Нәтижесін бағалау: нәтижесін кесте түрінде жазып және қорытындысын жазады.
Пробирка №
Субстрат
Фермент
Иодпен реакция
1
крахмал
Амилаза
2
крахмал
Амилаза
(қайнатылған)
Активаторлар мен ингибиторлардың фермент активтілігіне әсері.
Принципі: Активаторлар мен ингибиторлар ферменттің активті орталығына әсер етеді, оның активтелуіне немесе тежелуіне ықпал жасайды. Сілекей ферменті амилаза үшін активатор болып натрий хлориді, ал ингибитор болып мыс сульфаты болып табылады.
Реактивтер: 5 рет сұйылтылған сілекей
10% калий иодидіндегі йод ертіндісі (50 мл суда 20г. Кали иодидін және 10 г. Иодты ерітеді оның мөлшерін сумен 100 мл дейін көтереді; крахмалға реакция үшін алынған ерітіндіні 10 рет сұйылтады).
Іс-қимыл алгоритмі: 1. 3 химиялық пробирка алыңыз;
2. 3 пробиркаға да 10 тамшыдан сілекей ерітіндісін тамызыңыз;
3. 1ші пробиркаға 1 тамшы NaCl қосылады, 2ші пробиркаға 1% CuSO4, ертіндісі 1
тамшысы қосылады, 3ші пробиркаға – 1 тамшы су қосылады (бақылау).
4. Араластырыңыз;
5. Кейін барлық пробиркаларға 5 тамшыдан 1% крахмал ертіндісі қосыңыз, Бөлме
температурасында 3-5 минутқа қалдырыңыз
6. 1 тамшы йод ерітіндісін қосып, араластырып, ерітіндінің түсін бақлаңыз және қай
пробиркада активатор, ингибитор әрекет жасағанын анықтаңыз.