Бақылау сынама. 3 мл пикрин қышқылына 0,2 мл NаОН ертіндісін қосады және дистилденген сумен көлемін 100 мл ге дейін көтереді.
Стандартты сынама. 0,5 мл негізгі стандартты ертіндіге ( құрамында 0,5 мг креатинині бар) 3 мл пикрин қышқылын қосады және 0,2 мл NаОН ертіндісін қосады. Әріқарай сынамаларды тәжірибелік сынамадағы дай өңдейді. Есепті мына формула мен жүргізеді:
Етәж
Х = ----------- х 10,
Ест
мұнда Х - зәрдегі креатинин мөлшері, мг/л; Етәж - тәжірибелік сынама экстинкциясы; Ест - стандартты сынама экстинкциясы; 10 - стандартты сынамадағы креатинин концентрациясы мг/л;
Тәуліктік зәрдегі креатинин мөлшерінің есебі:
Сст х Етәж х D Етәж х D
Хс = ------------------------------- = -------------,
Ест х а Ест
Мұнда Хс - тәуліктік зәрдегі креатинин мөлшері, г; Сст - стандартты сынамадағы креатинин мөлшері, мг; Етәж - тәжірибелік сынаманың экстинкциясы; Ест - стандартты сынама экстинкциясы; D - тәуліктік зәр мөлшері, мл; а - анализ үшін алынған зәр мөлшері, мл.
Қалыпты жағдайда тәуліктік зәрде мочевина мөлшері 500-2000 мг.
С – РЕАКТИВТІ БЕЛОКТЫ АНЫҚТАУ
Зертханалық ыдыстармен приборлар:
1) шыны капиллярлар
2) штатив (пластилин брусогі)
Реактивтер:
1) С – реактивті белокқа қарсысыворотка
Іс-қимыл - алгоритмі:
1) Шыны капиллярды қарсысывороткасы бар флаконға салып және оны ¹/3 (10 см) бөлігіне дейін толтырады
2) капиллярдың ұшын мақта мен сүртіп зерттелетін материалға салады да ¹/3 бөлігіне дейін толтырады (реагенттер арасында ауа болмауы керек).
3) капиллярды мұқият ішіндегісі бір шщетінен екінші шетіне баратындай етіп мұқият араластырады.
4) кейін капиллярды алдын ала сұйықтықты жылжытып пластилинге батырады, капиллярдың бататын жағы 1,5 см сұйықтықтан бос болу керек
5) капиллярды горизонтал күйінде ұстап жәймен батыру керек, ал пластилинді (штатив) вертикал (тігінен) ұстайды.
6) Алдын ала есепті 4 сағаттан кейін жүргізеді, кейін 28ºС та 24 сағатқа қалдырып кейін есептейді.
Бағалау:
1) преципитат биіктігі 1 мм (+) - реакция әлсіз оң;
2) приципитат биіктігі 2 және 3 (++) және (+++) реакция оң;
3) преципитация 4 мм және оданда биік – онда ол (++++) резко оңтайлы реакция.
Реакция спецификалық емесе, бірақ ол белсенді қабыну процесінің белгісі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |