Дәрілік заттарды тері ішіне құю. Тері ішіне инъекциясын диагностикалық мақсатта ,сондай-ақ белгілі бір жердің ауырғанын жеңілдету үшін қолданады. Бұл тәсіл белгілі бір дағдыларды қажет етеді. Ұзындығы 2-3см-ден аспайтын әрі саңлауы тар, кішкентай ине таңдау керек. Дәрілік заттарды тері ішіне жіберу үшін әдетте білектің ішкі бетін алады. Инъекция жіберетін теріні спиртпен , содан кейін эфирмен жақсылап сүртеді. Тері кепкен соң инені тері қалыңдығына онша тереңдемей иненің ұшы тек терінің мүйізгек қабығынан өтетіндей етіп енгізеді. Ине тері астындағы май клеткасына тимеуін қадағалау қажет, ондай бола қалса , дәрінің ешқандай нәтижесі болмайды. Инені тері бетіне параллель бағыттай отырып 0,5 см тереңдікке ендіреді де , 1-2 тамшы тамызады, соның салдарынан теріде лимонның қабығы сияқты ақшыл томпақ пайда болады . Инені біртіндеп жылжыта отырып шприцтен бірнеше тамшы ағызады, сөйтіп тері ішіне дәрі барлық қажетті мөлшерде енгізіледі.
Осындай тәсілмен диагностикалық аллергиялық сынақтар өткізіледі, сондай-ақ сырқаттың дәрі -дәрмекке сезімталдығын анықтайды . Тиісті аллергенді (стрептококк , үй шаңы т. б.) енгізген жер 24-48 сағаттан кейін қызарып іседі. Аллергиялық әсер болмаған жағдайда тері өзгеріссіз болады .
Теріасты инъекциясы және дәрі жіберу. Тері астындағы май қабаты қан тамырларына өте бай болуына байланысты, дәрілік заттар неғұрлым тез әсер етуі үшін тері асты инъекциясы қолданылады. Әсіресе болбыр теріасты клетчаткасы тең сіңіретін әрі оған тигізбейтін дәрі ерітінділері жіберіледі. Теріастына сұйықты шағын мөлшерден 2 литрге дейін енгізуге болады.
Теріасты инъекциясын жасағанда ірі тамырлар мен нерв сабақтарының қашық болуы керек. Инъекция үшін неғұрлым қолайлылары иықтың сыртқы беті немесе білектің кәрі жілік жағы, жауырын асты , жамбастың алдынғы беті, құрсақтың бүйір жағы және қолтық қуысының төменгі бөлігі. Терінің бұл бөліктерін жиырып ұстауға онай және қан тамырларын , нервтерді сүйек қабығын зақымдауға қаупі төнбейді . Теріасты май клетчаткасы іскен немесе алдыңғы салынған инъекциялардан қалған тығыздалған жерлерге инъекция жіберуге болмайды .
Инъекция салмастан бұрын теріні спиртпен мұқият сүртеді де, сол қолымен негізгі төмен қараған үшбұрыш түрінде теріні жиырады, оң қолдың 2 саусағымен инені, 5 саусақпен поршенді, ал басқаларымен цилиндрді ұстайды .Сол қолдың 1 және 2 саусақтары арасына жылдам қимылдап инені үшбұрыштын негізіне 45.С бұрышпен 1-2см тереңдікке енгізеді. Иненің ұшы тері арқылы өтіп, теріасты клетчаткада екеніне көз жеткізген соң жайлап ерітінді жібереді. Егер шприцте шамалы ауа көпіршіктері болса, дәрі баяу жіберіледі, бар ерітіндіні құймай , шамалы шприцте көпіршікпен бірге қалдыру керек . Барлық ерітіндіні құйып болған соң , жылдамдатып инені шығарып алады да , дәрі құйған жерден оның ағуын тездеп тоқтатады. Дәрі жіберген жерді қайтадан спиртпен сүртіп, соған малынған зарарсызданған мақта тампонмен біршама уақыт қысып ұстайды . Егер дәрілік заттарды шприцке құйылған мөлшерден көбірек жіберу керек болса , инені шығармай тұрып одан шприцті босатып алады, оған мөлшерді үстеп құйып жібереді де инъекцияны аяқтайды .
Теріасты инъекциясын жасағанда ине тамырға тиіп , теріасты клетчаткасына енгізетін дәрі- дәрмектер оған енеді . Әсіресе тамырға майлы ерітінділердің (камфора майы) түсуі қауіпті .Сондай-ақ дәрілік заттарды теріасты клетчаткаға емес , теріге жіберуге болмайды, ол инені терең тықпауынан болады. Иненің мұқалуы қан тамырларын жарақаттайды да инъекция салған жерде қабыну процесінің дамуына әкеп соқтырады. Инъекциядан кейін теріасты инфильтратты пайда болуы мүмкін, ол қыздырылған майлы ерітінділерді енгізген соң , сондай-ақ егер барлық асептикалық
және антисептикалық ережелер сақталмаған жағдайда неғұрлым жиі пайда болады. Осындай асқынуларды болдырмау үшін инъекцияны тиісті инемен жасап , жасалу орнын астырып отыру керек .
Мейіркеш ине тыққан жердің тығыздалып қалғанын немесе қызарғанын көрсе 40% спирт ерітіндісінен қыздырғыш компесс салып немесе басқы (грелка) қойып қыздыру керек бұл жөнінде емдейтін дәрігерге хабарлауы тиіс . Абсцесс бола қалған жағдайда оны кесіп ағызады.
Теріасты көп мөлшерде сұйық жіберу үшін тамшылап құятын приборларды айдаланады . Теріастына ертінді құяарда мейіркеш сырқат жанынан кетпей , оның жалпы күйін ,иненің қалпын, сұйықтың температурасын зер салып қадағалауы қажет
Организм көп сұйық жоғалтқанда (тоқтамайтын құсу, іщ ауру, қан ағу ,құю), сондай-ақ сырқатқа сұйық ішуге болмайтын операциядан кейінгі алғашқы күндері ,уланғанда т .б. тері астына сұйық енгізеді .
Неғұрлым жиі натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін , 5% глюкоза ерітіндісі мен құрамында тұз бар организмге қажетті бір қатар зарарсызданған ерітінділер енгізіледі .Тәулік бойы сұйықтық мол мөлшерде енгізіледі . Теріге тәулігіне 3 литрге дейін сұйық енгізуге болады . Бір мәрте енгізетін сұйықтық мөлшері 500мл-ден артық енгізуге болмайды. Әйтпесе теріастындағы клечатканың зақымдануы мүмкін . Тәулі бойына енгізетін сұйықтың бір жартысын 9-15 сағатқа дейінгі , ал екінші жартысын 18-24 сағатқа дейінгі кезендерде енгізеді .Теріасты ұзақ уақыт сұйық енгізіуге неғұрлым ыңғайлы жер ұршықтың алдыңғы сыртқы беті болып саналады . Теріастына сұйық енгізу үшін арнайы ампулаларды немесе түтікшелер жүйісі бар флакондарды пайдалануға болады , олар қан құю үшін қолданады .
Жүйені былаиша толықтырады:ампуланы немесе клапанды қыздырылған , зарарсызданған ерітіндімен толтырған соң , түтіктегі ауаны сұйықпен айдап шығу шығу үшін және ине мен оған жалғанған түтікшені көтеріп, сұйықтық толып , инеден сыздықтап аға бастағанда біртіндеп түсіреді . Осыдан соң жүйені бұрындалы немесе қан тоқтататын қысқышпен қосады .Теріні мұқият сүртіп , теріні табаны төмен қараған үшбұрыш тәрізді етіп қысып ұстап инемен теседі де , оны теріасты клетчаткасына өткізіп резенке түтікшеден
қосады , сонан соң қысқышты шығарып алады .Инені лейкопластырмен бекітеді немесе аяққа бинттеп қояды .
Құйылатын сұйық ыдысы арнайы тіреуішке бекітілген .Инені теріастындағы клечаткаға енгізгеннен кейін түтікше ішіндегі сұйықтық қысымымен теріастына енеді , түтіктің ұзындығы 60-100см болуы тиіс : ыдысты 1,5м биіктікке көтереді .
Тамшылатып қоюға арналған жүйенің неғұрлым мәнді бөлігі – тамызғыш , ол сұйықтың енуі жылдамдығын бақылайды .Тамызғыш – екі бұрышты , ішіне капилляр бар шағын шыны баллон . С ұйықтың тамызғыштың капилляры арқылы түсу жылдамдығы тамызғыштан төмен қойылған бұрандамен немесе Моро қысқышымен реттеледі . Резеңке түтікшенің бос ұшы ерітіндісі бар ыдысқа түсірілген , екінші ұшы капилляры жоғары тұруы үшін тамызғыштың бұры-шымен жалғанған. Тамызғыштың қарсы ұшына соңында инеге сәйкес келетін канюлясы бар екінші ұзын түтікше кигізіледі . Тамызғышы бар жүйені былайша толтырады: алдымен ыдысты тіреуішке бекітіп , тамызғышпен бүкіл жүйені сұйықтықпен толтырады .
Дәріні сырқатқа құймастан бұрын ерітіндінің зарарсызданғанын зат таңбадағы жазуы , бекітілуі мен сырқаттың мөлшерлігі бойынша көз жеткізу қажет . Мейіркеш сырқат жанында кетпей ,оның жалпы күйін , иненінң қалпын, сұйықтың температурасын зер салып қадағалап отыруы тиіс.
Дәрілік заттарды тамызып енгізу сырқатқа көп мөшлерде сұйықтық қою немесе ұзақ уақыт дәрілік заттар енгізуге тура келгенде ғана қолданылады .Іс жүзінде диометірі 7 мм ,ұзындығы 10,15 және 50см резеңке түтікшелерден , шыны тамызғыштан , ұзындығы 5м екі шыны бақылау түтікшелерінен Моро және Кохер немесе Пеан қысқыштары мен инеге арналған канюлядан тұратын арнайы жүйенің көмегімен жасайды . Жүйені тамшылатып енгізуге арналған зарарсызданған ерітіндімен қосады.
Тамшылатып құюға арналған жүйенің барлық құрамдас бөліктерін мейіркеш дайындайды. Жаңа резеңке түтікшелерді қажетті ұзындықта кеседі де, сыртынан жылы құбыр суымен жуады .Түтікшенің сабынды су ағынымен жуады . Түтіктерді оқта –текте топтастырып қояды . Содан соң түтікшені 2 сағат бойы мынадай есеппен :1% сутегі асқын тотығының 1 литріне 30г «ЛОТОС» ұнтағын (судын температурасы 50 С ) салып еітіндіге малып қояды да , содан түтіктерді сумен қайта жуып , дистилденген суда 20 минут бойы қайнатады . Бұрын қолданған резеңке түтікшелерді өңдемес бұрын ,оның бүтіндігін тексеру керек . Зақымдалған түтікшелерді пайдалануға болмайды . Түтікшелерді өндеу процесі (жаңасын ,бұрын пайдаланылғанын да) олардың қысымын көтермей автоклавта 30 минут бойы зарарсыздап ,одан кейін кептірумен аяқталады.
Жаңа инелер мен канюляны тазартып , олардың каналдарын мандренаның көмегімен спиртке малынған мақтамен сүртеді . Инелерді қайрайды .Канюлялар мен өткірленген инелерді 30 минут бойы қайнатады да, одан рі ыстық құрғақ шкафта 1 сағат бойы 160 С температурада немесе 1,5 атм қысыммен автоклавта 30 минут бойы өңдейді .
Жүйнің шыны бөліктерін ( жаңасын, бұрын қолданғанда ) мұқият жуған соң 2 сағатқа резеңке түтікшені өңдеу үшін пайдаланатын ерітіндіге салады, содан соң 20 минут бойы дистилденген суда қайнатады , құрғатып сүртеді де таза мата қаптарда сақтайды .
Жүйені орнату -өте жауапты жұмыс , оны мейіркеш таза үстел үстінде қолдарын мұқият жуған соң жасайды . Монтаждау кезінде мейіркеш жекелеген бөліктерді дұрыс қосуды өте мұқият қадағалауы керек .
Орнатылған жүйені пергамент қағазға немесе сүлгіге орап бинтпен байлап , таңбалайды да автоклавта 1,2атм қысыммен 1 сағат бойы зарарсыздайды . Шұғыл жағдайда дистилденген суда 45 минут бойы қайнату жолымен де зарарсыздауға болады . Сүлгіге оралған жүйенің сақталу мерзімі 1 тәулік , перментке оралған жүйенің сақталу мерзімі 5 тәулікке дейін .
Зарарсызданған тамызғышты былайша толтырады: оны ерітіндімен толтырмас бұрын ыдыстан таралатын түтікшеге Моро қысқышын және иненің қасынан қан тоқтататын қысқыш салады :бақылау түтікшесі тамығыш пен иненің ара-сында болады . Тамызғышты толтырмас бұрын екі қысқыш та тығыз жабылған болуы тиіс .Содан соң қан тоқтататын қысқышты шығарып алады да, Моро қысқышын босатып , тамызғышты төңкерілген күйде толтыра бастайды.
Жартысына дейін толтырып оны баяу әдеттегі қалыпқа түсіреді де , бақылау түтікшелері арқылы ауа көпіршіктерінің өтуін бақылай отырып жүйені толтырады .Шамалы сұйық жіберіп , ауа көпіршіктерінің шыққанына көз жеткізген соң қан тоқтататын қысқышты канюлядан 3-4 см қашықтыққа қойып , Моро қысқышымен минутына таматын тамшы жиілігін реттейді . Тамшының саны дәрігердің белгілеуіне сәйкес , дәрігер құрамына , сырқат жай-күйіне, жасына байланысты 20- дан 80- ге дейін болуы тиіс . Әрбір қолданғаннан кейін жүйені шығарып алып , барлық түтікшелерді , инесі мен канюлясын жеке-жеке жуу қажет .
Қазіргі кезде орамасында қолдану жөнінде ңұсқауы бар бір рет пайдаланатын жүйе кеңінен қолданылып отыр .Құюдан бұрын заттаңбасындағы жазу бойынша ерітіндінің зарарсыздығына , орамасының бүтіндігіне , сұйықтың мөлдірлігіне көз жеткізу қажет .
Дұрыс жасалған теріасты дәрі құюларынан кейін әдетте асқынулар болмайды. Қолданғаннан кейін бүкіл Жүйені мұқйят өңдеп жуудың маңызы зор . Өйткені қайталап қолданғанда оның зарарсыздығын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Теріасты инъекциясын салған кезде неғұрлым жиі жіберілетін кателер мен кемшіліктер :1) инъекция жасайтын жерді дұрыс таңдап ала алмау бұл жағдай тез жазылмайтын инфильтрат пайда болады : 2)асептиканы бұзу , бұл жағдайда сол жердің және жалпы инфек циялық асқынулары болады.