СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР: 1) Процедуралық кабинеттің медбикесі азанда жұмысқа келіп, процедуралық кабинеттің еденінде жатқан қолданылған шариктермен тампонды көреді. Оның тактикасы
2) Процедуралық кабинет медбикесі 17-00 де жұмысын аяқтап кабинетті жапты. Процедуралық кабинеттің кілтін кімге тапсыру керек?
3) Дәрігердің тағайындау қағазын қарап шығып, процедуралық медбике екі науқасқа кұре тамырына инъекция, 4 науқасқа күре тамырға тамызып құю, 3 науқастан биохимиялық зерттеуге қан алу тағайындалғанын көрді. Медбике бұл манипуляцияларды қандай кезекпен орындайды?
13. Сабақты қорытындылау:4 мин (4%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру:4 мин (4%)
6 – сабақ 8.3. Тақырыбы. Тері ішіне, тері астына, бұлшықетке және көктамырға инъекцияны орындау.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі:практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: парентеральді әдіспен дәрі-дәрмектерді енгізу.
дамыту: егу бөлмесінде жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, фантом, маникендер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.