын құны 

Стандартталған балы 

Орын құны 

Әлеуметтік  



0,84 

0,82 



Моральды 



0,54 

0,66 



Эстетикалық  



0,27 

0,31 



Танымдық  



0,67 

0,51 



Шығармашылық 



0,47 

0,48 



Кәсіби 



0,65 

0,58 



Материалдық  



0,76 

0,77 



Беделділік 



0,69 

0,74 



Құралдық  



0,81 

0,83 



 

Моральдық,  кәсіби және  танымдық  мотивтер  кәсіби  бағдар 



мәнін  бейнелегенімен  медицина  мамандығының  орта 

арнайы білім алушылары үшін  5, 6, 7 орынға ие.  

Бұл  көрсеткіш  бірінші  және  жоғарғы  курс  студенттерінде 

бірдей  болды.  Түйетініміз,  студенттер  ұжымында  кәсіби 

бағдарлаудың  жеткіліксіздігі,  сәйкесінше,  бұл  мәселенің 

маңыздылығын  педагогикалық  ұжымға  дерлік  мойындату 

қажеттігін қозғайды.  

Сонымен,  Е.  М.  Павлютенков  әдістемесі  бойынша  алынған  

сауалнама  нәтижесінде  кәсіби-оқу  жолында  құралдық, 

әлеууметтік және материалдық –  негізгі мотивтер. 

Студенттердің  оқу  үрдісіне  көзқарасын  білуге  мүмкіндік 

берген 


арнайы 

сауалнама 

қорытындысы 

бойынша 


студенттердің  74¿  -нан  жоғары  бөлігі  осы  колледжде 

оқитындарын  ұнататынын  айтқан,  бірақ  мамандықты 

өздері таңдағандар, тек, 30,6¿  құрайды. 

25

14,3



10,7

17,9


Жалпы білім берудегі 

төмен дайындық

Жалпы колледж 

жағдайындағы оң 

эмоциональды қарым-

қатынастың болмауы

Берілген мәселедегі 

жеке біліксіздік

Басқа себептер


 

 

667



 

 

Студенттердің  пікірінше,  оқу  үлгерімінің  төмендеуінің 



негізгі 

себептері 

болып 

пәндердің 



қызықсыз 

өтуі, 


оқытушылардың 

қарым-қатынасының 

және 

топтағы 


атмосфераның  күрделілігі  көрсетілген.  Осы  белгіленген 

себептер  барлық  кедергі  факторларының  80¿  -ынан  аса 

үлес салмағын құрайды. 

Көп 


жағдайда 

студенттердің 

мамандыққа 

деген 


көзқарасына 

оқытушылар 

әсер 

ететінін 



сауалнама 

нәижелері көрсеткен. Студенттердің  тең жартысы  (48,9¿) 

колледж  оқытушыларынан    үлгі  алуға    тырысады  екен,  ал 

қалған жартысы ол пікірді бөліспеген. 

Біріші курс студенттері оқуға түскеннен соң адаптациялану 

қиындықтарынан 

өткен. 

Осы 


кезең 

таңдаған 

мамандықтарын 

тастап 


немесе 

оқуға 


деген 

қызығушылығының төмендеуімен жүреді.  

Оқу үрдісіне бейімделудегі мәселелер 2-суретте көрсетілген. 

 

 



 

Сурет 2 - 1 курс студенттерінің оқуға бейімделу кезеңіндегі мәселелер, ¿ 

 

Оқуға түскеннен кейінгі бейімделу кезеңіндегі қиындықтар 



қатарына  1-курстықтар  45¿  -оқу  материалының,  яғни 

алатын 


ақпарат 

күрделілігін 

жатқызады. 

Бүтіннің 

ширегінде  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдылары  болмаған. 

Дәрістерді  қысқаша  түсінікті  етіп  конспектілеу  15¿ 

студентке  күрделі  деп  танылса,  8¿  -ы  топ  ішіндегі 

микроклиматта  дискомфорт  сезінген.  Ерекше  атап  өтетін 

жайт, 

7¿ 


респондент 

мектептегі 

дайындықтың 

жетіспеушілігінен бейімделу кезеңін күрделі өткерген. 

