Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері пәнінен Іс-дағдылар стандарттары Мамандық



бет84/111
Дата20.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37108
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111
Байланысты:
стандарттар

Іс-қимыл алгоритмі:
1) центрифугалық пробиркаға 0,8 мл дистилденген су құйылады,
2) оған 0,2 мл қанның сұйық бөлігінің стандартты ертіндісі қосылады
3) және 1 мл үшхлорсірке қышқылы қосылады
4) бәрін араластырады 15-20 минуттан кейін қоспаны центрифугалайды.
5) таза пробиркаға 0,5 мл тұнба үстіндегі сұйықтықты және 5 мл түсті реактивті қосады
6) пробирканы қайнап жатқан моншада 20 минут ұстайды, кейін 2-3 минут ағын салқын суда суытады,
7) ФЭК те өлшейді (толқын ұзындығы 500-560 нм, жасыл светофильтр, бақылау сынамаға қарсы кювета қалыңдығы 10 мм),
Бақылау сынамасмы дәл тәжірибелік сынама сияқты жасалады, тек ғана тұнба үсті сұйықтықтың орнына 0,5 мл дистилденген су алынады.
Стандартты сынамаға қанның сұйық бөлігінің орнына 0,2 мл мочевинаның стандартты ертіндісін қосады әріқарай анықтау тәжірибелік сынама сияқты жасалады. Есеп мына формула мен жүргізіледі:

Сст х Етәж х а х К


Х = -------------------------------,
Ест х в х 1000

Мұнда Х - тәуліктік зәрдегі мочевина мөлшері, г; Етәж - тәжірибелік сынаманың экстинкциясы; Ест - стандартты сынама экстинкциясы; Сст – стандартты сынамадағы мочевина мөлшері, мг; а - тәуліктік зәр мөлшері; К - зәрді сұйылту коэффициенті; 1000 - мочевина экскрециясын миллилитрден граммға өткізгендегі коэффициенті; в - тәжірибе үшін алынған зәр мөлшері, мл.


Тәуліктік зәр көлемінде 20-35 г мочевина болады. СИ бірлігіне өткізу коэффициенті (ммоль/л) 16,65 ке тең.


ҚАННЫҢ СҰЙЫҚ БӨЛІГІНДЕ ЖӘНЕ ЗӘР ҚҰРАМЫНДА
ЯФФЕ ТҮСТІ РЕАКЦИЯ БОЙЫНША КРЕАТИНИНДІ АНЫҚТАУ
Креатинин сілтілі ортада пикрин қышқылымен әрекеттесіп түсті қосылыс пайда етеді. Бояу қанықтығы креатинин концентрациясына пропорционалды келеді.
Реактивтер:
1) пикрин қышқылының қанық ертіндісі ( 2 г пикрин қышқылын 70-80ºС ты су моншасында 100 мл ыстық дистилденген суда ерітеді; ертіндіні 24 сағатқа қалдырады, араластырып отыру керек, кейін сүзеді, қолдануда өте сақ болу керек бұл – Улы! ; пикрин қышқылы 15-20% судан тұрады, бірақ оны кептіруге болмайды – жарылу қауіпті);
2) креатининің негізгі стандартты ертіндісі (100мг креатининді 100 мл 0,1 н. НСІ ерітіндісінде ерітеді; жұмысшы стандартты ертіндіні негізгі ертіндіні дистилденген су мен 100 есе сұйылту мен алады; 1 мл жұмысшы ертіндісінде 0,01 мг креатинин болады);
3) 10% NаОН ертіндісі;
4) 0,1 н. НСІ ертіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет