Клиникаға кіріспе


Бұлшық етке инъекция жасау техникасы



бет34/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
КК-Методичка стом 2к прак-каз

Бұлшық етке инъекция жасау техникасы.
Сырқат бөксе тұсқа дәрі енгізуге етпетінен немесе қырынан немесе бөксесін алдыңғы бетіне салған кезде шалқасынан жатады. Шприцті былайша ұстайды: екі саусақ - поршенді , бес саусақ – иненің муфтасын, ал қалған саусақтарымен цилиндрді тіреп ұстайды.
Шприц сыртын инъекция салатын тұсына перпендикуляр тұруы тиіс. Инені батыл қимылмен тері қаптарының ортасына 7-8 см терңдікке кіргізіледі , муфтасына 1см жеткізбейді , өйткені ине көбінесе осы жерде сынады. Осыдан кейін поршенді өзіне сәл тартып инені қан тамырына түспегеніне көз жеткізеді(шприц ішінде қан болмайды) , ал содан соң поршенді баса итеріп , ерітіндіні аяғына дейін шығарады. Ине кірген жердің терісінің жан-жағын сол қолымен тартады. Теріге спиртке малынған мақта тампонды қыса отырып , инені тез қимылмен суырып алу керек .
Бөксе бұлшық етіне дәрі енгізу кезінде сүйек қабатына тиіп кетпеу үшін шприцті қалам ұстағандай қисайтып ұстау керек .
Зарарсызданбаған шприцтер мен инелерді қолдану, инъекция салатын жерді дұрыс таңдамау, инені дұрыс салмаумен қан тамырына тиіп кетпеу салдарынан мынадай түрлі іріңдеу, нервті зақымдау, дәрі-дәрмектік эмболия, иненің сынуы .
Кейбір дәрілерді , әсіресе антибиотиктерді енгізуге анафилактикалық естен тану және басқа аллергиялық әсер болуы мүмкін. Осыған байланысты сырқаттың антибиотикке әсерін алдын ала анықтау қажет. Сырқаттың аллергиялық асқынуларына прфилактика жасау үшін Безредканың әдісі бойынша антибиотик енгізеді. Ол үшін шприцке 0,1 мл антибиотиктің ерітіндісін құйып алып , теріге салады да, 20 мин кейін оның әсерін тексереді. Егер сырқат терісі қызармаса , күлдіремесе , қан қысымы төмендемесе , тағы 0,5 мл ерітінді салады да 20 мин кейін флаконда қалғанның бәрін енгізеді. Егер сырқат денесі қызарып , жүрегінің тұсында жағымсыздық сезінсе , антибиотиктердің екінші үлесін салмай , дәрігерді шақырып, тағайындаған белгілеулерін орындайды.
Дәрілік заттарды венаға енгізу.
Венаға дәрілік заттарды осындай тәсілмен ендіргенде, ол тікелей қанға түсіп, дереу әсер етеді. Венаға дәрі енгізу венепункция (көк тамырды тесу ) және венесекция (көк тамырды жару) жолымен іске асырылады.
ВЕНЕПУНКЦИЯ. Шамалы мөлшердегі дәріні венаға енгізуді дәрігер немесе жақсы үйренген егу бөлмесінің медбикесі жасайды. Ол үшін инесін жақсылап таңдап алған, сыйымдылығы 10-20 мл шприц, резеңке таспа, спирт және зарарсызданған материал болуы тиіс. Медбике қолын жуып , спиртпен сүртеді , ал тырнақтардың түбін йод тұнбасымен сүртеді. Қанға ауру удыратын микробтар түспеуі үшін асептиканың барлық ережелерінің орындалуын қатаң бақылау қажет.
Венаға дәрі құю үшін мөлдір ерітінділер қолданады. Бұл тәсілде енгізу мөлшері тері асты инъекциясының мөлшерінен біршама өзгеше, ал қатты әсер беретін дәрі-дәрмектер әрқашан баяу енгізіледі. Шприцке ерітіндіні құйып алмас бұрын, шатастырып алмағанын білу үшін медбике сол ерітінді екенін, оның даярланған күнін, мөлшерін міндетті түрде тексеруі тиіс . Мұндай тексерулер қажет , себебі медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығынан венаға улы ерітінділер , зарарсызданбаған немесе қою ерітінділерді жіберу салдарынан сырқаттың қайтыс болғаны жайындағы оқиғалар белгілі .
Ерітіндіні шприцке үлкен диаметрлі инемен тікелей ампуладан сорады . Шприцтегі ауаның барлық көпіршіктерін шығару қажет . Шприцті инесін тік , жоғары ұстап , поршеннің өзіне тарта отырып ұсақ көпіршіктерді ірілендіріп жинайды да , инеден шығарады . Венаға енгізу кезінде ауа эмболиясының қауіптігіне байланысты ауаның тіпті шағындау көпіршігінде қанға жібермеу керек .
Венаға енгізу әдетте білектің бүгілісіне жасалады. Ине сұғатын жерді спиртпен мұқият сүртеді . Білектің бүгілісінен жоғары таспа немесе кез келген резеңке жіппен венаны ісіндіру үшін шығару, қан тамырының қысылмауының маңызы зор , ол кәрі жілік артериясының соғуымен тексеріледі . Таспаны тез ағытып жіберетіндей етіп салады.
Сырқаттың қан тамыры тарамдарының іркілуін болдырмай , оны күшейту үшін бірнеше рет жұдырықты ашып , жұмып немесе таспа салар алдында қолды түсіру ұсынылады .
Процедура кезінде сырқат отырады немесе жатады . Оның қолы , шынтақ буыны қатты иілген қалыпта жатуы тиіс , ол үшін қолдың астына жалпақ жастық салады .
Зерттеуге жіберілетін қан венадан диаметірі үлкен кәдімгі Дюфо инесімен тесу арқылы алады .
Организмнің қарсы күресін тез арттыру немесе онда жиналған уды шығару үшін тамшылата енгізу организмге көп сұйықтықты (тәулігіне бірнеше литрге дейін ) жайлап енгізуге мүмкіндік береді . Енгізетін сұйықтық құрамы қанның осмос қысымын өзгертпеуі , қатты әсер етуі , мұқият зарарсыздандырылған болуы тиіс .
Венаға енгізуге қажетті аспаптар : шыны ыдыспен тамшылатып құюға арналған система , 1-2 қан ағызуын тоқтататын қысқыш , бинтті қысқыш , венаны тесуге арналған әр-түрлі калибрлі 3-4 ине . Тамызғыштың астында бақылау шынысы міндетті түрде қойылады , ол системада ауа барын дер кезінде байқауға әрі ауа эмболиясын болдырмауға мүмкіндік береді . Резеңке түтіктерді шыны бөліктерге тығыз кигізуге қажет .
Система (ампула немесе флакон , тамызғыш , резеңке үтікшелер) сұйықтықты жібермеуі немесе ауа сормауы , яғни тығыз тұруы тиіс .
Енгізуге арналған системаны әдетте алдын ала дайындайды да , орнатылған күйінде әрбір системаны жекелеген ақ жаймаға орап , автоклавта зарарсыздайды .
Зарарсыздаған соң система бір екі тәулікке жарайды . Қанды , қан араластырғышты , тұзды және дәрі ерітінділерін құю үшін кеңінен бір рет пайдаланатын системалар қолданылады . Система апирогенді усыз пластмассадан жасалады , шығаратын зауыт зарарсыздап , сериясы мен зарарсыздаған күнін көрсетіп , арнайы қорапта шығарады . Бұл системалар резеңке тығынымен жабылатын флаконнан бір рет құюға арналған . Система флаконға ауа жіберуге арналған инесі бар қысқа түтікшеден және тамызғышы бар ұзын түтікшеден тұрады . Қысқа түтікшенің бір ұшында ине , екінші ұшында шанды тұтып қалуға арналған сүзгі бар . Ұзын түтікшенің конусында флаконның резеңке тығынын тесетін ине , екінші ұшында венаға ендірілетін инеге келетін конюля бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет