Ситуациялық есептер: 1. Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?
2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?
13. Сабақты қорытындылау:4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру:4 мин (4%)
3– сабақ 1. Сабақтың тақырыбы: 6 Бөлім. Науқастардың функциональді жағдайына баға беру.
6.1. Тақырыбы. Дене қызуын өлшеу, қызба кезіндегі күтім. Тыныс алуды бақылау, тамыр соғуы және оның сипаттамасы, қан қысымын өлшеу.
2. Сағат саны:180 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: қызба туралы түсінік, оның түрлері және кезеңдері. Дене қызуын өлшеу ережесі. Дем алу туралы түсінік, оның түрлері. Қан қысымын өлшеу.
тәрбиелік: қызбаның әртүрлі кезіндегі науқастардың күтімі, қан қысымын өлшеу кезіндегі этика-деонтологияның заңдылықтарын ұстану.
дамыту: ентігудің түрлерін және тамыр соғуы туралы түсінік, әртүрлі физиологиялық және патологиялық тамыр соғуды анықтаудағы жұмыс істеу қабілетілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі:көрме, пікірталас, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, маникендер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.