Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет61/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Материалдық ресурстар:

  1. Микроскоп

  2. Горяев камерасы

  3. Заттық әйнектер

  4. Жабынды әйнектер

  5. Центрифугалық өлшеу сынауықтары

  6. Шыны таяқшасы

  7. 1,0мл, 0,02мл-ге тамшуырлар.

Реактивтер:

  1. Еріту сұйықтық / карбонат натрийі – 5г. формалин – 1мл. тазартылған су 100мл./

Басқа пайдаланатын материал:

  1. Медициналық қолғаптар

  2. Зарарсыздандыру ерітінділері

  3. Қалдықтарға арналған ыдыс

  4. Шыны бойынша қарындаш

  5. Талдау бланктері

  6. Талдаулар және олардың нәтижесін тіркеу журналы

Іс-қимыл алгоритмі:
I. физикалық қасиеттерін анықтаңыз:
1.Мөлшері: нормасы 3 – 3,5мл.
2. Түсі: нормасы сұр-ағырақ
3. Лайлығы: нормасы сүт сияқты ақ
4. Консистенциясы: нормасы сілікпе тәрізді (толық сұйылтуына дейін 20 –
30 мин.)
5. Тұтқырлығы: нормасы 1 – 5 мм.
6. Реакциясы: нормасы ph 7,0 – 7,6
7. Иісі: нормасы талшын гүлдерінің иісі
II. Микроскопиялық зерттеуді өткізіңіз:

  1. Таза құрғақ заттық әйнекке шәуеттің тамшысын құйыңыз, жабынды әйнекпен жабыңыз

  2. 40×7,×10 көбейту кезінде шамалап түсірілген конденсор кезінде сперматозоидтердің морфологиясын және агглютинациясын, эритроциттердің, лейкоциттердің, сперматофагтардың және сілемейдің бар болуын зерттеңіз

  3. Сперматозоидтердің жылжымалығын пайызда анықтаңыз: жылжымалы, аз жылжымалы, жылжымалы емес

III. Эякуляттың 1мл-де сперматозоидтерді санаңыз

  1. Центрифугалық сынауыққа еріту сұйықтықтың 0,4 мл. құйыңыз

  2. Жақсылап, эякулятты араластырыңыз

  3. Эякуляттың 0,02 мл еріту сұйықтыққа құйыңыз

  4. Тағы бір рет араластырыңыз, Горяев камерасының торын толтырыңыз

  5. Квадрат ішінде бастары жатқан барлық сперматозоидтерді диагональ бойынша бес үлкен квадрат ішінде санаңыз

  6. 1 мл-да сперматозоидтер санын келесі формула бойынша есептеңіз:

1мл-ғы сперматозоондар саны = Горяев торында саналған сперматозоидтердің саны ×1000000

  1. Талдау бланкін жазып беріңіз

  2. Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз

Эякуляттың 1 мл-да нормасы: сперматозоидтер 60 – 120млн.
Эритроциттер жоқ
Лейкоциттер жеке
Агглютинаттар жоқ
Белсенді жылжымалы сперматозоидтер 60 % аса
Аз жылжымалы сперматозоидтер 10–20 %
Жылжымалы емес сперматозоидтер 10 %
«тірі» сперматозоидтер 90–95 %

  1. Зерттеуді түсіндіріңіз

Сперматозоидтердің патологиялық формаларын, аспермияны, некроспермияны анықтау
Агглютинацияны келесі жолмен бағалайды: әлсіз — нативты препаратта тек қана жеке сперматозоидтер жабысқан; орташа — сперматозоидтердің 50 % дейін жабысқан, бірақ бас жағында ғана; күшті — сперматозоидтер бастармен де құйрықтармен де жабысқан; көпшілік — барлық сперматозоидтер жабысқан.
Эякулятта нормада көру аумағында 4-6 лейкоцит бар; арта түсуі пиоспермия деп аталады, ол қабынудан болады.
Эритроциттер нормада болмайды. Эякулятта эритроциттердің пайда болуы — гемоспермия — шәует көпіршіктердің веналары варикоздық кеңеюі кезінде, еркекбезде тастар болғанда, шәует көпіршіктің папиломасы және жаңа өспелер кезінде байқалады.
Липоидты денешіктер (лецитин түйіршіктері) — еркекбез секрециясының өнімі; қалыпты эякулятта көп көлемде болады. Спермин кристалдары нормада сперманың мұздауы кезінде, сперматогенездың жеткіліксіз қызметі кезінде пайда болуға мүмкін. Эякулятта амилоидты конкременттердің анықталуы еркекбездегі патологиялық процесске көрсетеді (созылмалы простатит, аденома)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет