Басқа пайдаланатын материал: Медициналық қолғаптар
Зарарсыздандыру ерітінділері
Қалдықтарға арналған ыдыс
Шыны бойынша қарындаш
Талдау бланктері
Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы
Іс-қимыл алгоритмі: 1. Патологиялық материалды заттық әйнекке салыңыз
2. 20-30% ащы сілтінің 2-3 тамшысын құйыңыз
3. Ақырын жанарғы отында сілтінің буындары пайда болғанына дейін жылтыңыз.
/ Зерттеу кезінде шаштар препараты/
4.Препаратты жабынды әйнекпен жабыңыз
5.Алдымен микроскоптың кіші (окуляры 7,10, объективі 8,10), кейін үлкен (окуляры 7,10, объективі 40) көбейтуде қараңыз. Микроскоптың конденсоры 0,5-1 см-ге түсірілуі тиіс (жарықтың жарқыраған көзі кезінде – тірекке дейін), диафрагма міндетті түрде жабық
6. Патологиялық материалдың көп көлемін қараңыз, оның нәтижесінде зерттеудің тиянақтылығы және нақтылығы артады.
7.Талдау бланкін жазып беріңіз
Ескерту: саңырауқұлақтың шашқа қатысы споралардың орналасқан сипаты және көлемдері бойынша ауру қоздырғыштың түрін анықтауға болады. Тегіс тері немесе тырнақ пластинкалары зақымдалса, патологиялық материалдың микроскопиялық зерттелуі зақымданудың саңырауқұлақ сипатын растауға рұқсат береді, нақтырақ саңырауқұлақтың мицелийін табу.
Саңырауқұлақ аурулардың диагностикалауын жасағанда зертханалық зерттеуге арналған материалды іріктеудің көп маңызы бар.
Шаштарды зерттегенде эпиляцияға арналған қышқашпен сынған немесе көмескіленген шаштарды (трихофития, парша) , осымен бірге түбіне қарай қалыңдау ұзын шаштарды (микроспория)алу керек.
Зерттеуге арналған тырнақтарды қандауырмен немесе қышқашпен кеседі. Сұйық зерттелетін материалды (ірің, несеп, нәжіс) стерильды сынауықтарға, банкаларға жинайды.
Жиі науқастар саңырауқұлақтарға зерттелу үшін жағылмамен, бояумен жағылған ошақтармен келеді.Осындай жағдайларда науқасқа зақым ошақтарын сабынды пайдаланып, жылы сумен жууға айтады және зерттелуге бір неше күн өткен соң келуге ұсынады (үш-төрт)