Бұл  мәселе  мамандардың  дайындығы,  кәсіби  білімі  мен 

қабілеті  мамандыққа  сәйкес  оң  бағдарлану  арқасында  іске 

асатындығын ескерсек, ерекше маңызды болып табылады. 

Қорытынды.  Сонымен,  орта  арнайы  медициналық  білім 

беру  орындарының  оқытушылары  және  студенттері 

арасында 

жүргізілген 

социологиялық 

зерттеу 


қорытындысында  білім  алушы  жастарға  арналған  кәсіби 

бағытталған 

мақсаттық 

бағдарламалар 

жоқтығы, 

педагогикалық  ұжымның  берілген  үдерісті  орындауға 

құлқысыз әрі дайын еместігі, соның салдарынан денсаулық 

сақтаудағы  орта  звено  мамандарының  өз  кәсібіне  деген 

қызығушылығы  жоқтығы,  тұрақсыздығы,  қоғамдағы  өз 

орнын кәсіби тұрғыда қорғап қала алмауы орын алады. 

Зерттеу  нәтижелерін  сипаттай  отырып,  тұлғаны  құру  үшін 

мамандыққа  бағытталған  құнды  қасиеттерді  жетілдіру 

қажеттігі 

туады. 


Кәсіби 

бағыттау 

бағдарламасының 

мақсаты  келешек  медициналық  мамандарда  болашақта  өз 

жұмысын  кәсіби,  тиянақты  түрде  атқаруға  көмектесуі  тиіс. 

Ол үшін қажетті шаралар: студенттерде оң мотивация құру; 

таңдаған  мамандықтарына  кәсіби  қызығушылық  туғызу; 

болашақта  табысты  жұмыс  атқаруы  үшін  студенттер 

бойынан  негізгі  кәсіби  қасиеттерін  тауып  жетілдіру; 

студенттерді 

кәсіби 

кызмет 


атқару 

үшін 


кепілді 

дайындықан өткізу болып табылады. 



 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 



Сраубаев  Е.Н,  Шинтаева  Н.У.,  и  др.  Опыт  и  перспективы  развития  медицинского  образования  в  странах  Центральной  Азии 

//Материалы международной практической конференции. - 2012. - №2. - С. 79. 

2

 

Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А., Омарова Р.С. Развитие системы общего среднего образования в современном мире // Учебное 



пособие. -  Алматы: Гылым, 2003. - С.112 

3

 



Спицин А.П. Особенности адаптации студентов младших курсов медицинского вуза // Гигиена и санитария.  -2002. -№1. -С.47-

49. 


 

 

 

0

10



20

30

40



50

Зерттелетін ақпарат күрделілігі

Өз бетімен жұмыс істей алмауы

Дәрістерді конспектілеу қажеттілігі

Тобындағы атмосферасы

Мектептік дайындық жеткіліксіздігі

45

25

15



8

7


 

668


 

А.А. АЙТМАНБЕТОВА, А.М. ШАХИЕВА, Б.Ш. НАРБАСОВА, Ә.М. МҰСА  

ПРОБЛЕМЫ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОРИЕНТИРОВАНИЯ В СРЕДНИХ МЕДИЦИНСКИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЯХ 

 

Резюме: Формирование компетентности специалистов среднего звена, правильная организация их работы, во многом, зависит от 

технологии  и  методики  медицинского  образования,  педагогических  навыков,  что  способствует  профессиональному  развитию 

личности. По результатам анализа научных источников, компетенность и квалификация приобретаемая студентами-медиками за 

время учебы, недостаточно оценена. Это подчеркивает актуальность изучения профориентационной работы в учебных заведениях 

среднеспециального медицинского образования. 

28,6¿ преподавателей разделяют мнение о необходимости работы профессиональной ориентации и подготовки студентов, что не 

соответствует  ответам    других  30,8¿.  Констатирована  прямая  зависимость  уровня  организации  и  проведения 

профориентационной работы от длительности стажа работы педагогов. 



Ключевые слова: профессиональный ориентир, медицинская профессия, среднемедицинское учебное заведение 

 

 



 

A.A. AITMAMBETOVA, A.M. SHAHIEVA, B.S. NARBASOVA, A.M. MUSA  

PROBLEMS OF PROFESSIONAL ORIENTATION IN SECONDARY  

MEDICAL SCHOOLS 

 

Resume:  Formation  of  competence  of  mid-level  specialists,  the  proper  organization  of  their  work,  in  many  respects  depends  on  the 

technology  and  techniques  of  medical  education,  pedagogical  skills,  which  contributes  to  the  professional  development  of  the  individual. 

