Іс-қимыл алгоритмі: Химиялық сынауыққа зәрдің 10 мл. құйыңыз
15% барий хлорид ерітіндінің 5 мл. қосыңыз
Араластырыңыз, басқа химиялық сынауыққа сүзіңіз
Сүзгіні шешіп, науаға жайып қойыңыз
Сүзгінің ортасына Фуше реактивтің 2 тамшысын құйыңыз
Сынаманың нәтижесін бағалаңыз: сүзгіде көк-жасыл дақтар пайда болса бұл билирубинның бар болуын дәлелдейді – сынама оң
Талдау бланкін жазып беріңіз
Талдауды нормамен салыстырып, бағалаңыз
Нормасы: сынама теріс
Зерттеуді түсіндіріңіз
Жаңа туғандардағы физиологиялық сарғаюы бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен билирубин коньюгация механизмдердің транзитарлық жеткіліксіздігімен байланысты. Билирубинурия байқалады: ұлпалық сарғаюлар кезінде ( Боткин ауруы, бауыр циррозы, токсико-аллергиялық гепатиттер); өт ағып шығуының бұзылыстары (обтурациялық сарғаюлар).
Ескерту: Фуше сынамасы сезгіш және ерекшелігімен күмәнді жағдайларда бақылау үшін ұсынылады.
ЗӘРДЕ УРОБИЛИНДІ АНЫҚТАУ
Мақсат: зәрдің сынамасында уробилинурияны сапалы анықтау дағдыларын игеру
Зерттеу әдісі: химиялық, Богомолов сынамасы. Принципі : уробилин мыс сульфатымен қызғылттау түсті қоспаны жасайды .
Материалдық ресурстар: Химиялық сынауықтар
10,0 мл,2,0 мл тамшуырлар
Құм сағаты 5 минутке
Резеңке тығыны
Сынауықтарға арналған таған
Реактивтер: 10% ащы натрий ерітіндісі
Мыс сульфаты ч.д.а., қаныққан ерітінді: 23г. CuSO4 ·5H2O тазартылған судың 100 мл. ерітеді.