According  to  the  analysis  of  scientific  sources,  competence  and  skills  acquired  by  medical  students  during  their  studies,  not  enough 

appreciated.  This  underscores  the  relevance  of  the  study  of  career  guidance  in  secondary  specialized  educational  institutions  of  medical 

education. 

28.6% of teachers share the opinion about the necessity of the work of vocational guidance and training of students, which is not answered 

another 30.8%. determined that 

Installed direct relationship between the level of organization and career guidance on the duration of the work experience of teachers. 

Keywords: professional reference point, the medical profession, the average medical school 

 

 



 

 

 



 

 

УДК 614.253:613.84:301 



 

А.А. АЙТМАНБЕТОВА, Г.Б. КАСЫМОВА, А.Н. КИЫЗБАЕВА, А.Р. НАРТАЙ  

 

ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІН МЕЙІРГЕРЛІК КӘСІБИ ОРТАДА ЗЕРТТЕУ 

 

Дүние жүзінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері мойындалғанымен, тауар ретінде тұтыну мөлшері кемудің орнына 

артып келетін өзекті мәселе. Зерттеу тақырыбында қозғалған мәселе репродкутивті денсаулыққа қатысты өзекті.  

Репродуктивтік  денсаулыққа  табак  өнімдерін  қолданудың  қатысын  мейіргер  тұлғасындағы  медициналық  ортада  зерттеу  екі 

жақты  тиімді  болды:  мейіргерлік  кәсіптік  топтың  басым  көпшілігінде  әйелдерден  тұратыны  мәлім,  сол  арқылы  әйел 

денсаулығына  темекі  әсерін  анықтау  мүмкіндігі  туады;  таңдалған  орта  –  кәсіби    медициналық  мамандар,  яғни,  зиянды  әдеттің 

залал-зардабын түсінетін респонденттердің табак өнімдеріне қатысы және көзқарасы анықталады.  

Түйінді сөздер: репродуктивті денсаулық, табак қолдану, кәсіби орта 

 

Өзектілігі.  Бүкіл  дүние  жүзінде  темекі  шегудің  адам 

денсаулығына  зиянды  әсері  мойындалғанымен,  тауар 

ретінде  тұтыну  мөлшері  кемудің  орнына  артып  келетін 

өзекті  мәселе.  Көпшілік  арасында  кең  қолданыс  тапқан 

табак  қолдануды  ережелер  аясында  рұқсат  шегіне  қысым 

көрсету  ғана  арқылы  деңгейін  төмендету  мүмкін  емес.  Бұл 

орайда,  халық  құрамындағы  түрлі  мақсаттық  топтарды 

арнайы  жіктеу,  халық  санасына  сіңіру  арқылы  табакпен 

күрес саясатын кешенді түрде жүргізу тиімді [1]. 

Зерттеу  тақырыбында  қозғалған  мәселе  репродкутивті 

денсаулыққа қатысты өзекті.  

Репродуктивтік  денсаулыққа  табак  өнімдерін  қолданудың 

қатысын  мейіргер  тұлғасындағы  медициналық  ортада 

зерттеу  екі  жақты  тиімді.  Біріншіден,  мейіргерлік  кәсіптік 

топ,  басым  көпшілігінде,  әйелдерден  тұратыны  анық.  Сол 

арқылы  әйел  денсаулығына  темекі  әсерін  анықтау 

мүмкіндігі  туады.  Екіншіден,  таңдалған  орта  –  кәсіби  

медициналық мамандар, яғни, зиянды әдеттің залал-зардап 

мөлшерін  біле  тұра  құралған  респонденттердің  табак 

өнімдеріне қатысы және көзқарасы зерттеледі [2,3].  

Зерттеу  бағдарламасын  іске  асыруда  жалпы  респонденттер 

зерттеу 

топтарына 

жіктеліп, 

мақсаттық 

сұрау 

сауалнамалары 



құрастырылды. 

Социологиялық 

сұрау 

нәтижесінде  зерттеу  құбылыстарының  жиілігі,  таралуы, 



себеп-салдар  байланысы,  көрсеткіштердің  дәлдігі  және 

репрезентативтілігі анықталды.   



Зерттеу  нәтижелері.  Сұрау  кездейсоқ  іріктеу  әдісімен 

анонимді 

түрде 

Алматы 


қалалық 

бірқатар 

емдеу-

профилактикалық 



мекемелер 

базасында 

жүргізілді. 

Мейіргерлік  кәсіби  ортадан  -25  персонал,  қаралушы  халық 

(пациент)-респонденттен 

-30 


адам, 

репродукциялық 

жастағы әйелдер -20 адам зерттеуге қатысқан. 

Темекі шегу статусына қатысты респонденттер төрт санатқа 

бөлінген:  

-

 



«ешқашан  темекі  шекпеген»  –  ешқашан  темекі  тартып 

көрмеген  немесе  өмірінде  100  сигаретадан  кем  темекі 

шеккендер – 34 әйел немесе 61,8%;  

-

 



«бұрын темекі шеккендер» – сұрау жүргізу кезеңіне сәйкес 

темекі  шекпейтіндер,  бірақ  өмірінде  100  сигаретадан 

артық темекі шеккендер – 12 респондент (21,8%);  

-

 



«экспериментаторлар»  –  табак  өнімдерін  күнделікті 

қолданбайтындар, тек әртүрлі жағдайларға байланысты – 

3 респондент немесе 5,9%; 

-

 



«ретті  темекі  шегушілер»  –  сұрау  кезеңіне  сәйкес  табак 

өнімдерін  күнделікті  қолданатындар  –  6  әйел  немесе 

10,9¿ респондент. 

Репродуктивті  жастағы  әйелдердің  пікірінше,  65  жасқа 

дейінгі 

қазақстандықтардың 

негізгі 

өлім 


себептері 

қатарында  жол-көлік  оқиғаларын  (ЖКО)  –  38,8¿.  Кейін 

темекі тарту (16,5¿), есірткі қолдану аталған (14,9¿).  

Темекі 


шегудің 

репродуктивті 

денсаулыққа 

әсерін 


бағалауда  32,3¿  әйелдер  табак  өнімдерін  қолданғаннан 

ағзаларда  жиналған  уыт  заттардың  мөлшерінің    ұрық 



 

 

669



 

 

түзілісіне,  баланың  дамуын,  психикалық-жүйке  жүйесінің 



қалыптасуына  тікелей  байланысты  екенін  алға  тартқан 

(сурет 1).  

Сұралғандардың  1/5-і  (21,4¿)–  ешқандай  теріс  әсері  жоқ, 

өзіңіздің ішкі сеніміңізге байланысты дегенді сылтауратқан. 

Яғни,  бұл  респонденттер  темекінің  зиянды  әсері  жөнінде 

хабардар,  алайда,  одан  бас  тарта  алмағандықтан  өздерін 

және  өздерін  ақтап  алу  себептеріне  жүгінеді.  Сұралған 

респонденттердің басқа 46,3¿ – жауап беруден бас тартқан, 

бәлкім, осы топты темекі шегетін әйелдер құрап, көңілдерін 

алаңдататын    мәселелерді  қозғағылары  келмейтіндіктерін 

көрсеткен. 

 

 



Сурет 1 - Темекінің репродуктивті денсаулыққа зиянды әсері жөніндегі пікірлері, ¿ 

 

Репродуктивті  жастағы  әйелдер,  темекі  шегу  статусына 



тәуелсіз,  Қазақстанда  табак  өнімдерін  тұтынуды  реттейтін 

заңдылықтар 

мен 

ережелерді 



жеткілікті 

түрде 


білмейтіндіктерін  көрсетті  (кесте).  Алайда,  темекіні  бір 

талдап  сату  және  табакты  жарнамалауға  тыйым  салу 

жөнінде білетін респонденттер саны  айтарлық. 

 

Кесте 1 - Респонденттердің Қазақстандағы табак өнімдерін тұтынуды реттейтін заңдылықтар мен ережелер жөнінде ақпараттану 



деңгейі, ¿ 

Ережелер: 

Жабық қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу (кафе, мейрамханалар, 



қоғамдық көлікте және т.б.) 

60,8 


Жұмыс орындарында темекі шегуге тыйым салу 

64,7 


Темекіні бір талдап сатуға тыйым салу 

47,5 


18 жасқа жетпегендерге темекі сатуға тыйым салу 

77,3 


Темекіні жарнамалауға тыйым салу 

52,6 


Кейбір мекемелерде темекі шегуге тыйым салу 

63,5 


 

Респонденттердің  70¿-ы  қазақстандық  табак  өнімдерінде 

сақтандыру жазба мәтіндерінің бар екенімен таныс. Алайда, 

олардың  тек,  1/3-і  бұл  әрекеттті  қатайта  түсу  керек  дейді. 

2/3-і 

қазақстандық 



табак 

өнімдерінде 

темекі 

салдарларының  визуальды  көріністері  қойылғандығын 



құптайды.  36,8¿  респонденттер  пікірінше,    темекі 

қорапшасының  сыртындағы  оны  шегу  салдарларының 

графикалық көріністерінен бұл өнімнен бас тартуға ынталы 

болғандарын жасырмайды. 

Мейіргер  персоналы  жалпы  және  репродуктивті  жас 

топтарына  бөлініп  қарастырылды:  жалпымейіргерлік  және 

репродуктивті жастағы мейіргерлер. 

Жалпымейіргерлік  топтағы  мамандар  14  жасқа  дейін,  тек, 

5,4¿ жағдайда тұрақты темекі тартқан болса, репродуктивті 

жастағыларда  бұл  көрсеткіш  –  10,6¿    құраған.  Аталған  14 

жасқа  дейінгі  және  15-18  жас  кезеңінде  екі  зерттеу 

топтрынындағы 

тұрақты 

темекі 


тартуға 

көшу 


көрсеткіштерінің  айырмашылығы  айқын,  t≥2.  19-23  жас 

аралығында  тұрақты  темекі  тартуды  бастау  бойынша  екі 

топ та біркелкі жоғары көрсеткіштерге ие. 

0

5



10

15

20



25

30

35



40

45

50



Ия, зиянды

Зиянды әсері жоқ

Жауап беруге 

қиналамын

32,3

21,4


46,3

 

670


 

Темекі  шегетіндердің  негізгі  массасы  күнделікті  нарықта 

қолданыстағы өндірістік темекіні пайдаланады.  

Әрбір үшінші темекі шегетін респондент табакка қажетін өз 

медициналық  мекемесіндегі  жұмыс  орнында  өтей  алады 

екен.  


Медициналық  қызметкерлер  жалпы  және  репродуктивті 

жастағылардан  құралғандықтан  салыстырмалы  түрде 

темекінің  репродуктивті  денсаулыққа  әсерін  бағалау 

көрсеткіштерін саралауды жөн көрдік (сурет 2).  

Көріп 

тұрғанымыздай, 



жалпы 

және 


репродуктивті 

салыстырмалы 

топтардың 

берілген 

сұрақтарға 

жауаптарының  таралуы  шамалас.  Әрі,  медициналық 

қызметкерлер  темекі  қолданысының  әйел  функцияларына 

әсерін  жеткілікті  біледі.  Алайда,  сорақысы,  мұнда  да  халық 

арасындағы  сұрау  көрсеткіштеріндегідей,  табак  өнімдерін 

пайдалану репродукцияға зиянсыз деген жалпының 1/3  -ге 

тең үлесі болды.  

Бәлкім,  мұның  себебі  өз  тәжірибелерінде  темекі  тартатын 

анадан сау балалардың туылу мүмкіндіктерін куәландырған 

оқиғалар жиілігімен байланысты болуы мүмкін. 

 

 

Сурет 2 - Салыстырмалы мейіргерлік топтардың темекі тартудың репродукцияға әсері жөніндегі пікірлері, ¿ 



 

Респонденттердің жартысына жуығы темекі шегуге арнайы 

белгіленген  орындардан  басқа  жердің  барлығында  тыйым 

салу  керек  деп  есептейді.  Респонденттердің  әрбір  үшіншісі 

жұмыс  орнында  да,  оған  қарасты  ашық  ауада  да  темекі 

тартуға қатаң тыйым керектігін  қолдайды. 

Табак  өнімдеріне  қатысты  қатаң  баға  саясаты  темекі  тарту 

деңгейін  төмендетудің  анағұрлым  тиімді  әдісі  екені  айқын. 

Қазақсанда 

табак 


өнімдерінің 

бағасы 


ТМД 

елдері 


территориясындағы  ең  төмен  көрсеткішті  ұстап  тұр. 

Сауалнамалық 

сұралғандардың 

13,7% 


(18,2% 

жалпымейіргерлік  және  10,8%  репродуктивті  жастағы 

мамандар)  табак  өнімдерінің  бағасын  3  еседен  аса 

жоғарылатса 

темекі 

тартатындардың 



санын 

күрт 


төмендейтініне  сенімді.  Бағаны  2-3  есеге  жоғарылатумен 

5,92% респонденттер (7,2% және 5,1% сәйкесінше) мақсатқа 

орай  деп  есептейді.  Жалпы  бағаны  1,5-нан  3  есеге  дейін 

жоғарылатуды  33,4%  сұралғандар  қолдайды  (41,4%  және 

28,2% 

сәйкес 


топтар 

өкілдері). 

Дегенмен, 

22,6% 


респонденттер  табак  өнімдерінің  бағасын  сол  күйінде 

қалдыруды 

дұрыс 

көреді. 


Бұл 

пікірмен 

21,6¿ 

жалпымейіргерлік  топтың  және  31,2¿  репродуктивті  жас 



тобындағы мамандар ортақтасқан. 

72,7¿  респонденттер  олар  жұмыс  жасайтын  мекемеде 

мақсаты  пациенттер  мен  олардың  туыстарының  арасында 

темекі шегудің алдын алу болып табылатын бағдарламалар 

немесе  іс-шаралар  қолданылатынын  атап  көрсеткен.  Егер 

Алматы  қаласында  «Алматы  –  табак  түтінінен  азат  қала» 

бағдарламасының  іске  асырылып  және  барлық  қалалақ 

медициналық мекемелердің оны іске асыруға қатысатынын 

ескерсек, бұл көрсеткіш салыстырмалы төмен. 

Қорытынды. 

Салыстырмалы 

зерттеу 

топтарының 

нәтижелерін  саралай  келе,  мейіргер  маманы  медициналық 

қызметкер өкілі етінде басқа азаматтар, әсіресе, пациенттер 

үшін  «үлгілі  тұлға»  келбетіне  бет  бұруы  абзал.  Бұл  кәсіби- 

моральдық талап және сұраныс. 

Табакка  қарсы  ұлттық  саясатты  және  табакка  қарсы  күрес 

бойынша  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымдарының 

Рамалық  Конвенциясын  енгізу  бойынша  қоғам  күшін 

консолидациялау  мақсатында  «Алматы  –  табак  түтінінен 

азат қала» мақсаттық бағдарлама қабылданды. Темекі шегу 

деңгейін  төмендету  бойынша  негізгі  әрекет  бағыттары 

табакка  қатысты  халықтың,  оның  түрлі  санаттарының 

ақпараттануын жоғарылату, сонымен қатар қоғамдық және 

жұмыс  орындарында  таза  ауа  саясатын  енгізу  негізінде 

темекіні  тастауға  ынталыларды  қолдау  жүйесін  құрумен 

байланысты болуы тиіс.  

Әсіресе,  тиімді  шаралардың  бірі  болып  темекі  тартудың 

профилатикалық 

әрекетіне 

дағдылану 

деңгейін 

жоғарылататын 

медициналық 

қызметкерлер 

мен 


педагогтарды  дайындауға  аса  көңіл  бөлу  табылатыны 

сөзсіз.  

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1

 

Валеология.  Здоровье-  осознанная  необходимость  //  Курс  лекций  с  практическими  рекомендациями;  учебник  для 



гуманитарных вузов. -  Алматы : Алматы кітап, 2005. - 175 с. 

2

 



Организационно-методические  подходы  к  профилактике  табакокурения  среди  школьного  сообщества:  автореф.  дис.  ...  канд. 

мед. наук. - Алматы, 2006. - 30 с. 

3

 

Дубровский В. И. - Гигиена физического воспитания и спорта: учебник для вузов. - М.: Владос, 2009. - 512 с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет